Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:42, курсовая работа
Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.
Кіріспе......................................................................................................................2
I.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру................................................................3
1.1.Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық
және әдістемелік қамтамасыз етілуі..............................................................
1.2. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері..............................................
II-Tарау. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
негіздері мен жалпы принциптері............................................................. 5-11
I.1. Бухгалтерлердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы...12-17..
I.2. Бухгалтерлік есепті жүргізу үлгілері....................................................18-21
Қорытынды ...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................
Кәсіпорын көлемі мен атқаратын шаруашылық қьізметінің ерекшеліктеріне сай есеп жүргізу еңбегі функционалды түрде белгіленеді. Мысалға, негізгі өндіріске жұмсалатын шығындар есебін бухгалтерияның бір бөлігі жүргізсе, жанама өндіріс шығындары есебін жүргізу бухгалтерияның басқа бөліміне тапсырылуы мүмкін. Яғни, бір циклға тән есеп жұмысын басынан аяғына дейін бір адам немесе бір бөлім орындайды.
Сонымен қатар, есеп жұмысын функционалды тұрғыда орта-лықтандырып ұйымдастырған жағдайда әрбір бухгалтер біртектес шаруашылық операциялары жөніндегі есепті жүргізеді. Мысалға, еңбекке ақы төлеу жөніндегі есеп жүргізу үшін бір бухгалтер (топ) есептің осы учаскедегі бастапқы құжаттарды қабылдап, мұның дұрыстығын тексерсе, екінші бухгалтер осы құжаттарға сай еңбек ақы есептейді, мұның мөлшерін көрсетеді, ал үшінші бухгалтер есеп регистрларын жасап, счеттарды корреспонденциялайды. Бухгалтериядағы атқарылатын еңбек пен атқарылатын міндеттерді бөлісу, кәсіпорынның өндірістік немесе қызмет көрсету көлеміне байланысты болады. Сонымен қатар, бухгалтерлік аппарат құрылымы мен мұның күрделілігі кәсіпорындағы еңбек етуші адамдар саны мен технологиялық ерекшеліктер, атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен күрделілігіне де байланысты.
Көлемі жағынан шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік аппарат құрылымы қарапайым және жеңіл жолдармен қалыптасады. Мұндай кәсіпорындарда атқарылатын бухгалтерлік есеп жұмыстарын жекелеген бөлімдер құрмай-ақ, атқарушы бухгалтерлерге есеп объектілері мен жүргізетін счеттарды бөліп беру мен тапсьру арқылы да орындауға болады. Көлемі жағынан үлкен және орта кәсіпорындардағы есеп объектілері едәуір күрделі жағдайды қамтамасыз ету үшін құрылады. Кәсіпорын қызметінің көлемділігі мен есеп объектілері өрісіне қарай бухгалтерия аппаратын жекелеген бөлімдер құру арқылы қалыптастырған жөн. Бухгалтерия құрамында арнайы бөлімдер кұру ісі есеп объектілерінің негізгі учаскелеріне байланысты болады. Кәсіпорын бухгалтериясында жүргізілетін есеп жұмыстарының күрделілігі мен көлеміне қарай жекелеген бөлімдер мен секторлар құру ісі тәжірибеге енген.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі барлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау, бухгалтерлік баланспен қорытынды есеп жасау, бухгалтерияның барлық бөлімдері арасындағы жұмыстарды үйлестіру, кәсіпорындағы барлық есеп-хисап жұмысын ұйымдастыру, қажет болған жағдайда бухгалтерлік есеп объектілері бойынша ішкі әдістемелік құжатгар жасап, есеп саясатын жасау жинақтаушы бөлімнің міндетіне жатады.
Жоғарыда келтірілген бухгалтерияның кұрылымы міндетті түрде осылайша құрылып, ешқандай өзгеріссіз қалыптасуы мүмкін емес. Бухгалтерия құрылымы кәсіпорынның көлемі мен техникалық және технологиялық ерекшеліктерге және нарықгық қатынастар мен кәсіпорындардың ұйымдық түріне, халықаралық экономикалық қатынастарға байланысты қалыптасады.. Кәсіпорын бухгалтериясы қызметін жетілдіріп отыру, осындағы мамандар мен бухгалтерлік есеп жүмысын аткдрушы кәсіби мамандарға байланысты.
Кәсіпорындардың әр жылдары атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай бухгалтерия құрамында басқадай бөлімдер құрылуы да мүмкін.
Мысалға, егер кәсіпорынға
көп көлемде инвестициялық
Сонымен қатар, кәсіпорынның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің дүрыс жүргізілуіне, салақтыққа, ережелер мен нұсқаулардың орындалуына, қаржы көздерінің тиімді калыптасуына, келісім-шарттың ұтымды орындалуына, зандар мен нормативтік актілерге қайшы келетін операцияларды болдырмауға, т.б. есеп-хисап жұмысының барлығына тікелей жауапты.
Бас бухгалтерлердің қызметіне тән жоғарыда айтылған міндеттер мен ұсыныстар, қүқықгық жауапкершілік тек қана бас бухгалтердің өрісіне ғана емес, бүтіндей кәсіпорынның бухгалтериясына да тән жауапкершілік. Бас бухгалтер кәсіпорын бухгалтериясында қызмет атқарушы қатардағы мамандардың барлығына байланысты қызмет атқарудың міндеті мен өрісін белгілейді. Әрбір бухгалтер өзінің атқаратын міндетін біліп, мұның үшін жауапты болуы қажет. Мәселе осылайша қалыптасқан жағдайда бас бухгалтердің басшылығымен бухгалтерияда атқарылатын барлық жүмыстар осы кәсіпорын экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.
I.2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ҮЛГІЛЕРІ
Бухгалтерлік есепке тән көрсеткіштер синтетикалық және аналитикалық счетгар бойынша жинақталып, есеп регистрлары мен арнайы кітаптар үлгісіне жазылады. Шаруашылық фактілерінің көрсеткіштері есебін жүргізуге арналған бастапқы құжаттар экономикалық маңызына қарай топтастырылып, арнайы белгіленген есеп регистрларына түсіріледі.
Кәсіпорын басшылары мен есеп көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушылар шаруашылық процесі жөніндегі қажетті ақпаратгарды тікелей есеп регистрларынан алып пайдаланады. Бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп регистрлары мен есеп кітаптарын айтады.
Тиімді жөне сапалы жасалған есеп регистрлары немесе есеп жүргізудің үлгі моделі төмендегідей мақсаттарды шешуді қамтамасыз етеді:
Есеп үлгісі ең әуелі есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру мен еңбектің жеңілдеуіне байланысты болуы керек.
Бухгалтерлік есеп үлгісіне қарай бухгалтерлердің атқаратын міндеттері (еңбегі) бөлінеді. Сонымен қатар бухгалтерлер жүргізетін есептің сапалылығы мен тексерушілік функциялары шапшаңдатылады. Есеп қызметін атқарушы әрбір маманның көп мақсаттарының ең негізгісі, есептеу мен жазу жүйесінде қате жібермеу болып табылады. Егер есеп регистрлары пайдалануға ыңғайлы болып, өзара тиімді байланысқан жинақтарды тексеру мен жазылатын жазулар көлемі мейілінше азайтылған жағдайда, мүмкін болатын қателер де барынша азайтылады.
Мәліметтерді жинақтау мен сақтауға арналған есеп үлгісі жетілдіріліп отыруы керек. Есеп үлгісі ақпараттар жүйесін ұйымдастыру мен сақтау әдісіне жатады. Мүның өзі бухгалтерлік есептің өзекті және күрделі әдістемесінің қатарында болады. Есеп үлгісі бастапқы құжаттар мен қорытынды есеп жасау аралығындағы қолданылатын әдіс. Яғни бастапқы қүжаттарды қорытынды есепке айналдыру болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп регистрларын, өзінің атқаратын міндеті мен маңызына карай жинақтау үшін қолданылатын аралық әдіс деп те түсіну қажет. Бастапқы қүжаттарға жазылған мәліметтерді өңдеу мен жинақтау жөніндегі қолданылатын техникалық процесс. Есеп үлгісін сапалы және арнайы ережелерге сай жасаған жағдайда шашыранды бухгалтерлік есеп ақпараттары жинақталып, қорытынды есепке айналады. Бастапқы қүжаттарды ақпараттардың бастапқы ағыны десек, ал қорытынды есепті ақпараттардың соңғы жиынтығы деп те түсінуге болады. Бұдан, есеп үлгісі ақпараттарды тіркеу, өңдеу мен сақтау жүйесіне құжаттарға арнайы белгі қойылып операциялардың дұрыстығы бекітіледі. Осындай сабақтастық жолмен орындалған мемориалдарға жазылған, тиісті жауапты адамдардың қолдары қойылған құжаттар арнайы қабылданған тіркеу журналдарына тіркеліп отырады. Бұдан соң тіркеу журналдарына жазылған мәліметтердің (цифрлар) жинағы синтетикалық және аналитикалық счеттар жинағын, жазуға арналған Бас кітапқа жазылады. Қажет болған жағдайда Бас кітапқа жазылған мәліметгерге қарай синтетикалық счеттар бойынша айналым ведомстысы жасалынады. Егер айналым ведомстысы бойынша шығарылған қалдық сомалардың дұрыстығына көз жеткен жағдайда бухгалтерлік баланс құрылады.
Мемориалды-ордерлі үлгі негізінде жүргізілетін аналитикалық счеттардың мәліметтері арнайы жасалған есеп карточкаларьша, кітаптар мен бас қағаздарға жазылып отырады. Сонымен катар синтетикалық счетгардағы мәліметтерді жіктеп, жетілдіру мақсатында барлық қолданылған аналитикалық счеттар бойынша қалдық ведомстысын жасау кажет. Жекелеген аналитикалық счеттардағы мәліметтер жинағы синтетикалық счеттардағы жинақталған мәліметтермен дәлме-дәл болса, онда счеттар бойьшша жазылған сомалардың дұрыстығы дәлелденіп, айналым сомалары мен қалған қалдық сомалар өзара салыстырылып тексеріледі. Айналым жинақтары мен қалдық сомалардың дұрыстығы, счеттар бойынша жазылған шаруашылық операцияларының да дұрыстығын дәлелдейді.
Сонымен мемориалды-ордерлі есеп үлгісі бойынша жүргізілетін есеп регистрлары сыртқы пішіні мен мұндағы жазылатын жазулар маңызын салыстырып қараған жағдайда қарапайым, күрделі емес жазулар жазылатындығы қарастырылған. Негізінен бүл үлгі шағын кәсіпорындар мен шаруашылық операциялары аз көлемде болып отыратын шаруашылық субъектілері үшін арналған. Бухгалтерлік есеп тежірибесін салыстырмалы түрде зерттеу мен баскқ да есеп үлгілерін қолдану артықшылықтарына қарағанда мемориалды-ордерлі үлгінің кемшіліктері анықталған. Мысалға, бір ғана шаруашылық операциясының мәліметі есеп регистрларына, синтетикалық және аналитикалық счеттарға, бухгалтерлік есеп кітаптарына қайталап жазылып отыратындығы дәлелденген. Қайталап жазудың нәтижесінде қателер жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар осы үлгіге сай баланс пен қорытынды есеп жасау үшін көптеген қосымша материалдар мен қүжаттар жасауға тура келеді. Алайда нарықтық қатынастарға тән қалыптасып келе жатқан шағын кәсіпорыңцар мен шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтар үшін мемориалды-ордерлі үлгі бойынша жүргізілетін есеп ыңғайлы болып танылды. Бүл үлгінің қайталанып жазылатын жақтарын азайтып, өзгерістер енгізіп, нарықгық қатынастарды жан-жақты көрсететіндей мәліметтер енгізудің маңызы зор.
Бұл үлгінің ең маңызды бағыты - кез келген шаруашылық фактісі Бас кітапқа тек қана тіркеу журналының негізінде ғана жазылады. Счеттардың дебеттік және кредиттік айналым қалдықтарын есептеу негізінде бухгалтерлік баланс мәліметгер мен ақпараттарды өңдеу, пайдаланушыларға даярлап беру үшін компьютерлік технология кеңінен қолданыла бастады. Бухгалтерлік есеп бухгалтерияда атқарылатын есеп-хисап жұмыстарын компьютерлеудің негізінде еліміздегі есеп жүйесіне біршама өзгерістер енгізіліп келе жатыр. Бухгалтерияға тән құжаттарды толтыру, бұлардың толықгығы мен дұрыстығы, жазылатын мәліметтердің сапасы, операцияларды ақшалай бірлікке айналдыру, т.б. жүмыстарды компьютерлеудің маңызы өте зор. Есеп объектлерінің барлығына, номенклатуралық шығын баптарына, цехтар мен учаскелерге, қоймаларға, синтетикалық счеттарға, материалдарға, табельдерге, жеке адамдарға арнайы кодттар беріп нөмірлеп, мүның барлығын да компьютерге түсіріп, ай сайын болатын өзгерістерді қосымша жазып есептеу, компьютер арқылы мәліметтер жинақтау есеп жүмысының өнімділігін арттырып, жұмсалынатын шығындарды біршама азайтатындығын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік есеп жүмысын компьютерлеу, компьютерлік арнайы бағдарлама жасау, бұларды есеп жұмысына кеңінен қолдану есеп жұмысының сапасы мен жеделдігін арттырады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп өрісінде жинақталған ақпараттарды экономикалық және қаржылық бағытга талдау мен шешім қабылдау тұрғысындағы көп мәселелер жеңілденеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында
құжаттарға жазылған кейбір маңызды экономикалық
ақпараттарды бәсекелестердің пайдаланып
кетпеуі үшін оны құпия сақтау керек. Маңызы
жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды
құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының
айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы
міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан
өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру
шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға
байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып
немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге
міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары
арасында жасалған келісім-шартта осы
ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау
жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде
міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын
құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске
асырылып отыруы керек.
Ұйымдардағы бухгалтерлік
есепті компъютерлік технологиямен жүргізілуіне
байланысты ақпараттар құпиясын сақтау
мақсатында компъютерге басқалардың кірмеуі
керек. Компъютерлік ақпараттарға бөлек
адамдардың кірмеуі үшін арнайы кіліттер,
парольдер (атқарушының дауыс ерекшелігі,
саусағының таңбасы) қолданылуы керек.
Ақпараттар құпиясын сақтау барысында
шаруашылық операцияларын компъютерге
енгізу алдында бұларды арнайы шифрлармен
белгілеп, шығару кезінде шифрларды жою
керек.
Сонымен ұйымдарда жасалынатын
құжаттардың коммерциялық құпиясын сақтау
үшін компъютерлік арнайы бағдарлама
құрылады. Мұндай бағдарлама ұйым экономикасының
қауыпсіздігін қамтамасыз етеді. Коммерциялық
құпияның сақталуын қамтамасыз ету шараларына
ақпараттар ағынын тексеру мен пайдаланушылардың
тізімін арнайы категория мен уәкілдік
етуші топтарға бөлу керек. Ұйым басшысы
мен бас бухгалтері ақпараттар жүйесіне
кірушілер мен уәкілдік етушілердің қыэметін
тексеріп, қажет болған жағдайда шектеу
шараларын белгілейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Н.Қ.Қабылова
Ш.А.Доспалинова
Е.Н.Оразалинов
Бухгалтер ( Бухгалтерлік есеп негіздері)
Астана : Фолиант.
2. С.Б. Баймұханова
Ә.Ж. Балапанов.
Бухгалтерлік есеп.
Алматы-2001.
3. Қ.К. Кеулімжаев
Н.А. Құдайбергенов
Бухгалтерлік есеп теориясы
және негіздері.
Алматы
Экономика
2006008.-210 бет