Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 12:09, реферат

Описание работы

Депозиттік операцияларды қарастырудан бұрын, депозит ұғымына аса көңіл аудару қажет сияқты.
Депозит латын сөзінде depositum банкке сақтауға берілген затты білдіреді. Бұл зат ретінде ақша, бағалы қағаз, алтын немесе өзге құндылықтар болуы мүмкін. Қазіргі банктік тәжірибеде депозит ретінде тек қана сақталған ақшалай қаражатты түсінеміз.

Работа содержит 1 файл

Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі.docx

— 35.69 Кб (Скачать)

Депозиттік нарыққа жасалған талдау депозиттік саясаттың ортақ  ықшамдылық критерилерінің болуын талап  етеді. Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының ортақ ықшамдылық критерилеріне  мыналарды жатқызуға болады:

  • Банктің тұрақтылығы, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында депозиттік, несиелік және өзге операциялар арасында өзара байланыстың болуы. Атап айтсақ, активтер мен пассивтерді сомаларына, мерзімдеріне, өтімділігіне, тәуекел дәрежесіне және табыстылығына қарай келістіру қажеттігі, яғни депозиттік саясатты жүргіу барысында ықшамды депозиттік қоржынның қалыптасуына мән беру.
  • Тәуекелді төмендету мақсатында банктің депозиттік ресурстарын диверсификациялау;
  • Клиенттердің тобына қарай депозиттік қызмет көрсету (байларға, кедейлерге, халықтың жалпы бөлігіне арналған банк өнімдерін сату);
  • Банктің өнімдері мен көрсетілген қызметтері бәсекелес банктердікінен ерекшеленіп тұруға тиіс (сапасына, бағасына және т.б қарай)

Міне осындай талаптар ескерілген жағдайда отандық банктеріміз  депозиттік саясатты іске асыру тиімділігі артады және ықшамды депозиттік портфелді  басқаруға қол жеткізе алады.

Депозиттік операцияларды  жүзеге асыруда , коммерциялық банктер келесідей қағидаларға сүйенеді:

  • Депозиттік операциялар банктерге пайда алуына қарай ұйымдастырылуы тиіс;
  • Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялардың әртүрлі субъектілері және депозиттердің әртүрлі формалараның болуымен санасу қажет;
  • Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында олардың несиелік жұмсалымдардың мерзімі мен сомасы депозиттердің сомасы мен  мерзімнің арасындағы өзара байланыс қамтамасыз етілуі;
  • Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттерге көңіл бөлу, себебі олар белгілі бір дәрежеде банк айналысының өтімділігін қолдауды қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі  күнгі Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер депозиттік саясатты жүзеге асыру мынадай принциптерге негізделеді:

    • Салымдарды кепілдендіру.

Қазақстандық жеке тұлғалардың  салымдарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылына кепіл берілуге тиіс.

    • Міндеттемені орындау.

Банктік салым туралы келісімшартқа  сай және клиенттердің алғашқы талабы бойынша клиенттер алдындағы  міндеттемелерді толық және уақытылы орындау.

    • Ашықтылық.

Банктің қаржылық жағдайы  туралы клиенттердің барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы (заңмен тиым салынбағаннан басқалары)

    • Бәсекелестік.

Банк өзінің депозиттік өнімдерінің  депозиттік нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру үшін мынадай  шешімдер қабылдау қажет:

    • Бұрын шығарған және жаңадан шығаратын депозиттік өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында банк үнемі ішкі және сыртқы депозиттік нарықтарға маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет және депозиттер бойынша жай, күрделі және прогрессивтіу сыйақы есепте әдістерін пайдалану;
    • Депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру әдістерін қолдану қажет.
  • Клиенттерге өте жоғары мәдени және сапалы қызмет көрсету
    • Құпиялылық

Клиенттермен қарым-қатынас  орнату барысында алынған кез  келген ақпаратты, соның ішінде: клиенттердің мәліметтері, олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының нарықтың секторлары бойынша өзіндік ерекшелігі болуға тиіс.

Жеке тұлғалар салымдары  бойынша:

Банктердің тұрақты ресурсын құрайтын жеке тұлғалардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің салымдарын тарту  арқылы депозиттік базаны нығайту

Табысы жоғары клиенттер  сегментіне байланысты тұрақты клиенттерді  тарту:

    • VIP санатындағы ірі клиенттерді тарту;
    • Орташа табысты клиенттерді тарту;

Заңды тұлғалар депозиттері  бойынша:

Корпорация мен ұйымдардың ұзақ мерзімді салымдарын банкке тарту  арқылы банктегі олардың шоттарының қатарын өсіру және банктің ол депозиттік нарықтағы ұстанмын одан әрі нығайту.

Банкаралық депозиттер нарығы бойынша.

Банктер банкаралық депозитер  нарығын өздерінің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу құралы ретінде  тиімді пайдалануы қажет.

 

 

ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ,

ОНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖƏНЕ ҚАЛЫПТАСУ  ФАКТОРЛАРЫ

Қазіргі  таңда  банк  секторының  белгілі  бір  сегменті  болып  табылатын  депозиттік нарық  үлкен рөл алып отыр. Депозиттік нарықтың дамуына ең басты себеп, ол депозиттік саясатты тиімді қолдану, ол саясат арқылы банкке ақша қаражаттарды тарту жəне оны ұтымды басқару. Тартылған  қаражаттарды тиімді басқару банктің  депозиттік саясатының жасалуын көздейді. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты  салым иелерінің ақшалай қаражаттарын  депозитке  тарту  жəне  тартылған  қаражаттарды  тиімді  басқарумен  байланысты банктік саясатты білдіреді. Депозиттік саясат салымшыларды ынталандырып, оларға сапалы қызмет көрсетуді көздейді, ал олар өз кезегінде банктің өтімділігіне жəне салымдардың табыстылығына негізделеді. Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен  байланысты  стратегиясы  мен  тактикасын  білдіреді.  Банкпен  жасалған  депозиттерді ынталандыруға байланысты жасалынатын тактика мен стратегия салымшылардың санының  өсуіне  септігін  тигізеді.  Салымшылар  көлемінің  өсуі  тартылған  қаражаттар көлемінің өсуіне негіз болады да, банк сол арқылы өзінің несиелік саясатын жандандырады. Кейінгі екі жылда екінші деңгейлі банктердегі халықтың салым көлемінің өзгеру статистикасын талдай келіп, соңғы оқиғалар (теңгенің девальвациясы, ірі банктердің дефолттары мен олардың банкротқа ұшырау мүмкіндігі жөніндегі алып қашпа əңгімелер) отандық банк секторына деген халықтың сенімдерін жойған жоқ. Дегенмен, кей кезеңдерде жеке тұлғалардың банктерден қаражаттарын кері алу жағдайлары байқалғанымен, жалпы алғанда, өсім қарқыны жоғары сипатын сақтауда. Үстіміздегі жылдың І тоқсанының қорытындысы  бойынша  халықтың  салымдарының  көлемі  жыл  басынан  бері 9% өсіп, 1,64 трлн теңгеге жетіп отыр. Əрине, бұл жерде статистикаға оң əсер етіп отырған ұлттық валютаның девальвациясын ескермей кетуге болмайды. Соның арқасында осы жылдың ақпан айында шет ел валютасындағы салымдардың көлемі  теңгемен қайта есептегенде 205,5 млрд теңгеге ұлғайды. Банктерге деген сенімнің сақталуына белгілі бір дəрежеде

700 мыңнан 5 млн. теңгеге  дейінгі жоғары соманың орнын  толтыруда да əсер еткені сөзсіз. Естеріңізге сала кетсем, жеке  тұлғалардың республиканың коммерциялық банктеріндегі  ең  жоғары  салымдары  көлеміне  форс-мажор  жағдайында  Қазақстан  Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша үш жылға, яғни,  2012 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекет 5 млн теңгеге дейін өсіруге кепілдік беретіндігі аян. Нарыққа деген сенімнің нығайюына Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың егер қажеттілік

туған  жағдайда Депозиттерді  кепілдендіру  қорына  Ұлттық  банк  қолдау   көрсететіндігі жөніндегі  мəлімдемесі  де  себепші  болды.  Дегенмен,  несие  ұйымдарының  банкротқа ұшырайтындығы жөніндегі  алып қашпа əңгімелер шығысымен, салымшылар өз салымдарын проблемалық банктерден сақтықпен алып,  олардың ойларынша қазіргі жағдайда анағұрлым сенімдірек болып табылатын қаржы институттарына аудара бастады. Мəселен, БТƏ  Банктен  жеке  тұлғалардың 100 млрд  теңгеден  астам  қаржысы  алынды.  Альянс Банктің  жоғалтқаны  одан  гөрі  төмен  болғанымен,  ол  да  айтарлықтай - 26 млрд  теңге. Бір таңқаларлығы, жеке тұлғалардың салым көлемінің төмендеуі еліміздегі ондаған ірі банктердің ішінде тек жоғарыда аталған екі банкі мен БТƏ Банктің еншілес банкісі болып табылатын «Темірбанкте» ғана байқалды. Проблемалық банктердегі жағдай қалыпқа келе бастағанын атап айтқан жөн. Жеке тұлғалар депозитінің өсуі – коммерциялық банктердің сапалы өсімінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Үстіміздегі жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша ірі банктер депозиттерінің өсу көрсеткіштері жоғары болды:

1)АТФБанк + 49 млрд теңге; 

2) Еуразиялық банк + 45 млрд  теңге;

3) Халық банк + 43 млрд теңге; 

4) Казкоммерцбанк + 41 млрд  теңге; 

5) Банк ЦентрКредит + 37 млрд теңге;

6) kaspi bank + 29 млрд теңге.

Мақыш С.Б. «Банк ісі» оқулығында депозиттік саясатқа мынадай түсініктеме берілген:  депозиттік  саясат – банктік  саясаттың  құрамдас  бөлігі  ретінде  банктің  депозиттік операцияларын  дұрыс  ұйымдастыруға  бағытталған  шаралардың  жиынтығын  білдіреді. Кең  мағынасында  депозиттік  саясатты  депозит  қызметін  көрсетуші  мен  салым  иелері арасындағы  қатынасты  реттеу  құралы  ретінде  қарастыруға  болады.  Тар  мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты – ҚР заңына сəйкес депозиттік  операцияларды  жүргізуде  банктердің  бар  мүмкіндіктерін  пайдалану  жəне өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету.Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуы тиіс:банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;меншікті  капиталға  қатысты  нормативтерді  сақтай  отырып,  банктің  депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;банктің  активі  мен  пассивін  басқаруға  байланысты  шешімдерге  сəйкес жəне  өтімділік  саясатына  қарай  банктің  ұзақ  мерзімді  жəне  қысқа  мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;барлық салым иелеріне қатысты өлшемді жəне икемді саясат ұстану.Депозиттік  саясат  банктің  стратегиясына  сəйкес  жасалуы  қажет.  Сондықтан  банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің əлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет. Банктік ортадағы күшті бəсекелестік жағдайында банктер агрессивтік-депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс [1, 133-136 б.]. Банктер салымшылардың қаражаттары үшін жарнама компаниялары мен депозиттің жоғары мөлшерлемелі ұсыныстары арқылы пəрменді күрес жүргізіп келеді. Ұлттық банк пен  Қаржы  бақылау  агенттігі  салымдардың  жоғары  мөлшерлемелер  туралы  өздерінің заңды алаңдаушылықтарын білдірді. Өйткені олардың пікірінше, банктерде осы жағдайға байланысты  ақталатын  экономикалық  негіз  жоқ.  Тіпті, UniCredit Group сияқты  күшті акционерінің арқасында арзан қаржыландыруға қол жеткізіп отырған  АТФБанктің  жеке тұлғаларының  салымдары  бойынша  жылдық  тиімді  мөлшерлемесі 14,8%-ға  жетеді.

Дамыған елдерде ресми  мөлшерлеме төмендеген кезде қайта қаржыландыру мен депозит  жөніндегі  мөлшерлемелер  де  төмендейді.  Бұл  кредит  бойынша  мөлшерлеменің  де төмендеу мүмкіндігін туғызады. Қарыз қаражаттарының арзандауы клиенттер санының артуына жол ашады. Бұл түптеп келгенде іскерлік белсенділіктердің артуы мен жалпы алғанда, экономиканың өркендеуіне апаратын бірден-бір қадам.ҚР Ұлттық банкі 2008 жылдың 1-шілдесінен бері есепті мөлшерлемені 11%-дан бастап төмендете бастады. Соңғы рет Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 2009 жылдың 10 шілдесінде 8,5%-дан 8%-ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, Ұлттық банк 2009 жылңы инфляция деңгейін қайта қарап, оны 11%-дан 9%-ға дейін төмендетті. 2009 жылдың маусымының қорытындысы бойынша, жылдық инфляция деңгейі бəсеңдеп, 7,6% (2008 жылдың желтоқсанында  – 9,5%) пайызды құрады. Алайда, қайта қаржыландыру мөлшерлемелері мен инфляция деңгейінің төмендетілуіне қарамастан, банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді азайтуға асығар емес. Депозиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер несие жөніндегі пайыздық сыйақылардың өсуіне байланысты банктердің кредиттік  тəуекелдігін  арттыруы  мүмкін.  Ол  өз  кезегінде  пайыздық  маржалардың төмендеуіне əсер етіп, банктің жеке капиталына қысым жасалуына алып келуі ғажап емес. Екінші деңгейлі банктер неғұрлым тезірек осы жағдайды түсіне бастаса, солғұрлым экономика дағдарыстан жедел шыға алады.  Жоғарыда айтылғанындай, несиелер бойынша мөлшерлемелерді азайту есебінен кредиттік белсенділік арта түседі.  Сол арқылы отандық экономиканың дамуына қолдау көрсетіледі [2]

Банктің  депозиттік  саясаты  депозиттік  операцияларға  байланысты  туындайтын тəуекелдерді басқаруға  аса мəн береді.Депозиттік саясаттың  қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал  ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиентің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің əр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, олардың рухани, саяси, əлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы тұрғысынан алсақ,  ондай  факторларға  мыналар  жатады:  бəсекелестік  деңгейі,  банктік  қызмет түрлерінің даму қарқыны, «бəрі клиент үшін» деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тəуекелді диверсификациялау, банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі жəне тағы басқалар. Міне, осындай талаптар ескерілген жағдайда отандық банктеріміз депозиттік саясатты іске асыру тиімділігі артады, ықшамды депозиттік портфельді басқаруға қол жеткізе алады.Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзеге асыру мынадай принциптерге негізделеді:

Информация о работе Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі