Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:23, реферат

Описание работы

Сондықтан кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесіне де жаңа өзгерістер енгізілді. Кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісмін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ
І. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1. Бухгалтерлік есеп құжаттарының маңызы мен ақпараттар жүйесі
1.2. Құжаттардың атқаратын рөлі мен принциптері
1.3. Құжаттарды өңдеу және олардың классификациясы
ІІ. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ ОРНЫ
2.1. Басқару шешімдерін қабылдау кезіндегі ақпараттарға қойылатын талаптар
2.2. Шешім қабылдау кезіндегі ақпараттардың өлшеу принциптері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту.doc

— 116.50 Кб (Скачать)

Келесі талап – қажетті дәлдік. Бұл талаптың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадан сырттағылардың пайдалануы мен кәсіпорынның өз ішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған. «Бухгалтерия» мен «дәлдік» ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары  абсолютті дәлдікті көрсетуі керек. Алайда, кейінгі жылдары кәсіпорын бухгалтерлерінің қарауына берілген есеп саясатында көрсетілген кейбір әдістемелік есептеулер әр түрлі жолдармен орындалып келеді. Мысалы, негізгі құралдарға амортизациялық тозу жарна есептеу тәсілдерінің көптігі, таза пайданы есептеудің бірнеше жолдары сияқты көптеген көрсеткіштерді аса дәлдікпен есептеу қиындық туғызып атқарулар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды бухгалтерлердің, басқа да есеп материалдарын пайдаланушылардың білгені жөн.

Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 26 желтоқсан 1995 жылғы №2732-ші «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Жарлығының 6-бабында –  бухгалтерлік есеп активтер жөніндегі  ақпараттарды жинау, тіркеу және жинақтау жүйесі деп анықталған.

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың төмендегідей сипаттауға болады:

  1. Меншік иелері өз қаражаттарын салып, өздерінің меншігіндегі кәсіпорынды немесе шаруашылық субъектісінің меншікті капиталын қалыптастыра отырып мұның нәтижесінде дивидиент алуды мақсат тұтады.
  2. Кәсіпорын әкімшілігі бухгалтерлік есеп негізіндегіақпараттар жүйесін пайдалана отырып, экономкалық жағынан тиімді шешімдер қабылдап, мұның үшін тиісті еңбек ақыман қатар, сый ақы алуды мақсат тұтады. Бұлар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдап, ішкі және сыртқы резерв көздерін шаруашылық өміріне енгізушілер болып табылады.
  3. Кәсіпорында еңбек етуші жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек объектілеріндегі жұмыстарды атқарып, еңбектің сапасы ман санасына және атқарылатын қызметтердің категорияларына қарай еңбек ақы алып, әлеуметтік жағдайларды пайдаланушылар болып табылады.
  4. Қоюшылар мен сатып алушылар, басқалай клиенттер материалды құндылықтар мен ресурстар қойып, осы кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі экономикалық қатынастарды арнайы жасалған келісім шарт және екі жақты қойылған келісім бағаға қарай орындау үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады. Нарықтық қатынастарға түсуші жақтар екі жақты қатысу үрдісінде бірінің-бірі төлем өтеушілік қабілетін зерттеп білгені жөн.
  5. Несие мен қарыз беруші жақтар кәсіпорынның капитал көздерін қалыптастыру мен айналым қаражатымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендіріп, мұның үшін пайыздық төлемдер алып, кәсіпорынның қалыпты жұмыстар атқарып, экономикалық жағдайының жақсаруңына қызмет атқарады. Бұл қызметтерді атқару үшін сапалы және сенімді жасалған ақпараттар жүйесі қажет.
  6. Отандық экономиканың тұрақтануы мен әлеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз етумен қатар, салық заңдылығн орындау үшін қажетті ақпараттар жүйесін қолдану болып табылады.

 

 

 

2.2. Шешім қабылдау  кезіндегі ақпараттардың өлшеу  принциптері

 

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінде болып отыратын, немесе күнделікті нақтылы орын алған операциялардың мазмұны мен мәліметтерін есептеп, бағалау және счеттар жүйесіне түсіндіру үшін бірнеше өлшеу принциптерін қолданылады. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды өлшеп, тексеру мен бағалау және талдап, зерттеу қызметін жан-жақты іске асыру үшін түрлі өлшеу әдістері болады. Бұлар: ақшалай, натуралды және еңбек өлшемі болып үшке бөлінеді.

Ақша - өлшеу принципінің ең негізгісі. Қызмет атқарушы бухгалтерлердің ненің қанша сомаға сатылып алынғандығын, қанша сомаға өндіріліп сатылғандығын, ненің қолда қалғандығын білуі керек. Сонымен қатар, ағымдағы шаруашылық операцияларының мазмұнын өлшеп, есептеп, бухгалтерлік есеп счеттарына жазып, жекелеген счеттардың жинағын шығарып, бұл жинақтарды қорытынды есепке түсіру сияқты қызметтердің барлығы да ақшалай өлшеу принципін қолдану арқылы іске асырылады.

Жылдық қорытынды есеп баланс және бухгалтерлік есеп жүйесінде  көрсетілетін барлық баптардағы сомалар  тек қана ақшалай өлшеммен жазылады. Жалпы есеп жүйесіндегі баптардағы арифметикалық және басқа да жолдармен өзара салыстырып, қосу, влу, көбейту және бөлу амалдарын пайдалана отырып, аналиткалық жіктеу және кофициенттік көрсеткіштер алуға болады. Коэффициенттік көрсеткіштер талданады, бұлардың негізінде шешім қабылданады.

Еңбек өлшемі - өнім өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсету, жұмыс уақытын белгілеу, еңбек өнімділігін есептеу үрдісінде қолданылады. Бұл өлшем жұмыс күннің саны, сағаты, минуты сияқты уақыт өлшемдерімен өлшенеді. Жұмыс уақытының көрсеткіштері жұмысқа қатнасып, өнім өндірушілерге еңбекақы  есептеу, кейбір категориялар бойынша еңбек етуші адамдарға норма белгілеп, еңбек өнімділігін есептеу үшін қажет. Еңбек өлшемі ең әуелі натуралды өлшеммен байланысты жүреді. Сонымен қатар еңбек уақыты мен өндіоілген өнімнің саны мен сапасына қарай ақша есептелінеді.

Бухгалтерлік есеп жүйесін  өлшеу принципінің түпкі мақсаты  – есепке түсетін барлық фактілер тек қана ақшалай өлшеммен өлшеніп, бухгалтерлік қорытынды есебін жасау. Ақшалай өлшемсіз баланс жасалынбайды.

Бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүргізудің ресми қабылданған ережесі жіне шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорытындысы есебін жасау үшін ақпараттық жүйе қалыптастырудың әдістерін белгілейтін құжат. Бухгалтерлік есеп жүргізудің көптеген әдістерін бірегей жүйеге келтіріп, кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметін ақпараттау мен салыстыру мақсатын орындау үшін қабылданған БЕС атқаратын рөлі өте зор.

Бухгалтерлік баланс жекелеген счеттар қалдығынан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізгі үлгісі болып табылады.

«Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз екі табақты таразы деген ұғымды береді.

Екі жақты кестеден тұратын  кәсіпорынның қаржы жағдайына белгілі  бір мерзімге көрсететін мәліметтер жинағын баланс деп атаймыз.

Баланстың оң жағы кәсіпорындар қаражатының құралуы мен қалыптасқан көздерін көрсетеді.

Екі жақты жазу жүйесі Ренессанс дәуірінде пайда болыпты. Екі жақтылық принципті қолдану  арқылы жазылетын жазуды ойлап тапқан францискан монахы Леонардо да Винчидің жақын жолдасы Лука Пачоли болған. Мұндай жазу 1494 жылдан басталған.

Екі жақты жазу принципі экономикалық заңдылықпен үйлеседі. Мысалға, экономикалық құбылыс не көбейеді, не азайады, не бересің, не аласың, не пайда  болады, не жоғалады. Мұның барлығы  да бірімен бірі тығыз байланысты болатын, бірінің орнын бірі толтыратын құбылыстарға жатады.

Бухгалтерлік есеп счеттары деп кәсіпорынның активті қаражаттары  мен меншікті капитал және міндеттемелер  өрісінде орын алған шаруашылық операцияларының  мазмұның күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, өлшем айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып, арнайы белгіленген счеттарға екі жақтылық принциппен жазуды айтамыз.

Счеттардың атқаратын  міндеті мен рөліне қарай және активті қаражаттар мен меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде күнделікті болып отыратын шаруашылық фактілерін тіркеу қасиетін білу арқылы бухгалтерлік есеп пәнінің маңызын терең түсінуге болады.

Шаруашылықтағы нақтылы  орындалған іс-әрекеттер мен экономикалық қатынастарды құжаттарға түсіріп жазу  бухгалтерлік  есеп жүйесінің негізін құрайды. Бухгалтертерлік есеп шоттарына жазылған және түсіндірілген операциялардың мазмұнын тіркеу принципі деп атайды.

Тіркеу принципі үш кезеңнен: 1) бастапқы құжаттарды бақылау мен  талдаудан; 2) жорналдарға екі жақты  жазудан; 3) бас кітапқа түсіріп екі жазудың хронологиялық жинағынан тұрады. Талдау мен тіркеу және қателерді болдырмау мақсатын шешіп отыру үшін бухгалтерлікесеп жүргізу тәжірибесіне тіркеу жорналы енгізілген.

Қаптап-тіркеу фактісінің негізгі- натуралдық өлшем бірлігіндегі құндылықтар. Натуралдық өлшем бірлігі ақшалай өлшемге айналған сәттен бастап, экономикалық қабатқа түсіп, кәсіпорынның тауарлы – материалды құндылықтарын – ресурстарының жағдайын көрсетеді.

Қаптап-түгендеу принципінің  түпкі мақсаты қолда бар нақтылы  құндылықтар мен бухгалтерлік есеп мәоіметтеріндегі құндылықтардың айырымын, салыстыру ведомостарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаптап-түгендеу оъектісіне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау сандық өлшемді ақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады. Сонымкен, қаптап-түгендеу дегеніміз натуралды қалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады.

Түгендеудің нәтижесінде  артық не кем шыққан құндылықтардың саны мен сомасы, мұндай жағдайлардың себебі анықталады.

Карточкалар деп арнайы сызылған кестелерден тұратын қатты  қағаздан дайындалған үлгі қағаздарды айтады. Карточкалар пайдалануға  ыңғайлы және бұларды  көп жыл сақтауға болады. Карточкалар нөмірленіп, әрбір жекелеген есеп нысандары талабына қарай жасалынады. Мұның мысалы ретінде «негізгі құралдар қозғалысының карточкаларын», ретінде «асыл тұқымды малдар қозғалысының карточкаларын» айтуға болады. Карточкаларға жазылған жазуларды тез  тауып оқуға және бұларды көрнекті жерге қоюға болады. Сонымен қатар материалды құндылықтар есебін жүргізу үшін мүліктік карточкалар қолданылады.  Шаруашылық операциялары орындалғаннан соң әрбір құндылықтардың қалдығы шығарылып, мүліктік карточкаларға жазылады. Мүліктік карточкаларда кіріс пен шығысты және қалдығы шығарылып, мүліктік карточкаларға жазылады. Мүліктік карточкаларға кіріс пен шығысты және қалдықты көрсететін үш бағана болады. Әр бір бағанада құндылықтардың саны мен сапасы жазылады.

Парақ қазадар қолдан жасалған арнайы үлгі қағаздардан тұрады. Бос парқ қағаздарға жазылатын мәліметтер кітаптар мен карточкалар арасындағы мәліметтерді жазуға арналған. Бос  парақ қағаздар карточкаларға қарағанда көлемі жағынан үлкенірек етіліп жасалынады. Егер карточкалар картотекалық ұяларда сақталынса, бос парақ қағаздар кітапша түрінде түптеліп, арнайы белгіленген іс папкаларына тігіледі. Көпшілік жағдайда бос парақ қағаздар кәсіпорын бухгалтериясында жасалып, ішкі есеп жүйесін жетілдіруге арналады.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Барлық елдерде экономикалық жүйенің бизнестік ұясын шаруашылық субъектілері құрайды. Қазақстан Республикасы Азаматтық клдексінде заңды тұлғаларға түсінік беріліп, мұның типтері  мен түрлері, классификациялануы және әр типтің өз ерекшеліктері берілген.

Шаруашылық субъектілеріндегі  бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына  сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс артып келеді.

Сондықтан кейінгі жылдары  бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша  болашаққа кадрлар даярлау мен  қайта даярлау жүйесіне де жаңа өзгерістер енгізілді. Кәсіби бухгалтерлер даярлау  үрдісмін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.

Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы екінші жоғары мамадыққа айналды. Яғни, бухгалтерлік есеп мамандығы өміршең мамандық екендігін және де кәсіпорындарды бухгалтерлік қызмет атқарушылар шешуші тұлғаға айналдырған түсінік. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономиканы талдай білетін негізгі тұлғаға айналды.

Қолданбалы тұлғадан қарағанда бухгалтерлік есеп мамандығы жалпы экономикалық мамандықтар ішіндегі көп тараған мамандықтар қатарында. Сапалы даярланған кәсіби бухгалтерлер экономикалық өмірде іске асырылатын қатынастар мен есеп принциптерін, қаржы, банк істер, талдау мен басқару салаларындағы синтездік байланысты білу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ә. Әбдiманапов. «Бухгалтерлiк есеп теориясы және принциптерi» Алматы, 2001ж.

2. Кеулімжанов  «Бухгалтерлік есеп принциптері»  Алматы, 2004ж.

3. В.К. Радостовец,  Т.Ғ. Ғабдуллин «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003ж.

4. Вон Хорн «Основы управления финансами» Москва, 2002г.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп» жөніндегі заң

күші бар Жарлығы.

6. Селина «Принципы бухгалтерского учета» Алматы, 2003г.

7. Б. Нидлз «Принципы бухгалтерского учета» Москва, 1999г.

8. Ч.Т. Хорнгрен «Бухгалтерский учет: управленческий аспект» Москва, 2003г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту