Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 18:27, реферат

Описание работы

Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Күмәнді дебиторлық борыштар
Еншілес (тәуелді) серіктерлің дебиторлық борыштарының есебі
Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Алдағы кезең шығындарының есебі
Берілген аванстар есебі

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.doc

— 309.50 Кб (Скачать)
 
 
 

    Басқадай  дебиторлық борыштардың  есебі

    Кәсіпорындар  мен ұйымдарда басқадай операциялар  бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептеледі:                       «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».

    «Есептелген пайыздар».

    «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы». «Өзге де дебиторлық борыштар».

    Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

    «Алынуға  тиісті қосылған құн салыгы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қойылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғүрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретіңде анықталады.

        •  Алынған тауарлар мен материалдық  құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:

    Д-т  «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

    К-т  «Жабдықтаушы және мердігерлермен  есеп  айырысу» шоты немесе

    Д-т  «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»  шоты

    К-т  «Басқадай несиелік борыштар мен  аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

    «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын   сомасы,   сондай-ақ   салынған   инвестициядан   алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:

        • Жалдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар бойынша пайыздар есептегенде:

        Д-т: «Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,

        К-т: «Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,

        • Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына: 
    Д-т: «Ақшалар» шоттарының тиістілері,

    К-т: «Есептелген пайыздар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

    «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» деп аталатын шотта жүмысшылар мен басқа да түлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жүмысшылар мен басқа да түлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іссапарлары үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.

        • Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі (шығындары) және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға:

        Д-т: «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың  борышы» шоты

        К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

        • Жұмысшыларға берілген заем (қарыз) сомаларына да: 
    Д-т: «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты 
    К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

        • Есепті кезеңде жоғалған, бүлінген немесе іздеуге салынған жетіспеушіліктерге кінәлі тұлға табылып және оның төлуге тиісті сомасына:

        Д-т: «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың  борышы» шоты

        К-т: «Алдағы    кезеңдердің    кірістері»    шоты    түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады. 

    
  • Есеп беруге тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдар және тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» шоты кредиттелінеді.
  • Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшының алған қарыз сомаларының қайтарылуы субъектіге кіріске алынғанда:

        Д-т: «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың  борышы» шоты

        К-т: «Ақшалар» шоты түріңдегі бухгалтерлік жазу жазылады.

        • Есеп беруге тиісті тұлғалардың кәсіпорынның есебінен шығарған шығындарының сомасына:

        Д-т:   «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

        «Жалпы  және әкімшілік шығындары»;

        «Үстеме шығындар»;

    «Әлеуметтік сала шығындары» деп аталатын шоттардың  тиістілері.

    К-т: «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың  борышы» түріндегі екі жақты  жазу жазылады.

        • Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына:

        Д-т: «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

        К-т: «Материалдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

        • Банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға: 
    Д-т: «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

        К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

        • Құны акцептелген (төленген) тауарлық-материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түскенде олардың жетіспеушілігі мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:

        Д-т: «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

        К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

        • Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға:

        Д-т: «Басқадай дебиторлық борыш» шоты,

        К-т: «Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай табыстар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

        • Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына:

        Д-т: «Басқадай дебиторлық борыш» шоты,

    К-т: «Тоқтатылған операциялардан болатын  кірістер (зияндар)» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Сонымен қатар «Басқадай дебиторлық борыш» шотында төленуге тиісті жал төлемдері  жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен  тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да занды  тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.

    Басқадай  дебиторлық борыш  шоты бойынша жүргізілетін  операциялар 

    Операциялар мазмұны
Дебиттелетін  шот Кредитте-летін шот
1     2     3     4
1     Жұмысшылар  мен қызметкерлеріге қызмет-тегі іссапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға  
    333
 
    451
2     Жұмысшылар  мен қызметкерлерге берілген банк несиелері     333     601
3     Жұмысшылар  мен қызметкерлердің ұйым-ның  кассасына бұрын аванс ретінде  алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне  
    451
 
    333
3     Жұмысшылар   мен   қызметкерлерге   аванс  ретінде   берілген   соманың   жұмсалғаннан қалған белігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды.  
    681
 
    333
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Алдағы  кезең шығындарының есебі

    «Алдагы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:

  • алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы,
  • келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны,
  • маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдың шығындары және тағы да басқалар.

    Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең  шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шығындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.

    «Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі. 

        • Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сомаға:

        Д-т: «Сақтандыру полисі» шоты;

    К-т: «Есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

        • Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасына есеп беретін уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

        Д-т: «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

        «Жалпы  және әкімшілік шығындары»;

        «Үстеме шығындар» шоттарының тиістілері;

        К-т: «Сақтандыру полисі» шоты.

    «Жал  төлемі» шоты алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. Аталмыш шотқа байланысты төмендегідей бухгалтерлік жазулар жазылады:

    • Алдағы кезеңдер үшін жал төлемі төленген жағдайда: 
Д-т: «Жал телемі» шоты;

        К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.

        Ал  есепті кезеңге жатқызылатын жал  төлемі есептен шығарылған уақытта:

        Д-т: «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

        «Жалпы  және әкімшілік шығындары»;

    «Үстеме шығындар», және тағы да басқа шоттардың  тиістілері;

        К-т: «Жал төлемі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.

    «Басқадай алдагы кезең шығындары» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.

    Алдағы  кезең шығындары  шоты бойынша жүргізілетіи операциялар 

Операциялар мазмұны
Дебитте-летін шот Кредитте-летін шот
1 2 3 4
1 Сақтандыру  полисін алу үшін есеп айырысу  шотынан төленген сома 341 441
2 Сақтандыру  полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта тиісті шоттарға апарылды 811, 821, 938 341
3 Алдағы кезеңнің жал телемі есеп айырысу шотынан аванс ретінде алдын ала аударылды. 342 441
4 Есеп беретін уақытта жал төлемі есептен шығарылды. 811,821,

937

342

Информация о работе Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру