Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.

Содержание

Кіріспе................................................................................3-4
1.Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері......5-10
2.Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) шоттары...........................................................................11-12
3.Екі жақты жазу жүйесі ..................................................13-14
4.Бухгалтерлік баланс пен шоттар арасындағы байланыс..........................................................................15-16
5. Шоттарды жіктеу..........................................................17-19
6. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау...................20-22
Қорытынды...........................................................................23
Қолданылған әдебиеттер.........................................................24

Работа содержит 1 файл

608 Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу.doc

— 121.50 Кб (Скачать)

Процестер мен нәтижелердің шоттары төменде көрсетілгендей бөлінеді:

Жинақтау-бөлу шоттары. Төлем немесе аудару сәтінде тиісті объектілерге тікелей жатқызылмайтын шығындар мен кірістерді жинау үшін қызмет етеді.

Калькуляциялық  шоттар. өнім өндірісімен, орындалған жұмыспен, өнімнің, жұмыс материалдарының өзіндік құнын есептеу мақсатымен көрсетілетін қызметпен байланысты барлық шығындарды есепке алу үшін арналған.

Кіріс шоттары – негізгі және негізгі емес іс-әрекеттен түскен кіріс. Пассивтік, кредит бойынша шоттар кіріс есептеуді көрсетеді, жыл соңында олар қорытынды кірісті ұлғайту үшін есептен шығарылады.

Транзиттік  шоттар. Бір элементті шығындарды есепке алу үшін қолданылады. Ай соңында калькуляциялық шоттар есебіне қосылады. Калькуляциялық шоттар исияқты бұл шоттарда да қалдық болмайды, ай соңында 21 бөліктен басқасы жабылады.

Шығын шоттары. Құрылымы бойынша активті, дебит бойынша шығын өскенін көрсетеді, жыл соңында барлық шығын жиынтық кірісті азайтуға арналып есептен шығарылады.

Қаржы-нәтижелік. Дебит бойынша субъектісінің шығыны, ал кредит бойынша – кірістер көрсетіледі. Кредиттік қалдық кірісті, дебиттік шығынды көрсетеді. Бұл шотта сальдо болмайды, өйткені есепті кезең соңында алынған айырма есептен шығарылады.

Тысқары шоттар осы кәсіпорынға тиесілі емес жауапты сақтауда немесе уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді. Оларды кәсіпорынға тиесілі құралмен бірге есептеуге болмайды. Тысқары шоттарға қатысты барлық операциялар екі жақты жазумен емес, бір жақты, тек дебитпен немесе кредиттен ғана көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

 

Шоттардағы  айналым және шаруашылық құралдарының қалдығы мен олардың көздері  туралы алынған мәліметтер бухаглтерлік есеп беруді құрастыруға және ұйымның шаруашылық қызметіне бақылау жасап отыру үшін, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық әл-ауқатына талдау жасау үшін пайдаланылады. Сондықтан олар анық, түсінікті және дұрыс болуы тиіс. Есеп беретін уақыт аралығында бухгалтерлік есеп құжаттарындағы жазуларда әр түрлі дұрыс емес соманың көрсетілуінен соманың тек бір ғана шотта көрсетілгендігін, бір жазудың екі рет көрсетілуінен және тағы басқа себептерден қателіктер жіберілуі мүмкін. Бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеріп отыру үшін, сонымен қатар басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін жинақталып қорытылған мәліметтердің болуы қажет. Есептік ақпараттың әдетте ай соңында жүргізілетін қорытындылау әдістерінің бірі – шот бойынша айналым тізімдемелрін құру.

Айналым тізімдемелрі кесте түрінде көрініс алады, оның бірінші бағанасында кәсіпорында  жүргізілетін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың аттары жазылады да одан кейінгі үш пар бағанада:

  • Есеп беру кезеңінің басындағы шот бойынша қалдықтар;
  • Есеп беру кезеңі үшін шот бойынша дебиттік және

кредиттік айналым;

  • Есеп беру кезеңі соңындағы немесе келесі кезеңнің басындағы шот бойынша қалдықтар көрсетіледі.

Жалпы айналым  тізімдемелрін құру үшін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың мәліметтері айналым тізімдемесіне бастапқы қалдық ретінде активті шоттың қалдығы дебиттік бағанға және пассивті шоттың қалдығы кредиттік бағанаға жазылады. Айналым тізімдемесінің қорытындыларын есептегенде, яғни жиынын есептегенде үш пар бағананың дебиттік және кредиттік бөліктері өзара тең нәтиже береді. Оны тізімдемесіндегі айналым балансы деп те атайды. Бастапқы қалдықтың қорытындыларының теңдігі есеп беру кезеңінің басындағы баланста көрініс алатын шаруашылық құралдары сомасының олардың қорлану көздерінің сомасына тең болуымен түсіндіріледі. Дәо осылайша соңғы қалдық қорытындыларының тең болатындығын түсіндіруге болады. Ай бойғы айналым қорытындыларының тендігі есепте екі жақты жазуды қолданумен түсіндіріледі. Ал бағаналардағы дебиттік және кредиттік қорытындылардың өзара тең болмауы шаруашылық операцияларының жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттарда дұрыс жазылмауы немесе сомаларды есептеу кезінде қателіктер жіберілгендігін көрсетеді. Егер бастапқы қалдық қорытындылары тең болмаса, онда баланстан бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріліп жазылмағаны немесе баланс дұрыс құрастырылмағаны деп түсінуге болады. Егер ай бойғы айналым қорытындылары тең болмаса, онда қателікті екі жақты жазу принциптерінің бұзылуынан іздеу керек (жазу тек бір шотта жазылған немесе шоттарда әр түрлі сома жазылған). Бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріп жазылып, екі жақты жазу принциптері дұрыс орындалған жағдайда есеп беру кезеңінің соңындағы қорытынды соманың тең болмауы, тек есеп беру кезеңінің соңындағы қалдықтың дұрыс есептелмегендігінен болуы мүмкін.

Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) және талдамалық есеп жүргізудің дұрыстығын тексеру  үшін талдамалық шоттар бойынша жасалған айналым тізімдемесінің бастапқы және соңғы қалдық сомаларын, сонымен  қатар кірісі мен шығысының сомаларын жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттар бойынша айналым тізімдемеде бастапқы және соңғы дебиттік, сондай-ақ кредиттік қалдық сомаларының және айналым сомаларының өзара тең болуы жүргізілген талдамалық және жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) есептің теңдігін растайды. Бұл кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорының сақталуына және дебиторлар немесе кредиторлармен есеп айырысуына бақылау жасауда үлкен рөл атқарады.

Кәсіпорын өз қызметінің айналымы туралы бұдан да толығырақ мәліметті шахматтық айналым тізімдемесін қолдану арқылы ала алады. Тізімдеменің бұл түрі операциялардың мазмұнын ашуға және шот корреспонденциясының дұрыстығын тексеруге қызмет етеді. Жалпы бухгалтерлік есепте шоттардың дебиттік айналым сомасы шоттардың кредиттік айналым сомасына тең болуы қажет.бұл теңдік шоттардағы екі жақты жазу принципімен қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысымды  қорытындылайтын болсам, кәсіпорынды оперативті басқару үшін белгілі бір кездегі шаруашылық реусртары туралы бухгалтерлік баланс беретін мәліметтер жеткіліксіз, сондықтан шаруашылық қызмет пен жоспарлы түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б. нәтижелерін күнделікті білу қажет. Шоттардың көмегімен есептің бір текті объектілерін, сондай-ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады. Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. әрбір жекелеген шотта есепке алынған объектінің бастапқы жағдайы, кейіннен, оның өзгеруі тіркеледі. Бұл экономикалық біртекті құралдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет процестері мен қорытындыларының жаңа жағдайын кез келген сәтте анықтауға мүмкіндік береді.

Шаруашылық  операцияларды бейнелеп көрсету  тәсілі ретінде екі жақты жазу өндірісте болатын барлық шаруашылық процестерін есептеу үшін қолданылады. Екі жақты жазу ақшалай бағасы бар шаруашылық операциялар ухгалтерлік есебі шотында бейнелеп көрсету тәсілін білдіреді, олар шаруашылық құралдарында, олардың шығу көздерінде және шаруашылық-құқықтық қатынастарда өзара байланыс туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов -  «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері»

 

  1. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов – «Бухгалтерлік есеп принциптері»

 

  1. В.Л.Назарова - «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп»

 

  1. Ә.Әбдіманапов – Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»

 

  1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген.

 

  1. Ә.Әбдіманапов   «Бухгалтерлік есеп теориясы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу