Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп – дүние жүзіндегі кез келген қызметтің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.Қоғамның даму барысында бухгалтер үш түрлі міндет атқарады: 1) есепті барынша ақпаратты әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өмірдегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу;
«Бухгалтер» деген сөз немістің «бас кітап ұстаушы» деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын ``Жол-Өткен``ЖШС №1бөлім цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен
аударымдар есебінің жүргізілуі

Работа содержит 1 файл

Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

       Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі  жұмыстың әрбір түріне,жұмыстың күрделілігі  мен қаншалықты еңбек етуіне керекті  ұқыптылық пен жауапкершілікке  қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.

       Тарифтік  кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы   ( сағаттық, күндік, айлық ) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

       Тарифтік  кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді  еңбекақы болып екіге бөлінеді.

       Тарифтік  мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа  белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір  сағатқа белгіленген немесе бір  сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол  сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдерісін (процесін) жүргізу кезінде анықталады.

       Ұйымдағы  наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу құжаттарын толтырады.Бұл құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатын нарядтар мен алғашқы құжаттардың нөмірі жазылады.Егер әдетте техникалық ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса онда бұндай жұмыстарға ерекше белгісі бар (қиғаш сызық түскен) нарядтар толтырылады.Қосымшга төлеу құжатында жоспарлаудан тыс өңдеу операциясына төленуге тиісті еңбекақымен қатар, қосымша төлем төлеудің себептері де көрсетілуі тиіс. 
 

       Еңбекақы  есебі. 

       Жұмысшылар  мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының тпбельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен,бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі.Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы,лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы қатаң тексеріледі.Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі.Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі. 

       4.2 Еңбекақының түрлері мен нысандары ( формалары )  

       Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін  еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

       Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі атағандар жатады:

  1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
  2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
  3. Үстеме сыйлықтар.

       Қосымша еңбекақыға еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:

       Жұмысшылар  мен қызметкерлердің  еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

  1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік,қоғамдық жұмыстарды атқарған үшін төленетін төлемдер.
  2. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
  3. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
  4. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
  5. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
  6. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
  7. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай – ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

       Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларына еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны ( фориасы ) қолданылады.

       Мерзімді  еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік – техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

       Мысалы: автоматтандырылған машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

  1. Жай мерзімді;
  2. Мерзімді сыйлықты;

       Жай мерзімді жүйесі бойынша  - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

       Мерзімді  сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне,санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай беру б.т.

       Мерзімдік еңбекақыға  жұмысшылардың түнгі уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына төленетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығына немесе зияндығына төленетін қосымша  төлемдер жатады.

       Халық шаруашылық саласындағы мекемелердегі  қызметкерлерге төленетін мерзімдік  еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойындағы қызмет атқарған уақытқа есептелінеді. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне календарлық ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе мекеменің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер жұмысқа бірнеше күн келмей қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмысшының жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.

       Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетіген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен көлемімен анықталады.

       Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

  • тікелей кесімді;
  • кесімді сыйлықты;
  • үдемелі кесімді;
  • аккортық;
  • жанама кесімді.

       Жұмысшылар  мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімнің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасын қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

       Кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді  сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен  орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

       Кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді  еңбекақыны есептеудін

       үдемелі кесімді жүйесі бойынша  төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да – күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары ушін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

       Кесімді еңбекақының аккордтық  жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақанаң аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

        Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудін тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша енбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылар мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың және тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.

       Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар  есебі

       Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан  тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы арқылы ұстауға болатын ұсталымдарға мыналар жатады:

  • Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде).
  • Табыс салығы (белгіленген заңдарға сәйкес).
  • Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл, және тағы басқалары).
  • Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылардың міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.
  • Әр түрлі жарналарға (жұмысшылардың жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға және т.б) төленетін төлемдер.
  • Дербес сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және т.б сақтандыруға байланысты жарналарға аудару.
  • Жұмысшылардың еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.
  • Банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталынатын ұсталымдар.
  • Жұмысшы жұмыс істейтін мекеменің қарамағындағы үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол мекеменің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.
  • Мекемеге келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталынатын ұсталымдар. Бұл айтылғандардан басқа жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақыларынан өздерінің жазбаша өтініштері бойынша жинақ кассаларына салатын салымдары және тағы да басқалары ұсталынады.
 
 

       Мерзімді  еңбекақыны есептеу 

       Мерзімді  еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің  түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер,  жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем және тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.

Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі