Халықтың саны және ұдайы өсуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 10:05, лекция

Описание работы

Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарындаКения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты.

Работа содержит 1 файл

география лекция(5).docx

— 278.21 Кб (Скачать)

Лекция №7

Дүние жүзілік көлік географиясы

Көлік, көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Көлік географиясы
  • 3 Құрлық көліктері
    • 3.1 Автомобиль көлігі
    • 3.2 Теміржол
    • 3.3 Құбыр көлігі
    • 3.4 Теңіз көлігі
    • 3.5 Өзен-көл көлігі
  • 4 Әуе көлігі
  • 5 Қазақстандағы көлік жүйесі
  • 6 Көлік құрылысы

7 Пайдаланылған әдебиеттер

Тарихы


Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.

Мініс малы көне замандардан  бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі  көлікке айналды.

Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.

Әскери арбалар шығыстағы  ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде  кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль,пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.

Көлік географиясы


Көлік мемлекеттік және халықаралық  еңбек бөлінісінің материалдық  негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік  құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер  үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік  жүйесінің салаларын дамытуға бұл  елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл  көліктер жылдамдығының артуынан, олардың  жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.

Көлік қатынасы жоғары дамыған  елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі  мен сапасы, жүк айналымының мөлшері  жөнінен Батыс Еуропа елдері мен  АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы  көлік жүйелері тек жекелеген  елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк  тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.[1]

 Автомобиль көлігі


Автомобиль көлігінің  үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының  күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі  бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.

Бұл көрсеткіш жөнінен  әсіресе АҚШ айрықша көзге  түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден  келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші  орын алады. Ал жолдардың жиілігі  жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония  алға шығады.

Автомобиль көлігінің  өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел  жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.[1]

Теміржол


 

 Дүниежүзіндегі  теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ  жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы  теміржол үлесі 15% шамасында.

Кейбір елдердегі  теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км[1]

Елдер

Теміржол

Автомобиль жолдары 
(қатты жабындылы)

 АҚШ

245

5640

 Ресей

86

620

 Үндістан

62

834

 <sp



Информация о работе Халықтың саны және ұдайы өсуі