Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 21:30, реферат
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.
I.Кіріспе
II. Дебиторлық борыштардың есебін ұйымдастыру
1.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштары
2. Күмәнді дебиторлық борыштар
3.Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы
4.Басқадай дебиторлық борыштар
5. Алдағы кезең шығындары
6.Берілген аванстар
III.Қорытынды
Сонымен қатар «Басқадай дебиторлық борыш» шотында төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар,бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігеолерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.
Басқадай дебиторлық борыштар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтегі іс-сапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға | 1250 |
1010 |
2 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген банк несиелері | 1250 | 3010 |
3 | Жұмысшылар мен қызметкерлердің ұйымның кассасына бұрын аванс ретінде алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне | 1010 |
1250 |
4 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге аванс ретінде берілген соманың жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды. | 3350 |
1250 |
«Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:
Осы аталғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шығындар , кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.
«Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі.
«Жал төлемі» шотында алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің сомасын көрсетеді.
«Басқадай
алдағы кезең шығындары» шоты «Сақтандыру
полисі» мен «Жал төлемі» деп
аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай
алдағы кезең шығындары жайлы
ақпараттарды есептеу үшін арналған.
Алдағы кезең шығындары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сома | 2730 | 1030 |
2 | Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта тиісті шоттарға апарылды | 2730 |
7470 |
3 | Алдағы кезеңнің
жал төлемі есеп айырысу шотынан
аванс ретінде алдын ала |
1260 |
1030 |
4 | Есеп беретін уақытта жал төлемі есептен шығарылды | 1030 | 1260 |
Берілген аванстардың есебі келесі шоттарда есептелінеді:
Ал берілген аванстар дегеніміз ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандай да бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.
Жалпылама
аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлы-материалдық
қорларды жеткізгені үшін алдын ала берілген
аванстар сомасын сипаттайды. Осылайша
аталып өткен шоттар мен олардың сипаттамасы,
дебиторлық борыштар мен үшінші бөлімдегі
басқадай активтер жайлы түсініктеме
алуға мүмкіндік береді.
Берілген аванстар есебі шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттеле-тін шот |
1 | Жабдықтаушыларға олардан алдағы уақытта алынатын тауарлар, материалдық құндылықтар үшін аударылған аванс сомасы | 1610 | 1010,1030 |
2 | Мердігерлерге олардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен көрсететін қызметтері үшін аударылған аванс сомасы | 1610 | 1010,1030 |
3 | Бұрын төленген аванс сомасы есебінен қоюшы мердігерлерге қарыз сома өтелді | 3310 | 1610 |
4 | Аванс ретінде жабдықтаушы-мердігерлерге алдын ала аударылған сомалардың пайдаланбаған бөлігі қайтарылды. | 1010,1030 | 1610 |
Қорытынды
Осы ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік
есептің еншісіне
тиетіндігіне дау жок. Сондықтан да, бухгалтёрлік
есепті; кейде бизнестің қаржылық тілі
деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен
қамтамасыз ету көп жағдайда, бухгалтерия
қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі.
Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға,
салық жүйесінің талаптарын орындауға,
нормативтік актілерді қатан сактауға,
басшыға берілетін мәліметтердің дәл
және анық болуына жауапты больіп келеді. .
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен енбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жүмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, езіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға кырсыздықпен карауға, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша каражаттарын және басқа ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға карсы күресте бухгалтерлік есептің аткарар ролі ерекше.
Нарықтық экономика жағдайында, болатьін катал бөсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сактап қалудын. басты факторы болып, кәсіпорын-ның каржылық жағдайы мен қаржылық нэтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат кажет.
Борыштардың қайтарылуының жинақталған көрсеткіші айналымдағы болып табылады. Дебиторлық борыштарлың өтімділік көрсеткіштері, нақты ақша қаражаттарының айналуын сипаттайтын жылдамдығы, яғни бұл да, сол айналымдағы, дебиторлық борыштың сапалық және өтімділік көрсеткіші оның айналымдылығы болуы мүмкін.
Аудитор кезеңнің соңындағы дебиторлық борыштардың ең соңғы мәліметтеріне назар аударады. Дебиторлық борыштардың айналым көрсеткіштері бірнеше кезеңдердің сала бойынша орташа шартта қаралған мәліметтерімен салыстырылады. Нақты айналымның шарттың жағдайы бойынша есептен шығарылғаны мен салыстыру сатып алушылардың уақтылы төлеу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты айналымның шоттағыдан ауытқуы борышкерден қайтаруды талап етудің нашар жүргілігендігін жауапты тұлғалардың жүргізген жұмыстарына қарамастан бұл сомаларды алудың қиынға түсуінің сатып алушының қаржысының тапшылығының салдарынан болуы мүмкін. Бірінші салдардың шаруашылықтың әкімшілігінің араласуымен түзетілуі мүмкін. Басқа екеуі дебиторлық борыштардың сапасы мен және өтімділігімен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мырзалиев
Б.С., Сәтмырзаев А.А.,Әбдішүкіров
Р.С. «Бухгалтерлік есеп
2.Сейдахметова Ф.С. «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Оқу құралы. Алматы : LEM баспасы, 2008.
3.Қабылова
Н.Қ., Доспалинова Ш.А., Оразалинов
Е.Н. «Бухгалтер»(бухгалтерлік
4. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есепті жүргізудің қазіргі әдістері» Практикум - Алматы Заң әдебиеті,2007.
5. Кеулімжаев
Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «