Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:33, реферат

Описание работы

Қаражат жоспары бұл қатынастарды бір жүйеге келтіріп, кәсіпорын қызметінің арқасында жеткен жетістіктің қаражат нәтижесін алдын ала көріп отыруға мүмкіндік береді. Стратегиялық және тактикалық жоспарында белгіленген мақсатқа жету үшін қаражат ағымын қалай пайдалану жолын ұйымдастыруға көмектеседі. Қаражат жоспарының негізгі мақсаты, болашақтағы шығындарды кәсіпорынның қаражат мүмкіндігімен теңгерімге келтіру.

Содержание

Кіріспе
1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаты мен міндеті.
2. Қаржылық жоспаржың құрылымы.
3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау.
4. Шығын және аударым жарнасын жоспарлау.
5. Қаржылық жопарды тексеру.
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Қаржылық жоспар 2.docx

— 55.11 Кб (Скачать)

 

 

5. Қаржылық жоспарды тексеру

Бұл процедураның мақсаты шығынның әр бір бабы бойынша қаражаттандыру көзін анықтау және табысты белгілі бір бағытта бөлу. Кіріс пен шығыстың кәсіпорынның тепе - теңдігі мынандай қағидамен жүргізіледі: шығындарды жабу үшін ең алдымен меншікті табыстар жұмсалады. Бұл жағдайда табыстың мақсатқа сай пайдалану және шығын бабының бағытының кезегі ескеріліп отыру керек. Меншікті қаражат жетіспеген жағдайда шығынды жабуға банктік несие немесе басқадай қарыз ресурстары пайдаланылады. Тексеру кестесін құру, кәсіпорынның табысы мен шығынының әрбір бап бойынша есептелген қорытындысын жазудан басталады. 10-шы жолда 2-10 бағаналарға жоспарланған табыс жазылады, ал 10-шы бағанының 1-10 жолдарына жоспарланған шығын жазылады. Осыдан соң табыс пен шығынның әрбір бабы балансқа келтіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Ұзақ жылдар жоспарлы кеңестік қоғамды бастап өткiзiп, жоспар туралы мәселе көтеру оңай шаруа  емес. Екiншi жағынан кәсiпорынның қызметiн  ұйымдастыру, басқару, оның даму бағытын  анықтап, оған жету жолдарын қарастыру  жоспарлаусыз мүмкiн емес екенi де айқын. Сондықтан, жоспарлауды бастамас бұрын, оны екжей - текжейлi зерттеп, мән-мағанасын  дұрыстап түсiну қажет. Осыған орай, бүл  жұмыста жоспардың мақсаты, оның кәсiпорынды ұйымдастыру, басқару  мәселесiндегi алатын орны, атқаратын  қызметi қарастырылған.

Бiрiншi тарауда, жоспарлауға жататын ресурстар  қарастырылған: еңбек ресурстары; өндiрiстiк  қор; ақпарат; уақыт; кәсiпкер дарын.

Басты ресурс ретiнде еңбек ресурсы, оның iшiнде  мамандарға ерекше назар аударылады. Қандай да бiр iс болмасын бiлiктi, жанашыр  мамансыз ол iстi сапалы, уақытында жүзеге асыру мүмкiн емес. Кәсiпорын үшiн  өндiрiстiк қордың маңызы баршаға  мәлiм.

Бүл жұмыста  ақпарат ресурсының өндiрiстiң тиімдiлiгiне, бәсекелестiгiне және өнiмнiң сапасына әсерi толық қарастырылады.

Мақсаттың өзi әр түрлi болады:

• жан бағу;

• тез пайда табу;

• орнықты пайда табу;

• шығармашылық;

• жаңашылдық;

• iлгершiлдiк және т. б.

Алдымызға қойған мақсат бойынша бiрiншi тарауда жоспардың қандай түрлерi бар екенi қарастырылған. Сонымен қатар, жоспардың қай түрiн таңдауға әсер ететiн факторлар қарастырылған.

Жоспардың сапасы неғұрлым жоғары болса, соншалақты жоспар өз қызметiн толық атқарады. Ал жоспардың сапасы оны құру және жүзеге асыруды ұйымдастыру мәселесi жақсы жолға қойылғанда жағдайда ғана қанағаттанарлық дәрежеде болады.

Бiрiншi тараудың үшiншi тармағы осы мәселеге арналған. Сонымен, бiрiншi тарауда жалпы жоспардың мақсаты, кәсiпорынды басқаруда алатын орны, оның түрлерi мүмкiндiгiнше егжей - текжейлi қарастырылады.

Кәсiпорынның шаруашылық, әлеуметтiк қызметтерiне байланысты сан алуан жоспарлар құру қажет болады.

 Екiншi тарауда қаражат жоспарын құру мәселесi қарастырылған. Кәсiпорынның әр шаруашылық қызметiнiң өз мақсаты және атқаратын қызметi болады. Осыған орай, қаражат жоспарының мақсаты және атқаратын қызметi қарастырылды. Ең басты қызметi ретiнде алдына қойған мақсат пен қаражат мөлшерiн баламалау мәселесi қойылады. Бұл жұмыстың мақсаты қаражат жоспарын жасаудың әдiснамасын жасау болып табылады. Нақты жоспар жасау iсiне бiрнеше бөлiмшелердiң жоспары және оның мамандары қатысуы қажет. Сондықтан, нақты жоспар жасау ұжымдық мәселе. Бiр адамның нақты қаражат жоспарын жасауы мүмкiн емес. Екiншi тараудың үшiншi тармағында жоспарлау әдiстемесі толық қарастырылған. Оның құрамына мыналар кiредi:

• кәсiпорынның қаржы жағдайын талдау;

• табыс пен қаражат түсуiн жоспарлау;

• шығын және аударым жарнасын жоспарлау;

• қаражат жоспарын тексеру.

Екiншi тарауда кейбiр шағын кәсiпорындарда пайдалануға болатын табыстылық кестесi әдiсi толық қарастырылған.

Табыс көздерiне байланысты табыстың мөлшерiн есептеуге арналған формулалар келтiрiлдi.

Шығын көздерiне байланысты шығын мөлшерiн есептеу мәселерi қарастырылды.

Үшiншi тарауда жоспарлауға қажеттi норма негiздерi мен мәлiмет көздерi қарастырылған. Норма негiздерiнiң жоспарлау iсiнде алатын орны, атқаратын қызметi және жоспардың сапасына әсерi қарастырылды.

Бухгалтерлiк есептемелер қаражат жоспарын құруға қажеттi мәлімет көзi болып табылады. Осыған байланысты, бухгалтерлiк стандарттың қаражат жоспарын құруға қажеттi бөлiгi үшiншi тарауда келтiрiледi.


Информация о работе Бизнес жоспар