Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 13:37, курсовая работа
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде ғана қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:
«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».
«Күмәнді дебиторлық берешектер».
«Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі».
«Басқадай дебиторлық берешек».
«Алдағы кезең шығындары».
«Берілген аванстар».
Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.
1.Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;
- басқадай дебиторлық берешектер.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер (дебиторлық берешектер) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық берешек» дегеніміз, бұл – иелік ету хұқығын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім
Кіріспе 3
1.Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату 6
2. Дебиторлық берешектер бөлімінің есебі 10
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің есебі 10
2.2. Күмәнді дебиторлық берешектер есебі 14
2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің есебі 16
2.4 Басқадай дебиторлық берешектердің есебі 17
2.5 Алдағы кезең шығындарының есебі 21
2.6 Берілген аванстар есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25