Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 12:09, реферат

Описание работы

Депозиттік операцияларды қарастырудан бұрын, депозит ұғымына аса көңіл аудару қажет сияқты.
Депозит латын сөзінде depositum банкке сақтауға берілген затты білдіреді. Бұл зат ретінде ақша, бағалы қағаз, алтын немесе өзге құндылықтар болуы мүмкін. Қазіргі банктік тәжірибеде депозит ретінде тек қана сақталған ақшалай қаражатты түсінеміз.

Работа содержит 1 файл

Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі.docx

— 35.69 Кб (Скачать)

Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі

Депозиттік операцияларды  қарастырудан бұрын, депозит ұғымына  аса көңіл аудару қажет сияқты.

Депозит латын сөзінде  depositum банкке сақтауға берілген затты білдіреді. Бұл зат ретінде ақша, бағалы қағаз, алтын немесе өзге құндылықтар болуы мүмкін. Қазіргі банктік тәжірибеде депозит ретінде тек қана сақталған ақшалай қаражатты түсінеміз.

Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, депозит-бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын-ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитардың) басқа тұлғаға-банкке (оның ішінде Ұлттық Банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген. Осыған анықтамаға сәйкес, банктік депозиттерді пассивті және активті деп екі топқа бөлуге болады.

Мұндағы, активтік депозиттер-бұл  банктің басқа банктерде  пайда  табу және өтімділігін қолдау мақсатында орналастырылған, сондай-ақ корреспонденттік  қатынас негізінде жасалған келісім-шартқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін  уақытша бос ақша қаражатын сипаттайды.

Отандық тәжірибеде активтік депозиттер Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банктегі банктердің депозиттері  мен өзге коммерциялық банктерде. Соның  ішінде шетелдік немесе отандық банктерде  орналастырылған ұлттық және шетел  валютасындағы шоттардағы қаражаттарын сипаттайды.

Банктік тәжірибеде активті  депозиттерді банкаралық депозит деп  атайды. Банкаралық депозит негізінен  банкаралық несиенің қалыптасуына себеп  болады.

Пассивтік депозиттер –  бұл банктің ресурсының негізін  құрайтын тартылған қаражат көзін  білдіреді. Пассивтік депозиттер-бұл  банктің ресурсының негізін құрайтын тартылған қаражат көзін білдіреді.  Пассивтік депозиттер банктерге  клиенттердің инициативасы  бойынша  жинақтайды.

Пассивтік оперциялар негізінде  банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі  рөлі жоғары.

Пассивтік операциялар –  бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы  немсе активті-пассивтік шоттағы  қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен  активтің арту формасын білдіретін операцияларды  сипаттайды.

Бұл анықтамалар  бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі  пассивтік операцияның толық  түсінігін бере алмайды.

Депозиттік операциялар  коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік  кәсіпорындар жергілікті билік органдары, қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.

Банктерге орналастырылған  уақытша бос ақша қаражаттары  салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бр жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.

Депозиттік операциялар  мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

  • Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
  • Депозиттік операциялар әрекет етуі керек
  • Банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде  демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет.
  • Депозиттерді  тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

 

Банктермен тартылатын депозиттердің көдемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді:

    1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
    2. Олардың банктік жүйеге деген сенімнің деңгейі;
    3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
    4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы;

Банктік депозит-салымшыны  банкке алдын-ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылуы шарты негізінде  берілген ақша қаражаттары.Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әр бір салымшы ақша қаражатын орналстыру кезінде көп деген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшаларын таныстырып, толық және ақысыз кеңес беру.

Шот ашу үшін салымшы банкпен  банктік салым туралы келісім  шартқа отырады. Талап еткенге дейінгі  және мерзімді жинақтаушы салымдар бойынша  шот ашу кезінде салымшыға  депозиттік сертификат немесе жинақтау кітапшасын береді.

Депозиттік операцияларды  жүзеге асрыу барасында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға,  депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша  қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер  беруі тиіс.

Жалпы экономикалық мағынасы тұрғысынан депозиттерді мына топтарға бөліп қарастыруға болады. Талап  еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын  ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын  ала ескертусіз кез келген уақытта  салымшылармен алынуы немесе шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олардың әр түрді формаларда қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банкетерде күнделікті төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларының жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Талап еткенге дейінгі шоттарда иеленуші клиенттер өз шоттарындағы ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толық пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп дәрежеде немесе аз дәрежеде компенсациялайды.

Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты  қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарын үнемі алып және оны бірнеше күннен кейін немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отыруы нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Осы қаражаттар қалдықтарымен талап еткенге дейінгі  шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Отандық банктің тәжірибесінде  депозиттерді,  олардың сипатына қарай әр түрге бөліп қарастырады.

Айталық, Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі өзінің нормативтік  актілерінде, соның ішінде ақша массасын құрылымын анықтауда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерді былай  жіктейді:

Аудармалы депозиттер: 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады. 3) Төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер- негізінен  ол, белгілі уақыт аралығынан кейін  ғана алынатындағы немесе әр түрлі  шектеулер жай коммерциялық операцияларда  біраз қолайсыздық туғызатын  және жинақ механизміне қойылатын  талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін  жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа  депозиттер, сонымен қатар, шетел  валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері  кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы  бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары ме уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Депозиттік операцияларды  ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі  тиіс:

  • Депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • Депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс.
  • Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • Салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

Депозиттік операцияларжы  жүзге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар  түрдерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша  қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер  беруі тиіс.

Сонымен, депозиттік операциялар-бұл  заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белглі-бір мерзімдегі немесе талап  етуге дейінгі салымдарға тартуға  байланысты банктің операциялары болып  табылады.

Депозиттік операцияларды  депозиттердің түріне қарай активті  және пассивті операцияларға бөлуге болады.

Активті депозиттік операциялар-банктің  уақытша бос ақша қаражаттарын басқа  корреспондент-банктеріндегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар  –бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа  және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар көмегімен тартылған  депозиттер пассив жағының көп бөлігін  алады және банктік ресурстарын  қалыптастырудың негізгі көзі.

Қорыта айтқанда, депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан  ресурстар  сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады. Депозиттер банктердің ресурстарының басты қалыптасу  көздерін құрайды. Депозиттр банктер  үшін ең арзан ресурс көзі болып  табылады. Депозиттер банктердің ішкі және сыртқы міндеттемелерін құрайды. Сондықтан да депозиттердің банк қызметінде көр болуы арнайы жасалған банктердің саясатына тікелей байланысты. Депозиттік саясаттың дұрыс болмауы  банктердің ресурстарының қалыптасуына кері ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коммерциялық  банктердің депозиттік саясатының қалыптасу  ерекшеліктері

Тартылған қаражаттарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Коммерциялық банктің  депозиттік саясаты салым иелерінің  ақшалай қаражаттарын депозитке  тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік  саясатты білдіреді.

Депозиттік саясаттың  ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің  және өзге де кредиторлардың ақшалай  қаражаттарын тарутмен, сондай-ақ қаражат  көздерін анықтаумен байланысты банктің  қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің  стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік  депозиттік саясат жүргізуді тыңдайды. Отандық депозиттік нарықта бүгінгі  күні үш жетекші банктердің үлесі  өте жоғары. Оларға БанкТұранӘлем  АҚ, Казкоммерцбанк АҚ және Халық жинақ  Банкі АҚ жатады.

Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Депозиттік операцияларды  жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:

- депозиттік базаны қалыптастыруы  барысында заңдық және нормативтік  тадаптардың орындалуын сақтау;

-  депозиттік операциялар  банктің пайда табуына ықпал  етуге тиіс;

-  тартылған депозиттік  ресуртар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге тиіс;

-  депозиттік ресурстардың  субъектілер, түрдері және мерзімдері  бойынша дифференциалдануын қадағалауы  қажет.

Банктің депозиттік саясаты  депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға  аса мән береді.

Депозиттік саясаттың  міндеті: банк балансының өтімділігін  сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар  тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті  мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету.

Депозиттік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға тиіс:

  • Жалпы ереже;
  • Депозиттік саясаттың мақсаты мен міндеттері;
  • Банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті;
  • Банк ресурсының құрылымы;
  • Ақшалай қаражатты тарту мерзімі және депозиттік келісім-шартты жасауға және банкте шот ашуға қажетті құжаттардың тізімі;
  • Депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен байланысты операцияларды рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар.
  • Банктік және банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және рәсімдеу тәртібі;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің белгілеген міндетті резерв нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі;
  • Құжатарды сақтау тәртібі;

Клиенттердің құрамына және банктің қызметінің бағытына байланысты депозиттік саясаттың өзге де бөлімдері  болуы мүмкін.

Депозиттік саясаттың  қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал  ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі,  зейнетақы мен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады. Ал, банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, «бәрі клиенттер үшін» деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялану, банк қызметкерерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік оперциялардың қазіргі техникаламен қамтамасыз етілуі және т.б.

Информация о работе Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі