Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:42, курсовая работа

Описание работы

Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
I.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру................................................................3
1.1.Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық
және әдістемелік қамтамасыз етілуі..............................................................
1.2. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері..............................................
II-Tарау. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
негіздері мен жалпы принциптері............................................................. 5-11
I.1. Бухгалтерлердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы...12-17..
I.2. Бухгалтерлік есепті жүргізу үлгілері....................................................18-21
Қорытынды ...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.docx

— 61.39 Кб (Скачать)

Мүның барлығын да сапалы даярлаған, іс-тәжірибеден өткен кәсіби бухгалтерлер атқаратындығы, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар бухгалтерлік есеп ұйымдастыруды жеттлдірудің жолдарьш белгілеуді, бақылау мен тексеруді, талдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығы белгілі бола бастады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  мен жетіддірудің түпкі мақсаты қандайда шаруашылық субъектілері болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықгық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды сақгау болып табылады.

Осы жоғарыда қойылған үлкен  дәрежедегі ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін, еліміз бойынша бухгалтерлік есепке тән төмендегідей кезеңді жұмыстар атқарылуында бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің жолдары белгіленуі керек. Бүларға:

1). Бухгалтерлік есеп  қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану.

2). Бухгалтерлік есеп  пен қорытынды есеп жөніндегі  қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірілген есеп принциптерін сақтау.

3). Қаржылық және басқарушы  (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің әрбір кәсіпорындарға тән ұйымдастыру бағытын жасау.

4). Бухгалтерлік есеп  жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап, мұның өзін менеджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын үйлесімді жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының бағытын негіздеу.

5). Есеп пен есептеу  жүмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшандату және пайдаланушылар талабын орындау.

6). Көсіпорындардағы бухгалтерлік  қызмет аткдрушыларды даярлау мен қайта даярлау, бүлардың кәсіби білімін жетілдіру.

Ендігі жерде осы  жоғарыда айтылған бухгалтерлік есеп жүмысын ары қарай жетілдіруге байланысты қойылған талаптардың қысқаша маңызына тоқталған жөн.

Еліміздегі бухгалерлік  есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің қүқығын негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің жағдайын, сондай-ақ есеп үрдісін үйымдастырудың негізін салғандығын білген жөн. Кімде-кім

болмасын есеп-хисап  жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актлерді күнделікті басшылықкд алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бүлардың жіктелуі, меншіктің түрлері акционерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң актлерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білу қажет.

Бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық деңгейде қабылданған негізгі әдістер мен есеп жүргізудегі бағыттар жөніндегі (принцип) жинақталған құжат болып табылады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мүның маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу объектілері орталықгандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепке тән  нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің жекелеген түрлерінің (мысалға, амортизация есептеу, құндылықтарды бағалау, өнімнің өзіндік құнын шығару, пайыздық ставкалар белгілеу т.с.с.) өрісінде қолданылады.

Кәсіпорындарда атқарылатын  шаруашылық қызметтер мен технологиялық ерекшеліктерге сай, сондай-ақ бұлар өздеріне тән жәңе ыңғайлы болып танылған есеп саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нүсқаулар енгізуіне болады. Ішкі ереже-нүсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей байланысты болады.

Нарықтық қатынастар жүйесінің  заңдылығы мен коммерциялық кұпияның сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде жариялана бастады. Осыған орай еліміздегі есеп жүргізу үрдісі қаржылық есеп және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді. Кдржылық есеп пен баскарушы есеп өрісі, бұларды қолдану мен қалыптастыру бағыты жекелей дамитын болды.

Қаржылық есеп қаржы  жөніндегі қорытынды есеп (отчет) ақпараттарын пайдаланып, арнайы шешімдер қабылдау мақсатында жасалынады. Есепгің бұл түрі тиісті заң актілері мен стандарттарға, сондай-ақ мемлекетгік органдардың ресми қабылданған басқа да нормативтік қүжаттары негізінде жүргізіледі.

Басқарушы (өндірістік) есеп кәсіпорын қызметі мен өндірісін тиімді басқару және осы және болашақтағы кезеңдерде арнайы шешім қабылдау сатылған өнімдердің қаржылық нәтижесін шығару, жаңа технология енгізу мен мұның тиімділігін есептеу, маркетингтік шешім кабылдап, өндірілген өнімдерді, кімге, қашан, қаншаға сататындығы жөнінде шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі. Басқарушы есептің әдістемелік жолдары кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне карай жасалынады.

Қаржылық және басқарушы  есеп жүйесінің екі бағыттағы  мақсатіы іске асыруына байланысты бухгалтерлік есеп счеттары да екі қатарлы: бухгалтерлік баланс жасау үшін қолданылатын қаржылық есептегі счеттар, басқарушы есепте қолданылатын операциялық счеттар болып классификацияланады.

Есеп пен маркетингтік жүйе арасында үйлесімді негіз қалыптастырып, жүйелі түрдегі есеп акпараттарын өндірілген өнімдерді сатуға байланысты негіз қалыптастырудың атқаратын рөлі зор. Нарықтық қатынастар заңдылығына тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші кәсіпорындар базарлы сауданың жеңімпазы болғысы келетіндігі рас. Сондықтан кәсіпорындар тұрақгы сатып алушылар іздеп, бүлардың төлём өтеушілік қабылеті мен беделі және атағын зерттейтіндігі мәлім. Осыған орай әрбір тауар өндірушілер өз еліміздегі және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын халықтар тобын зерттеп, сату нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлар өндірудің бұларды жеке саудаға салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалық және стратегиялық шешімдер қабылдау түрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік есеп мәсіметтерін кеңінен пайдаланып, мүның негізінде нәтижелі талдау жұмысын ұйымдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің соңғы кезеңіне жатады.

Бухгалтерлік есепті компьютерлік жүйеге көшіру, есеп жүмысына жұмсалатын шығындарын азайтып, тез арада кажетті ақпараттар ағынын қамтамасыз етеді Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықган кәсіпорындар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарын, ақпараттарды тіркеу және т.б. ақпараттарды механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір кәсіпорында бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өндеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі туындайды.

Зерттеулерге қарағанда, алдымыздағы жақын кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша шамамен 200 мыңға жуық бухгалтерлер мен аудиторлардың білім дәрежесін жетілдіріп, бұларды қайта даярлау керек. Қазіргі кезеңде бухгалтерлік есеп пен аудит мамандығын тек жоғары жаңадан құрылып келе жатқан кәсіби бухгалтерлердің институтында даярлаған жөн.

Сапалы және кәсіби жағынан  білімді даярланған бухгалтерлер осы заманның шешуші түлғасына айналды.

Бухгалтерлер  мен аудиторлар, т.б. қаржы мен  салық жүйесінде қызмет атқарушы мамандар даярлау және бұларды қайта даярлау, білімін жетілдіріп отыру үшін сапалы шығарылған оқулықтар мен оқу құралдар қажет. Бұл проблема күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Әсіресе мемлекеттік тілде жазылған іргелі оқу құралдары мен оқулықгар жүйесін жасай алмай келеміз. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа сай жүргізілуіне байланысты халықаралық стандарт талабына сай мамандар даярлауға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жоқ. Бухгалтерлік есеп мамандарын даярлауды қалыптастырушы жекелеген пәндер бойынша оқулықгар мен кітаптар шығару, оқыту процесіне қажетті электронды оқулықтар пайдалану, аудио-көру, т.б. ақпараттық ағын қалыптастыру мәселелерін шешіп отырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік  есеп мамандарының кәсіби түрғыда аса жоғары деңгейде болуы, бұлардың  ұйымдастырушылық  қабылетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етуі, нарықгық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.

 

I.1 Бухгалтерлердің   атқаратын  міндеті  және  бухгалтерия

құрылымы

Арнайы білімі мен тәжірибесі бар бухгалтерлер белгілі бір  интеллекгуалды ортада қызмет атқарады. Өзінің білімі мен тәжірибесіне сенген бухгалтер, біріншіден сапасы және сенімді жұмыстар атқаруы, екіншіден, атқарған жүмысының нәтижесіне қанағаттануы, үшіншіден, атқарған жүмысының маңызы мен сапасына қарай өз еңбек ақысьн көбейтіп огыруды арттыруды мақсат тұтады. Ал меншік иесі, немесе кәсіпорынның басшысы көп мөлшерде пайда табуды бірінші кезекке қояды. Алайда түскен табысқа салынатын салық жүйесінің қатаңдығына байланысты, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері салық төлеуден қашып, түскен табысты жасырудың жолдарын  қарастырады.

Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлер өз міндетін жақсы және сапалы жұмыстар атқарып, қабылданған заң актлері мен нормативтік ереже-нұсқауларды қатаң сақтауы керек. Бухгалтерлік есеп ережелері мен әдістемелерді дәлме-дәл орындап, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін қатаң сақтау кәсіпорындардағы бухгалтерлердің міідетті ісі болып табылады.

Жалпы сипаттаған жағдайда бухгалтерлер өздеріне тапсырылған міндетті жұмыстар атқарып, есеп объектлеріне тән бастапқы құжаттардан туындайтын ақпараттарды жинақтап, қойылған тәртіпке сай қорытынды есеп жасап, мүның өзін тиісті органдарға тапсырады. Аталмыш жұмыстарды атқару үшін кез-келген кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысы жақсы және сапалы ұйымдастырылуы керектігі бүрын да айтылды. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру жауапкершілігі кәсіпорын басшысының құзырында болады.

Кәсіпорын басшысы есеп жұмысының дұрыс жүргізілуін, барлық бөлімшелер мен мұндағы есеп жұмысын атқарушы қызметкерлерге, сондай-ақ есеп-хисап жұмысына қатысты адамдарға бастапқы құжаттар жасаушы жауапты түлғаларға жақсы жағдай туғызуы керек. Кәсіпорындар өздері еңбек ұйымдастыру және қаржы қалыптастырудың түрі мен технологиялық ерекшеліктеріне, шаруашылық қызметінің бағытына карай бухгалтерлік есеп жұмыстарын өздері қалаған әдіс-тәсілдермен ұйымдастыра алады. Бухгалтерлік есеп ұйымдастыру кәсіпорын бухгалтериясында іске асырылады. Бухгалтерияның аппаратын бас бухгалтер басқарады. Кәсіпорын бас бухгалтеріне өз уақытында және сенімді есеп жүргізу, тауарлы-материалды құндылықтардың тиімді жұмсалуы, қаржы ресурстарын қалыптастыру, экономикалық – қаржылық талдауды өз мәнінде жүргізу, болашақгағы жағдай үшін ұсыныс енгізу т.б. экономикалық – қаржылық  мәселелерді үйымдастыру тапсырылады.

Бухгалтерияда атқарылатын  жұмыстар немесе кәсіпорынның бухгалтерлік аппараты өндірістік бөлімшелер және цехтар, баска да бөлімшелер мен басқармалар және есеп беруге міндетті адамдармен тығыз байланыста болуы керек. Нарықтық экономикалық қатынастар бағытын жетілдіру мақсатына сай кәсіпорын бухгалтериясында қызмет атқарушы бухгалтерлер сыртқы қаржы салымшы инвесторлар мен несиелендірушілер, қарыз беруші баска да кәсіпорындар, салық органдары мен қаржылық баскармалар т.с.с. ұйымдармен тығыз байналыс құруы кажет. Барлық бөлімшелерден, жауапты адамдардан, сыртқы тұлғалардан, т.б. түскен қүжаттар, қорытынды мәліметтер, сондай-ақ жоспарлы және сметалық нормативтік материал кәсіпорынның бухгалтериясында өңделіп, белгілі нысандарға сай топтастырылып, сапалы деңгейде ақпараттық жүйе қалыптастырудың негізін қалыптастырады. Сапалы жасалған ақпарат көрсеткіштерін терең талдау, жүйелі түрде тексеру, шаруашылық процесіне баға беру, орын алған фактлер тиімділігін анықтау арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі жөнінде арнайы шешімдер қабылданады.

Бухгалтерлік есеп ақпаратының айырықша атқаратын міндетінің ең негізгісі - тексеру мен бақылау міндетін орындау болып табылады. Бухгалтерлік аппараттың орындайтын тексеру жұмысы алдын ала, ағымдағы және келесі тексеру болып үшке бөлінеді

Алдын-ала тексеру деп - мүмкін болатын шаруашылық операцияларының орьндалуына дейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Аддын-ала тексеру жұмысы ақша-қаражаттарын кіріске алып, бұларды жұмсау, тауарлы-материалды құндылықтар қозғалысы, қаржылық қорытынды нәтижесі, несие алу мен жұмсау, т.б. шаруашылық операцияларының барлығы да кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің қойған қолымен бекітіліп расталады. Сондықтан, кәсіпорынның бас бухгалтері немесе баска да өкілеттілігі бар жауапты адамдар бастапқы қүжаттарға жазылған мәліметтердің зандылығы мен тиімділігін, алдын-ала мүқият тексеруге міндетгі.

Ағымдағы  тексеру деп - шаруашылық операциялары орындалған сәтге немесе мұның артынан іле-шала жүргізілетін тексеруді айтады. Шаруашылық операциялары тіркелген құжаттардағы мәліметтер заңдылық пен тиімділік жағынан тексеріліп, мұндағы қолданылған арифметикалық есептеулер мен бағалау амалдарының дұрыс қолданылғандығы қадағаланады. Құжаттар ағымдағы тексеруден өткен соң, мұндағы мәліметтер бухгалтерлік есеп регистрларына жинақталып жазылады.

Келесі  тексеру деп - шаруашылық операцияларының орындалған сәтінен бастап белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Келесі тексеру есепті кезеңге сай жүргізіледі. Тексерудің бұл түрі кәсіпорынның және осы кәсіпорын құрамындағы бөлімшелер мен қаржы-шаруашылық қызметі өрісінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кейбір есеп объектілері бойынша орын алған шаруашылық операцияларының маңызын он күндік, айлық, тоқсандық, т.с.с. кезеңдер бойынша да тексереді.

Кәсіпорындағы есеп пен  тексеру жұмысын осы кәсіпорын бойынша құрылған бухгалтерия, мұндағы бухгалтерлер атқарады. Бухгалтерия кәсіпорынның ұйымдық құрылымьның ең бастысы болып табылады. Бухгалтерия аппараты кәсіпорын басшысына бағынышты болып, кәсіпорынның атқаратын жұмыстарының көлеміне қарай міндетті қызметтер атқарушы бухгалтерлер тағайындалады. Бухгалтерия жұмысын тиімді қалыптастыру үшін бухгалтерия аппаратын, мұндағы бөлімдерді дұрыс құрып, есеп қызметкерлерін, бұлардың білімі мен тәжірибесіне қарай орналастырудың маңызы зор.

Кәсіпорында ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп түріне (форма) сай бухгалтерлік аппараттың құрылымы деп өзара байланыста болатын ұйымдық тұрғыдағы бөлімдер мен құрылған топтарды, бұлардың құрамы мен біріне-бірінің бағыныштылығын, сондай-ақ атқаратын функционалды міндеттерін айтады. Яғни бухгалтерлік аппарат құрылымы жекелеген бөлімдер мен еңбектің бөлінуіне, бухгалтерияда қызмет атқарушы мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесіне қарай қалыптасады.

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру