“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

 

 

“Банк Центр Кредит” АҚ 1 145 млрд теңгеден астам активтерімен  және 122 млрд теңгеден астам меншік капиталымен жүйе құратын банк болып табылады.Жылдың қорытындысы бойынша  банк 25,9 мллрд. Теңге мөлшерінде таза пайда алды,  2007жылғы  ұқсас көрсеткіштерден  2,8 есе артық.

       2007 жылғы бірінші жарты жылдықта Банк Центр Кредит несие капитал нарығында белсенді жқмысын жалғастырды. Үстіміздегі жылы $115 млн. сомада Азиялық синдикатталған заем  және $ 200 млн. сомада еурооблигацияларды ойдағыдай орналастырды.Капиталдың халықаралық нарығынан басқа ,ресурстардың  маңызды көзі ішкі нарық болып табылады.2007 жылдың  екінші жарты жылдығында  жеке тұлғалардың жедел депозиттерге  орналастырған қаржысының көлемі $ 1 миллиардқа жеткен,бұл біздің клиенттер тарапынан  банкке санім білдіруін едәуір өскендігін  растауы болып табылады.

Дәл осындай талап келісім төлқұжаты  дайындалмайтын келісім шарттарға да қолданылады. Бұл үшін клиент еркін тұрғыда жазылған  өтініште осы мәліметті көрсетіп, келісім шартпен бірге өкіл банкке тапсыруы тиіс.

Бағамды мерзім  шамамен:

1.      шығару уақыты мен шығару келісімінің қаржысы түсетін уақыттың;

2.      төлем немесе аударым күні мен импортердің қазақстан аумағында тұрмайтын клиент пайдасына, оның келісім    шартта көрсетілген есеп айырысуларды жүргізу үшін аударылған валютаның қайтарылатын күні аралығындағы болжамды кезең. 

 

Болжамды мерзім есебі үшін 1 ай-30 күн, 1 жыл -360 күн болып алынады. Болжамды мерзімнің ұзақтығына тауарды жіберу, әкелу шарттары және міндеттерді орындау шарттары әсер етеді.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау Заңының шеңберінде валюталық либерализация бағдарламасының 2-ші этапында қарастырылған іс-шараларға сәйкес валюталық операцияларды жүзеге асыру туралы  Ереже жасақталды.

Атап айтқанда Ережеде төмендегідей жайлар қарастырылған:

3.      Резиденттер мен бейрезиденттер ішкі нарықта заңдылықтарға қайшы келмейтін мақсаттар  үшін валюталық келісім шартсыз және де басқа құжаттарсыз  шетел валютасын сатып алуға және сатуға;

4.      Өкіл банк арқылы шетел валютасын сатып алуға сұраныс берген уақытта резидент-заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алудағы мақсатын көрсетеді;

5.      Бейрезидент-заңды тұлғалар ұлттық теңгеге шетел валютасын сатып алу немесе сатуға сұраныс бергенде сатып алудың немесе сатудың мақсатын көсетеді;

6.      Заңды тұлғаның сатып алған шетел валютасы сұраныста көрсетілген мақсатта жұмсалуы тиіс; 

7.      Шетел валютасын сатып алу немесе сатудың негізгі мақсаттары: тауар немесе көрсетілген қызмет үшін ақы төлеу, ақша айырбастау мақсаты, алынған займ бойынша міндеттерін орындау, тағы да басқалар.

 

Шетел валютасы белгілі бір мерзімге алынады.

Ереже бойынша пайдаланылмаған шетел валютасын сату міндеті бақылау жасалмайтын, яғни валюталық  бақылау алынып тасталатын жағдайлар:

8.      Сатып алынғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде шетел валютасы пайдаланылмаса;

9.      Бейрезидент тарапынан өз міндетін атқармағандықтан немесе реквизиттердің қателігенен шетел валютасын қайтарып бергенде 10 күнтізбелік күн ішінде пайдаланылмаса

Валюталық реттеу режимі төмендегі операцияларға қолданылады:

10.  Келісім төлқұжаты талап етілетін экспортпен/импортпен байланысты коммерциялық несиелерге;

11.  Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің валюталық операцияларына;

12.  Белгілі бір уақытқа немесе жартылай интеллектуалды меншік объектісіне құқық алғанда;

13.  Банктермен 180 күннен артық мерзімге  берілген бейрезиденттерге коммерциялық несиелер немесе қаржылық займдар

14.  Банктен алынған қаржыны  резиденттің қайта сатып алуымен  байланысты операциялар;

15.  Қазақстан Республикасының  кепілдігі берілген мемлекеттік  сыртқы займдар, мемлекеттік емес сыртқы займдар;

Валюталық операцияларды Ұлттық Банктің лицензиялауы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылды.

Қазақстан Республиасынан шығатын қаржыны қадағалануы 10 мың АҚШ долларынан 50 мың АҚШ долларына дейін көтерілді, келетін қаржының қадағалану мөлшері сол күйінде қалды, 300 мың АҚШ доллары көлемінде.

Коммерциялық банктің негізгі қызметтерінің бірі клиенттерін қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету, және олардан қабылдап  алған ақшаны сақтау. Кассалық қызмет көрсетуде к лиентті қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуде ешқендай шектеу болмайтындай технологиялық жүйе қалыптасу қажет.

Кәсіпорындар, ұйымдар түрлі мекемелер тұрғындарымен, тұрғындардың  белгілі –бір тобымен  және   кәсіпорындар  өзара   қолма –қол ақшалай   түрде есеп айырысады.

    Қолма –қолсыз  айналымға  қарағанда  қолма –қол ақша   айналым көлемінің  аздығына қарамастан , шаруашылықтағы  қалыпты экономикалық   қатынастағы  ұйымдық маңызы  айтарлықтай. Қолма – қол ақша айналымы арасындағы халық шаруашылығында өндрілген тауарлар өткізіледі және  қоғамдық өндіріс  пен жеке  тұтынушы  арасында  тауар сапасы анықталады. Сондықтан шаруашылықтағы қалыпты ақша   айналымы   және сатып алушы қабілетінің  тұрақтылығы  осы қолма –қол ақша  айналымының жағдайына тікелей байланысты.

      Коммерциялық  банктер  клиенттермен  қатынастарын ,соның ішінде  кассалық қызмет  көрсетуді инструктивті  материалдарды,ҚР ҰБ басқа да  реттеуші  материалдарын  және “ҚР

      Банктер  банктік  қызмет туралы” Заңды басшылыққа ала отырып , келісім шарт негізінде  жүзеге асады.Қазақстан Республикасындағы кассалық  операцияларды енгізу тәртібіне   сәйкес , Банк  қолма –қол ақшамен  есеп айырысуды жүзеге асыру  үшін касса  орындарында    сигнализация құралдармен және біріңғай талаптарға сай  техникалық бекітілген.

Егер кассалық шығыс операциясын бақылаушы түлғаның жұмыс орны кассаның қасында немесе кассамен біріктірілген жерде болса, банк басқарушысының ұйғарымымен   кассалық шығыс құжаттарын бақылаушының кассирге, оның қолхатынсыз тапсыру тәртібі орнатылуы мүмкін. 

Кассадан 040201 бланктар комплектіндегі ордер кассирдің қолымен қайтарылғанда, жауапты орындаушы ордердегі кассир қолын үлгісімен салыстырып, кассалық журналда құжаттың қайтарылғандығы туралы белгі қояды және бухагалтерлік есеп операциясында көрсетуге өңдеуге  жібереді немесе жеке шотқа тапсырады.

Кіріс операцияларының кешкі кассалық журналын есеп машинасында толтырылған бір парақ қағазға Екі нұсқада жеке шоттар қортындысы және журналдың жалпы қортындысын шығаруға рұқсат етілген.Ленталарға бөлінген журналдың екінші нұсқада жазбалар тексерілген соң, жеке шоттармен бірге кешкі кассаға ақша салымына хабарлама ордерлері кірістіріледі.

      Бұл ордерлердің дұрыс толтырылғандығы кешкі кассаның бухгер-бақылаушымен тексеріледі, ал   кассалық аппараттарды қолданғанда келесі күннің ертесіне жауапты атқарушыларға жүктеледі. Хабарлама 0402001 ордерінің тексерілгендігінің куәсі болып, бухгалтер-бақылаушы немесе жауапты атқарушының қолы табылады.

        Кассир клиенттен ақша қабылдағанда әрбетті санап алады.Барлық банктер, соның ішінде ЦКБ АҚ арнайы ақша санау машиналарымен жабдықталған. Егер салымшы біршама құжаттармен әртүрлі шоттарға ағша салғанда кассир ақшаны әр құжатқа бөлек-бөлек қабылдауы керек.

Кесте 2.2.1.

                  Республиканың несие нарығындағы жетекші банктер үлесі

                                                   01.01.2007ж

 

Комерциялық банктер

Центр Кредит Банкі

ҚХЖБ

ABN

AMRO

Т.Б,банктер

28,2%

21.0%

16.9%

1.3%

32.6%

 

 

      Несиелік қоржын  көлемі 2007 жылы 64,711 млн.теңгеден 118,753 млн. теңгеге өсті. Банк несиелендіру көлемін екі еседен артық  орындаған.Валюталық несиелер  үлесі -80 пайыз,ал теңгелік  несиелер үлесі -25 пайыз .Банктің несиелік қоржыны өсті және оның жалпы актив сомасындағы  үлесі өткен жылдың (2006 ж) деңгейінде өалып отыр,2007 жылдың 31 желтоқсанда 73  пайыз.

Несиелендіру өзінің жоғарғы табыстылығына байланысты банк қызметінің басты бағыты болып қалуда. Бірақ несие саясаты несиелік  операциялардан тек жоғары табыс алмай, несиелік тәуекелдерді максималды төмендетуге бағытталған. Несиелік операциялар тиімділігі  консервативті несиелік саясаттың өтуіне, кәсіпқой мамандар жұмысына, шешім қабылдау механизмінің жетілдіруілуіне байланысты өсіп отыр. Бұған және де несие алушылардың жақсы білімі, Қазақстан экономикасы салаларын дамытудағы  қаржылық жобалардың мәні, орындалуы  және несиеге ұсынылған қамтамасыз етудің жоғарғы өтімділігі,сенімі жатады. Депозит базасының  өсімі , халқаралық несиелік институттар инвестициясы және шетелдік  несие жобаларын тарту, мемлекеттің импортты  орналастыру және экспортты бағыттау бағдарламасына қатысу арқылы банк несиелік  активтілікті сақтап өсіріп отыр. Банк әлеуметтік  мәні бар көптеген жобаларға назар аударады.Олардың негізгі мәні аймақтарды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру  болып табылады.Банк облыстық әкиматтар өткізуге жоспарлап отырған  жобаларды несиелеуде үлкен тәжірибеге ие .Бұндай бағдарламаларға  берілген несиелер негізінен  шағын кәсіпкерлк  субьектілерді қолдауға ,өнеркәсіп, энергетика , ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу өндірісін дамытуға бағытталып отыр.

     Банк жұмысы жылдардағы жинақталған активті операцияларға үлкен тәжірибе несиелеу түрлері мен  несиелеуге кең көлемдегі , әртүрлі құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.Әлемдік нарықтық қатынастар тәжірибесін ескере отырып,тез және сапалы несиелеудің  жаңа прогрессивті түрлерін енгізу.Өзіндік капиталды анағұрлым өсірген соң банк алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады.Қызмет көрсетудің жаңа түрлері,ірі жобаларға қызмет көрсету жүзеге асты.Осыған байланысты банктың маңызды стратегиясының бірі-күрделі және тиімді халық шаруашылық жобаларына  қызмет көрсетуге тұрақты көшу болып  табылады.

       Несие саясаты  стратегиясының дұрыс таңдалуы банктің  жоғарғы сенімді несие қоржынындағы несие көлеміндегі өсуіне себеп болды.Банктің қарызды жоғалту мүмкіндігі резерві барлық қарыздар қоржынындағы  ықтимал шығындарды толығымен Халықаралық Бухгалтерлік есеп Стандарттарына  сай жаба алады.

Банк Еуропалық даму банкісінің, Азиялық «CROSSROADS» несие компаниясының , Орталық-Азия-Америка  Кәсіпкерлік Қорының шағын бизнесті несиелендіру бағдарламаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыруға қатысады.

Бұдан басқа Банк Азия Даму Банкінің 2-траншын орналастыруға өкілді банк болып тағайындалды.

Заңды тұлғалар үшін қолданыстағы қаржыландыру бағдарламалары:

      Жобалық қаржыландыру

      Шағын және орта бизнесті несиелендіру

      «Уақыт-Ақша»  лимитті несиесі

      «CROSSROADS» Азия Несие Компаниясының, Орталық-Азия-Америка Кәсіпкерлік Қорының шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары

      Азия Даму Банкінің ауылшаруашылық секторына арналған заем бағдарламасы

      Бүкіләлемдік Банк қаржысы есебінен ауыл шаруашылығын жекешелендіруді қолдау бағдарламасы 

Несие алу үшін кәсіпорын төмендегідей жағдайы болуға тиісті:

 

1.       Несие қайтару үшін қажетті қаржы көзі

2.       Несиенің толық қамтамасыз етілген

3.       Қаржыландырылатын жобаға өз қаржысымен  қатысуға;

4.       Қатаң қаржы тәртібін сақтау;

5.       Кәсіптік менеджмент жолға қойылған болу керек

 

Несие алу үшін кәсіпорын төмендегідей құжаттар жиынтығын банкке тапсыру қажет:

 

5.        Несие алуға өтініш;

6.        Бизнес-жоспар немесе технико-экономикалық негіздеме;

7.        Басшының фотосуретімен несие алушының анкетасы;

8.        Соңғы 3 жылғы және несие алуға өтініш берудің алдындағы   соңғы тоқсанның  қаржылық құжаттардың түпнұсқасы немесе салық инспекциясымен  куәландырылған көшірмесі (№1,2,3  формалары ОКУД бойынша)

9.        Қай мезгілде пайда болғандығы және қандай қызмет түрі  немесе тауар үшін екендігі көрсетілген алажақ-бережақтың талдамасы;

10.   Ссудалық қарызының бар-жоқтығы жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы;

11.   Бюджетке бережағы бар –жоқтығы жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы

 

 

 

                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалғамалар №

 

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі