Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:12, реферат
Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде кез-келген қаржы институты өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын, яғни ғимаратты, техника мен технологияны сатып алу; айналыс капиталын қалыптастыру, резервтер құру, еңбекақы төлеу, бюджетке аударымдарды аудару және т.б. үшін қаражат көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар өз қаражат есебінен де, негізгі бөлігін әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың салым ақшалары немесе депозиттері құрайтын қарыз есебінен де қаржыландырылады.
1. Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі
2. Депозит түрлері:
• талап етiлмелі депозиттер;
• жинақ салымдары;
• мерзiмдi депозиттер;
• бағалы қағаздар.
3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары
Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері
Жоспар:
Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде
кез-келген қаржы институты өзінің жарғылық
қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын,
яғни ғимаратты, техника мен технологияны
сатып алу; айналыс капиталын қалыптастыру,
резервтер құру, еңбекақы төлеу, бюджетке
аударымдарды аудару және т.б. үшін қаражат
көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар
өз қаражат есебінен де, негізгі бөлігін
әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың
салым ақшалары немесе депозиттері құрайтын
қарыз есебінен де қаржыландырылады.
Депозиттік операциялар
алғашқыда алтын тиынды сактаудың формалары
түрінде, яғни оларды ақша сарайларында,
менялдарда (айырбастауларда) және т.б.
көбірек жинақтау мақсаттарында пайда
болды. Сақталғаны үшін иесі белгілі бір
сыйақы төлеуі қажет болатын. Клиенттің
тілегі бойынша менялдарда өзіне сеніп
тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға
кепілдік беретін. Мұндай жағдайда олар
алынған тиындармен ссудалық операцияларды
жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне
ақша пайызын төлейтіндей пайда ала алмайтын.
Уақыт өте келе олардан нақ сол тиындарды
қайтару талап етілмей, орналастырылған
ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау
мерзімі де ұзартылатын. Егер осыған дейін
менялдар несиені тек өз капиталына қарай
беріп келген болса, ендігі жерде несие
ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша иелеріне
өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз
қаражатын пайдаланудың мүмкіндіктеріне
ие болды.
Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың
сан алуан түрлері мен формалары бар. Олар
елдер бойынша айтарлықтай сараланған.
Алайда, әрбір қаржы институтының артықшылықты
міндеттерінің біріне — бұрынғыша несиелік
ресурстардың негізгі көзі ретіндегі
депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды
көптеп тарту жатады.
Ақша — жинақтау функциясын атқара отырып,
халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және т.б. жинақтар секілді депозиттерге
түрлендіреді. Клиенттердің барлық салым
ақшалары депозит деп түсіндіреді. Оған
орналастырылған қаражат көздері әр түрлі.
Бұл корпорациялық клиенттердің, мемлекеттік
мекемелердің және кәсіпорындардың шоттарындағы
қаражат және уақытша пайдаланылмайтын
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы.
Бүгіндері коммерциялық банктер әр түрлі депозиттің түрлерін ұсынады.
Халықаралық банктiк тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлiнедi:
Бiрiншi топ — талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк депозиттер деп те аталады. Талап ету депозитi түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады. Чектiк депозит — бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл төлемдердi алудан бас тартады.
Талап ету
депозиттік шотының
— ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;
— ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;
— шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
— Ұлттық банкке ең аз резервтің
мерзiмдiк депозиттермен
Талап ету
депозитінің бір түрі банктің
клиентпен барлық операциялары
есептелетiн контокоррент —
Талап ету
депозитiне сондай-ақ ағымды
Талап ету
депозитінің басқа бiр түрі
— нау-шоттар — пайыздық
Депозиттік
шоттардың келесi түрі —
Бұл депозиттерден
тыс көптеген банктердің
Көптеген
банктер өзінің клиенттерiнен
компенсациялық балансты
Сонымен, талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді. Бұл түрдің қолайлығы чектердің қауіпсіз болуымен және оны жазып беру арқылы төлем орындаудағы қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сондай-ақ ол алғашқы талап етумен ақшаны қолма-қол өндіріп алуға мүмкіндік береді. Чек депозиттері қымбат тұратын есептік операциялар мен өткізулерді жүзеге асыруды қажет етеді, сондықтан да банктердің көбісі осы қызмет көрсетулер үшін белгілі бір төлемді белгілейді. Оның мөлшерінің өзгеруі бір айдың ішінде жазылған чектер санының және депозиттер мөлшерінің өзгеруімен қатар жүреді. Бірақ банк өзінің коммерциялық мақсаты үшін, мысалы, ссуданы 60, 90, 120 күнге және контокорренттік несиені беруде пайдаланатын, олардың көзқарасынша жеткілікті болып табылатын баланс қалдығын салымшы бір ай бойы шотта сақтайтын болса, бұл төлемді өндіріп алудан банктер жиі бас тартады.
Чек депозитінің негізгі типтерінің біріне өз ерекшелігі бар талап етілгенге дейінгі салым жатады:
Банктің көптеген клиенттері
депозиттердің мұндай типтеріндегі
ақша қаражатының мөлшерін ең аз шамаға
жеткізуге ұмтылады, өйткені талап
етілгенге дейінгі салым ақша
бойынша эксплициттік (яғни, анық тұлғаланған)
пайыз табысы төленбейді. Ең аз шамаға
жеткізудің бір тәсілі — автоматты түрде
тазаланатын шоттардың мүмкіндіктерін
пайдалану. Онымен ағымдағы операцияларды
жүзеге асыра отырып, банк клиентпен ескерілген
ең аз шамадан асып түсетін кез келген
ақша сомасынан шотты "тазалайды"
(немесе оларды аударады). Әрі оны пайыз
табысын әкелетін қаржы құралдарына, мысалы,
кері сатып алу келісіміне орналастырады.
Мұндай операцияны банк әрбір жұмыс күнінің
аяғында жүзеге асырады. Бұл операцияны
жүзеге асыруға қажетті төлем чектері
банкке түсетін болса, қаражат тура осы
талап етілгенге дейінгі салымға кері
аударылады.
Талап етілгенге дейінгі салымдағы несие
қалдығын ең аз шамаға жеткізудің басқа
да, яғни қаражатты ATS-шотқа (automatic transfer
service) — автоматты аудару шотына орналастыру
болып табылатын әдісі бар. Бұл депозит
түрі пайыз әкелетін ақша қорларын сақтаушы
шоттан чектерді өтеуге арналған чектік
депозиттерге автоматты түрде аударуға
мүмкіндік береді. Банктер салымшының
келісімімен несиенің артығын өтеу (овердрафт)
немесе чек шоттарындағы ең аз шамадағы
балансты қолдау қажеттілігінің пайда
болуына қарай талап етілгенге дейінгі
салымға пайыз әкелетін шоттарды автоматты
түрде аударуды жүзеге асырады. Мұндай
тәжірибе салымшыға өте аз соманы талап
еткенге дейінгі салымда ұстауына, әрі
бір мезгілде пайызды автоматтық аудару
шоты бойынша алуына мүмкіндік береді.
Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі контокоррент болып табылады. Контокоррент - банктің клиентпен болатын барлық операциялары ескерілетін және клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан алынатын барлық төлемдер де, шотқа аударма, салым және т.б. түрінде түсетін барлық қаражат та банк ссудасы ретінде көрініс табатын бірыңғай шот. Бұл шот қолданылуына байланысты активті-пассивті деп аталады. Контокоррент бойынша несие сальдосы клиенттің өз қаражатына өкім етуін, ал дебеттік сальдода — айналымға қарызға алынған қаражаттың тартылатынын және шот иесі банк борышқоры болатынын білдіреді. Банк несие сальдосы бойынша клиенттің пайдасына пайыз есептейді. Ал дебеттік сальдода - банк берген ссудасы үшін пайызды өз пайдасына өндіріп алады. Шот иесінің пайдасына шешілетін пайызға қарағанда, банк пайдасына шешілетін пайыз ең жоғары мөлшерлеме бойынша есептеледі. Мұндай шоттар тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарыз алушыларға ғана айрықша сенім білдірудің белгісі ретінде ашылады. Қаражат түсімінен шығын артып кеткен әрбір жеке жағдайда Депозиттің келесi тобы — жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келiсiм (1 -қосымша) негiзiнде ашылады. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар — бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетiн чектiк емес депозиттер.
Олардың ерекшелiктерiне мыналар жатады:
— кiтапшалы жинақ салымында тұрақты мерзiмiнің болмауы;
— банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;
— шоттың жоғары шегiн белгiлеу мүмкіндiгi;
— салым иесiнің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;
— шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.
Жинақ салымының
жағдайы туралы жазбасы бар
шотттар жинақ
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгiзілген жинақ салымдарының бiр түрін ұсынады. Қазiргi кезде оларда жинақ кiтапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшерi нарықтың пайыздық мөлшерлерiнiң өзгеруiмен реттелетiндiгiн және бұл шоттарды қолдану кезiнде операцияларды тiркеу үшін жинақ кiтапшасының тосылмайтындығын есептемегенде,көптеген ұқсас сипаттары бар.
Информация о работе Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері