Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 18:27, реферат
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Күмәнді дебиторлық борыштар
Еншілес (тәуелді) серіктерлің дебиторлық борыштарының есебі
Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Алдағы кезең шығындарының есебі
Берілген аванстар есебі
А) вексель алынғанда
Д-т: Алынған вексельдер шоты 500000 тг.
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг.
Ә)
вексель бойынша сатып
Д-т: Ақшаларшоты 512500 тг.
К-т: Алынған вексельдер шоты 500000 тг.
К-т:
Пайыз бойынша кірістер шоты 12500 тг.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебитте-летін шот | Кредитте-летін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатьш алушы, тапсырыс берушілердің борышы | 301 | 701 |
2 | Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген қосылған құн салық сомасы | 301 | 633 |
3 | Борыш сомасы бұрын
алынған аванс сомасынан |
661-662 | 301 |
4 | Сатып алушы және тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотына келіп түскен сома | 441 | 301 |
5 | Сатып алушы және тапсырыс берушілердің борышы олардың кредиторлық қарызы есебінен етелінді | 641-643, 687 | 301 |
6 | Сатылған (тиеп жіберілген) тауар, өнім, көрсетілген қызмет үшін алынған вексель | 302 | 301, 321-323 |
7 | Сатып алушы және тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі | 441 | 302 |
Күмәндік дебиторлық борыштар
Сатып
алушылар мен тапсырыс беруші занды
және жеке тұлғалардың төлем
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасьшың есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойыніш резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорыңдар мек ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсі; қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудс керсетілуі тиіс.
Егер
сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз
қарыз ретінде есептен
Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеі берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызмет тен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте:
Д-т: Ақшалар шоты
К-т: Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал ордерде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлеміңді резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;
Д-т: Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100000 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер шоты 100000 тг.
-
Күдікті қарыздар бойынша
80000 (сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шы
ғарылғанда;
Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер шоты 80000 тг.
К-т: Алынуға тиісті борыштар 80000 тг.
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып тасталады.
Д-т: Жалпы және әкімшілік
шығындары шоты 20000 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер шоты 20000 тг.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштар бабында, кәсіпорынның дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.
Мысалы: «ККК» фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде, күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезең шығындары ретінде танылады да, «ККК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз сомасы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бүл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
• несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
• дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).
Бұндағы
бірінші аталған әдістің
Жоғарыда
аталған несиеге сатудан
Мысалы: «ККК» фирмасының 2004 жылғы көрсеткіштері:
Соңғы үш жылдағы «ККК» фирмасының күмәнді қарыздар бойынша шығындары:
Жылдар | Сатылған тауарла-рының көлемі | Күмәңді қарыздар бойынша шығындары | Пайыздар |
2000 | 900000 | 29700 | 3,3 |
2001 | 930000 | 31500 | 3,38 |
2002 | 950000 | 36100 | 3,8 |
Барлығыы | 2780000 | 97300 | 3,5 |
«ККК» фирмасының бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді қарыздар бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,5% деп есептейді. Соған сәйкес 2004-жылғы «ККК» фирмасының күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі:
(1000000-50000-10000) х 3,5% = 32900 тг.
Осы табылған күмәнді қарыздар сомасы бойынша «ККК» фирмасының бухгалтері есепті жыл соңында (2002 жыл) мынадай жазу жазады:
Д-т: Жалпы және әкімшілік шығындары 32900 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша резерв 32900 тг.
Жоғарыдағы сандарды ескере отырып, 2004 жылдың қаржылық есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бұндағы 8000 (сегіз мың) теңге өткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыз жүз) теңге есепті жылдағы сатылған тауарлар бойынша күмәнді қарыздарға жасалынған (болжам бойынша) резерв сомасы.
Негізінен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісі бойынша әрдайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік құнын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге сатылған тауарларға қолданылатын пайыз мөлшері әрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.
Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады: