Еңбекақы төлеудің маңызы,түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 08:31, курсовая работа

Описание работы

Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4

I. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Еңбекақы төлеудің маңызы,түрлері……………………………………5-10
1.2. Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру…………………………………….....11-15


II. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ:
МӘНІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
2.1. Еңбекақы жүйелері……………………………………………………16-19
2.2. Еңбекақының нысандары………………………………………....…20-24


ІІІ. ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛАТЫН ТӨЛЕМДЕР
3.1Еңбекақыдан ұсталатын міндетті төлемдер........................................25-26
3.2 Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері..........26



ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………28

Работа содержит 1 файл

Еңбекақы.doc

— 182.00 Кб (Скачать)

   2.Жасөспірімдердің  жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан апауы керек (16-дан 18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:

а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;

б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.       

  3.Нәрестені тамақтандыдуға арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемсі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге  берген наықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа жалақы бойынша төленеді.

   4.Демалыс  уақытын төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жывлында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен қзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа жалақысы демаылсқа кетер алдындағы  12 күнтізбелік айдың жалақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).

   Егер бір жылдан  кем жұмыс істесе, онда демалысқа  кетер алдындағы күнтізбелік  айлардың жалақысына орай анықталады. Күндікорташа жалақы есепті кезеңдегі жалақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлыұ орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады. (1997 жылы – 25,0; 1998 жылы – 25,67).

   5.Еңбекке  уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жармсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Жалақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Оратша жалақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы):

  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;
  • тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар  мен үстемелер;
  • арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;
  • біржолғы көтермелеу төлемдері;
  • бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
  • оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;
  • қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ  ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ: 

МӘНІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАЛАРЫ

 

2.1. Еңбекақы жүйелері

      

         Тарифтік  жүйе еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың  негізгі нышандарының бірі, ол  қызметкерлердің әртүрлі топтары мен санаттары еңбегінің күрделілігін, мәнін және жағдайын ескере отырып, еңбекке ақы төлеу шамасын саралау үшін пайдаланады. Ол еңбектің саны мен сапасын сипаттайды. Еңбек ақының тарифтік жүйесіне келесілер кіреді:

  1. сағаттық немесе күндік еңбек ақы мөлшерін анықтайтын тарифтік ставка;
  2. еңбек ақының, жұмыс пен жұмысшылардың әр түрлі разрядтарындағы қатынасын білдіретін тарифтік тор;
  3. тарифтік коэффициент.

Тарифтік дәреже – жұмыс күрделілігі мен деңгейін көрсететін шама. Тарифтік дәреже әр өндірістік операцияда және жұмыста болады. Квалификацияланған дәреже – жұмыскердің кәсіптік дайындық деңгейінің шамасын көрсетеді.Жұмыстың тарификациясы – бұл еңбек жағдайы, сипаты және күрделілігіне байланысты белгілі бір разряд бойынша сәйкес топтың жалақысына жатқызу болып табылады. Жұмыскерлердің тарификациясы – бұл жұмыскерлердің біліктілігіне байланысты белгілі бір тарифтік разряд берумен сипатталады (21 разряд). Жұмыскерлерді тарифтеу бойынша маңызды құжат болып бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалылығы табылады. Бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалылығы – елдегі халық шаруашылығында жұмыскерлердің кәсібі мен атқаратын жұмысының жүйелендірілген тізімі. Бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалылығының бағдарламасына келесілер кіреді: жұмыстарды тарификациялау; қызметкерлерді тарификациялау; жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату.Біліктілік анықтамалылық – белгілі бір салаға тән және әртүрлі разрядтарға жатқызылған жұмыстардың тізбесінен тұрады. Жұмысшыға белгілі бір жұмысты орындауына байланысты анықтамалылыққа сәйкес тиісті разряд беріледі. Анықтамалылық 3 бөлімнен тұрады:

  1. әр разряд үшін жұмыстардың мазмұны;
  2. көрсетілген мамандық пен разрядтағы жұмысшы не білу керек туралы;
  3. ол не істей білу керек туралы.

Белгілі бір разряд алу  үшін жұмысшы емтихан тапсырып, «білуге тиіс» деген бағанада көрсетілетін сұрақтарға жауап береді. Содан кейін «мыналарды істей білуге тиіс» деген бөлімдегі жұмыстардың кем дегенде 3 – уін орындайды. Жұмысшылардың кәсіптік разрядын беру міндетті шарттарының бірі оның экономикалық даярлығы болып табылады. Жұмысшының экономикалық білім дәрежесіне қойылатын талаптар оның мамандық разрядының көтерілуіне қарай өсіп отырады. Сыннан өту нәтижесі бойынша разрядты бас маман береді, оны комиссия бекітеді. Қазіргі кезде тарифтік кәсіптік анықтаманың 2 түрі бар: 1) Салааралық бірыңғай анықтамалықтар; 2) Салалық анықтамалық. Тарифтік ставка - әрбір разряд бойынша ақшаға шағылған, айлық, күндік және сағаттық мөлшері. Тарифтік ставка жалақыны есептеуге арналған негіз болып табылады. Тарифтік ставканың мөлшері жұмыс күрделілігінің өсуі мен жұмысшының кәсіпқойлығына сәйкес өседі. Тарифтік тордың диапазоны – тприфтік коэффициенттің бірінші және соңғы дәрежелерінің сондағы ара салмағы. Бірінші дәреженің тарифтік ставкасы нақты көлемдегі орталықтанған ретпен бекітіледі. Кесімді бағалауды есептеу үшін тарифтік ставка өнім өндіру мөлшерін ескеру арқылы пайдаланады. Мерзімді төлемде бірінші разрядтағы тарифтік ставка – ол еңбек ақының минималды мөлшері. Тарифтік тор – бұл разрядтар бойынша мамандық шеберлігі әртүрлі жұмысшылардың еңбегіне төленетін ақылардың арақатынасын анықтаушы шкала.Тарифтік торда әрбір разряд үшін тарифтік коэффициенттер белгіленеді. Кәсіпорынның бірыңғай тарифтік торы бойынша басқа кәсіпорындарға ұсыныс ретінде 21 разрядты тор ұсынылған. Бірақ еңбек туралы заңға сәйкес, кез – келген кәсіпорын өзінің экономикалық мүмкіншілігіне қарай тарифтік торларын дербес белгілейді. Жалақының еңбекке кеткен көлемі мен сапасы, көлемдік және сапалық көрсеткіштерге байланысты. Олардың негізгі маңызы – еңбек мөлшері мен оны төлеу мөлшерінің дұрыс ара – қатынасы, сонымен қатар жұмысшылардың тиімді еңбекке қызығушылығын арттыру.

Еңбек ақы жүйесінің  түрі - тарифтік ставканың мөлшері, айлық ақы, басқа да ынталандыру  төлемдерінің сыйақылары, сонымен қатар олардың көлемдерінің кәсіпорын персоналының бөлек категорияларына қатысты тағайындалады:

  • Бюджеттен қаржыландырылатын ұйым жұмыскерлеріне, -

заңға және басқа да нормативті заңдылық актілерге қатысты.

  • Аралас қаржыландырылатын ұйым жұмыскерлеріне (бюджеттік қаржыландыру және кәсіпорын қызметі кірістері), - заңмен, басқа да заң актілерімен, ұжымдық келісіммен, ұйымның жергілікті нормативті актілерімен.
  • Басқа ұйым жұмыскерлеріне, - ұжымдық келісімшартпен, келісімдермен, ұйымның жергілікті нормативті актілерімен, еңбек келісімшартымен.

Яғни, еңбек ақының көлемі жүйесі және формасы, сыйақылар, үстеме ақылар, сонымен қатар бюджеттік  қаржыландыруына тәуелсіз басқа  да кәсіпорын жұмыскерлерінің табыстары  кәсіпорынның өзімен тағайындалады. Еңбек  ақының негізгі формалары болып кесімді және мерзімді еңбек ақы табылады.

  1. Мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі - бұл еңбек шарты мен жұмыскер квалификациясын ескергендегі еңбек ақының жұмсалған уақыт көлеміне байланысты жалақы формасы.

Еңбекті нормалау мен  сандық мөлшерлеу қиындығына байланысты, мерзімді еңбек ақы формасы келесі көмекші жұмысшылар жалақысын есептеуде пайдалануы мүмкін : дәнекерші, электромонтер, қоймашы, есепші.

Мерзімді еңбек ақының 2 түрі бар:Жай мерзімді ақы төлеу  жүйесі –орындалған жұмыс көлеміне тәуелсіз, белгілі бір орындалған жұмыс уақытына байланысты жүргізіледі. Жай мерзімді еңбек ақыны есептеу үшін нақты істелген уақыт көлемі мен тарифтік ставканы білгені жеткілікті.

2. Мерзімді сыйақылау  - тек тариф бойынша орындалған  жұмысы үшін ақы емес, сонымен  қатар жұмыс сапасына байланысты сыйақылар. Мерзімді сыйақылауда жұмыскерлерге жеткен жетістіктері үшін оларды ары қарай дамытуға ынталандыру мақсатында берілетін негізгі айлығына қосымша ақшалай сыйақылар.

  1. Кесімді еңбек ақы жүйесі – ол күрделілігін , сапасын, жұмыс шартын ескере отырып, өндірілген өнім бірлігіне байланысты жалақыны төлеу жүйесі болып табылады.

Тікелей кесімді еңбек  ақы жүйесі - жұмысшылардың жалақысы анықталған дәрежесін ескергендегі өндірілген бұйым көлемі мен орындаған  жұмысына тікелей байланысты. Кесімді – сыйақылық еңбек ақы жүйесі – тікелей кесімді еңбек ақыдан басқа, жұмыстағы белгілі бір сандық немесе сапалық көрсеткіштер үшін үшін сыйақы беруді көздейді. Кесімді прогрессивті еңбек ақы жүйесі – жұмысшыға нормаларды асыра орындағаны үшін үдемелі түрде төленеді. Бұл жүйеде жұмысшы жалақысы айлық өнімге қарағанда тезірек өседі, сондықтан бұндай жүйе әдетте өнім өндіру жоспарын орындауда жағымсыз жағдай болғанда уақытша еңгізіледі (3 – 6 айға).

  • Жанама – кесімді еңбек ақы жүйесі – көмекші қызмет көрсететін жұмыскерлердің өндірісін жоғарылатуда қолданады, олар өнім өндіруге тікелей әсер етпейді, тек оның өндірісін жағарылатуда жанама қызмет көрсетеді (мысалы, құрал – жабдыққа қызмет көрсету).

Еңбек ақының аккордтық  жүйесі – жұмысшыға немесе жұмысшылар тобына, тапсырмада көзделген жұмыс көлемі немесе өнім көлемі үшін орындалу мерзіміне қарамастан, берілетін ақының жалпы соммасы күн ілгері көрсетіледі.

  • Аккордтық – сыйақылық жүйе – негізгі жалақыға қосымша сыйақыны білдіреді, ол берілген жұмыс бағдарламасы қысқа мерзімде және жоғары сапамен орындалған жағдайда беріледі.

Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.Ұжымдық  келісімшартта еңбек ақының тарифсіз жүйесі еңгізілуі мүмкін. Ұйымның  тарифтік еңбек ақы жүйесіне кері жүйе тарифсіз түрі болып табылады.Тарифсіз еңбек ақы жүйесінде жұмыскерлердің жалақысы толығымен ұжым жұмысының соңғы нәтижесіне байланысты және ол ұжымның тапқан еңбек ақы қорының бөлігін құрайды. Бұл жүйеде айлық ақы мен тарифтік ставка анықталмайды, бұл үлес жұмыскердің еңбекке қатысу деңгейін анықтайтын сол жұмыскерге қатысты коэффициент негізінде анықталады.

Тарифсіз жүйенің 2 түрі бар: бірінші түрі 2 коэффициентке  негізделген дәреже деңгейінің коэффициенті және еңбекке қатысу коэффициенті.

Дәреже деңгейінің коэффициенті (Кдд) жұмыскердің атқаратын еңбек күрделілігінің деңгейін, оның дәрежелік іскерлік топқа қатыстылығын көрсетеді.

Еңбекке қатысу коэффициенті - жұмыскердің жалпы нәтижеге қосқан үлесінің көрсеткіші , ол бригаданың әр мүшесінің қосқан үлесінің жалпы  сандық бағасын еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасына тәуелділігі арқылы көрсетеді. ЕҚК – нің нақты мөлшерінің шкаласы өндіріс бөлімі басшыларының кәсіподақ комитетінің келісімімен бекітіледі. Әр жұмысшының (q) жеке нақты жалақысы тең:

m

Ж(q) = (ЕАҚ*Кддq* ЕҚКq*t(q))/( ∑Кдд*ЕҚКq*tq ), (1.14)

q=1

ЕАҚ – жұмыскерлер  арасында бөлінетін ұжымның еңбек  ақы қоры,

Кддq - жұмыскерге еңбек ететін ұжыммен балл, үлес, бірлікпен тағайындалған дәреже деңгейінің коэффициенті,

ЕҚКq – нақты жұмысшының (q) ағымдағы нәтижеге еңбекке қатысу коэффициенті,

t(q) – жұмыскердің істеген жұмыс уақыты көлемі (q),

m – еңбек ақыны  бөлуге қатысатын жұмыскерлердің  саны.

Тарифсіз жүйені қолдану  тек әр жұмысшының жалпы нәтижедегі салған үлесін анықтау мүмкіндігі болған жағдайда маңызды. Бұл жағдайда әр ұжым мүшесінің еңбекке деген адал да жауапкершілікті қатынасы қажет. Сондықтан еңбек ақының тарифсіз жүйесі әдетте шағын кәсіпорындарда, ЖШС – те және басқа да осыған ұқсас ұйымдарда қолданады.

Еңбек ақының аралас жүйесі. Тарифтік және тарифсіз еңбек ақы  жүйесінен басқа еңбек ақының аралас жүйесін бөлуге болады, оның құрамына – еңбек ақының комиссиялық және дилерлік механизм деп атайтын формаларын кіргізуге болады. Комиисиялық форма - бұнда жұмыскер ұйым атынан бір келісімшартқа отырса, осы келісімшарттан түсетін пайданың комиссиялық пайызын алады. Мұндай әдіс сату бөлімінің, сыртқы экономикалық қызмет, жарнама агенттігі жұмыскерлеріне тән. Комиссиялық негіздегі еңбек ақы жүйесі, ол еңбек ақының соңғы нәтижесі бойынша төлену түрі. Жұмыскердің жалақысы өнімді сатудан түскен кіріске тұрақты пайыз бекіту арқылы есептеледі. Комиссиялық төлем тұрақты пайыз түрінде бекітілуі мүмкін:

  • жұмыскер өндірген, өнімді сатудан түскен кірістен;
  • сатудан түскен ақшалай кірістен;
  • белгілі бір өнім түрін сатудан түскен мөлшерінен;
  • клиенттерге көрсеткен қызметі үшін аударылған төлемдердің соммасынан. Мысалы, жөндеу, техникалық, кеңестік және басқа да қызмет түрлері.

Жұмыскерлердің көрсететін қызмет түрлерінен түсетін кірістің пайызынан еңбек ақыны төлеу  кең түрде пайдаланады, мысалы жөндеу (киім, аяқ киім жөндеу, мата тоқитын бұйымдарды, радиотелевизиялық бұйымдарды жөндеу, фото жұмыстарды және т. б.), сонымен қатар өндірістік емес қызмет көрсетуде (шаштараздық қызмет көрсету және т. б.). Еңбек шығыны мен жұмыскердің жалақысы, орындаған жұмысы мен көрсеткен қызметі үшін кіріс соммасынан алынады және еңбек келісімшартында бекітіледі.

 

 

 

  • Еңбекақының нышандары
  •  

    Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін  қамтып көрсететін, сандық  және сапалық  көрсеткіштер жиынтығының  көмегімен  жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.

    Мақсаттың ішінен басты  нәрсе болып еңбек өллшемі  арасындағы дұрыс арақатнасты қамтамассыз  ету, сонымен қатар тиімді еңбекте  жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып  табылады.

    Мерзімді ақы төлеу  кезінде еңбек өлшемі пайдаланылған  уақыт болып табылады, ал табыс  болса, нақты пайдаланылған  уақыттың жалақысына немесе қызметкердің  тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.

    Кесімді ақы төлеу  кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын  және белгіленген кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді.

    Информация о работе Еңбекақы төлеудің маңызы,түрлері