Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:12, реферат

Описание работы

Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде кез-келген қаржы институты өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын, яғни ғимаратты, техника мен технологияны сатып алу; айналыс капиталын қалыптастыру, резервтер құру, еңбекақы төлеу, бюджетке аударымдарды аудару және т.б. үшін қаражат көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар өз қаражат есебінен де, негізгі бөлігін әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың салым ақшалары немесе депозиттері құрайтын қарыз есебінен де қаржыландырылады.

Содержание

1. Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі
2. Депозит түрлері:
• талап етiлмелі депозиттер;
• жинақ салымдары;
• мерзiмдi депозиттер;
• бағалы қағаздар.
3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары

Работа содержит 1 файл

реферат Депозит нарығы.docx

— 41.75 Кб (Скачать)

      Ұжымдық  сақтандыруға Халықаралық стандартттарға  еөу бойынша бiрiншi топқа енетiн  банктер және сақтандыру жүйесінің  мүшелерiне жойылатын талаптарға  жауап берiлген басқа да банктер  қатыса алады. Қатысушы банктердің  бiрi ықтиярсыз таратылған жағдайда  салым туралы барлық ақпараттар  бекiтiлген тiзiмге сәйкес қорға  жолдануы тиiс.

      Барлық  банктер ұжымдық сақтандыруға  қатысуға тырысады, өйткенi сақтандыру  жүйесіне қатыспайтын банктер,  өздерiнің жарғылық капиталынан  аспайтын көлемде ғана депозиттер  тарта алады. Ал мүше банктерге  мұндай шектеу қойылмайды. Кез  келген банк өз қалауы бойынша  депозиттердi ұжымдық  сақтандыру  жүйесінен еркiн шыға алады.

     Шетелдiк тәжiрибе  елде қалыпты жұмыс iстейтiн  банктiк жүйе қалыптасқанда ғана  депозиттердi сақтандыру жүйесінің  кызмет ету мәнi бар екенiн  көрсетедi.

      Барлық  дамыған елде депозиттердi сақтандырудың  бiр немесе басқа да нысандары  қолданылады. Швейцария банктiк  ассоцияциясы ассоцияциясының қатысушы-банктердің  клиенттерiне жинақ салымдарын  және 30 мың швейцария франкiне  дейiнгі мөлшерде клиенттердің  есеп шығару шоттарын төлеуге  кепiлдiк бередi. Егер банкке қарсы  күйзелiс процедурасы басталса, аталған  сома салымшыға бiрден төленедi.

      Францияда  бiр салымшыға кепiлдiк 400 мың  француз франкiн құрайды. Бұл  кезде шетел валютасындағы мерзiмдiк  аманаттар кепiлдiкке жатқызылмайды.  Сонымен қатар бiр банкке қатысты  депозиттi 200 млн франктен аспайтын  жалпы кепiлдiк шегі бар. Франция  банктерiнiң ассоцияциясы сақтандыру  төлемi түрінден қалыпты жарналарды  ұстамайды. Нақты төлем сомасы  ассоцияция мүшелерiмен Франция банктiк жүйесінден олардың менiшiктi депозиттерiнің мөлшеріне үйлесiмдi жүргізiледi.

      Германияда  немiс банктерiнің федералдық  ассоцияциясы жетеiкшiлiгіндегі депозиттi қорғау қорына кiру ерiктi сипатта.  Аталған қорға қабылданудың мiндеттi  шарты немiс коммерқциялық банктерiнің  аудиторлық ассоцияциясына мүше  болуы. Ол банктердi жиi аудиторлық  тексеруден өтуге және капиталға,  кадрларды басқару бiлiктiлiгіне  және пайдаға қатысты талаптарды  сақтауға мiндеттейдi. Жыл iшiнде  қорға аударулар, банкаралық салымдарды  қоспағанда банктің сомалық мiндеттемелерiнің  0,03 пайыз құрайды.

     Жапония, Испания,  Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та  депозиттерді сақтандыру бағдарламалары  мемлекет бақылауында. Сонымен  қатар Испания, Голландия және  Ұлыбританияда қалыпты жарна  төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды  жабу қажеттiлiгіне және қор  көлемiнің жоспарлы деңгейiне  жеткенге дейiн енгізу қарастырылған.  Канада, Жапония және АҚШ-та банктер  қалыпты жылдық жарнаны төлейдi.

      Канада  банктерiнің депозиттердi сақтандыру  бойынша Канада қорпорациясына  төлейтiн сақтандыру жарнасы банкте  орналастырылған депозиттердің  0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде  салымшыға 60 мың Канада долларына  дейiнгі көлемде сақтандыру есебiнен  клиенттердің барлық салымдары  өтеледi.

      Жапонияда  банктің депозиттер бойынша сақтандыру  сомасы бiр салымшыға 10 миллион  жапон йенiне дейiнгі көлемде  өтеледi. Сақтандыру қорының бастапқы  жарнасы Қаржы министрлiгінен,  Жапон банкiнен және жеке меншiк  банктерден енгізiлген. Банктердiң  қорға жарнасы басында өте  төмен болған депозит сомасының  — 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда  соңғы   кездері жапон банктiк  секторы проблемаларының қорытындысында  олар ұдайы көтерiлген.

      Депозиттердi  сақтандырудың федералдық бағдарламасы  бойынша АҚШ-та банк шығындары  жоғары.  Басында жылдық жарна  салымдардың жалпы сомасынан  0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға  дейiн ал 1991 жылы — 0,15 пайызға  дейiн өстi. Заң бойынша жарналардың  жоғары шегі банктiк салымдардың  жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы  тиiс.

       Салымның  жоғары сақтандырылатын жарнасына  шек кою себептерiн түсіндірсек.  Бiрiншiден, депозиттердi сақтандыру  бағдарламасы мемлекеттiк больп  табылатын елдерде сақтандыру  жағдайлары бойынша бюджеттің  әр түрлi мүмкін болатын қосымша  шығындарын төмендету мақсатында, банктердiң кепiлденген мідеттемелерiне  шектеу қойылады. Мысалы, АКШ-та депозиттердi  сақтандыру жүйесінде депозиттер  әр жеке шотта 100 мың АҚIШ  долларына дейiн сақтандырылады, алайда бiр салымшы көрсетiлген  сақтау сомасы көлеміндегі бiрнеше  шоттың иесi болуы мүмкін. Екiншiден,  депозиттердi сақтандыру бағдарламасы  мемлекеттiк емес елдерде сақтандыру  төлемдерiнің үлкен болуынан банктер  өздері күйзелiске түскен банктердің  барлық қарыздарын өтеуге қабiлетті  болмауы мүмкін. Банктің жүйеде  ақша қаржыларын жинақауға ынталандырудың  келесi механизмi банктiк құпияны  қатаң сақтау. Дамыған елдерде  банктiк құпия —құқықтың жеке  объектiсi, жасырын ақпараттың жеке  түрі. Бiздің республикамызда банктiк  құпияны сақтау үшін заң негіздерi бойынша шаралар қарастырылған.

       Соңғы  кездері ел зкономикасына тұрғындардың  бос ақша қаржыларын тартудың  депозиттері сақтандырудан басқа  тәсілдерiнің бiрi ретiнде капиталдар  амнистициясы ұсынылады.

       Қазақстан  Республикасының депозиттік операцияларының  одан әрi дамуына әсер етушi келесi  факторларды атап өткен жөн.  Бұл факторларды шартты түрде  екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топты  Қазақстан Республикасының Ұлттық  банк жүргізiп отырған ақша  несиелiк саясатынан шығатын факторлар  құрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру  мөлшерлемесiн және басқаларды  жатқызуға болады.

       Резервтеу  мөлшерi факторының ерекшелiгі депозиттерді  тарту құнын банк операциялары  сияқты ұлғайтады. Бүгінгі күнгі  салым және депозиттермен жұмыс  iстеуде Ұлттық банк айтарлықтай  нормативтiк талаптар қоюда. Резервтiк  қорға депозиттер бойынша аударым  мөлшерінен өсуi несиелер бойынша  да мөлшерлеменің өсуiне, сондай-ақ  депозиттер бойынша пайыздық  мөлшерлеменің азаюына әкеледi. Несиелер  және депозиттер бойынша пайыздық  мөлшерлеме айырмасының көлемiне  банктің тиiстi шығындары мен қажеттi табыстылығы кiрмейдi. Сондықтан  қолданылып жүрген нормативтер  банк белсендiлігін сақтайды, оның  қызметiн депозиттер нарығында  әлеуеттi инвесторлар үшін тартымды  етедi. Қазақстанда резервтеу мөлшерi депозит түріне байланысты емес, сол себептi мерзiмдiк депозиттердi  тарту тиiмдiлігін төмендетедi, Республикада резервтеу механизмi жетiдiрiлетiн болады, сол себептi аталған кезеңде қалыптастан банктiк жүйе тәжiрибесiн қолдану өте орынды.

      Коммерциялық  банктер жүргізетiн депозиттік  саясатта әсер етушi факторлардың  бiрi Ұлттық банк бекiтетiн қайта  қаржыландыру мөлшерлемесi болып  табылады.

     Депозиттік  операциялардың дамуына әсер  етушi факторлардың екiншi тобына  депозиттік саясатты, ұзақ мерзiмдi жинақтау қорларын енгізудi және  солармен қатар пайда болатын  салымдар индексациясы мәселесiн,  банк беделiн және басқаларды  жатқызуға болады. Маңызды тежегіш  факторлардың бiрi — салымдарды  индексациялаудың тиiмді және  шынайы механизмнің болмауында. Осы мәселе банктердің iрi жинақ  жобаларын жүзеге асыруда өте  орынды. Ұзақ мерзiмдi жинақтау тәжірибелерiн  енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық  есеппен 12-15 пайыз деңгейiнде болғанда  ғана тиiмдi болып саналады. Қазіргі  кезде банктердің депозиттік  қаржыны талап ету және қысқа  мерзiмдi депозиттер құрағанына қарамастан, болашақта коммерциялық банктер  салымшылар қаржыларын неғұрлым  ұзақтау мерзiмге қосуға болатын  жинақ, сақтық және басқа да  жобаларды ұсына алады.

      Депозиттер  нарығын одан әрi жетiлдiру мен  кеңейтудің маңызды факторларының  бiрi — банктің басқа қаржылық  ұстамдармен салыстырғанда беделдi және басқа салым түрлерiмен  салыстырғанда пайыздық мөлшерлердiң  бәсекеқабiлеттiлiгі, сондай-ақ депозиттердің  бiр түрінің аумағында банктің  қызмет спектрын ұлғайту —  арнайы депозиттерде, өйткенi осы  депозит салымшылар мүддесiн қорғауда  жоғары икемдiлiкке ие.

 

 


Информация о работе Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері