Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 13:37, курсовая работа
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде ғана қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:
«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».
«Күмәнді дебиторлық берешектер».
«Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі».
«Басқадай дебиторлық берешек».
«Алдағы кезең шығындары».
«Берілген аванстар».
Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.
1.Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;
- басқадай дебиторлық берешектер.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер (дебиторлық берешектер) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық берешек» дегеніміз, бұл – иелік ету хұқығын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім
Кіріспе 3
1.Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату 6
2. Дебиторлық берешектер бөлімінің есебі 10
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің есебі 10
2.2. Күмәнді дебиторлық берешектер есебі 14
2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің есебі 16
2.4 Басқадай дебиторлық берешектердің есебі 17
2.5 Алдағы кезең шығындарының есебі 21
2.6 Берілген аванстар есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
1620 «Болашақ кезеңнің есебіне жататын басқа да шығыстар» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.
Кәсіпорын әрбір жыл үшін есептен шығаруға жататын өндіріс немесе айналым шығындарына есеп айырысу немесе алдағы кезең шығындары сомасына негіздеме жасайды.
Болашақ кезеңнің есебіне жататын шығындар жыл сайын түгелденуі қажет. Бұл түгелдеу осы шоттың келесі жылға ауысатын қалдықтарының айқындылығын және олардың жыл ішіндегі өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына жататындығын қамтамасыз етеді.
Берілген
аванс бойынша есеп айырысудың есебі
35 «Берілген аванстар»
6110 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар»;
6110 «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар»;
6110 «Өзгн де берілген аванстар»;
Ал «берілген аванстар» дегеніміз – ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандайда бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.
35
«Берілген аванстар»
Аванс берілген жағдайда 35 бөлімшенің шоттары дебеттеледі және 1060 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 1050 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша», және т.б. шоттары кредиттеледі. Босатылған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмысты және көрсетілген қызметті қабылдау актісін, шот-фактураларды алу кезінде 20 «Материалдар» (201-208 шоттар), 22 «Тауарлар» (1330, 1330 шоттар), 1420 «Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы», 92 «Көмекші өндірістер», 93 «Қосымша шығындар» және т.б. бөлімшелердің шоттары дебеттеледі және 671 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты кредиттеледі.
Алынған
тауарлы-материалдық
Жабдықтаушылар
мен мердігерлерге тиесілі
Жабдықтаушының сатып алушыға тұтастай немесе жартылай пайдаланылмаған аванстар сомасын кері қайтаруы 1050, 1060 немесе 1010 шоттардың дебеті және 6110 немесе 6110 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі. Талап ету мерзімі (3 жыл) өткеннен кейін алынбаған аванстарды есептен шығару 6110 және 6110 шоттардың кредиті бойынша және келесі шоттардың дебеті бойынша есептен шығарылады:
7340 «Басқа да қосалқы қызмет бойынша шығындар» - алынбаған қарыздар есеп беру жылының табысының есебінен есептен шығарылған жағдайда;
-
қарыздарды бұрын жасалған
Берілген аванстардың талдамалық есебі түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудың талдамалық есебі тізімдемесінде әр дебитор бойынша 6110 және 6110 шоттардың жекелеген түрінде немесе бухгалтерлік есеп компьютерленген жағдайда машинограммада жүргізіледі.
Жалпылама
аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлық-материалдық
қорларды жеткізгені үшін алдын ала
берілген аванстар сомасын сипаттайды.
Осылайша аталып өткен шоттар мен олардың
сипаттамасы, дебиторлық борыштар мен
үшінші бөлімдегі басқадай активтер жайлы
түсініктеме алуға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде дебиторлық берешек тақырыбы мен үшін өте қызықты. Бұл тақырып қазіргі нарықтық экономика кезінде өте керекті болып табылады. Қарыз алушы кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді тікелей қолма-қол ақшаға емес, қарызға алады. Сондай кезде әрбір кәсіпорын мен ұйым дебиторлың берешек шотын ашады. Ондағы бөлімдерді аша алмауы мүмкін. Бірақ та кішігірім кәсіпорындар осы бөлімдегі күдікті қарыздар бойынша резервтер, еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы шоттарын ашпайды. Себебі қор құру үшін кәсіпорында қор құруға пайдадан ақша бөліну керек. Егер кәсіпорынның пайдасы өте үлкен болмаса, онда ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көп есептер болмайды. Және де үлкен кәсіпорындар мен ұйымдардың ғана серіктестіктері болады. Ал егер серіктестіктері болса онда ол міндетті түрде осы бөлімшені ашады. Жалпы бұл тақырыпты үлкен дамыған фирма немесе кәсіпорынның нысанында ғана қарастыруға болады.
Біздің елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерінің мойнына үлкен жауапкершілік ілінеді. Жалпы бухгалтер, бухгалтерлік еаептің теориясын және практикасын үйлестіріп тиянақты жұмыс істеуі керек. Бухгалтерлік есептің барлық қағидаларын естен шығармағаны жөн. Сондықтан да кез келген елдің бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау, сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан толық дамуына кепілдік береді.
Жалпы бухгалтерлік есеп өте қызықты да, өте қиын пән. Мұнда кішкентай қателіктің өзі артынан үлкен қайшылықтарға апарып соғады. Бухгалтер кәсіпорынның пайдасын, шығынын қарастырып, бағалап, талдай отыра кәсіпорын немесе фирманың болашағына болжамдар жасап, соларды бастықпен және де басқа жұмыскерлермен келісе отырып іске асырады. Бұл өте жауапты іс, себебі егер бухгалтер дұрыс болжамдар жасамаса ол кәсіпорынға үлкен жағымсыз жағдайлар туғызып, тіпті кейде кәсіпорынның банкротқа ұшырап жабылуына апарады.
Мен, курстық жұмысымда осы бухгалтерлік
есептің бір бөлімі дебиторлық борыш тақырыбын
қарастырдым. Бұл өте қызықты тақырып,
бұл тақырыпты толығымен талдап қарастыру
үшін үлкен кәсіпорынды алу керек. Осы
кәсіпорында бөлімнің барлық шоттары
болса тіпті толық талдауға мүмкіндік
болар еді. Мен өзімнің болашақ диссертациялық
жұмысымды осы тақырыпта жазып, толық
ашып қарастырғым келеді. Сонда толық
қарастырып жазамын.
Талмағанбетов Т.А. – Алматы: Дәуір, 1998,– 480 бет.
Омаров А.Ш., Әлімбекова Б.А., Рабатов О.Ж., Байболтаева Н.Ә.
217 – 236 беттер қолданылды.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – Алматы : Қазақстан аудит орталығы, 2002, – 656 бет.
246 –
277 беттер қолданылды.
2001, – 330 бет. 108 – 129 беттер қолданылды.
4. Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату». Бухгалтер бюллетені –
2001 – № 46 – 9 -11 бетке дейін.
5.
«Бухгалтерлік есеп туралы Заң»
11.06.2004 жылы ҚР Президентінің .№ 562- ІІ Жарлығымен
«Бухгалтерлік есеп туралы
енгізілді.
6. Хегай И.В. «Күмәнді борыш бойынша резерв есебі». Бухгалтер бюллетені
– 1998 – № 41 – 10 -12 бетке дейін.
7. «Вексель операцияларының бухгалтерлік есебі». Бухгалтер бюллетені –
2001 – №22 мамыр – 3 -7 бетке дейін.
8. Назаров В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов: Учебник /
Под ред. Н.К. Мамырова – Изд. 2-е, перераб. и доп. - Алматы:
Экономика, 2004. – 308 с. 83-91 стр.
9. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет и финансовый анализ для
менеджеров: Учеб.пособие – М.: Дело
2003. – 304 с.
10. Нидлз Б. и др. Принципы бухгалтерского учета / Б. Нидлз, Х.Андерсон,
Д.Колдуэлл: пер. С англ. / Под ред. Я.В.Соколова, - 2-е изд., стереотип.
- М.: Финансы и статистика, 2002 –
496 с. 137-156 стр.
11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на
предприятии: Изд. 3-е, доп. И перераб. – Алматы: Центразит. – Казахстан,
2002, 277-305 стр.