Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 12:49, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Кіріспе................................................................................3-4
1.Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері......5-10
2.Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) шоттары...........................................................................11-12
3.Екі жақты жазу жүйесі ..................................................13-14
4.Бухгалтерлік баланс пен шоттар арасындағы байланыс..........................................................................15-16
5. Шоттарды жіктеу..........................................................17-19
6. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау...................20-22
Қорытынды...........................................................................23
Қолданылған әдебиеттер.........................................................24
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы қалалық білім департаменті
Алматы экономика және статистика колледжі
Тақырыбы: Бухгалтерлік есеп шоттары
және екі жақты жазу
Орындаған: «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» маманы 301 топ студенті Кушербаева С.Ж.
Алматы 2008
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері......5-10
2.Синтетикалық (жинақтау)
және аналитикалық (жіктеу) шоттары.......................
3.Екі жақты жазу жүйесі ..............................
4.Бухгалтерлік
баланс пен шоттар арасындағы байланыс......................
5. Шоттарды
жіктеу........................
6. Ағымдағы
есеп мәліметтерін қорытындылау
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп, мұның құрамдас бөліктерін жетілдіріп отыру мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың құзырына жатады.Бухгалтерлік есеп өрісінде жетілдіріп отыратын мәселелердің барлығы да орындаушы бухгалтерлер мен шаруашылық жүргізуші тұлғалар үшін түсінікті және өте сенімді болуы керек. Бухгалтерлік есеп өрісінде реттелетін прициптердің барлығы да қайшылықтар тудырмайтын, бұрмаланбайтын дұрыс бағытта боғаны жөн.Кезіндегі әкімшілік жолмен жоспарлы бағытпен реттелетін бухгалтерлік есеп жүйесі нарықтық қатынастарға байланыстытүбегейлі өзгерістеге түсіп. Халықаралық деңгейдегі есеп жүргізу тәжірибесі отандық есеп жүйесіне енгізіліп келеді.Бұл күндері мемлекеттік органдар меншігіне жататын ұйымдардан басқа да ұйымдар, есеп жүргізудің ішкі саясатын белгілеп, бюджетке төленетін салықтар мен алымдар арнайы қабылданған заң актілері мен нормативтік құжаттарға сай іске асырылып келеді.
Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті згерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы сандарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін есем және олай жасау тиімді болып табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп есептеп отыру үшін бухгалтерлік шот қолданылады.
Бухгалтерлік есеп шоттары - бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жинақтау және ақпараттарға жазылған әрбір жекелеген есеп объектілерінің жағдайы мен қозғалысын, сондай-ақ бухгалтерлік байқау мен бақылау үшін арнайы әдіс.
1. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері
Бухгалтерлік есеп шоттары деп – ұйымдардың активті қаражаттары мен меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде орын алған шаруашылық операцияларының мазмұнын өрісінде орын алған шаруашылық операцияларының мазмұнын күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, ақшалай өлшемге айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып, аранйы белгіленген шоттарға екіжақты принциппен жазуды айтамыз.
Кәсіпорынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары баланс баптарының аттарына сәйкес болуы тиіс. Бұның негізгі себебі бухгалтерлік баланс есепті кезеңнің басына жасалып, оның баптарына сол кездегі, яғни сепеті кезеңнің басы мен соңындағы мүліктер мен қорлану көздерінің ақшалай өлшемдегі нәтижелері жазылса, бухгалтерлік шотқа осы септі кезеңнің басынан соңына дейінгі мүліктер мен қорлану көздерінде болған өзгерістер түгел жазылып отырылады. Бұдан шығатын қорытынды – бухгалтерлік шоттың бастапқы қалдығы баланстың есепті кезеңнің басындағы сомасы деп аталатын бағынынан алынады да, керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Осыдан бухгалтерлік баланс пен бухгалтерлік шот арасындағы тікелей байланысты көруге болады.
Шоттардың атақаратын міндеті мен рөліне қарай және активті қаражаттар мен меншікті капитал өрісінде міндеттемелер өрісінде күнделікті болып отыратын шаруашылық фактілерін тіркеу қасиетін білу арқылы бухгалтерлік есеп пәнінің маңызын терең түсінуге де болады.Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген шоттар қолданылады. Кейбір шоттарда көптеген шаруашылық операциялары, ал кейбір шоттарда аздаған операциялар жүргізілуі мүмкін. Шоттарды дұрыс қолдану арқылы, екі өзгерістің экономикалық байланысын сипаттайды. Екі шотты қолдану, бұларға бірдей соманы жазу шоттар жүйесіндегі ең қажетті қағида болып табылады.
Шаруашылық операцияларын есепке алу тұрғысында дебиттеу және кредиттеу арқылы бір шоттағы қарама-қарсы көрсеткіштерді өзара байланыстырып көрсетуге болады.
Активті қаражаттар, міндеттемелер мен меншікті капиталдың қалыптасуына және бұлардың қозғалысына қарай шоттар активтік және пассивтік болып ажыратылады. Активті шот деп – баланстың солл жағына жазылатын активті қаражаттардың түрлері мен олардың экономиалық маңызына қарай белгіленген шоттарды айтамыз. Пассивті шот деп – баланстың оң жағына жазылатын міндеттемелер мен меншікті капиталдың түрлері және олардың экономикалық маңызы мен қалыптасу көздеріне қарай белгіленген шоттарды айтамыз.
Бухгалтерлік есеп шоттары баланстың активті және пассивті көрсеткіштері мен негіздеріне қарай ашылады. Бұдан соң жаңадан ашылған шоттарға бастапқы қалдық сомасы бухгалтерлік баланстағы сомаға сай жазылады. Мысалға, баланстың сол жағындағы активті қаражаттардың сомасын активті шоттың дебитіне, ал баланстың оң жағындағы меншікті капитал мен міндеттемелер сомасын пассивті шоттың кредитіне жазады. Кәсіпорынның бухгалтерлік жүйесіндегі ақпаратты жинақтап, сақтап отыратын негізгі бірлік – шот болып табылады. Олар кәсіпорынның әрбір активтерінің, міндеттемелерінің және меншікті капиталдарының, сондай-ақ кірістері мен шығындарының түрлеріне қарай ашылады. Осы шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес нөмірлері бойынша жасалған тізімін «шот жоспары» немесе «шот кестесі» деп атайды. Біздің елімізде бүгінгі күні барлық кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары бойынша кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік жұмысын жүргізеді. Бұл жоспар бойынша кәсіпорында қолданылатын барлық шоттарды 8 бөлімге бөліп қарастырған. Сондай-ақ бұл жерде әрбір тараудағы есепшот жұмысын жүргізуге ыңғайластырып және өзара белгілі бір ұқсастықтары мен біртектілігіне қарай орналастырған.
Бірінші тарау «Қысқа ерзімді активтер» деп аталады, осы бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелген ұйымның активтерін есепке алуға арналған.
Екінші тарау «Ұзақ мерзімді активтер» деп аталады, бұл бөлімнің шоттары ұзақ мерзімді қаржылық есептерді, ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерді, үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды есепке алуға, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, негізгі құралдарды, биологиялық активтерді, минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда, минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды, материалдық емес активтерді, кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған.
Үшінші тарау «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жыға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға, ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді, бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті, белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді бағалау мінеттемелерін есепке алуға арналған.
Төртінші бөлім «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» деп аталады, бұл бөлімнің шоттары ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді, бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді, ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде, кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Бесінші бөлім «Капитал мен резервтер» деп аталады, бұл бөлімнің шоттары шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік қорын, төленбеген капиталды, сатып алынған меншікті үлес құралдарын, эмиссиялық кірісті, қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есептеуге арналған.
Алтыншы «Кірістер» бөлімінің шоттары өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістерді, қаржыландырудан түскен кірістерді, тоқтатылатын қызметпен байланысты кірістерді, үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін, басқа да кірістерді есептеуге арналған.
Жетінші бөлім «Шығыстар» деп аталып, осы бөлімнің шоттары сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын, өнімдерді сату және қызметтер көрстеу бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды қаржыландыруға арналған шығыстарды, басқа да шығыстарды есепке алуға арналған.
Сегізінші тарау «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік
есеп шоттарына күнделікті немесе ағымдағы
шаруашылық фактілерінің орын алуына
сай жазылатын сомаларды – айна
Активті шоттардың соңғы қалдығын шығару үшін бастапқы дебиттік қалдық сомасына, дебиттік айналым сомасының жинағын қосып, бұдан кредиттік айналым сомасының жинағын азайтады. Сонда активті шоттағы қалған қалдық міндетті түрде дебиттік болып, осы шоттың сол жағында көрсетіледі.
Пассивтік шоттардың
соңғы қалдығын шығару үшін, бастапқы
кредиттік қалдық сомасына кредиттік
айналым сомасының жинағын
Сонымен активті шоттардағы қалған дебиттік қалдық активті қаражаттарының көбеюін, ал пассивті шоттардағы қалған кредиттік қалдық меншікті капитал мен міндеттемелрдің көбеюін көрсетеді. Шоттардағы дебиттік жинақ пен кредиттік жинақ сомалары бірдей болған жағдайда қалдық болмайды. Сонымен, бухгалтерлік есеп шоттарына тікелей әсер етуші белгілі бір өлшемдегі шаруашылық операциялары шоттардағы қалдық сомаларының не көбеюін, не азаюын зерделейді. Сондықтан, «Т» шоттың бір жағы көбею, бір жағы азаю сомаларын жазуға арналған, қарапайым модель түрінде берілген. «Т» шоттың үш элементтен тұратындығын:
«Дебит» термині – «ол тиісті», ал «кредит» - «ол сенеді, тәуекелшілік етеді» деген ұғымды береді.
«Дебит» және «кредит» ұғымы Батыс Еуропа елдерінде ХІІІ ғасырда пайда болған. Ерте заманнан бастап «дебит» және «кредит» болып танылған ұғым сату мен несиеге беріп-алу операцияларын жүргізу өрісінде қолданылған. Сонымен қатар, бұл ұғымдар банк иелері мен саудагерлер арасындағы әрекеттердің есебін жүргізуге және аралық есеп айырысудың ара қатынасын ажыратуға арналған. Дебит деп – баланстың сол жағындағы активті қаражаттардың көбеюін, ал кредит деп – баланстың оң жағындағы көздердің көбеюін айтады. Басқалай айтқанда, шоттарға жазылған шаруашылық операциялары көрсеткіштерін есептеу арқылы сомалардың не көбеюін, не азаюын шығаруға болады. Сондықтан «Т» шотының бір жағы көбейген соманы көрсетсе, екінші жағы азайған соманы көрсетеді.
Информация о работе Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу