Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:23, реферат

Описание работы

Сондықтан кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесіне де жаңа өзгерістер енгізілді. Кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісмін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ
І. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1. Бухгалтерлік есеп құжаттарының маңызы мен ақпараттар жүйесі
1.2. Құжаттардың атқаратын рөлі мен принциптері
1.3. Құжаттарды өңдеу және олардың классификациясы
ІІ. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ ОРНЫ
2.1. Басқару шешімдерін қабылдау кезіндегі ақпараттарға қойылатын талаптар
2.2. Шешім қабылдау кезіндегі ақпараттардың өлшеу принциптері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту.doc

— 116.50 Кб (Скачать)

Жоспар:

КІРІСПЕ

 

І. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР ЖҮЙЕСІ

1.1. Бухгалтерлік есеп  құжаттарының маңызы мен ақпараттар жүйесі

1.2. Құжаттардың атқаратын рөлі мен принциптері

1.3. Құжаттарды өңдеу және олардың классификациясы

 

ІІ. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ ОРНЫ

2.1. Басқару шешімдерін қабылдау кезіндегі ақпараттарға қойылатын талаптар

2.2. Шешім қабылдау кезіндегі ақпараттардың өлшеу принциптері

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы, басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені жлйды. Бухгалтерлік есеп – бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалайтындығына кәсіпкер бизнесмендер, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі-жиі өзгеріске түсетін болды. Мұның барлығы да нарықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған заңдылық.

Бұл күндері экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және санаға сиярлық тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор болып табылады.

Барлық елдерде экономикалық жүйенің бизнестік ұясын шаруашылық субъектілері құрайды. Қазақстан Республикасы Азаматтық клдексінде заңды тұлғаларға түсінік беріліп, мұның типтері мен түрлері, классификациялануы және әр типтің өз ерекшеліктері берілген.

Шаруашылық субъектілеріндегі  бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс артып келеді.

Сондықтан кейінгі жылдары  бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша  болашаққа кадрлар даярлау мен  қайта даярлау жүйесіне де жаңа өзгерістер енгізілді. Кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісмін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.

Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы екінші жоғары мамадыққа айналды. Яғни, бухгалтерлік есеп мамандығы өміршең мамандық екендігін және де кәсіпорындарды бухгалтерлік қызмет атқарушылар шешуші тұлғаға айналдырған түсінік. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономиканы талдай білетін негізгі тұлғаға айналды.

 

 

І. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР ЖҮЙЕСІ

1.1.  Бухгалтерлік есеп құжаттарының маңызы мен ақпараттар жүйесі

 

Бухгалтерлік қызмет атқарушылардың түпкі мақсаты басқару  жүйесін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ұрлық пен коррупцияны болдырмау, мүліктер мен құндылықтардың дұрыс сақталып, жұмсалуын бақылау мен тексеру үшін ішкі аудит жұмысын жолға қою. Сонымен қатар бухгалтерлер міндеті кәсіпорынның пайда мен табыс түсіру жолдарын жоспарлау, шығындарға смета жасап, нормативтік шектеулер қою. Бухгалтерлердің негізгі міндеті – бастапқы құжеттардың тұрғысынан тексеру мен құжат айналасын қадағалау, тиісті қаржылық қорытынды құжаттарды дұрыс жасау, салық жөніндегі заңдылықты, жылдық жинақ табыс жөніндегі операцияның дұрыстығын қадағалау. Бухгалтерлік есеп жүйесіне тән жалпы есеп-қисап жұмысын компьютерлік технологиямен өңдеп, есеп жұмысына жұмасалатын шығындарды азайту, қатардағы бухгалтерлердіңбілім дәрежесін жетілдірумен қатар, консультациялық кездесу өткізіп отыру болып табылады.

Бухгалтерлік қызмет атқарушылар тәуелсіз еңбек етуі керек. Бұлар бухгалтерлік жұмыс  атқарушылар емес, өздерінің қызметін көрсетуші кәсіби мамандар болып  табылғаны жөн.

Сонымен қатар бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын даярлайтын оқу орындарындағы кафедраларда мұғалімдердің кандидаттық  және докторлық дәрежелері болып, ізденушілік пен педагогтық қабілеті жоғары дәрежеде болуы керек. Бұл категориядағы ғалымдар мен мамандар жаңалық жаршысы бола тұра, өздері де білім дәрежелерін жетілдіруді мақсат тұтқан жөн.

Білім дәрежесіне, өзінің ақылы мен ойына, алғырлығына  мұқият орындаушылық қабілетіне сенген  бухгалтер өз игілігінен гөрі кәсіпорынның болашағы мен халық игілігіне  қызмет істеуі керек. Сапалы жұмыс атқарған бухгалтер, бұдан қанағаттануы керек және өз еңбегіне қарай еңбекақы алуы қамтамасыз етілуі қажет.

Әсіресе нарықтық қатынастар мен базарлы сауда жағдайында масылға, акционерлер үлкен сомадағы дивидиент алғысы келеді, несиелендірушілер кәсіпорынның төлем өтеушілік қабілетінің жоғары болуын қалайды, ал берешектер қарызын төлемей кетудің жағдайын ойлайды, салық органдары әрбір кәсіпорынның көп мөлшерде пайдамен жұмыс істеуіне тілектестік білдіреді, жұмыс атқарушы қызметкерлер үлкен еңбекақы алғысы келеді, аудиторлар кәсіпорынның жағдайына қызмет көрсеткісі келеді. Міне, осының барлығы да жалпы бухгалтерлік есеп жүйесіне қойылған талап қана емес, орындаушы бухгалтерлерге қойылатын талап екендігін түсінген жөн.

Сонымен, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесі кәсіпорын деңгейіндегі  есепке байланысты орындалатын және шешілетін мәселелер қойса, бұларды шешіп, түпкі мақсатқа жеткізу бухгалтерлер мен есеп-хисап жұмысын атқарушылар екендігін әркім біліуі керек.

Шаруашылық субъектілері, меншік иелігінің кез-келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші құқылы тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы, алған міндеттемелері, өндірген дайын өнімдері, тауарлы-материалды құндылықтары, негізгі құралдары мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жүргізу экономикалық қатынастардың басты мәселелеріне жатады. Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн. Экономикалық қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән, мән мен мағына, алғы шарт және міндетті түрде орындауға тиісті үрдіс.

Бұл мақсаттар мен  міндеттердің нақтылы іске асатындығын  есептеп, ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Бухгалтерлік есеп жұмысы экономикалық кезеңді қатынастарды, көрсетеді және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп базарлы сауданы, технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты, кәсіпкерлік қатынастарды,  бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді хабарлап, талдап, мұның негізінде тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны, өз әдісі мен принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептінң  алғы шарты экономикалық қатынастарға, мұның өзін теориялық зерттеуге, басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтын ерекше пән болып табылады.

Қандай да болмасын есеп ақпараттары мен көрсеткіштерін мұндағы цифрларды экономикалық маңызы бар мәселелер деп қараған жөн. Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде табу мен қолдану және түсіну үшін ақпараттар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен мәліметтер даярлайды.

Нарықтық қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп, қол  ұшымен жалғасып, коррупциялық әрекеттерге  барушы және жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде  де бухгалтерлік есептің атқаратын  ролі зор. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза еңбек етуі керек. Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон кеңістігі мол. Сондықтан экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, халықтың сұранысы мен тұтынысын зерттеу, базарлы саудаға тәнн шешім қабылдау, тексеру мен бақылау жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапйымдау, орынсыз қағазбастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі өз мәне мен мақсатын жоймайтын болуы керек.

Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі-мәтін, есеп регистрлары және қорытынды есеп көрсеткіштері т.б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым, түсінікті болуы керек.

Ендігі жерде бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы  мақсаттары мен талаптарын шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталған жөн. Жалпы қабылданған тәжірибеге қарағанда, сонымен қатар жылдар бойы қалыптасқан және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің бақылау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге асырады.

Бақылау принципі деп – шаруашылық жүргізушілердегі фактіні немесе объектіні көзбен көріп, бақылап түгендеу деп айтамыз. Өлшеу деп-натуралдық өлшем тұрғысындағы есеп объектісін ақшалай өлшемге айналдыруды айтады. Тіркеу деп – бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.

Сонымен,бақылау, өлшеу  және тіркеу принциптері бірімен-бірі тығыз байланыстқан, бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтас үрдіс.

Бухгалтерлік есептің  маңызы мен мәні және бұл жүйені жүргізу мен аяқтау үрдісі, ең әуелі бухгалтерлік есеп негізін біліп үйренуден, қаржы есебін жүргізу тәсілдерінен, басқару есебіндегі көрсеткіштерді талдай білуден, қаржылық қорытынды есепті жасаудан, сондай-ақ кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін талдаудан тұрады.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі  ақпараттар Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сай кәсіпкерлерге, мамандарға, салық және қаржы салаларындағы  қызметкерлерге т.б. тұлғаларға қызмет көрсетеді. Потенциалды қаржы салымшы инвесторлардың, басқа да несиелендіруші заңды тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат – таза табыстың көлемін арттырып отыру үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі қалыптасқан ақпараттарды хабарлап отыру қажеттігі туындайды.

 Сондықтан, ғылыми тұрғыда жасалған концепциялар мен тәсілдер негізіне сүйене отырып, елімізде қабылданған арнайы ереже-нұсқауларға сай жасалып, жарияланатын қорытынды есеп пен кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есеп, қаржы көрсеткіштерін талдау жүйелерінің арасында үзілмейтін және сабақтастық тұрғыдағы тығыз байланыс құрылуы керек.

Аталмыш мәселелердің ішінен тек қана бухгалтерлік есеп негізін  лқырмандар қауымын үйретудегі бай  тәжірибені жинақтау және Батыс ғалымдары  мен мамандарының жариялаған еңбектерін зерттей отырып, бұған қосымша өз республикамыздың экономикалық өміріне енген халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сай мәсеклелерді қарастыруды жөн көрдік.

Көп сырлы бухгалтерлік есеп өрісінде атқарылатын әдістер  мен тәсілдерді, жасалынатын қорытынды  есеп мәліметтерін, басқа да көрсеткіштер жүйесін көптеген жеке және заңды тұлғалар мен басшы мамандар, т.б. экономикалық үрдіске қатысушылардың көпшілігінің білім дәрежелері осы заман талабына сай лқытып-үйретуге арналған оқулықтар мен материалдар жеткіліксіз.

Түбірі мен түпкі  мақсатын түсінбей жасалған есеп пен  ақпараттық жүйе экономикалық қатынастарды қалыптастырмайды, болашақта түсетін  пайдаға қол жеткізбейді және кәсіпорынның тиімділігін болдырмайды. Жылдар бойы тек бухгалтерлік есептің  счеттарын жүргізушілердің деңгейінде ғана дайындалған мамандар, осы заманғы нарықтық қатынастарды ары қарай жетілдіру бағытында кәсіпорындардың қаржы жөніндегі дтректорлық, шын мәніндегі бас бухгалтерлік, қаржылық нәтижені талдаушының қызметтерін толығымен атқара алмай келеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесін іске асырушы мамандардың көпшілігінің бастапқы білім дәрежелері осы кездегі кәсіби мамандыққа сай емес, бұлар есеп жүргізудің ереже-нұсқауларының маңызы мен талабын жете түсінбейді, есеп байланыстарды, сондай-ақ жылдық баланстағы әрбір баптардың экономикалық мақсаты мен маңызын толық біле бермейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, басқа да заңды тұлғаларда атқарылатын  іс-әрекеттер мен қызметтер мамандардың  бірлесіп еңбек етуінің негізінде  орындалады және қойылған мақсаттар мен экономикалық мүддені қамтамасыз етеді.

Сонымен кез келген кәсіпорындар мен материалдық және еңбек ресурстарын, басқа да сырттан көрсетілген  қызметтерді, ғимараттар мен жабдықтарды  т.с.с. пайдаланады. Яғни қаржы көздерін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Қаржыландыру көздері мен бұлардың әдістері, ресурстардың көлемі мен қозғалысы жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі мәліметтер мен ақпараттарды пайдалана отырып, басқару өрісіндегі шешімдер қабылданады және мұндай ақпараттар сыртқы пайдаланушылар үшін де өте қажет.

Нарықтық экономика  заңында бухгалтерлік есепті – «бизнестің тілі» деп те атайды. Халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттары талабына қарай бухгалтерлік есеп жүйесіне негізінен  үш критерий қойылған. Бұлар шындықты, жан-жақты объективтілікті және іске асыралатындықты сенімділікті принциптерге жауап беруі керек.

 

 

 

1.2. Құжаттардың атқаратын  рөлі мен принциптері

 

Шаруашылық жүргізу  фактысының алғы шарты құжаттау болып  табылады. Бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу үшін арнайы модельденген үлгілі құжаттарға шаруашылық опарацияларының көрсеткіштері міндетті түрде жазылады. Үлгілі құжаттарға жазылған мәлімететр мен ақпараттар логикалық іс-әрекетке жауап беретіндей тіркеліп, тек шындық операцияларды көрсетуі керек.

Шаруашылықтағы нақтылы  орындалған іс-әрекеттер мен экономикалық қатынастарды құжаттарға түсіріп жазу бухгалтерлік есеп жүйесінің негізін  құрайды. Бухгалтерлі есеп шоттарына  жазылған және түсірілген операциялардың мазмұнын тіркеу принципі деп аталады. Яғни бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттарға ғана бағынышты. Құжататрға түспеген жазулар – жоқ жазулар. Тіркеу принципіне тікелей сүйене отырып, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарды ажыратуға болады. Тіркеу принципі тек қана құжаттар негізіне сай орындалатындықтан және құжататрдың құқықтық қасиеті болатындықтан әрбір жазу мен тіркеудің дұрыстығы үнемі тексеріліп отыруы қажет. Құжаттардың дұрыс орындалып, есеп шоттарына тіркелген операциялардың шындығын бақылап отыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесінде түгендеу принципі қолданылады.

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту