Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:33, реферат

Описание работы

Қаражат жоспары бұл қатынастарды бір жүйеге келтіріп, кәсіпорын қызметінің арқасында жеткен жетістіктің қаражат нәтижесін алдын ала көріп отыруға мүмкіндік береді. Стратегиялық және тактикалық жоспарында белгіленген мақсатқа жету үшін қаражат ағымын қалай пайдалану жолын ұйымдастыруға көмектеседі. Қаражат жоспарының негізгі мақсаты, болашақтағы шығындарды кәсіпорынның қаражат мүмкіндігімен теңгерімге келтіру.

Содержание

Кіріспе
1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаты мен міндеті.
2. Қаржылық жоспаржың құрылымы.
3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау.
4. Шығын және аударым жарнасын жоспарлау.
5. Қаржылық жопарды тексеру.
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Қаржылық жоспар 2.docx

— 55.11 Кб (Скачать)

Жоспар:

Кіріспе

1. Қаржылық жоспарлаудың  мақсаты мен міндеті.

2. Қаржылық жоспаржың құрылымы.

3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау.

4. Шығын және аударым жарнасын жоспарлау.

5. Қаржылық жопарды тексеру.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық  жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері.

Кәсіпорынның  қаржылық жоспары – ақшалай қаржы түсімі мен шығысының  мөлшерін көрсететін құжат. Кәсіпорынның табысы мен шығынның бағытын, бюджетке төленетін төлемді  ескере отырып теңгерім жасау.

        Нарықты экономика қаржылық жоспарлау әдіснамасына, қаржылардың кәсіпорынды басқарудағы шаруашылық тұтқасындағы орыны мен қызметіне елеулі өзгерістер енгізді. Ақшалай қаражат мөлшерын қалыптастыру, бөлу және оны қалай пайдалану жолдарын,  кәсіпорындардың өздері таңдап алатын болды. Қаражат жоспары мен оны бақылаудың жаңа  әдіснамасы шаруашылық құжаттары мен бюджеттің өзара қатынасын белгілі бір жүйеге келтірді. Кәсіпорынның даму стратегиясын анықтауда қауіп мөлшері ұлғайды: табыспен  жұмыс істеу немесе тақырға отыру. Сондықтан қаражат қорын тиімді пайдалану шаруашылықты жүргізу стратегиясы мен тактикасында, жаңартымдар мен қаражаттандыру тұрғысында шешім қабылдау кезінде ең негізгі өлшем болып табылады. Кәсіпорындарды нарықты басқару концепциясы, басшылар мен мамандардың назарын шет елдердің қаржылық жоспарлау тәслдеріне назар аударуға мәжбүр етті. Шет елдерде пайдаланатын тәсілдерді білу, жаңа мамандарды жұмысқа қабылдауда кәсіпорын басшыларының негізгі талаптарының біріне айналды.

Қаржыны жоспарлау қаржы қарым-қатынастарын кең көлемде қамтиды. Мұндай қарым-қатынастарға мыналар жатады:

  • Кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өнімді өткізу  процесіндегі (жұмыс, қызмет көрсету), немесе коммерциялық несие айырбасы кезіндегі;
  • Кәсіпорынның меншік иелері, еңбекші ұжымы және жекелеген жұмыскермен еңбек ақы төлеу барысындағы;
  • ортақ міндетті атқаруға құрылған қаражат ресурсының орталық қорын ұйымдастыру және ондағы ресурсты пайдалану кезеңдегі бірлестіктің құрамына кіретін шаруашылық ұжымдары арасындағы;
  • бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төлем төлеу кезінде және бюджет бойынша бөлінген қаржыны бөлісу кезіндегі бірлестікпен, кәсіпорындар және мемлекеттік бюджет арасындағы;
  • алынған несие және оның пайыз төлемін төлеу кезіндегі кәсіпорындар және коммерциялық банкпен арадағы;
  • кәсіпорының мүлкін сақтандыру кезіндегі кәсіпорын және сақтандыру мекемелерімен арадағы;

Қаражат жоспары бұл қатынастарды бір жүйеге келтіріп, кәсіпорын қызметінің арқасында жеткен жетістіктің қаражат нәтижесін алдын ала көріп отыруға мүмкіндік береді. Стратегиялық және тактикалық жоспарында белгіленген мақсатқа жету үшін қаражат ағымын қалай пайдалану жолын ұйымдастыруға көмектеседі. Қаражат жоспарының негізгі мақсаты, болашақтағы шығындарды кәсіпорынның қаражат мүмкіндігімен теңгерімге келтіру.

Қаражат жоспары жасау барысында мынандай мәселелерді қарастырылуы керек:

  • меншікті қаражат ресурсының көзі және оның мөлшерін анықтау (табыс, амортизациялық аударым, орнықты пассивтер және т.б.)
  • құнды қағаздар шығару, несие, қарыз алу арқылы сырттан қаражат ресурсын тарту жөнінде шешім қабылдау;
  • Кәсіпорынға қажетті қаражат ресурсының мөлшерін анықтап, ішкі шаруашылық қажеттігіне балама бөліс мөлшерін анықтау, артық қаржылық басқа кәсіпорындарға үлес ақы, табыс алу мақсатында жұмсау;
  • жоспарланған инвестициясының (күрделі қаржы жұмсалымы) экономикалық тиімділігі мен мақсатқа сай екенін нақтылау;
  • өндірістің тиімділігін арттыру, табыс табу мақсатында, кәсіпорынның өндірістік қуатын, негізгі қорларын және айналым қаражатын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу;
  • басшы мекемелер, банк және мемлекеттік бюджетпен кәсіпорын арасындағы қаражат қатынасын анықтау.

Қаражат жоспары кәсіпорында жоспарлы – экономика және қаражат бөлімдерінде жасалынады. Жеке қаражат бөлімдері негізінен ірі және орташа кәсіпорындарда құрылады. Бөлімнің құрамына мыналар кіреді:

  • қаражат жоспарлау бөлімі;
  • қаражат және шаруашылық жағдайын талдау бөлімі;
  • кассалық операция бөлімі.

Қаражат бөлімінің жоспарлау бағытындағы қызметі:

  • барлық ресурстарды тиімді пайдалану және ішкі шаруашылық мүмкіндіктерін толық жұмылдыра отырып қажетті есептеулер арқылы қаражат жоспарының жобаларын жасау;
  • белгіленген мерзім ішінде несиелік сұраулар және кассалық жоспарларды құрастырып банк бөлімшелеріне ұсыну және оны талқылауға қатысу;
  • өнімді сату жоспарын құруға қатысу. Жылдық баланстық табысты және табыстылық көрсеткіштерін анықтау;
  • амортизациялық төлемнің жоспарлы мөлшерін анықтау және оны негізгі қорды толық қалпына келтіру және күрделі жөндеуге бөлу;
  • меншікті айналым қаражатының элементтері мен нормаларын анықтауға қатысу;
  • негізгі қорды күрделі жөндеуден өткізу жоспарын жасау;
  • баланстық табысты және амортизациялық төлемді бөлу жоспарын жасау;
  • ғылыми–зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржылау жоспарын жасауға қатысу;
  • жеткізуші мен мердігерлердің кінәрат – талаптары бойынша есеп-қисап жасау;
  • тоқсандық қаражат көрсеткіштерін айларға бөлу;
  • қаражат жоспарының көрсеткіштерін және одан шығатын тапсырмалар, шектеулер және нормаларды кәсіпорынның барлық бөлімшелерін жеткізу;
  • айлық оперативтік қаражат жоспарын жасау;
  • ақшалай сипаттамадағы өнімді өткізу және табыстың оперативтік жоспарын жасау;
  • тауарлы өнімді жөнелтудің оперативтік жоспарын жасау;
  • нормадан жоғары босалқы қор жиналып қалмас үшін тауарлы материалды құндылықтарды жеткізу ісін бақылау;
  • қаражат, несие және кассалық жоспарлаудың орындалуын қамтамасыз ету;
  • төлемдерді бақылау;

күнделікті оперативті  есеп - қисап жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қаржылық жоспаржың құрылымы

Қаражат жоспары табыс пен шығыстың теңгерімдік, сонымен қатар теңгерімнің баптарын анықтайтын есеп айырысу формасы түрінде құрылады.

Табыс пен  шығыс теңгерімі мынадай бөлімдерден тұрады:

  • табыс пен қаражат түсімі;
  • шығын және қаржы аударымы;
  • бюджетке төлем;
  • бюджет бойынша қаржы бөлу.

Қаражат жоспарының құрылымының жоба нысаны 2.1–шы кестеде көрсетілген.

Қаражат жоспарының көрсеткіштерінің құрамы әртүрлі дәрежеде бөлшектелген болуы мүмкін, сондықтан қаражат жоспарының нысанын жоғарғы мекемелермен және жоспар ұсынылатын мекемелермен (қаражат және салық мекемелері) келісілген болуы керек. Жекелеген баптар неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылған болса, соғұрлым қабылданған қаражат жоспарындағы шешімдер сенімді және негізделген болады.

Қаражат жоспары мынандай мәлеметтердің негізінен жасалады:

  • жоспар жасалып отырған мерзімнің алдындағы 2-3 жылдық бухгалтерлік баланстың нақты деректері;
  • өнімді өндіру және өткізу жоспарының көрсеткіштері;
  • өндірістің шығын сметасы немесе кәсіпорынның өнім өндіруге, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметке жұмсаған қаражат қортындысы;
  • әлеуметтік және мәдени  - тұрмыстық объектілерді ұстауға кететін шығын сметасы;
  • инвестиция мен күрделі қаржы жұмсалымының мөлшері жөніндегі деректер;
  • негізгі қорлар мен айналым қаражатының өзгерістері жөніндегі деректер;
  • өткізу бағасының есептеулері;
  • амартизациалық аударымның нормалары;
  • меншікті айналым қаражатының мөлшері;
  • бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлем өтелімнің мөлшерлемесі;
  • шығынның жекелеген баптарына қойылған шектеулер шамасы, мысалы фирмалық киім, өкілдік және іссапар шығындары, қоршаған ортаға  шығарылған зиянды заттар үшін төлем;

өнімді сатып алушы, шикізат жеткізуші, несие берген банк және салық жөнінде біджетпен есептесу шарттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау

Қаражат жоспарын құру алгоритімі мынандай кезеңдерден құрылады:

  ●  кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау;

  ●  табыс пен қаражаттың түсуін жоспарлау;

  ●  шығын және аударым жарнасын  жоспарлау;

  ●  қаражат жоспарын тексеру.

Жоғарыда айтылған кезендерді жеке-жеке қарастырамыз.

Кәсіпорынның  қаржы жағдайын талдаудың негізгі  міндеттері:

  • объективті және субъективті факторлардың кәсіпорының қаражат көрсеткіштеріне әсерінің мөлшерін анықтау;
  • кәсіпорынның қаражат жағдайын және оны өзгерту факторларын бағалау;
  • кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қаражат жоспарының көрсеткішін қамтамасыз етудегі іс әрекеттерін бағалау;
  • қаражат, есеп және несие тәртіптерінің орындалуын талдау;
  • табыстылықты көтерудің жаңа жолдарын іздестіріп, оны пайдаланудың тәсілдерін қарастыру.

Қаражатты талдау процессінде мына мәселелер зертеледі:

  • кәсіпорында бар қаражаттар, оның құрамы және құрылымы, оларды өзгертудің себептері мен нәтижелері;
  • кәсіпорынның қаражат көздерінің барлығы, құрамы мен құрылымы, өзгеру себептері мен нәтижелері;
  • ұзақ мерзім активтердің жағдайы, құрылымы және өзгеру серпіні;
  • дебиторлық берешек;
  • қаражатты пайдаланудың тиімділігі.

Ақырында  мынандай талдау, жоспарлау кезеңіндегі нақты шаруашылық жағдайды ескере отырып, қаражат нәтижелерін болжауға мүмкіндік беру керек.

Қаражатты талдаудың мәлімет көзі болып, кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, пайда мен залал туралы есеп беру нысаны, бухгалтерлік баланстың қосымшасы және де басқа есеп құжаттары табылады.

Кәсіпорынның қаражат жағдайы мынандай көрсеткіштермен сипатталады: ағымды және келешектегі төлем қабілеттілігі, қаражат айналымдағы, меншікті және қарыз қаражаттының барлығы, оны пайдаланудың тиімділігі ж. б. Қаражат жоспарының шешімін нақтылауға арналған қаражатты талдау әдістемесынің өзіне тән ерекшелігыі болады. Талдау кәсіпорынның активтерінен басталады.

Кәсіпорынның активтерін талдау барысында оның барлығы, құрамы, құрылымы, серпінісі зертеледі. Жоспар жасалынып жатқан мерзімнің алдыңғы жылымен салыстырғанда кәсіпорынның жалпы қаржысы қаншаға өскенін немесе кемігенін, қаражаттың ұзақ мерзімдік және ағымдық активтері арасындағы бөлінісі қалай өзгергенін анықтаймыз.

Ұзақ мерзімді активтер - қаражатты жылжымайтын дүние – мүліктер, құнды қағаздар (акция, облигация), бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына жұмсау. Ұзақ мерзімді активтерге материалды емес активтерде жатады. Ұзақ мерзімді активтерді талдау, оған жасалған жұмсаудың қауіп дәрежесін, гудвилл және олардың өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Негізгі назарды ағымдық активтердің құрылымын талдауға аударған жөн. Құрылымда материалдық айналым қаражатының (өндірістік сақтаулы қор, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, жөнелтілген тавар); ақша (қолда бар ақша, қысқа мерзімді құнды қағаз); дебиторлық берешек және басқадай активтер (болашақ мерзімінің шығыны т. б.) үлес салмағының қалай өзгергенін анықтау керек. Талдау барысында ағымды активтердің есепті кезендегі құрамын нашарлатуға әсер еткен жағымсыз себептерді табу, жоспарлау кезеңінде осы факторларды жою және тиімді қаражат стратегиясын жасау керек.

Ішкі және сыртқы факторлардың жиынының әсерінен  құрылған қаражат жоспарының өзіндік стратегиясы болуы керек. Олардың ең маңыздыларына мыналар жатады:

  • құнсыздану. Бағаның құнсыздануы мен айналымды қордың  айналымдағы арсында байланыс бар; айналымдылық неғұрлым баяу болса, табыс сонша көтермелі болады.
  • активтердің құрылымы (ақшалай және ақшалай емес деп бөлінуі). Құнсыздану кезенінде ақшалай пассивтің өскені пайдалы немесе ақшалай активтің өскені пайдасыз.
  • қаражаттау тәсілі. Тұрақты процентпен өтелетін қарыз неғұрлым көп және ұзақ мерзімге болса, соғұрлым кәсіпорынның активтері құнсызданудан сенімді сақталған болып табылады.
  • өндірістік сақтау қорының дәрежесі. Өндірістік сақтау қорының үлес салмағының өсуі ішкі заттың, жартылай өнімнің пайдалану қасиетін жоғалтады, сонымен қатар  өнімнің сапасын төмендетуі. Сонымен қатар қаражатты қосалқы қорға оқшауландыру қаражат жағдайының тұрақсыздығының бір белгісі болып есептеледі. Қосалқы қордың мөлшерінің азайуы шикізаттың, материалдардың қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігін туғызып, өндіріс кестесін бұзуы мүмкін. Сондықтан тиімді стратегия қосалқы қорды белгілі бір деңгейде ұстаған дұрыс деп есептейды.

Ағымды  активтерды талдау кезінде, дебиторлық берешек маңызды орын алады, себебі ол айналым қорының елеулі бөлігін құрауы мүмкін. Бұл жерде, дебиторлық берешектің жалпы шамасы мен оның құрылымын зерттеу керек. Талдау мына тұрғыда жүргізілуі керек:

Информация о работе Бизнес жоспар