Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 10:43, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп – дүние жүзіндегі кез келген қызметтің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.Қоғамның даму барысында бухгалтер үш түрлі міндет атқарады: 1) есепті барынша ақпаратты әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өмірдегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу;
«Бухгалтер» деген сөз немістің «бас кітап ұстаушы» деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі.
КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын ``Жол-Өткен``ЖШС №1бөлім цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен
аударымдар есебінің жүргізілуі
Халық шаруашылығының әр түрлі салалардағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған ( белгілі бір есеп айырмасын ) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырылысатын уақыт есебіне күнтізбелік ( календарьлық ) ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген сомасын сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.
Мысалы:
сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 11000
теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы,
сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып
қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған
делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің
ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен
( әлеуметтік қордан ) төленеді. Ал қалған
18 күні үшін ( 15 күн жұмыс істегені +3 күн
қоғамдық жұмыс атқарғаны ) еңбекақы ұйымның
есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау
үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы
мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы айдағы
жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз
( 11000/22). Содан кейін алынған нәтижені (
500 теңге ) жұмыс істеген және қоғамдық
жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына
көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда
көрсетілген жұмысшының сәуір айында
тиісті еңбекақы сомасы 9000 теңге болады.
( 500х ( 15+3)) = 9000 теңге. Кәсіпорындарда жұмысшылар
мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы
жұмыс істеген күні мен сағатына байланысты
төленетін жағдайларда, олардың бір күнге
немесе бір сағатқа белгіленген сомасын
нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық
жұмыстағы басқадай қосымша еңбекақы
төленуге тиісті күндердің күндердің
немесе сағаттардың жұмысына көбейту
арқылы табылады.
Кесімді
еңбекақыны есептеу.
Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған деталдардың, сондай – ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгіленген бағаға көбейтеді.
Ұйымдарда
тапсырманы жеке адам орындаған, яғни
операция немесе өнім өндіру басынан
аяғына дейін бір жұмысшының немесе
қызметкердің қолынан өтетін жағдайда
мұндай әдісті қолдану ыңғайлы б.т. кесімді
еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің
бригада бойынша істеген жағдайда жоғарыда
аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы
мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты,
мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген
өнімі мен істеген жұмысының көлемі, саны
және олардың бір данасын жасауға, өндіруге
белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады.
Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер
мен істелген жұмысының саны мен көлемін,
олардың бір данасын өндіріп шығаруға
( жасап шығаруға, орындауға ) белгіленген
баға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің
еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың
жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің
арасында олардың мамандық дәрежесіне
және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді.
Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің
жұмысқа қатысқан уақыты ( ай, күн, сағат
) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің
мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша
бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері
олардың жұмыс істеген сағаттарының санына
көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада
мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша
есептелетін еңбекақының жалпы сомасы
табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген
бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының
жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген
еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына
қатынасы қосымша табыс коэффициенті
б.т. Осыдан жұмысшылар мен қызметкерлердің
әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы
осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының
немесе қызметкердің орындаған жұмысы
мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық
дәрежесіне байланысты еңбекақысы табылады.
Еңбекақының
аналитикалық және синтетикалық есебі
Мекемедегі жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу ведомосі деп атайды. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл ведомоста жұмысшы- қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмірі, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы мекеменің жұмысшыларының қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосі бойынша мекеменің кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды.
Бұл ведомость бойынша, біріншіден, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден, бұл ведомость еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден, осы ведомость арқылы жұмысшы-қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы төлеуге, еңбек демалысына еңбекақы төлеуге, тағы да басқа қосымша еңбекақыларды төлеу үшін, әрбір жұмысшыға дербес шот ашылып жүргізіледі. Бұл шотта жұмысшының аты-жөні, сол мекемедегі демалысының ұзақтығы, әрбір айға есептелінген еңбекақылары мен жәрдемақылары және олардан ұсталынатын ұсталымдар түрлері бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар әрбір жұмысшыға жеке есеп айырысу қағаздары толтырылуы мүмкін. Есеп айырысу қағаздарында да жоғарыда аталған ведомостағы мәліметтер көрсетіліп, әр жұмысшыға бөлек толтырылып, олардың қолдарына беріледі. Кейбір мекемелерде жазуларды қайталап жаза бермес үшін есеп айырысу төлеу ведомосі мен дербес шотының орнына есеп айырысу ведомосі жүргізіледі. Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып, негізгі және қосымша беттерден тұрады.
Негізгі бетінде жұмысшыларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталынған ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдарының саны, ұсталатын сомаларының мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны т.б) көрсетіледі.
Ведомостің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға, тоқсанға, жарты жылға, жылға) ашылғандығына байланысты болады.Ведомостің титулдық бетінде жұмысшыларға төленген және депоненттелген еңбекақы сомасы жазылады. Ал ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл ведомость бойынша жұмысшыларға есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін ведомостің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомаларын арифметикалық жолмен тексерілуі керек.
Мекемеде
жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
681- «Жұмысшылармен еңбекақы бойынша
есеп айырысу»-деп аталатын синтетикалық,
пассивті шотында жүргізіледі. Бұл
шот бойынша деректер мен ақпараттар
үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал ордерлерінде
көрсетіледі. Рапорттар мен өнімдерді
өндіру ведомостары, табельдер және тағы
да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр
бөлімше бойынша есептелінген еңбекақы,
олардың түрлері және қызметкерлердің
категориялары бойынша топтастырылады.
Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгілі
түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі,
ол кестенің сол жағында дебеттелінетін
шоттар нөмірі, ал оң жағында жұмысшылар
дың мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға
есптелінген еңбекақы сомалары түрлері
бойынша бөлініп жазылады.
Жұмысшылар
мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде
бухгалтерлік есепшоттары бойынша
жүргізілетін операциялар.
№ | Операциялар мазмұны | Дебет | Кредит | Сома |
1 | Жұмысшылар
мен қызметкерлерге еңбекақы,сыйақы
және басқа да төлемдер есептелінді:
|
902 3350 922 3350 932 3350 821 7200 811 7110 |
681 1280 681 1280 681 1280 681 1280 681 1280 |
50 000 66 000 384 000 42 000 54 000 |
2 | Жұмысшыларға
кезекті демалыс ақысын есептеу:
- демалыс
ақысынан есептелген |
685
1280 685 1280 |
681
1280 635 3150 |
1 000000 500 000 |
3 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға; | 681
1280 |
686
1280 |
45 000 |
4 | Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталынатын табыс салығы сомасы; | 681
1280 |
639
3190 |
36 000 |
5 | Жұмысшылардың еңбекақысынан сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға; | 681
1280 |
687
1280 |
752 000 |
6 | Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың есеп беруі бойынша ұсталатын сомаларына; | 681
1280 |
333
1250 |
900 500 |
7 | Бүлінген материалдық
құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен
жұмысшылардың еңбекақысынан |
681
1280 |
333
1250 |
546 000 |
8 | Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың алдыңғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға; | 681
1280 |
333
1250 |
1 100000 |
9 | Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған еңбекақы; | 1280-1290 | 687
1280 |
456 000 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақытта жасайтын жұмысын жоспарлап, сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқаратын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды. Қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алуының негізгі принциптерінің жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптары, сондай-ақ ұйымның құқықтары мен міндеттерін белгілейді. ҚР-ның аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерік есептеуді осы заңға сәйкес есеп беруге міндетті.
«Жезқазған
қаласының жер қатынастары
Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі