Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:26, курсовая работа

Описание работы

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Работа содержит 1 файл

Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары.docx

— 81.32 Кб (Скачать)

Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1.   Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.

2.   Өзін — өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.

3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.

4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.  Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,  серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда операциялық мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.

Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады [3].

Аудиторлық іс эономикалық талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың және есептік, бақылаушы талдаманы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.

Әкімшілік  құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру мен бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін  жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс — әрекетінің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет [4].

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.

Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамадас бөлігі ретінде қарастыру қажет.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу  [5].

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен үдерістірінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;

- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептеудің озық әдістерін анықтау;

- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалық жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және экономикалық- математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық  жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

Кәсіби аудиттің даму проблемалары мен осы аспектілердің өзара тығыз байланыстарын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және  өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен үдерістердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің  әдістемелік негізіне қызмет етеді [7].

Нарықтық экономикада жағдайында тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.

Аудит термині латынның « audio» — « тындап тұр» деген сөзінен шыққан.

  1. Кейбір мемлекеттердегі аудиттің даму жолдарының тарихы

Мемлекет

Мерзімі

Түсіндірме

1

2

3

 

Қытай

Біздің заманымызға дейін 700 ж.

Тарихи деректерге  сүйенсек, Қытайда әлемдегі ең алғашқы аудиторлық жүйе құрылған. Бұл мемлекетте «Бас аудитор» мәнсабы бекітілді.

 

1982 ж.

Жаңа конституция жарияланды. Бұл конституция негізінде мемлекеттің аудиторлық әкімшілігі құрылды.

 

Ұлыбритания

XVI-XIX ғасырлар

Аудиттің дамуына экономикалық түрлендірілген және де кәсіпорын басқарушылары (акционерлер, меншік иелері, инвесторлар) көзқарастарының өзгеруі әсер етті.

1844 ж.

Акционерлік қоғам туралы заңның қабылдауына байланысты кәсіпорын басшылары жыл сайын акционерлердің алдында аудитордың тәуелсіз есебі арқылы есеп беруге міндетті болды.

1862 ж.

Барлық акционерлік қоғамдар міндетті түрде аудиттелуге тиіс болады.

1879 ж.

Жыл сайынғы міндетті аудит  тексеруін өткізуге енді барлық коммерциялық банктер де жұмылдырылды.

Франция

1867 ж.

Аудит қызметі туралы заң  қабылданды. Бұл заң бойынша 2 түрлі тәуелсіз қаржылық бақылау жүргізіледі. Олар бухгалтер-эксперттер және шоттар бойынша комиссиялар. Олардың айырмашылығы – біріншілер шақырылады, ал екіншілер тағайындалады. Комиссиялардың қызметі үкімет тарапынан бақыланады. Ал бухгалтер-эксперттер сырттан шақырылып, олар шот жоспарын, бухгалтерлік есепті, ішкі бақылауды жүргізуге көмектеседі және басқа да қызметтер көрсетеді.

Германия

1870 ж.

Акционерлік қоғам туралы заңға толықтырулар енгізілді. Олар бақылайтын кеңестерге акционерлік  қоғамдардың тапқан таза табыстарының болуы туралы есеп беруге, қаржы  құжаттарын тексеріп, оны акционерлік қоғамның жалпы жиналысына талқыға салуға міндетті болды.

1931 ж.

Ішкі ревизордың жүргізген  тексерулерінің нәтижесінде көпетеген  акционерлік қоғамдар банкротқа ұшырағаннан кейін, Германия ішкі аудит туралы заңдарына өзгерістер енгізді. Бұл заң бойынша енді аудитті сыртқы аудиторлар жүргізетін болды. Енді аудит жүргізу барлық ірі акционерлік қоғамдарға міндетті болды.

АҚШ

1996 ж.

Заң түрінде аудитор қызметі реттелді. Бұл заң бойынша Нью-Йорктегі университетте емтихан тапсырған және аудитор қызметімен айналысуға лицензиясы бар әрбір бухгалтер аудитор бола алады.

1932 ж.

Бағалы қағаздардың дұрыстығы туралы акт қабылданды. Бұл акт бойынша енді акциялар мен облигациялар шығаратын жеке меншік компанияларға аудит жүргізілетін болды.

1948 ж.

Америкалық бухгалтерлер институты жалпы аудит стандарттарын  бекітті.

Халықаралық статус Штаб пәтері Нью-Йоркта (АҚШ)

1977 ж.

Халықаралық бухгалтерлер федерациясы  құрылып (IFAC), аудиторлық тәжірибе жөніндегі  халықаралық комитет жұмыс істеді. Бұл комитет Халықаралық аудит стандарттарын әзірлеумен айналысатын болды.

1995 ж.

Халықаралық бухгалтерлер ассоцияция (IAPC) құрылды. Осының негізінде Халықаралық  аудиторлық комитет жұмыс (IFAC) істейді. Бұл комитет аудитттің халықаралық стандарттарын дайындайды.

Қазақстан  Республикасы

1993 жылы 18 қазанда

Республикадағы аудиторлық қызметті реттеу негізінде «Аудиторлық  қызмет туралы» бірінші Заң қабылданды.

 

1998 жылы  20 қазанда

Аудиторлық қызметтің  тәуелсіздігін дәлелдейтін «Аудиторлық  қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды.

 

2000 жылы  наурызда

Аудиторлардың республикалық  конференциясында аудиторлық қызметтің  халықаралық стандарттарын ұлттық қызмет ретінде қолдану көзделді.


АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты нарықтық экономикасы алдыңғы қатарлы елдердегі аудиторлық қызмет дамуының озық тәжірибесі көрсеткендей, кеңес берушілік, зерттеушілік және басқа ілеспе қызметтер  мөлшерінің өсуі қарқын алып келеді. аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалардың, оның ішіне үлкен төрттік те кіреді, өз ассортименттерінде кәсіби аудиторлық қызмет көрсетудің және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден астам атауы бар.

Аудиторлық еңес беру қызметінің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Көптеген елдерде үлкен төрттік қызметі ауқымының кеңейгеніне және күшеюіне наразылық аңғарылады. Батыстық іскер топтардың пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін  шоғырландыру, оларды одан ары біріктіру нмесе бөлу нәтижесінде аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен. Аудит саласындағы  оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкесінше аудит пен қаржылық есептілік аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

1) аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі — бағдарлы және тәуекелге негізделген;

2)  құқықтық негізде: міндетті,бастамашылық;

3) қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандыру, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;

Аудит (лат. audіt) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит (Audit) — 1) жүйенің басқару элементтерін тексеру; 
2) қорғанышқа қатысы бар маңызды оқиғаларды табу және тіркеу мүмкіндігі. Операциялық жүйенің қорғаныш жүйесі осы қимылды орындаған процесті тіркеу үшін қорғаныштың ұқсастырғышын қолданады. 
Экономикалық субъектілердің бухгалтерлік(қаржылық) есебін, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерін, сонымен қатар қаржылық есепті жасау бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және есепке қою бойынша ұсыныстарды жасайтын; активтермен пассивтерге бағалау жасап, сондай-ақ қаржылық, салықтық, банкілік және басқада шаруашылық заңнамалар негізінде тәуелсіз түрде ведомстводан тыс шарттық негізде жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін аудиторлардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызмет түрі. Бұдан басқа, аудитор кәсіпорынға олардың салық органдары мен төрелік соттарда мүдделерін қорғау бойынша көмек көрсетуі мүмкін. 
Аудитор 
Аудиторлық, ұйымның қызметкері. Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады. 
Аудиторлық ұйым 
Шарттық негізде кәсіпорындармен жылдық бухгалтерлік есепті қуаттау мен тексеруді жүзеге асыратын тәуелсіз бақылаушы-ревизиялық ұйым. Тексеру барысында аудиторлық фирма: бухгалтерлік есептің жағдайын және оның ұсынылатын талаптарға сәйкес болуын, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларды, құрылтайшылық және басқа құжаттардың ережелерін, бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақты жағдайға сәйкес келуін сақтауға бақылау жасап, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерді тексеруді жүзеге асырады.

Жоспар: 
1. Аудит стандарттары 
2. Аудит стандарттарын жəне олардың сақталуындағы оқылықтарды талдау 
Кіріспе

АП жəне тіркелген кəсіби «Аудиторлар алқасы» аудиторлық ұйымынан басқа, Қазақстанда бухгалтерлер мен аудиторларға арналған басқа кəсіптік бірлестіктер бар, олар: Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы (ППБА), Қазақстан бухгалтерлер мен аудиторлар одағы. АП Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (МФБ) толық мүшесі болып табылғанымен, ол əзірше МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағидаларды (ПОЧ) түгел орындай бермейді. АП да, ППБА да Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің мүшелері болып табылады. 
Аудит стандарттарын қабылдаумен қатар, АП өз мүшелерінің кəсіби білімі үшін жауап береді. АП 1998 жылғы МФБ Этика кодексінің негізінде өзінің Этика кодексін əзірледі. Алайда АП Кодексінде анағұрлым, əсіре тəуелсіз аудиторға қатысты тұрғыдан қатаңға айналған МФБ қолданыстағы талаптарының барлығы ескерілмеген. Сонымен қатар, РОСК дайындаған топ қолда бар Кодекс сақталмаған бірнеше жағдайды атады. 
АП мүшесіне айналу үшін, дербес аудитор САР/СIРА (Сертификатталған практикашы бухгалтер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер) куəландыру бағдарламасының негізінде емтихандар өткізетін АП Біліктілік комиссиясымен (КК) куəландырылуға тиіс. Алайда емтихандарды табысты тапсырғандардың үлесі кандидаттардың нашар дайындығына, оқу бойынша тиімсіз бағдарламаларға жəне жоғары емтихандық стандарттарға байланысты көп болмай отыр. 
ППБА қатысушылары – негізінен сертификатталған практикашы бухгалтерлер (САР немесе сертификатталған бухгалтерлер) жəне небəрі бірнеше Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер (СIРА немесе сертификатталған аудиторлар). ППБА өз мүшелері үшін кəсіптік ережелер шығарды, бірақ РОСК дайындаған топ анықтағандай, Палатаның жеке мүшелері ондай ережелердің бар екені туралы əдетте біле бермейді. 
Қазақстанда ППБА куəландырған бухгалтерлер ППБА да, АП да куəландыру рəсімін бір СAP/СIPA куəландыру бағдарламасының негізінде құрғанына қарамастан, аудитор болу үшін өздерінің (Сертификатталған практикашы бухгалтерлер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтерлер) ретінде тəжірибелерін пайдалана алмайтынына байланысты, бухгалтерлер мен аудиторларды куəландыруда елеулі проблема орын алып отыр. Бұл ППБА куəландырған бухгалтер кез келген басқа бухгалтердің біліктілігі немесе бухгалтерлік жұмыс тəжірибесі жоқ адам секілді барлық КК емтихандарын тапсыруға тиіс болады деген сөз. 
Қазіргі уақытта банктердің немесе сақтандыру компанияларының аудиторлық ұйымдарды ауыстырып отыруына талап белгіленбеген, бірақ «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға аудиторларды əр үш жыл сайын міндетті ауыстырып отыруды көздейтін түзету енгізу туралы ұсыныс бар.

Информация о работе Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары