Дебиторлық борыштардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 21:30, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.

Содержание

I.Кіріспе
II. Дебиторлық борыштардың есебін ұйымдастыру
1.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштары
2. Күмәнді дебиторлық борыштар
3.Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы
4.Басқадай дебиторлық борыштар
5. Алдағы кезең шығындары
6.Берілген аванстар
III.Қорытынды

Работа содержит 1 файл

дебиторлық борыштардың есебі-реф..doc

— 154.50 Кб (Скачать)

Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген  мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал векесль бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.

Егер  вексель бойынша есеп айырысу  бір жыл  мерзім ішінде жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Бухгалтерлік есепте вексельдер сатылған, вексельге айырбасталған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнымен, ақшалай баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құнымен есептелінеді. 

Операциялар мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттелетін шот
1 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы  
1210
 
6010
2 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге,көрсетілген қызметке есептелінген қосымша құн салық  сомасы  
1210
 
3130
3 Борыш сомасы бұрын  алынған аванс сомасынан шегерілді 3510 1210
4 Сатып алушы  және тапсырыс берушілерден есеп айырысу  шотынан келіп түскен сома  
1030
 
1210
5 Сатып алушы  және тапсырыс берушілердің борышы олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелінді  
1010,1030
 
1210
6 Сатылған (тиеп жіберілген) тауар, өнім, көрсетілген қызмет үшін алынған вексель  
1130
 
1210
7 Сатып алушы  және тапсырыс берушілер берген вексельдері  үшін борыштарын төледі  
1030
 
1130

 

  1. Күмәнді дебиторлық борыштар

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды  және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігн анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады.

Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арсындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарызларға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады. Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығаралып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру  кезеңінде жүргізілсе):

Д-т: Күмәнді  қарыздар бойынша резервтер шоты

К-т: Алынуға  тиісті борыштар шоты

Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз  сомасы есеп берудің келесі кезеңінде  өтелсе, ода ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте:

Д-т: Ақшалар  шоты

К-т: Негізгі  емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

«Күмәнді  қарыздар бойынша резервтер» есебі  №10 журнал-ордерде жүргізіледі.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың өленбейтіндігін  алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі  кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

  • Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
  • Дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).

Жоғарыда  аталған бірінші әдіс сәйкестік  принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді  борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

Ал екінші әдіс болса бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі  мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты – күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі.

Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:

  • Негізгі дебиторлық борышқа жасалған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
  • Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.

Күмәнді дебиторлық борыштар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттеле-тін шот
1 Күмәнді қарыздарға резерв жасалды 7210 1290
2 Күмәнді қарыздар бойынша құрылған резерв сомасының  есебінен дебиторлық борыш жабылды 1010,1030              1290
3 Жыл соңында  күмәнді қарыздар бойынша құрылған резерв сомасының артығы есептен шығарылды  
7210
 
1290
4 Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз  ретінде есептен шығарылып белгілі  бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелгенде (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе): 1010,1030 1290
5 Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз  ретінде есептен шығарылып белгілі  бір уақыт өткеннен кейін бұл  қарыз сомасы өтелгенде (есептен  шығару келесі  есеп беру кезеңінде жүргізілсе):  
1010,1030
 
6280
 
  1. Еншілес серіктестіктердің  дебиторлық борыштарының есебі

    Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:

    • «Еншілес серіктестіктердің борышы»;
    • «Тәуелді серіктестіктердің борышы»;
    • Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктерінің,  бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.

Еншілес серіктестік дегеніміз басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік, оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік  болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі  өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап  бермейді.  Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал болып табылады және ондай серіктестіктердің өз алдына жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.

«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның»  қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және біріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет.

Ол үйлесімді (пропорционалды) біріктіру үшін есеп беретін пішімдердің біреуін  қолдану негізінде жүзеге асады. 
 
 

Еншілес серіктестіктердің  дебиторлық борыштарының шоты бойынша жүргізілетін операциялар 

Операциялар мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттеле-тін шот
1 Еншілес тәуелді  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, көрсетілетін қызметтер:

-өз  бағасына

-ҚҚС  сомасына

 
1220,1230
 
6010,6160
2 Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың берешек борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті.  
1040
 
1220,1230
3 Ай соңында  еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың берешек борыш  сомасы олардың алашақ борышы есебінен жабылды. 3300 1220,1230
4 Келісілген  бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға  берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы.  
1220,1230
 
2410
5 Келісілген  бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз сомасы.  
1270
 
6110
6 Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы. 1270 6110
7 Акция дивидендіне  есептелген пайыз сомасы 1270 6110
8 Есептелген  дивиденд және пайыз ретіндегі борыш  сомасы есеп айырысу шотына келіп  түсті.  
1040
 
1270
 
 
  1. Басқадай  дебиторлық борыштардың  есебі

Кәсіпорындар  мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептеледі:

  • «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»;
  • «Есептелген пайыздар»;
  • «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы»;
  • «Өзге де дебиторлық борыштар».

Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

«Алынуға  тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдарды, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген ҚҚС сомасы жайлы ақпараттарды жинауға арналған. Салықтың бұл  түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы дп жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

«Есептелген пайыздар» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері м ен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз  түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивиденттерінің  сомасы есептелінеді.

«Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы»  деп аталатын шотта жұмысшылар мен  басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде қызметтегі іссапарлары үшін жіне басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкердерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.

  • Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі (шығындары) және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомалар;
  • Есеп беруге тиісті өздерінің борыштарын өтеген уақытта: материалдық емес активтер,негізгі құралдар,инвестициялар,материалдар және тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты кредиттелінеді.
  • Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшының алған қарыз сомаларының қайтырылуы субъектіге кіріске алады.
  • Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына;
  • Банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға;
  • Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға;
  • Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына.

Информация о работе Дебиторлық борыштардың есебі