Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп – дүние жүзіндегі кез келген қызметтің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.Қоғамның даму барысында бухгалтер үш түрлі міндет атқарады: 1) есепті барынша ақпаратты әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өмірдегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу;
«Бухгалтер» деген сөз немістің «бас кітап ұстаушы» деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын ``Жол-Өткен``ЖШС №1бөлім цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен
аударымдар есебінің жүргізілуі

Работа содержит 1 файл

Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

       Мекемедегі  жұмысшылар мен қызметкерлердің  тізімдік саны- жұмысқа жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады. Еңбек есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақыты есебінен тұрады.

       Жұмысшылар  мен қызметкерлердің құрамының  есебі- мекемедегі мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде алғашқы мынадай есеп құжаттары пайдаланылады:

       1. Жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;

       2. Басқа жұмысқа ауысу жайлы  бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;

       3. Демалыс берілуі жайлы бұйрық  үлгілі түрі Т-6;

       4. Жұмыстан шығарылуы жайлы бұйрық  үлгілі түрі Т-8;

       Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге мекеменің мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.

       Еңбек кітапшасы- мамандар бөлімінде сақталынып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.

       Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына  төл құжаттарындағы тиісті жазулар  жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылардың білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекен-жайы және басқа керекті мәліметтер жазылады. Сонымен қатар әрбір қызметке алынған адамға, табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір- еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделіктегі тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі керек. Есеп беретін айдағы мекеменің жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы әрбір календарьлық күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1- нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қаса алғандағы қосынды санды сандық календарлық күніне бөлу арқылы табады. Толық ай істемеген мекемеде, құрылыс ұйымдарында жаңадан іске қосылған мекемеде, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін мекемелерде жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы мекеменің жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы календарлық күн санына бөлу арқылы алынады. 

       Жұмыс істелінген уақыт  есебі 

       Жұмыс істелінген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлер- дің еңбекақысын  жұмыс істеген уақытына қарай  есептеуге, оларға өндірілген өнімнің  өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген  нормасын орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданылады. Жұмыс істелінген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің категорияларына сай табельде алфавит бойынша реттік нөмір санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.

       Үлгілі  түрі №12 табель- еңбекақы жайлы есептік мәліметтерді есептегіш машиналарға санауға арналған.

       Үлгілі  түрі №13 табель- тек қана жұмыс істеген уақытты есептеп санауға арналған.

       Үлгілі  түрі №14 табель- тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеуге арналған.

       Бұл табельдер ұйым, мекеме яғни шаруашылық субъектісінің әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің  жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалуына байланысты белгіленген  шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркелінеді.

       Жұмысшылар  мен қызметкерлердің демалысқа  шығуы, іс сапарында болуы, жұмысқа  себепсіз кешігуі және тағы басқа  жағдайлар табельде тиісті белгіленген  әріптік белгімен көрсетіледі.

       Мысалы:

  • іс сапарындағы жұмысшы қызметкерлер үшін - і
  • демалыстағы жұмысшы қызметкерлер үшін – д
  • жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін – с

       тағы  да басқа белгілер қолданылады.

       Табельде  жұмысшылар мен қызметкерлердің  тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің белгіленген уақытын және тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.

       Бұл ретте шартты белгінің қасына белгіленген жұмыс уақытынан ауытқулар жазылады. Жұмыс істелінуге тиісті уақытынан ауытқыған уақыты табельге бұрыннан арналған алғашқы құжаттарға жазылуы керек.

       Мысалы: жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс жұмыс істегеніне ай бойына немесе басқа да есептелінетін уақытына арналған ведомость толтырылады. Мекемедегі тоқтап қалған жұмысқа төленетін еңбекақы жұмыстың тоқтап қалуы туралы жазылған қағаздың негізінде есептелінеді. Табельдегі толтыруға негіз болатын жоғарыда айтылған құжаттар табельдер мен бірге бухгалтерияға тапсырылуы қажет. Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы-қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелінген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтап жұмыс уақытының пайдалану нәтижесін анықтау үшін де қажет болып табылады.

       Саны  ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақы қоының сомасын сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады. 

       Мейрам  күнінің алдындағы  қысқартылған жұмыс  уақытына еңбекақы есептеу.

       Халық шаруашылығы салаларындағы субъектілерде мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді. Мекемеде еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшы-қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептелініп төленеді. Ал мекемеде еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы төленіп жүрген жұмысшы-қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс. 

       Түнгі уақытта істеген  немесе атқарған жұмыс  үшін төленетін төлем. 

       Мекемеде  кешкі сағат 22.00- ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00- сағатқа дейін істеуге  белгіленген жұмыс уақыты түнгі  уақыттағы атқарылған жұмыс уақыты болып есептелінеді. Жұмысшы-қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі мекемедегі қызметкердің түнгі уақыттағы атқарған қызметінің істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінде мерзімді еңбекақы алатын жұмысшы түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының 20% мөлшерінде қосымша төлем алады. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағатына мынадай тәртіппен есептелініп төленеді.

       Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған мекемеде жұмысшыларға төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ  зыңда қаралған мөлшерден кем  емес мөлшерде өленеді.

       Мерзімді  еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 7/6 бөлігінен, ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 6/5 бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді. 

       Жұмысшы-қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта істелетін жұмыстарына төленетін  төлем.

       Халық шаруашылық салаларында нақтылы  жұмыс уақыты белгіленген шаруашылық субъектісінде жұмысшылардың бекітілген уақыттан өзге уақытта істеген жұмыстары, атқарған қызметтері мерзімнен тыс уақытта істелінген жұмысы болып саналады. Белгіленген жұмыс уақытынан өзге, яғни мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеу шаруашылық субъектісі әкімшілігінің бұйрығымен ғана жүргізіледі. Мерзімнен тыс уақытта істелінетін жұмыста бір жасқа толмаған баласы бар жас сәбилі аналарды, жүкті әйелдерді қатыстыруға болмайды. Жұмысшы-қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеген еңбегі тек қана ақшалай түрде төленеді.Шаруашылық субъектілердің еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жұмысшыларға мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстың алғашқы екі сағатына өзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1,5 есесі, ал одан кейінгі сағаттарына екі есе мөлшерінде еңбекақы есептелініп, төленеді.

       Мекемедегі  кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мерзімнен тыс уақытта істеген  жұмыстарының алғашқы екі сағатына сол уақытта атқарған жұмысына тиісті еңбекақының 50 % (пайызы), ал одан кейінгі сағаттарына 100 % мөлшерінде 
 

       Орындалған  жұмыс уақытының есебі. 

       Орындалған  жұмыс уақытының көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын  жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген мөлшерін ( нормасын ) орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданылады. Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары ( категориялары ) бойынша табельде алфавит бойынша реттік нөмірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.

       Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің  жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іссапарда болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі және тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгіленген белгімен көрсетіледі.

       Ол  үшін әріптік, мысалы:

       -і - іс–сапарындағы жұмысшы–қызметкерлер үшін

       - д - демалыстағы жұмысшы–қызметкерлер үшін

       -с -жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін                                        және тағы да басқа белгілер қолданылады. 

       Табельде  жұмысшылар мен қызметкерлердің  тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа  келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын және тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.

       Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы  құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы  қызметкерлердің жұмыс істеген  уақытын есептеу үшін пайдаланады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер жұмыс уақытының баласын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтау үшін де қажет б.т. 

       4.1 Еңбекақы және тариф жүйелері 

       Еңбек есебінің маңызды элементі болып  еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен  қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін  жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  • тарифтік кесте;
  • тарифтік еңбекақы мөлшері;
  • тарифтік мамандық анықтамалары.

       Осыларға  негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді.

Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі