Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 21:30, реферат
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.
I.Кіріспе
II. Дебиторлық борыштардың есебін ұйымдастыру
1.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштары
2. Күмәнді дебиторлық борыштар
3.Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы
4.Басқадай дебиторлық борыштар
5. Алдағы кезең шығындары
6.Берілген аванстар
III.Қорытынды
Мазмұны:
I.Кіріспе
II. Дебиторлық борыштардың есебін ұйымдастыру
1.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштары
2. Күмәнді дебиторлық борыштар
3.Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы
4.Басқадай дебиторлық борыштар
5. Алдағы кезең шығындары
6.Берілген аванстар
III.Қорытынды
IV.Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.
Шаруашылық қызметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті шоттардың кредиттік сальдосы (алдын ала төлем немесе артық төлем жасалған жағдайда) болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиіс. Бұл кредиттік сальдолар дебиторлық борыштар баптарына енгізілмейді. Қаржы қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға (дебиторлық борыштың айналымы) шешім қабылдау үшін қарыздың өтелуге тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та танылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып өткізу мен төлем жасау мерзімінің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды.
Қаржылық қорытынды есепте (бухгалтерлік баланста) дебиторлық борыштар өтелетін уақытына қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар деп екіге жіктеліп көрсетіледі.
Дебиторлық
борыштар дайын өнімдерді, материалдық
босалқыларды, артық негізгі құралдарды,
басқа да активтерді сатудан пайда
болады. Сатылған өнімдер, тауарлар және
көрсетілген қызметтер құны әрқашанда
кәәсіпорынның активті
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі « Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар :
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді.
Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады, қорытынлылап айтқанда, «дебиторлық борыш» дегеніміз – бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:
Дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және т.б.тіркелімдер қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.
Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады.
Дебиторлық
борыштар шоттарында есептелетін сомалардың
дұрыстығы мен олардың
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
Яғни
осы жоғарыда аталған баптар бойынша
кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа
заңды немесе жеке тұлғалардан алащақ
сомалары дебиторлық борыш болып
табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Мұнда келесідей шоттар қаралған:
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар щоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады.
«Сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің
борышы» шоттарына қатысты
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде 80000 (сексен мың) ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Д-т: Сатылған
дайын өнімдердің өзіндік құны
К-т: Дайын
өнімдер
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға :
Д-т: Алынуға
тиісті борыштар шоты
Кт: Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг.
Сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:
Д-т: Алынуға
тиісті борыштар шоты
К-т: Қосылған
құн салығы сомасы
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Д-т: Ақшалар
шоты
К-т: Алынуға
тиісті борыштар шоты
Жоғарыдағы
екі жақты жазудан көріп
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша шот-фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында сатып алушылар бойынша (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 Журнал-ордер қолданылады.