Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:26, курсовая работа
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».
1. АУДИТ СТАНДАРТТАРЫ
. Жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың мамырынан бастап ХАС пайдалануды талап етсе, ол күнге дейін Қазақстандық аудит стандарттары (КСА) күшінде қалады. Сонымен қатар, көптеген аудиторлар ХАС емес, КСА құрамымен көбірек дəрежеде таныс болады. Сондықтан осы бөлімде КСА жəне ХАС арасындағы алшақтықтарға талдау жүргізіледі. КСА ХАС негізінде əзірленсе де, олар бір біріне онша сəйкес келе бермейді. 52-ші тармақта аталғандай (жоғарыдан қараңыз), Қаржы министрлігімен тек төменде берілген 11 11 КСА бекітілген:
КСА Аналог в ХАС
КСА 1: Қаржылық есеп-қисап аудитының мақсаты жəне жалпы принциптері ХАС 200: Қаржылық есеп-қисап аудитының мақсаты жəне жалпы принциптері
КСА 2: Аудит жүргізу шарттары ХАС 210: Аудит
жүргізу шарттары
КСА 3: Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау ХАС 220: Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау
КСА 4: Құжаттама ХАС 220: Құжаттама
КСА 5: Қаржылық есеп-қисап бойынша аудиторлық қорытынды ХАС 700: Қаржылық есеп-қисап бойынша аудиторлық қорытынды
КСА 7: Жоспарлау ХАС 300: Жоспарлау
КСА 8: Клиенттің бизнесін білу ХАС 310: Клиенттің бизнесін білу
КСА 9: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен бақылау ХАС 400: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен бақылау
КСА 10: Аудиторлық дəлелдер ХАС 500: Аудиторлық дəлелдер
КСА 11: Алғашқы аудиторлық тексеру, кезеңнің басына шоттардың сальдосы ХАС 510: Алғашқы аудиторлық тексеру, кезеңнің басына шоттардың сальдосы
КСА 12: Басшылықтың мəлімдемесі ХАС 580: Басшылықтың мəлімдемесі
Нəтижесінде негізінен келесі
екі себеп бойынша елеулі бөлеу оқылымдар орын алған:
• ХАС ұқсас қағидалары КСА қабылданғаннан кейін қайта қаралауы мүмкін (мысалы, ХАС 700 қайта қаралған жəне ХАС 200 жəне ХАС 210 тиісті түзетулер енгізілген);
• ХАС құрамына КСА құрамынан өз көрінісін таппаған 20 стандарттан астам жəне ұсынылған практика туралы 15 қаиғада кіреді ( төменнен 73-ші тармақты қараңыз).
КСА мен ХАС арасындағы айырмашылықтар КСА сəйкес жүргізілген аудиторлық тексерістің ХАС сақтай отырып, жасалған аудитқа қарағанда анағұрлым аз сенімділікті қамтамасыз ете алатындай алыс.
Ең елеулі бөлек оқылымдар КСА құрамында ХАС 20 стандарттан астамның болмауына байланысты туындайды,
соның ішінде:
• Аудиттың елеулілігі: ХАС сəйкес аудиторлық тексерістің мақсаты аудиторға қаржылық есеп-қисаптың барлық елеулі аспектілері бойынша қаржылық есеп-қисапқа белгіленген талаптарға сəйкес жасалғаны туралы пікірін білдіруге
мүмкіндік беру болып табылады.
Ақпарат егер оның болмауы немесе бұрмалануы аталған қаржылық есеп-қисаптың негізінде қабылданған пайдаланушылардың шаруашылық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, «елеулі» деп саналады.
ХАС 320 «Аудиттың елеулілігі» аудитордан (a)
аудиторлық рəсімдердің сипатын, уақытын жəне форматын айқындау; жəне (b) бұрмалаудың салдарын бағалау кезінде, сондай-ақ қаржылық есеп-қисаптың барлық елеулі аспектілері бойынша қаржылық есеп-қисапқа белгіленген талаптарға сəйкес жасалғанын бағалау кезінде елеулілік аспектілерін
есепке алуды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ жəне бұл (i) аудитордың елеулі параметрлер бойынша
шүбəлі болып табылатын деректердің енгізілгенін немесе елеулі
деректерді өткізіп алуды айқындай алмауына, содан қаржылық есеп-қисаптың шүбəсіздігін бұзуға əкеліп соғуы, немесе (ii) қаржылық есеп-қисапты пайдаланушыларда аудитор қаржылық операциялардың бірін қалдырмай тексеріп жатқан секілді əсер қалдыруы мүмкін.
• Аудитор қаржылық есеп-қисапты аудиторлық тексеру кезінде алаяқтық əрекеттердің ықтималдығын ескеруге міндетті: ХАС 240
«Аудиторлық тексерістер жүргізу кезінде аудитордың ықтимал алаяқтық əрекеттерді ескеруге міндеті»
алаяқтықты қателіктен ажыратуды жорамалдайды
жəне аудиторға есте ұстау қажет алаяқтық əрекеттердің екі типінің айқындамасын береді. Ол екі алаяқтық типі төмендегідей: (a) активтерді заңсыз иемденудің нəтижесінде пайда болатын бұрмаланымдар; жəне (b) қаржылық есеп-қисап жасау кезінде алаяқтықтың нəтижесінде туындайтын бұрамаланымдар. Аудиторлық тексерудің барысында елеулі алаяқтықтың анықталмауына байланысты тəуекелдікті минималдандыруға арналған арнайы рəсімдер қажет. КСА құрамында ондай талап жоқ.
• Талдампаздық рəсімдер немесе аудиторлық іріктелім жəне басқа сынамалар: ХАС 520 «Талдампаздық рəсімдер» аудитордан кəсіпорын мен оның бизнес ортасы туралы пайымдама
жасау үшін, сондай-ақ аудиторлық тексерістің соңында жалпы қорытынды жасау кезінде тəуекелдіктерді бағалауға арналған талдампаздық рəсімдерді қолдануды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ.
• Байланысқан тараптар: ХАС 550 «Байланысқан тараптар» аудитордан басшылық байланысқан тараптарды, сондай-ақ қаржылық есеп-қисап жасау үшін елеулі маңызға ие мүдделілік бар мəмілелердің салдарын айқындау жəне ашу кезінде жеткілікті аудиторлық дəлелдер алуға арналған аудиторлық рəсімдерді орындауды талап етеді.
КСА құрамында ондай талап жоқ.
• Əділ құнның аудиты: Көптеген жағдайларда ХҚЕС активтер мен пассивтердің құнын айқындау кезінде бағалау кезінде əділ құн көрсеткіштерін қолдануды белгілейді немесе
жол береді. ХАС 545 «Əділ құнның жəне ашылған ақпараттың көрсеткіштерінің аудиты» аудитордан ол кəсіпорын мен оның бизнес ортасы, соның ішінде оның іштен бақылау жүйесі туралы пайымдама қалыптастыру шеңберінде кəсіпорында əділ құн мен ашылған ақпараттың көрсеткіштерін, сондай-ақ бекіту сатысында елеулі бұрмаланыстар тəуекелдіктерін айқындау жəне бағалау үшін жəне стандартта сипатталған қосымша аудиторлық рəсімдер əзірлеу жəне пайдалану үшін жеткілікті тиісті бақылау шараларын пайдалану кезінде қолданылатын рəсімдермен таныс болуын талап
етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ.
Міндетті аудиттың сапасы біркелкі емес. Аудиторлық тексерістердің қорытындыларымен танысудың (жоғарыдағы 66-шы тармақты қараңыз) жəне РОСК дайындаған топпен, жеке аудиторлармен,
шағын жəне ірі аудиторлық фирмалармен жəне Аудиторлар палатасымен
Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті
аудиторлық фирмалар өздері КАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты, сондай-ақ ХАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты аудиторлық тексеруге аудит стандарттары, қызметкерлер құрамы жəне сапаны тексеру тұрғысынан бірдей тəсілдеме пайдаланатындарын
айтады.
талқылаудың нəтижесінде Қазақстанда орта есеппен аудиторлық практиканың сапа көрсеткіштеріне негативті ықпал ететін нақты проблемалар анықталды:
• Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті
фирмалар тəрізі, КСБУ сəйкес дайындалған қаржылық есептемелермен салыстырғанда, ХҚЕС сақтай отырып жасалған қаржылық есеп-қисапты анағұрлым терең аудиторлық тексеру рəсімдерін пайдаланатын жəне тексеруді анағұрлым тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді17.
Бұл тек қана Қазақстандық ерекшелік болып табылмаса
да, байқаушылар ондай практика КСБУ
негізіндегі қаржылық есеп-қисап аудитының сапасынан теріс көрінуі мүмкін деп қауіптенеді.
• Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті
фирмалар тəрізі, қарызға ақша қаражаттарын немесе төте шетелдік инвестициялар
тартатын компаниялардың ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисаптарын анағұрлым терең аудиторлық тексеру рəсімдерін пайдаланатын жəне тексеруді анағұрлым тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді. Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті
фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапты ондай құжаттаманы анағұрлым терең сапалы талдау рəсімдерінің көмегімен, соның ішінде келесіде Мəскеуде, ал кейде Лондонда немесе
Франкфуртта техникалық сарапшыларды тарту арқылы тексеру нəтижелерін сараптау арқылы жүргізсе де, аталған рəсімдер тəрізі, шетелдік реттеу жəне/немесе толық көлемде аудитордың кəсіби жауапкершілігін көтеруге дайындық жоқ болған кезде жүйелі қолданылмайтын секілді.
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың айтарлықтай санының нашар дайындалғаны соншалық, тексерілген қаржылық есеп-қисапты пайдаланушылар тіпті
аудиторлық фирма тындырған жұмыс туралы пайымдама жасауға қабілетсіз болуда. РОСК дайындаған топ талдап шыққан 14 аудиторлық қорытындының сегізінде адресат болмаған, тексеруге ұшыраған қаржылық есептемелер көрсетілмеген, қаржылық есеп-қисабы тексеруге қос тіркелген компаниядан басқа компанияның атауы, сондай-ақ аудит стандарттарына сілтемелердің орнына бухгалтерлік есеп-қисап стандарттарына сілтемелер
жəне т.б. болған.
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары үстірт болып шыққан, бұл олардың Этика кодексін, соның ішінде олардың тəуелсіз мəртебесіне қатысты бөлігінде сақтауына күмəн туғызбай тұра алмайды. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының төртеуінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттаынан
(КСБУ) елеулі жəне анық шегіністер бар.
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары аудиторлық рəсімдерге толық емес сəйкестікте орындалған жəне КСА мен аудиторлық тексерістің сапасына талаптардың сақталуына елеулі күмəн туғызады. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының үшеуінде аудиторлық фирма қолданған аудиторлық рəсімдер баяндалған қосымша болды. Топ сарапшылары
осы үш құжаттың барлығында төмендегілерге қарамастан аудиторлық фирманың сөзсіз оң қорытынды бергенін атады:
o аудиторлық фирмаға тауарлық-материалдық қорлар туралы сандық деректер тапсырылмаған жəне оның еншісіне 23% жиынтық активтер түсетін мүліктің, машиналар мен жабдықтың іс жүзінде бар екеніне (компанияның жұмыс істегеніне бірінші жыл)
көз жеткізбей, тек шоттармен
жəне бухгалтерлік тіркелімдермен
танысуды қанағат тұтқан. Басқа екі аудит бойынш топ сарапшыларында
сол іспеттес ескертпелер туындады.
o Аудиторлық фирма компанияның жалпы активтерінің 62% құрайтын аванстық төлемдер туралы растамаларға сұратым салған жоқ. Аудиторға жинаудың сəті түскен дəлелдер аудиттың талаптарына сай болуы міндетті
емес ішкі пайдаланыс құжаттары болып шықты. РОСК дайындаған топтың сарапшылары тағы бір қорытынды бойынша тап сондай
ескертпе жасады.
2.Аудит стандарттарын жəне олардың сақталуындағы оқылықтарды талдау
Жоғарыда аталғандай, жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың қарашасынан бастап ХАС қолдануды талап етеді, ал ол
уақытқа дейін КСА қолданыста болады. КСА екі негізгі
себепке байланысты, ХАС қарағанда едəуір артта: КСА негізіне ескірген
ХАС нұсқалары алынған жəне КСА толық сипатта емес, өйткені ХАС құрамына кіретін 30 стандарттан
астамның тек он бір стандарты бекітілген.
КСА жəне ХАС арасындағы айырмашылықтар КСА сəйкес жүргізілген аудиторлық тексеріс ХАС сəйкес жүргізілген тексеріске қарағанда, ақпараттың сенімділігін анағұрлым аз ықтималдықпен растайтындай дəрежеде.
Соның нəтижесінде міндетті аудиторлық тексерістердің сапасы, РОСК дайындаған топтың пікірі бойынша, өте біркелкі болмаған. Халықаралық аудиторлық желілеріндің құрамына кіретін жергілікті
фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер жүргізген уақытта, олар КСБУ сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер жүргізуге қарағанда анағұрлым мұқият аудит рəсімдерін пайдаланатын жəне анағұрлым тəжірибелі қызметкерлерді бөлетін секілді. Сол секілді,
ХҚЕС сəйкес жасалған жəне қарыз қаражаттарын тартатын немесе
шетелде акциялар шығаратын компаниялар дайындағын қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер əдетте анағұрлым жоғары сапасымен өзгешеленеді.
Кейбір жергілікті аудиторлық фирмалардың халықаралық стандарттарға сəйкес жұмыс істеуге айтарлық күш салатынына қарамастан, олар жасаған аудиторлық қорытындылардың көпшілігінің нашар болғаны соншалық, аудиторлар растаған сондай қаржылық есеп-қисаптарды пайдаланушылар аудиторлық фирма орындаған жұмыс туралы
Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік
есеп жəне аудит» Резюме – стр vii.
қандай да бір тұжырымға келе алмады. Сонымен қатар, жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған кейбір аудиторлық қорытындылар Этика кодексін,
соның ішінде тəуелсіздік принципін сақтау тұрғысынан елеулі қауіп туғызды. Сондай-ақ жергілікті аудиторлық фирмалардың басым көпшілігі өздері қайта қаралған жəне жаңартылған «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға сəйкес пайдалануға тиіс болатын қолданыстағы толық ХАС нұсқасымен таныс болау фактісі
де көп маасыздық туғызады.
Негізгі ұсыныстамалар
Осы баяндаманың VI Бөлімінде баяндалған барлық əдістемелік ұсыныстамалардың маңызы үлкен болса да, РОСК дайындаған топ оның пікірі бойынша, қаржылық жүйенің орнықтылығын, экономикалық өсуді
Қорытынды
Аудиторлар палатасы оған сəйкес дипломды аудиторлар қаржылық есеп-қисап жəне аудит туралы ең соңғы күнгі білімдер деңгейіне ие болуға міндетті МСО 8 стандартының талаптарын зерделеуге тиіс.
Ол параметрлерді қанағаттандыру үшін, СМПБ біліктілігін алуға куəландыру аудиторлық кəсіптің өкілі аудитордың жұмысын құзыретті орындау үшін қажет кəсіби білімдерін, машықтарын жəне құндылықтарды, этиканы жəне іске көзқарасын бағалаудан кейін оған сəйкес болуға тиіс кірістік талап ретінде қалуға тиіс. Ол үшін СAP/СIPA біліктілігін алуға куəландыру бағдарламасына қосымша жаңа емтихан енгізу керек болады.
Аудиторлар палатасы аудитордың біліктілігін алуға кандидаттар біліктілік куəлігін беру үшін жеткілікті көлемде жəне мамандығы бойынша практикалық тəжірибе алуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан Аудиторлар палатасы аудит
бойынша емтиханнан өтуге кандидаттардың практикасы МСО 8, сондай-ақ МСО 5 талаптарына сəйкес тиісті түрде құрылған жəне бақыланатын болуы мақсатында, олар үшін Палатаның қауымдастырылған мүшесінің мəртебесін құруға тиіс.
Біліктілік сыны\амалау үшін нақты базаны айқындаудан кейін ППБА жəне Аудиторлар палатасы мүшесінің мəртебесін ұзартудың кəсіби біліктілікті көтеру жүйесіне (ПК) қатысуына тəуелділігін белгілеу маңызды. ПК жүйесін кəсіптік қауымдастықтар мен ұйымдар өздерінің мүшелерінің бухгалтерлік есеп жəне аудит стандарттары мен практикасы
саласындағы білімдерін тұрақты жаңғыртып отыруды қамтамасыз ету үшін бақылап отыруға тиіс. Бұл тұрғыдан кəсіптік қауымдастықтар мен ұйымдардың біліктілікті үзіліссіз көтеру жүйесі үшін тиісті курстар мен оқу материалдарын əзірлеуі маңызды.
Қазақстанда жергілікті орындарда Қазақстандық фирмаларға тексерістерді жүзеге асыратын бухгалтерлер
мен аудиторларды бухгалтерлік есеп жəне аудиттың бүгінгі əдістемелерін практикалы қолдануды жетілдіру əдістеріне оқыту механизмін құру қажет. Практикалық тəжірибеге белгілі кемел бухгалтерлер
мен аудиторларды тарту өте маңызды ұсыныстама болып табылады, оны
орындау үшін оларды ХҚЕС жəне ХАС түсіну деңгейін одан əріде көтеруге жəне оларды Қазақстанда қаржылық есеп-қисап саласында практикалық жұмыста қолдануға түрткі болатын ынталандыру шараларын қабылдау қажет.
Егер сұраныс туралы сөзге келсек, онда директивтік
органдар позитивті əдістерден (мысалы, оқу жүйелерін ұйымдастыруға салықтық жеңілдіктерден) ескертуші əдістерге (мысалы, қаржылық есеп-қисаптардың сенімсіздігі үшін жауапкершілікке тарту)
дейін түрлі əдістер арқылы компаниялардың басшылығы сондай «қайта жарақтауға» қаражат жұмсауы үшін стимулдар жасауға тиіс.
Аудит туралы түсінік
Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит»
- деген түінікке әр түрлі анықтамарлар
берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын
өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев
«Теория аудита» деген кітабында әр автордың
13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның
төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын
қарастырып талдайық.
СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары:
Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын
талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда
құралғанын көреміз. Бір береді. Соған
қарамастан осы анықтамаларға бір ғана
мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын,
негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір
анықтамада аудиттің негізгі мақсаты
ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қортынды
туралы. Седеді, қандай бір аудиторлық
қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық
тексерудің объектісі туралы ешқандай
автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен
кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық
тексеру тапсырушының келісім-шартта
көреткен объектісіне ғана жүргізіледі,
ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі
принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы
өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін
толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге
қуқылы.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін
немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын
аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексереу
немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті
түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан
әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуіменоның
құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен
жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған
жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты,
дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір
авторлардың анықтамаларында осы ойлар
орынды айтылған деуге болады.
Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық
көрсеткіштері» деген сөз құрамын көо
келтірген. Біздің ойымызша бұлтүсініктеме
орынды айтылған деуге болады. Себебі,
объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына
сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына
толық немесе бір бөліміне жүргізілсе
де оған жасаған аудиторлық қорытындыда,
кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық
көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе,
ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты
орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит
туралы анықтама берген авторалды қарастыратын
болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің
“Краткое руководство по по стандартам
и нормами аудита” кітабында “аудит –
тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық
ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп
анықтама берген. Басқа бір англиядағы
белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы
Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік
ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте
қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен,
кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп,
басылымға шыққан міліметтердің шындығын
анықтау” – деп анықтама берген.
Америкалық профессор Джек Робертсон
өзінің монографиясынды “Аудит – ол кәсіпорын
ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар
үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі
мәліметтік күдікті барынша азайту” –
деп анықтама береді. Осы аты аталған үш
автордын ойын корытындылайтын болсақ,
англиялық аудит және есеп маманы Роджер
Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына
қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көосетеді.
Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының
дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін
өте жоғарыдеп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын
шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік
беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың
тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда
ол елдің экономикасы даму жолында болады
деген сөз.
Белгілі, АҚШ-тың аудит теорияасын және
аудит жұмысының даму жолына көп еңбек
сіңірген профессор Джек Робертсон екі
анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда
айтылған “мәліметтік күдік” – деген
түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп,
аудит түрғысынан қарастыратын болсақ,
ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген
қателердің салдарынан мәліметпайдаланушылардың
кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады.
Яғни, аудитордың міндеті сол “Мәліметтік
күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып,
кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру.
Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің
экономикалық мәселелерін шешу барысында
басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз
падалануына аудит кепілдік беруі қажет.
Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор
Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің
бірі осы деп атап көрсеткен.
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып
профессор “кәсіпкерлік күдік” – деген
түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік
шаруашылығандағы күдіктенушілік, сенімсіздік
немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму
жолындағы кауіпптілігі деп түсенугі
болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі,
салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі,
сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі,
жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы
басқа көптеген себептерден болады. Осы
аталған себептерден туындайтын “ кәсіпкерлік
күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын
кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын
жүргезу үшін тиімді шешім қабылдай алады.
“Кәсіпкерлік күдік” аудит жұмысына
ешқандай әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және
Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында
мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс,
арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ
жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының
дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер
белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін
анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын
беру”. Шетел мамандарының аудит мазмұнына
берген анықтамаларын қорытындылайтын
болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына
карағанда біздің ойымызша аудитті толық
қарастырған сияқты
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай
анықтама береді: “аудит – дербес сараптау
және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің
барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық
талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын
тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын
және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін
анықтап, тапсырушылар талабына жауап
ретінде түсініктеме қызметін атқару
” – деген. Автордың ойынша осы анықтамада
аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден
– тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден
– аудит процесіндегі талдаудың алатын
орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы
кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып,
даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі,
төртіншіден – аудиттің консалтингтік
қызмет көрсету жағы айтылған.
Біздің ойыиызша, « аудит дегеніміз –
дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер
ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың
шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік
есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап,
экономикалық талдау жасап, қажет болған
жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық
қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме
қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі,
аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық
субъектінің қалауында толық немесе бір
бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының
еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын
оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі
тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері
арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің
негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды
жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем
жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты
– аудит қорытындысын алу. Себібі, тек
аудит қорытындысын алған шаруашылық
субъектілерінің есебі басылымға шығады.
Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік
алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен
кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы
қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті
болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің
мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру
мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен
беруді ойластырдық .
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға
қызмет көрсету.
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған
аудитор қорытындысы керек
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік
береді.
3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс
жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі
олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар
болу себебі аудитор тексеру барысында
табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының
қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін
анықтайды анықтайды. Ал қажет болған
жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық
инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни,
аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс
сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін
қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа
жол берілмейді.
Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын
болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін”
қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын
айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы»
арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты
шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде
болса да даму процесін қамтамасыз етуге
кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе
бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері
даму жолында болған жағдайда ол елде
өзінің экономикалық инфраструктурасы
қалыптасады да, оның әсерінен сол елде
нарықты қатынас экономикалық зандылықтары
күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу
арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты
деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын
іс жүзінде қалыптастырады.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты – бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Аудитті бірнеше
бөлімге бөліп қарастыруға
Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар өте маңызды болып келеді.
Негізгі құралдардың
бухгалтерлік есебінің ең басты сұрақтарының
шешімі негізгі құралдардың
Негізгі құралдардың бухгалтерлік
есебін дұрыс ұйымдастырудың негізі
болып негізгі құралдардың
Бірде-бір Қазақстандық
кәсіпорын өз шаруашылық қарекетін
негізгі құралдарды қолданбай игере
алмайды. Негізгі құралдар ұйымның
материалдық-техникалық базасының
негізгі құраушысы болып
Курстық жұмыстың басты мақсаты – аудиттің маңызды әрі қызықты бөлімдерінің бірі негізгі құралдар аудитінің қалай жүзеге асырылатындығымен танысу, ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады. Негізгі құралдар - қандай да болмасын экономикалық субъект қызметінің негізі болып табылады.
Информация о работе Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары