Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 13:37, курсовая работа
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде ғана қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:
«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».
«Күмәнді дебиторлық берешектер».
«Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі».
«Басқадай дебиторлық берешек».
«Алдағы кезең шығындары».
«Берілген аванстар».
Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.
1.Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;
- басқадай дебиторлық берешектер.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер (дебиторлық берешектер) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық берешек» дегеніміз, бұл – иелік ету хұқығын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім
Кіріспе 3
1.Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату 6
2. Дебиторлық берешектер бөлімінің есебі 10
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің есебі 10
2.2. Күмәнді дебиторлық берешектер есебі 14
2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің есебі 16
2.4 Басқадай дебиторлық берешектердің есебі 17
2.5 Алдағы кезең шығындарының есебі 21
2.6 Берілген аванстар есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
- 3320-шоттар дебеті;
- 1220-1220-шоттар кредиті - өтелген дебиторлық қарыздар сомасына.
Есеп айырысу шоттары (1220-1220 және 3320) арқылы бас кәсіпорынның және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің есеп айырысуы жүргізіліп қана қоймайды сонымен қатар бір еншілес (тәуелді) серіктестіктің екінші бір серіктестікпен есеп айырысуы жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық берешектер төмендегідей шоттарда есептеледі:
1420 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»;
2170 «Есептелген пайыздар (проценттер)»;
1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың берешегі»;
1280 «Өзге де дебиторлық берешектер».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.
1420 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленілетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Кәсіпорындар
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есепте қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 «Орны толтырылуға тиісті қосылған күн салығы» шоты қолданылады.
1420-шот дебеті бойынша 671 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредитімен корреспонденциялана отырып, сатылып алынған тауарлы-материалдық құндылықтары, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін акцентелінген шоттар бойынша ҚҚС көрсетіледі.
1420 шоттың дебеті бойынша есепке алынған ҚҚС сомасы қоймаларға құндылықтардың нақты түсуіне қарай (атқарылған жұмысты қабылдау) осы шоттың кредитінен 3130 «Қосылған құн салығы» шотының дебетіне жазылады.
2170 «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз (процент) түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі құралды жалға алу және т.б.).
Алынуға тиісті проценттік үстеме төлем 2170 «Есептелінген проценттер» шотының дебеті және 6110 «Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар» шотының кредитінде көрсетіледі.
1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың берешегі» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іс-сапарлары үшін және басқадай шығындар ұшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілетін сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген).
Аванс
есептерін бухгалтерия
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.
Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға беру үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.
Өкілділік шығыстарының есебі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметтерінің барысында өкілділік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма-қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы қызмет көрсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін, акционерлер жиналысына келген директорлар үшін және т.б. шаралар үшін алынуы мүмкін.
Өкілділік шығыстарының сомасы, заңда бекітілген нормасымен сәйкес келуі тиіс:
Кесте 2
Өкілдік
шығыстарының сомасы
Шығыстардың атауы | Құны (ең аз есептік көрсеткіш) |
Тұлғаларды ресми қабылдауға жұмсалатын шығыстар (бір күнде бір адамға кететін шығыстары) | 8,0 |
Келісім кезінде буфеттің (фуршеттің) көрсеткен қызметі үшін, аудармашыға және шығарып салатын тұлғаға кеткен шығындарын қоса алғанда | 1,5 |
Ұйымның тұрақты штатында тұрмайтын, аудармашылардың қызметі үшін (сағатына) | 1,0 |
Транспорт (көлік) қызметі үшін (сағатына) | 1,0 |
Ресми кездесу кезінде шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың қатысушылары көп болмауы керек, яғни келген делегацияның саны аудармашылармен қоса есептегенде 5 адам болса, онда қабылдаушы жақтың да адамдары 5-тен аспағаны жөн.
Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі (есептеуі). 1250 шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің (ақша, тауарлы-материалдық құндылықтары т.б.) орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады.
Кінәлі тұлғадан өндіріп алуға жататын сомасына 1250 шоты дебеттеліп, 1280 шоты кредиттеледі, яғни кем шыққан ақшаның немесе мүліктің нақты құнына; ал нақты құнымен нарықтық бағасының айырмасына 1250 дебеттеліп, 6160 шоты кредиттеледі. Ал мүліктің нарықтық құнынан ұсталатын ҚҚС сомасына 1250 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредиттеледі.
Келтірілген материалдық зияндар еңбеккерлердің жалақысынан ұсталуы мүмкін, ол кезде 681 дебеттеледі де, 1250 шоты кредиттеледі; ал егер де олар өз кінәсін мойындап, нақты қолма-қол ақшамен төлейтін болса, онда 1010 шоты дебеттеледі де, 1250 шоты кредиттеледі.
1280 Басқадай дебиторлық қарыздар. Бұл шотта жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.
Шағым-талап (претензия) бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп – кредитордың өзінің мүліктік құқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздарды өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор
алдын-ала
тікелей қарызданушыға шағым-
Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе комплектісі (жиыны) түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым-талаптар бір айдың ішінде қойылады, ал басқа себептер бойынша туындаған шағым-талаптар екі айдың ішінде қойылады.
Ішкі шаруашылық есеп айырысуларды есепке алу. Ішкі шаруашылық – бұл кәсіпорындардың өз филиалдарымен, өз өкілдіктерімен, бөлімдермен және басқа да ерекшеленген бөлімшелерімен және жеке (дербес емес) балансқа шығарылғандармен (күрделі құрылыс, қосалқы ауыл шаруашылығы, ағаш дайындау) есеп айырысу. Есепке алу тәжірибесінде кәсіпорындар мен жеке балансқа шығарылған бөлімшелерінің арасында болатын ішкі баланстық есептерін атайды.
1280-шоты бойынша аналитикалық (талдамалық) және жинақтық (синтетикалық) есептерін ұйымдастырудың тәртібі 32 «Еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық қарыздары» бөлімшесінің шоттары бойынша жүреді.
Шаруашылық қызметінің барысында кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды, яғни пайда болады. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылған кезде; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындары жатады.
«Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Келешек кезең шығындарын есепке алу 34 «Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оларға мына шоттар кіреді:
2920 «Сақтандыру полисі»;
1260 «Жалгерлік төлемдері»;
1620 «Болашақ кезеңнің есебіне жататын басқа да шығыстар».
Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындардың аналитикалық (талдамалық) есебі шығынның әр тобы бойынша келешек кезең шығындарын есепке алу тізімдемесінде немесе тиісті машинограммада жүргізіледі.
Тізімдемеге жазбалар отыз төртінші бөлімшенің шоттарының дебеті бойынша өңдеу кестелерінен «Еңбек ақыны бөлу», «Негізгі құралдардың амортизациясы», «Қосалқы өндіріс пен шаруашылықтардың қызметін бөлу», және басқа да бастапқы құжаттар бойынша жазылады.Нәтижесінде тізімдемеде немесе машинограммада 34-бөлімшенің шоттарының дебеті бойынша түрлі шоттардың кредитінен айналым жинақталады.
34
«Алдағы уақыттың есебіне
2920 «Сақтандыру полисі» шоты бойынша. Бұл шотта төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі. Сақтандырушыға бірнеше ай бұрын сақтандыру төлемдерін төлеу кезінде 4110 «Мүлік және жеке басты сақтандыру бойынша есеп айырысу» шоты дебеттеледі және 1060,1050,432,1010 және тағы басқы шоттары кредиттеледі. Алдын ала төленген сақтандыру төлемінің сомасы бір мезгілде 4110 шоттың кредитіне 2920 «Сақтандыру полисі» шотының дебетіне есептен шығарылады.
Сақтандыру төлемінің сомасы сақтандыру полистерінде айқындалған айлық төлемнің көлемінде 7110,7210,8048 және тағы басқа шоттардың дебетінде есептен шығарылады.
1260 «Жал төлемі» шоты бойынша. Жал төлемі шоты алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. Бұл шотта жалға алушылар жалға берушілерге негізгі құралдарды жалға алғаны үшін бірнеше ай бұрын төленген жалгерлік төлемдер сомасын есепке алады.
Алдын ала төленген жалгерлік ақысының сомалары 3390 «Басқа да кредиторлық қарыздар» шотының дебетіне және 1060,1050,1010 шоттарының кредитіне жазылады. Алдын ала төленген жал ақысы сомасын бір мезгілде 1260 шоттың дебетіне 3390 шоттың кредитіне жатқызады. Жал төлемі төленген кезеңдеріне қарай теңдей бөліктермен ай сайын 126,7110,7210,937 шотарының дебетіне 1260 «Жал төлемі» шотының кредитіне есептен шығарылады.