Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 12:49, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Кіріспе................................................................................3-4
1.Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері......5-10
2.Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) шоттары...........................................................................11-12
3.Екі жақты жазу жүйесі ..................................................13-14
4.Бухгалтерлік баланс пен шоттар арасындағы байланыс..........................................................................15-16
5. Шоттарды жіктеу..........................................................17-19
6. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау...................20-22
Қорытынды...........................................................................23
Қолданылған әдебиеттер.........................................................24
Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түріне және мәліметтермен қамтамасыз етілуіне қарай жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот негізінен бухгалтерлік баланстың баптары негізінде ашылады. Бұл шот арқылы белгілі бір мүлік немесе қорлану көздері тураы жалпылай ақпарат алуға ғана болады. Сондай-ақ шоттың бұл түрінде объектілер тек қана ақшалай өлшеммен көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте шоттардың жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) және талдамалық деп аталатын екі түрінен басқа аралық шот (субшот) деп аталатын түрі де жиі қолданылады. Бұл шот өзінің аталуына сай жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шотқа қарағанда жіктелінген түрде, ал талдамалық деп аталатын шотқа қарағанда топтастырылған түрде қолданылады. Сондықтан да бұны осы екі шоттың ортасындағы, яғни аралық шот – деп атайды. Бұл шотта объектілер тек қана ақшалай өлшеммен есептеліп жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қолданылып жүрген шоттар жоспарында аралық шот қарастырылмаған. Еліміздің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес барлық кәсіпорындар керек болған жағдайда әрбір жинақтамалық (топтамалық,синтетикалық) шоттың ішінен аралық шоттарды өз қалауы бойынша аша беруіне болады. Сондай-ақ әрбір жинақтамалық (топтамалық,синтетикалық) шотқа ашылатын аралық шоттың санына да ешқандай шек қойылмайды.
2. Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) шоттары
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық аналитикалық жіктеу шотарының дебиті мен кредитіндегі айналым сомаларының жинағы синтетикалық жинақтау шоттарының дебиті мен кредитіндегі айналым сомасының жинағымен бірдей болуы керек деген ұғым бар. Яғни аналитикалық жіктеу шоттары синтетикалық жинақтау шоттарының құрамында жүргізілетіндігі есеп тәжірибесін енген. Синтетикалық шот деп – жинақтаушы, ал аналитикалық шот деп – жіктеуші шоттарды айтады. Синтетикалық шоттарды – баланстық шоттар деп те атайды. Баланстық шоттардағы қалдыққа сай бухгалтерлік баланс жасалынады. Синтетикалық шоттарда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер көрсетіледі. Жинақтау тек қана ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Синтетикалық шоттарда жинақталған көрсеткіштер арқылы ұйымдардың активті қаражаттарының жалпы көлемі мен олардың қозғалысын, қорлану көздерінің қалыптасуын, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың жалпы сомасын, сонымен қатар банктерден алынған қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді қайтарудың жағдайы жөніндегі ақпараттар алуға болады.
Синтетикалық және аналитикалық шоттар арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған. Синтетикалық жіктеу шоттарындағы мәліметтерді кеңінен пайдалану арқылы ұйымдардағы әрбір құндылықтардың, мүліктер мен негізгі құралдардың. Тауарлы-материалдық босалқылардың, есеп беруге, есеп айырысуға, өндірілген өнімдер, тауарлар, алынған міндеттемелер мен несиелер, т.б. жекелеген түрлері бойынша мәліметтер алып, экономикалық және қаржылық тұрғыдан талдау жұмыстарын жүргізуге болады.
Сонымен, синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу шоттары арасындағы өзара байланыс негізінде мына төмендегідей қорытындыға келуге болады:
3. Екі жақты жазу жүйесі
Екі жақты
жазу деп – ақшалай өлшеммен өлшенген
бірдей сомадағы шаруашылық фактілерін
бухгалтерлік есеп шоттарына тіркеу
әдісін айтамыз. әрбір шаруашылық фактісі
коммуникациялық принципке
Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Бухгалтерлік есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс болады. Бұған дәлел ретінде ұйымның шаруашылық құралдары мен оның құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шаруашылық операциясын екі жақты экономикалық құбылысқа алып келетіндігін және олардың өзгерістерінің міндетті түрде баланстың екі бабында да бірдей сомада көрсетілуін келтіруге болады. Екі жақты жазу шауашылық операцияларының нәтижесінде бухгалтерлік есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді.
Шаруашылық операцияларды бейнелеп көрсету тәсілі ретінде екі жақты жазба өндірісте болатын барлық шаруашылық процестерін есептеу үшін қолданылады. Екі жақты жазба ақшалай бағасы бар шаруашылық операциялар бухгалтерлік есебі шотында бейнелеп көрсету тәсілін білдіреді, олар шаруашылық құралдарында, олардың шығу көздеріне және шаруашылық –құқықтық қатынастарда өзара байланысқан өзгерістер туғызады.
Екі жақты жазу жүйесі Ренессанс дәуірінде пайда болған. Екі жақты жазу жүйесі шамамен ХІІІ-ХІV ғасырда Солтүстік Италияның кейбір қалаларында пайда болған. Тарихи деректерге қарағанда екі жақтылық бухгалтерияда 1340 жылы Генануда жүргізіле бастаған. Екі жақтылық принципті ойлап тапқан, ең бірінші рет кітапқа түсірген францискан монахы Леонардо да Винчидің жақын досы Лука Пачоли болған. Мұндай жазу 1494 жылдан болған.
Екі жақты жазу принципі экономикалық заңдылықпен үйлеседі. Мысалға, экономикалық құбылыс не көбейеді, не азаяды, не бересің, не аласың, не пайда болады, не жоғалтады. Мұның барлығы да бірімен бірі тығыз байланыста болатын, бірінің орнын бірі толтыратын екі жақтылық құбылыстарға жатады.
Ертедегі Греция мен Италияда ақша қаражаттарына байланысты операцялар, қарыздардың пайда болуы мен өтелуі және алынған міндеттемелер кітаптарға жазылған. Зерттеулерге қарағанда кассалық немесе есеп айырысу кітаптары екіге бөлініп, бірі – кіріс, екіншісі – шығыс операцияларын жүргізуден басталған. Екі кітап жүргізуді қарапайым бір жақты бухгалтерия деп атаған. Бір жақты бухгалтерия құжаттарды өңдеу және тексеру, салыстыру және талдау жасау жұмыстарына толық мәнді жауап бере алмайтын болған. Сонымен қатар есеп жүргізуде техникалық жағынан қателер жіберіліп, шаруашылық операцияларының маңызы мен мақсатын есеп жүргізушілер түсіне алмай, тек қана тіркеушілік жұмыстарды атқарған. Міндет атқарушы есепшілер өздері жіберген қателерді түзету нәтижесінде және өздері жазған жазуларды тексеріп, ары қарай бақылаудың, сондай-ақ жазылған операцияларға айрықша белгі қою нәтижесінде фактілерді екі рет тіркеу әдісі пайда болды. Яғни екі жақты жазу техникасы есеп кітаптарына тігінен жазылатындығы есеп тәжірибесіне негіле бастады. Сонымен, қарызға алынған мүліктер мен ақшалардың сомасы кітаптарға жазылып, олардың өтелуі немесе қайтарылуы жөніндегі мәліметтер тігінен жинақталып, қалдықтар шығарылатын болды.
Шоттар арасындағы байланыс шоттар корреспонденциясы, ал өзара шаруашылық операциялармен байланысқан шоттар – корреспенденттелетін деп аталады. Шоттарға енгізілерден бұрын операциялар есептік формалар жасалады, олар жазбалар қандай шотта жүргізілетінін көрсетеді. Дебиттелетін, кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операцияларының сомасын көрсету бухгалтерлік проводка деп аталады, олар құжаттар негізінде жасалады. Корреспонделетін шоттарға байланысты күрделі және жай бухгалтерлік проводкалар болады. Бір дебиттелетін және бір кредиттелетін шоттардан тұратын жай проводка деп аталады. Бір дебиттелетін және бірнеше кредиттелетін, керісінше, бірнеше дебиттелетін және бір кредиттелетін шоттардан тұратын күрделі проводка деп аталады.
4.
Бухгалтерлік баланс пен
Шоттарға жазылған мәліметтер мен көрсеткіштер арқылы ұйымдарда қалыптасқан активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болып отыратын өзгерістер есебін күнделікті бақылау, олардың дұрыс жұмсалып, сақталуын тексеру және басқару жұмысын тиімді жолдармен шешіп отыру мәселелерін анықтауға болады. әрбір шоттардағы қалған қалдық сомалары негізінде бухгалтерлік баланс жасалады. Яғни бухгалтерлік шоттар мен белгілі бір мерзімге жасалынатын баланс арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған.
Баланстың бастапқы көрсеткіштері негізінде шоттар ашылып, ал шоттардың соңғы қалдығы негізінде баланс жасалынады. Шоттар ашу дегеніміз – алдыңғы кезеңге жасалған баланстағы бастапқы көрсеткіштердің мәліметтерін шоттардың дебиті мен кредитіне түсіру болып табылады. Бұл ережені іске асыру үшін, ұйымның активті қаражаттарының бастапқы баптарындағы сомаларды шоттардың бастапқы дебиттік қалдығына жазу, ал баланстың меншікті капиталы мен міндеттемелері жөніндегі баптарындағы сомаларды шоттардың кредиттік қалдығына жазу керек.
Әрбір есепті жылдың басында ашылған шоттардың қалдығына сай әрбір есепті жылдың аяғында ұйымдар бойынша бухгалтерлік баланс жасалынады.
Алайда әрбір шаруашылық операцияларының мазмұны мен маңызын бухгалтерлік баланс үлгісіне бірінен соң бірін тізбектеп жазу тиімсіз және созылмалы болып, бухгалтерлік есеп жүйесінің тексерушілік қабілетін іске асырмайтындығы, осыдан бірнеше ғасыр бұрын дәлелденген. Шаруашылық жүргізу үшін ұйымдар өрісіде, осындай ұйымдардың көлемі мен технологиялық ерекшеліктеріне сай күнделікті жүздеген операциялар болып жатады. әр күн сайын баланс жасап, ақпараттар жинақтау, көптеген баланс баптарын қайталай беру санаға симайды.
Сонымен қатар, бухгалтерлік баланс мәліметтерінен, мысалға, әрбір алашақтар мен берешектер, жұмсалған шығындар объектілерін қаржы салымшы инвесторлар, өнімдер өндіру үшін жұмсалған шығындар мен өндірілген өнімдер жөніндегі нақтылы ақпараттарды бухгалтерлік баланс мәліметтерінен алу мүмкін емес. Сондықтан бухгалтерлік баланс жүйесінде қайта-қайта баланс жасай бермей, кезеңді түрде, бір жылға бір рет, жарты жылда бір рет, мүмкін әрбір тоқсан сайын жасалатын болып, есеп тәжірибесіне енгізілген.
5. Шоттарды жіктеу
Шоттарды жіктеу бухгалтерлік есеп тәсілінің маңызды элементі ретінде шоттар жүйесін сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерін жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепте қолданылатын шоттар оларда есепке алынатын объектілерінің экномикалық мәні жағынан, міндеті, құрылымдық ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша бірдей емес. Осыған байланысты оларды сапалық біртекті топтарға бөліп жіктеу, топтастыру талап етіледі, бұл шоттардың әрбір жекелеген топтарына тән ерекшеліктерді анықтауға, олардың мазмұны мен есепте қолданылу тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.
Шоттарды екі белгісі бойынша жіктейді:
Негізгі шоттар шаруашылық құралдарының бар-жоқтығы мен қозғалысын, олардың пайда болу көздерін бақылау үшін қолданылады, өйткені оларға есептелетін объектілер шаруашылық іс-әрекеттің негізі болып есептелінеді. Олар шағын топтарға бөлінеді:
Мүліктік. Материалдық құндылықтардың өсуін, жұмсалғанын және қалдығын бақылауға арналған. Бұл қаражаттың түсуі дебит бойынша, шығуы – кредит бойынша көрсетіледі, шот-активті, қалдық-дебиттік. Аналитикалық шот ақшалай және заттай түрде жүргізіледі.
Ақшалай. Банкте, кассада әр түрлі валютамен сақтаулы ақшалай қаражаттың бар-жоқтығын, түсуін бақылауға арналған. Шоттар активті, дебит түсуді, кредит жұмсалуын көрсетеді, қалдық дебиттік.
Инвестициялар акцияларға, басқа субъектілердің жарғы капиталына салынған инвестициялар, сондай-ақ қаржылық инвестициялар. Шот құрылымы бойынша активті.
Меншікті капитал. Шоттар субъектісінің меншікті қаражат көздерінің пайда болуы мен пайдалануын есептеу үшін қолданылады, құрылымы бойынша МКМ-ға жатады. Кредит бойынша шығу көздерінің ұлғаюы, дебит бойынша – ол қаражат көздерінің шығуын бейнелейді. Кредиттік сальдо кәсіпорында қорлардың бар-жоғын көрсетеді.
Есеп шоттар кәсіпорынның дебиторларымен және кредиторларымен есептесулерді есепке алу үшін қызмет етеді. Есептесулердің әр түрлі сипаты бұл шоттардың сан алуан құрылуын және олардың көмегімен әр түрлі көрсеткіштер алуға себепші болады.
Реттеуші шоттар. Бұлардың көмегімен ағымдағы есепте шаруашылық құралдарының бағасы түзетіледі. Субъектінің шауаршылық құралдары олардың өндірісі мен сатып алуына нақтылай жұмсалған шығын негізінде бағаланады. Реттеуші шоттар құралдардың қайсыбір түрін бағалауды дәл анықтайды немесе реттейді. Осы мақсатпен ағымдағы есепке алудағы негізгі шоттардан басқа олармен байланысқан реттеуші шот жүргізіледі.
Информация о работе Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу