Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:26, курсовая работа

Описание работы

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Работа содержит 1 файл

Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары.docx

— 81.32 Кб (Скачать)

Курстық жұмыстың негізгі  міндеттері:

· негізгі құралдардың мәні мен теориялық аспектілерін анықтау;

· тақырыптың мазмұны бойынша әртүрлі әдебиет көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып тақырыпты зерттеу және жүйелеу;

· неғұрлым анық, нақты, толық, шынайы ақпарат беру;

· курстық жұмыстың мақсатына жету;

· алынған нәтижелерге сүйене отырып қорытынды жасау.

Аудиторлық қызметтің  жалпы қабылданған стандарттары

Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты төрт тізбекті бөлімнен тұрады:

  1. Негізгі постулаттары.
  2. Жалпы стандарттары.
  3. Жұмыс стандарттары.
  4. Есеп беру стандарттары.

Негізгі постулаттар –  бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір  тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.

Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:

  1. тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойынша аудиторлық қызметтің стандартына сәйкес әрекет етуі керек.
  2. Аудиторлық органның еш қоспасыз өз пікірі болы және тексеру барысында пайда болатын әр түрлі жағдайларды дербес бағалаы керек.
  3. Қоғамдық сала өскенде қоғамдық қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді, олардың елдің көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық шаруашылық опрацияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.
  4. Есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің  дұрыс жүргізілуімен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер және басқа мәліметтер мазмұнының толық болуымен формасының дұрыс болуына кәсіпорын басшысы жауап береді.
  5. Басшылықпен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің стандартарын таратуға кепілдеме беруі керек.
  6. Есеп берулердің стандарттарын дәйекі түрде, яғни тізбектілікпен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды жасауға өз септігін тигізу керек.
  7. Ішкі бақылаудың барабарлық жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда  тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді.
  8. Заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан жақты бағалауда қажет болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін тексеруші органдарымен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын мақсат етеді.
  9. Барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім шартпен және басқада нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен шықпауы тиіс.
  10. Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек.
  11. Тексеруші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүддделерінің қарама қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі керек.
  12. Аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің жағдайы туралы қорытынды шығаруы жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін пайдаланылғанын ескертіп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.

Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби               орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:

- даярлығы

- құзіреттілігі

- тәуелсіздігі

- ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жаауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына мыналар кіреді:

- аудиторлық тексеруге дайындалу

- қадағалауды жүзеге асыру

- анық айғақтармен сенімді мәліметтерді жинау

- ішкі бақылаудың жағдайын бағалау

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Мақсаттарымен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына фирмаларда жасалады:

  • Қорытынды – қаржылық тексерулердің нәтижелері бойынша аудитордың тұжырымы.
  • Есеп беру –  шаруашылық қызматтерін тексеру бойынша аудитордың тұжырымы.
  • Хат – ұйым басқарушылары үшін.
  • Ескерту  –  шағандау фирмалармен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.

Есеп берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ықтимал есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру, құрылымдық кеңестер беру, болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.

Есеп берулерде келтірілген  ақпаратар дәл әрі анық, сенімді әрі құзіретті, тәуелсіз әрі обьективті және сындарлы болып, басшылықты іс қимылмен қамтамасыз етілуі керек.

Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет.

Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары

Аудит теориясы мына негізгі  элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.

Аудит компоненттері: бірінші  компонент- бұл экономикалық обьект. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Екінші компонент — өндірістік жағдаймен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды.

Үшінші копонент бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білу керек және осы фактілерді бағалйтын өлшемдерді жете білу қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нораларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап,қысым көрсетілушілікке қарсы тұра білу керек.

Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады. Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің  нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші компонент ретінде  аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады.

Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы,шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

Аудит принциптері. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылықа алу керек   адалдық, обьективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б.

Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Ғылымиялық принциптің мағынасы  аудиттің қорытындылары аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен  әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді.

Жариялық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.

Халықаралық аудиторлық қызметтің  нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде  сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.

 

 


Информация о работе Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары