Халықтың саны және ұдайы өсуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 10:05, лекция

Описание работы

Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарындаКения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты.

Работа содержит 1 файл

география лекция(5).docx

— 278.21 Кб (Скачать)

 

 

 
Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя  жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние  жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і  қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің  дақылы. Оның басты өндірушілері —  Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі. Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%-ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді. Көлік Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі материалдық өндірістің үшінші бір жетекші саласы. Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды. Дүниежүзілік көлік саласында 100 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Көлік желісінің жалпы ұзындығы (теңіз жолын қоспағанда) 35 миллион км-ден асады. Жыл сайын дүние жүзінде көліктің барлық түрлерімен 100 миллиардтан астам жүк және 1 триллионнан астам жолаушы тасылынады. Бұл тасымалға бірнеше миллиондаған көлік құралдары қатынасады. Дүниежүзілік көлік желісі жалпы ұзындығының және дүниежүзілік жүк және жолаушылар айналымының 75 — 80%-і экономикасы дамыған елдердің үлесіне тиеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы ұдайы өсуде, ол 20 ғасырдың соңында 25 миллион км-ге жетті. Оның шамамен 50%-і АҚШ, Үндістан, Ресей, Жапония, Қытайға тиесілі. Елді автомобильдендіру жөнінен АҚШ ең жоғарғы деңгейге жетті. Мұнда 1000 тұрғынға орта есеппен 600 автомобильден келеді. Темір жол көлігі тасымалдау үлесінің кемігеніне қарамастан, құрлықтағы көліктің маңызды түрі болып отыр. Дүниежүзілік темір жол желісі, негізінен алғанда, 20 ғасырдың басында қалыптасқан. Оның жалпы ұзындығы 1,3 миллион км. Темір жол 140 елде болғанымен, оның жалпы ұзындығының 50%-тен астамы АҚШ, Ресей, Канада, Үндістан, Қытай, Австралия, Аргентина, Франция, Германия және Бразилия елдері үлесіне тиеді. Темір жол желісінің жиілігі жөнінен Еуропа алда келеді. Құбыр тасымалы ең алдымен мұнай мен табиғи газ өндірудің тез өсуі, оларды өндіретін және тұтынатын басты аудандар арасын байланыстыру нәтижесінде дамыды. Ұзындығы ондаған мың км-ге жететін құбырлар ТМД елдерінде, Канадада, АҚШ-та, Таяу Шығыс елдерінде салынған. Теңіз көлігі — дүниежүзілік көлік жүйесінің өте маңызды құрамдас бөлігі. Бүкіл халықаралық сауданың шамамен 80%-ін қамтамасыз етеді. Теңіз сауда флотының жалпы тоннажы (сыйымдылығы) 420 миллион тоннадан асады. 1970 жыл бұл тоннаждың 50%-ке жуығын танкерлер құраған. Кейінгі жылдары олардың үлесі айтарлықтай азайды. Кеме қатынасы 160-қа жуық елдерде бар. Әуе көлігі — көліктің ең жас түрі. Әуе көлігімен 1948 жыл бүкіл дүние жүзінде 20 миллионға жуық адам тасымалданған болса, 1990 жылы 1,2 миллиардтан астам тасылды. Тұрақты әуе жолдары желісі миллиондаған километрге созылған. Дүние жүзінде 5 мың әуежай бар. АҚШ, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада, Германия — дүние жүзіндегі ең басты әуе державалары. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде халықаралық экономикалық қатынастардың рөлі ерекше. Ешқандай тұйық құрылымдардың, аймақтық интеграциялық топтардың халықаралық экономикалық қатынастарды алмастыра алмайтынын тәжірибе көрсетті. Мұны батыстың экономикасы дамыған елдері өзгелерден ерте түсінді. Олар халықаралық экономикалық байланыстарда жетекші орын алып отыр. Мұндай байланыстардың барлық түрлерінің 60 — 75%-і осылардың үлесіне тиеді. Халықаралық сауда — Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Халықаралық сауданың 70%-тен астамы Батыстың экономикасы дамыған елдерінің, оның ішінде 45%-тен астамы Батыс Еуропаның үлесіне тиеді. Қару-жарақпен халықаралық сауда жасау дүниежүзілік саясат пен экономикада үлкен рөл атқарады. 20 ғасырдың 90-жылдары АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Ресей қару-жарақты экспорттаушы елдер, ал әскери техника мен жабдықтардың бүкіл дүниежүзілік импортының шамамен 60%-ін иеленіп отырған дамушы елдер — импорттаушылар болды. Дүниежүзілік “қара” рынок та үлкен қаржы айналымын жасап отыр. Онда есірткі заттар, қолдан жасалған валюталар, жасырын өндірілетін алтын мен алмас, порнографиялық бұйымдар, т.б. тыйым салынған тауарлар сатылады. Халықар. экон. қатынастардың бір түрі — халықар. несие-қаржы қатынастары, яғни заемдер мен несие беру, капиталды экспорттау мен импорттау. Оның маңызды алғы шарты — еркін айырбасталатын валютаның болуы. Капиталды басты экспорттаушы елдер: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Жапония, т.б. Бұл экспорттың шамамен 80%-і осы топтағы басқа елдерге, 20%-і дамушы елдерге жіберіледі. Халықар. еркін экономикалық аймақтар деп аталатын немесе 20 ғ-дың 70 — 90 жылдары бүкіл дүние жүзінде кең таралған еркін кәсіпкерлік аймақтардың құрылуы — ашық экономиканың жарқын көріністерінің бірі. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 500-ден асады (1995). Жаҝандану процесі Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде әлемдік қаржы қорлары мен өндірістік қуаттың жеке қаржылық-өндірістік топтар мен трансұлттық компанияларға шоғырлануына ықпал етуде. Осыған байланысты трансұлттық компаниялардың Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі рөлі арта түсуде.[1]

Пайдаланылған әдебиет


1.География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.,

Лекция №6

Ауыл шаруашылық географиясы


Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және шаруашылығы да кіреді.[1]

Мазмұны

  • Ауыл шаруашылығының маңызы
  • Аграрлық қатынастар
  • Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
  • 6 Ауыл шаруашылығы ауданы
    • 6.1 Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау
  • 7 Ауыл шаруашылығы географиясы
    • 7.1 Ауыл шаруашылығы жерлері
    • 7.2 Ауыл шаруашылығы карталары

8 Пайдаланылған әдебиеттер

Ауыл шаруашылығының маңызы


Ауыл шаруашылығы —  шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей  тәуелді саласы. Сонымен қатар  ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп  тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі  салаларымен айналыспайтын бірде-бір  ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге  таралуы оның алуан түрлілігіне  байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам  адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер  индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.[1]

Ауыл шаруашылығында еңбек  ететіндер үлесі

Аймақтар

Жұмыс істейтіндер  саны, млн адам

ЭБХ-тың ауыл шаруашылығында істейтін бөлігі, %

Дүниежүзі бойынша  ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер  санындағы жеке аймақтар үлесі, %

Азия

1034

57,5

79,1

Африка

190

58,7

14,5

Солтүстік Америка

21

9,2

1,6

Оңтүстік Америка

27

18,8

2.1

Еуропа (Ресеймен бірге)

33

9,3

2.5

Аустралия мен Мұхит аралдары

3

19,0

0.2

Дүниежүзі

1308

45,6

100.0


Жеке елдер бойынша  ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер  саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш  — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде  — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).

Ауылшаруашылық географиясы  климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт  аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы  климаттық факторларға тікелей  тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің  өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан  жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ  қатарына құрамында карашірігі мол  қара топырақ, минералды заттары  мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен  техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде  климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда  төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық  қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа  шығара бастады.

Аграрлық қатынастар


Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен  тығыз байланысты екі саладан  — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің  әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен  еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне  және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция  және т.б.) ғылым жетістіктері мен  агротехникалық шаралар кеңінен  қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы  өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде  де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік  шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал  шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз  байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан  түрлі болып келеді және дамыған  елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

Бүгінгі таңда жерге иелік  етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп  таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.

Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз  бөлігі ірі жер иеленушілердің —  фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері  — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде  аграрлық қатынастар түрліше сипатты  болып келеді. Азия мен Африканың  бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға  негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.[1]

Ауыл шаруашылығының даму бағыттары


Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай  үш топқа ажыратылады.

  • Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
  • Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:

а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек  күшін қажет ететін Азиядағы күріш  өсіру);

ә) егіншілік және егіншілік пен  мал шаруашылығы — Африка мен  Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен  жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде  және өнім алу үшін өсірілетін мал  шаруашылығымен ұштасады;

б) көпсалалы тауарлы егіншілік  пен мал шаруашылығы — Еуропаның  кейбір елдері мен Азия және Латын  Америкасы елдеріне тән. Егіншілік  пен мал шаруашылыры бір-бірімен  тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.

- Жоғары маманданған тауарлы  ауылшаруашылығы — ол ауыспалы  егістіктері бар өсімдік шаруашылығы  мен мал азығын дайындауды  қоса жүргізетін интенсивті мал  шаруашылықтарынан және оларды  байланыстырушы агроөнеркәсіптік  кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру  мен химияландыру өзінің шарықтау  шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның  соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда.  Шаруашылық өнімдерін өндірумен  қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау  және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш  сияқты заттарды шығаруды да  қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл  шаруашылығына индустриялық сипат  береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы  жерлерге орналасып, жалдамалы  жұмысшылар күшін және агротехникалық  шараларды кеңінен пайдаланады.  Олардың өндірісі ішкі, әсіресе  сыртқы нарық сұранысына бағдар  ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет  ішіндегі мемлекет" рөлін де  орындайды. Жоғары механикаландырылған  алты шаруашылық түріне бөлінеді:

а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазақстан) аумақтары;

ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка  елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;

б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;

в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік  Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;

г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті  және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы  ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;

ғ) интенсивті егіншілік пен мал  шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс  өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка  елдері мен Жапонияға тән.

1.Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. 

2.Қазақ энциклопедиясы

3.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007. — 264 бет. 

Информация о работе Халықтың саны және ұдайы өсуі