Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 08:31, курсовая работа
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4
I. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Еңбекақы төлеудің маңызы,түрлері……………………………………5-10
1.2. Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру…………………………………….....11-15
II. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ:
МӘНІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
2.1. Еңбекақы жүйелері……………………………………………………16-19
2.2. Еңбекақының нысандары………………………………………....…20-24
ІІІ. ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛАТЫН ТӨЛЕМДЕР
3.1Еңбекақыдан ұсталатын міндетті төлемдер........................................25-26
3.2 Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері..........26
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………28
- Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
- Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
- Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
- Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
- Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
- Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады. Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қандайда болмасын кәсіпорында өнім шығарудың артуы, соның есебінен олардың Кәсіпорында жұмыс істейтің жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады: - мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер; - еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер; - қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер; - сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады: - демалыс уақыттарына ақы төлеу; - мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; - кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу; - жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру бойынша з тарауға бөліп жеке-жеке қарастырып өттім. Екінші бөлімде Еңбекақы жүйелері мен нысандары және еңбек нарығына тоқталып, талдау жасадым. Үшінші бөлімнің ерекшелігі болып Еңбекақы жобалары болып табылады, сондықтан да мысал ретінде бірнеше жобалар келтірілген. Кәсіпорын экономикасының дамуы еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Нарықтық жағдайда еңбекақыға деген көзқарас өзгерудке кім көп жұмыс істесе, сол көп табыс табуы тиіс. Тауарды сатудан түскен қаржылар тауар өңдірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық бағалығының және жеке табыстарының негізгі көздері жоғары өлшеміне айналады. Жалақының нысаны мен жүйесі жалақының шамасы, еңбектің саны мен сапасы арасындағы байланысты белгілейді және өз еңбегінің қортындысына байланысты жалақынын белгілі тәртібін есептейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. «Кәсіпорын экономикасы» , А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов
Алматы, экономика 2003
2. «Кәсіпорын экономикасы», Г.Ө. Жолдасбаева, Алматы , экономика 2005.
3. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 1994.
4. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
5. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996.
6. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
7. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,2009.
8. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 2008.
9. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 2007.