Жай кооперация дегеніміз
белгілі бір өндіріс процесінде
немесе түрліше,бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде
көп адам ,жоспарлы түрде,бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны.
Екінші кезең- манифактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70-жылдарына дейін
орын алды.).Манифактура машина әлі пайда болмаған, еңбек бөлінісіне негізделген
коопнрация. Осы кезле еңбек бөлінісі, қолмен істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды
және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең- фабрика(XVIII ғасырдың соңы ) келді.Ол ірі машиналы өндіріске негізделген.Фабрика
дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын
тарихы кезеңдері басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі- фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми- техникалық прогресте осы фабрика
дамуының сапалық қорытындысы.
Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы.
Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай?
-ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына
да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;
-ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;
-жаңа принципті техника
мен технология жасалып өндіріске енгізілуде.
Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді.
Бірлескен жұмыс күші даму үстінде;
-қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды
элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу
машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды.
Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына
айналары сөзсіз;
-ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды.
Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне
айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:
-қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше,
өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне
және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен
рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми –техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника
кең өріс алды.
Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды
жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып
отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн
жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды
тездетеді.
Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді.
Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.
Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру
жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен
туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін
естен шығармаған абзал.
Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар:
шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен
технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада
жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.
Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол
эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші
нысанда өндіріске енгізілген
техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті
сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін
көрсетеді.
Қазіргі ғылым мен техниканы
адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани
байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы
пәрменді күшке айналды.
Лекция №5
Дүниежүзілік
шаруашылық
Дүниежүзілік шаруашылық
жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық
шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік
шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс
күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық
экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық
ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық
байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан
тұрады.
- Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көмір, тау-кен өндірісі, металлургия, темір жол көлігі, кеме жасау,тоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомоб. жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді.
Дүниежүзілік шаруашылық
жүйесінің негізгі салаларының
бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы
энергетика байлықтарын дүние жүзі
бойынша өндіру және тұтыну ұдайы
өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты
отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін
өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.
- Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.
- Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика (145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі (90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95), Венесуэла (95). Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке (мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне тиеді. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2-жартысында айтарлықтай дамыды. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған. Ірі газ өндіретін елдер (миллиард/м3): Ресей (640), АҚШ (500), Канада (120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50). Қазақстан газ қорының көлемі (1,4 триллион/м3) жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде, ал газ өндіруден (10 миллиард/м3) 40 — 45 орындарда.
Практика №3
Өнеркәсіп географиясы
Көмір өнеркәсібінің (жылына
орта есеппен 4,5 миллиард тонна көмір
өндіріледі) дамуы мұнайдың арзан
кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін
қайтадан жеделдеді. Көмір дүние
жүзінің 60 елінде өндіріледі, әрі, негізінен,
сол елдердің өзінде тұтынылады, дүниежүз.
рынокқа 1/10 бөлігі ғана түседі. Көмірмен
халықар. сауда жасау, негізінен, теңіз
жолдарымен іске асырылады. Дүниежүзілік
шаруашылық жүйесінің отын-энергетика
кешеніндегі негізгі салалардың
бірі — электр энергетикасы. Жылына дүние жүзінде 12,0 триллион
кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі (1999).
Ол, әсіресе, 20 ғасырдың аяғында қарқынды
өсті. Электр энергетикасы жылу, су және
атом энергетикаларына бөлінеді. Дүние
жүзінде минералдық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-тердің жалпы электр энергиясын
өндірудегі үлесі 63%. Әдетте, ЖЭС-тер көмір
алаптарына немесе энергияны тұтынатын
аудандарға жақын орналасады. Су энергетикасының
үлесі — 20%. Бірақ, СЭС-тердің үлесі барған сайын кеміп
келеді. Энергетиканың тағы бір саласы
— атом энергетикасы. Дүние жүзінде 29 елде 50-ге тарта
ірі АЭС-тер жұмыс істейді. Оның дүниежүз.
энергетикасындағы үлесі — 22%.Электр энергиясын басты экспорттаушы
елдер: Ресей, Украина, Венгрия, Франция, Швейцария, Канада; импорттаушы елдер: Италия, Нидерланд, АҚШ. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесін
минералдық шикізаттармен қамтамасыз
ету тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді.
Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның
өнімінің 65%-ін ТМД елдері, АҚШ, Қытай, Австралия, Канада, Оңтүстік Африка республикасы
өндіреді. Кейінгі 10 жыл ішінде дүниежүз.
кен өнеркәсібінде дамушы елдердің рөлі
артып отыр. Кез келген елдің экон. қуатын
металлургия өнеркәсібі анықтайды. Оның
қара металлургия саласы көп уақыт бойы
тас көмір алаптарында ғана дамыды. АҚШ-тағы,
шетелдік Еуропадағы, Ресейдегі, Украинадағы,
Қытайдағы басты металлургия базалары
осылайша пайда болған. Темір кені қазір
50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі
ірі темір кенін өндіретін елдер (млн.
т): Қытай (160), Ресей (105), АҚШ (55), Канада (40),
Австралия (110), Украина (100), Бразилия (160),
Үндістан (55), Қазақстан (18 млн. т). Болат
қорытудан (млн. т): Жапония (110), Ресей (90),
АҚШ (90), Қытай (60), Украина (50), Германия
(50). Қазақстанда жылына ора есеппен 5 млн.
т болат қорытылады. Дүние жүзіндегі түсті
металлургия өндірісінің көлемі қара
металлургиядан 20 есе аз. Мұнда ауыр, түсті,
легирленген және асыл металдар металлургиясы,
әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда
дамыған. Қазақстан түсті металлургия
өндірісі бойынша дүние жүзінде жетекші
орын алады. Нақты айтқанда, хром жәнебарит кентастарын өндіруден 1-орынды
алса, мыс, хром, қорғасын, мырыш, вольфрам,
молибден, тантал, титан, ниобий, цирконий
кентастарының қоры жағынан алдыңғы 5
елдің құрамына кіреді. Алтын, күміс кентастарынан
6-орындарды алады. Сонымен қатар, дүние
жүзінде өндірілетін 29 металл шикізаттарының
23-і Қазақстанда өндіріледі.
Машина жасау өнеркәсібі
осыдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп
революциясы кезінде пайда болған.
Қазіргі кезде жұмыс істейтін
адамдардың саны (80 миллионан астам)
және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік
өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде
1-орын алады. Дүниежүзілік экономика
картадан, жалпы алғанда, машина жасайтын
төрт аймақты бөліп көрсетуге
болады. Олар — Солтүстік Америка,
Батыс Еуропа, Шығыс және Оңттүстік-Шығыс
Азия және ТМД елдері. Бұл аймақтарға
кіретін елдердің көпшілігі үшін
машина жасау — халықар. маманданудың
басты саласы болып табылады. Дамушы
елдер дүниежүзілік машина жасау
өнімдерінің 10%-ін ғана өндіреді. Дүниежүзілік
химия өнеркәсібі де төрт аймақта
қалыптасты: АҚШ, Бат. Еуропа, ТМД және
Жапония. Олардың әр қайсысында кен-химия
өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар,
негізгі химия өнімдері өндірісі,
әсіресе, органикалық синтез және полимер
материалдар өндірісі дамыған. Дамушы
елдерде бұл сала таяу уақытқа
дейін, негізінен, шикізат көзі ретінде
ғана қалыптасты. Алайда 1970 жылғы энергетикалық
дағдарыстан кейін химия өнеркәсібі
Азия, Африка және Латын Америкасы
елдерінде, әсіресе, мұнай мен газ мол өндірілетін елдерде тез
өсе бастады. Қазақстанда ағаш және ағаш
өңдеу өнеркәсібі, көбінесе, орман байлықтарының
таралуына байланысты. Солтүстік орман
белдеуі шегінде, негізінен, қылқан жапырақты
ағаш сүрегі дайындалады да, ол тілуге
дайын ағаш, ағаш тақта, целлюлоза, қағаз,
картон болып өндіріледі. Ресей, Канада,
Швеция, Финляндия үшін ағаш және ағаш
өңдеу өнеркәсібі — халықаралық маманданудың
маңызды салалары. Канада ағаш өнімдерін
сыртқа шығару жөнінен дүние жүзінде 1-орынды
алады. Оңтүстік орман белдеуі шегінде
жапырақты ағаш сүрегі дайындалады. Мұнда
ағаш өнеркәсібінің басты үш ареалы қалыптасқан.
Олар: Бразилия, Тропиктік Африка, Оңтүстік-Шығыс
Азия. Дайындалатын ағаш сүрегі теңіз
жолымен Жапонияға, Батыс Еуропаға шығарылады,
ал қалған бөлігі, негізінен, отынға пайдаланылады.
Жеңіл өнеркәсіптің негізгі және жетекші
саласы — тоқыма өнеркәсібі. 20 ғасырдың
90-жылдарының басында дүние жүзінде табиғи
және химиялық талшықтардан 115 миллиард/м2
шамасында мата өндірілді. Егер қолөнер
өндірісін есепке алса, бұл сала дүние
жүзінің барлық елдерінде дамыған. Дүниежүзілік
тоқыма өнеркәсібінде басты бес аймақ
қалыптасқан. Олар: Шығыс Азия, Оңтүстік
Азия, ТМД, Еуропа және АҚШ. 1950 жылдардан
бастап экономикасы дамыған батыс елдерінің
дүниежүзілік мата және киім өндірісіндегі
үлесі барған сайын кеміп келеді. Бұрын
мата өндіруден дүние жүзінде 1-орын алатын
Ұлыбритания енді 20-орынға түсті. Бұл сала,
әсіресе, Қытайда жақсы дамып келеді, өйткені
тоқыма және тігін өнеркәсібі ең алдымен
арзан жұмыс күшіне бағдарланған. Мұнда
өндірілетін матаның едәуір бөлігі сыртқа
шығарылады. Ауыл шаруашылығы материалдық
өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы.
Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және
оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен,
балық аулаумен айналысатын салаларда
1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының
барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне
байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі.
Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы.
Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті
егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін
интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ,
тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы
бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі
— дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы.
Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті,
жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі
және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ,
бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық
пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының
басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның
ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік
ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде
өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен
астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз.
өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына
1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады.
Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын
құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және
жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және
адамдардың бүкіл тамақ энергиясының
50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай —
дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние
жүзіндегі адам баласының жартысының
басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі.
Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион
тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия
(16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20),
Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің
үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының
бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың
аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел
айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің
90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді.
Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна
есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш
(20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі
суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі.
Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін
дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады.
Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші
елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік
рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың,
негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і
түседі.