Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа
Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің
Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар
Заңды тұлғаларға арналған депозиттер:
Раньте
Мерзімдік
Мерзімдік жинақ
Мерзімдік плюс
Талап еткенге дейін
Қысқа мерзімдік
Банктен тыс қаржылық мекемелер депозиті
«ЦентрКредитБанк» АҚ сіздің компанияның басы бос қаржысын орналастыруда осындай таңдаулар ұсынады.
1 айға дейігі мерзімде – басы бос қаржыны банкаралық нарық бағасымен Бас іскерлік келісім-шарт бойынша орналастыру. Келісім қорытындысы қысқартылған түрде, келісілген байланыс құралы арқылы, (кейін түпнұсқасын жеткізу келісілгенде) Бас іскерлік келісімінде қарастырылаған үлгіде жасалынады.
1 айдан артық мерзімге – басы бос қаржыны мерзімдік немесе жинақ депозиттеріне орналастыру. Салым салу үшін банкте ағымдағы немесе депозиттік шотыңыз болуы тиіс.
Ұзақ мерзімдік
Ұзақ мерзімдік депозит – бұл қосымша жарна салып тұратын депозит түрі. Жеке және заңда тұлғалардан теңге және шетел валютасы түрінде қабылданады. Сақтау мерзімі 24 ай, 36 ай, 48 ай, 60 ай. Депозиттер бойынша төленетін сыйақы 6 ай мерзім өткеннен кейін төленеді.
Раньте
«Раньте» депозиті – қосымша жарна салып тұратын депозит. Қазақстандық және қазақстандық емес заңды тұлғалардан теңге немесе шетел валютасы түрінде қабылданады. Сақтау мерзімі -3,6 және 12 ай. «Раньте»депозиті банк салымы бойынша жасалынған келісім-шарт күшін жойғанға дейін өзгермейтін, тұрақты үстемақы қойылады. Депозиттер бойынша төленетін сыйақы депозит сомасына қосыла береді.
Мерзімдік
Мерзімдік депозит-клиенттен белгілі бір мерзімге банкке қабылданған басы бос қаржы. Мерзімдік депозит ұлттық валютада және шетел валютасында қабылданады. Негізгі мерзімдік депозиттің сақталу мерзімі -1,3,6,9 және 12ай. Мерзімдік депозитте қосымша жарна салу немесе бөшектеп алу қарастырылмаған. Депозит сомасы мен оған есептелінген сыйақы салым бойынша жасалынған келісім-шарт біткеннен кейінгі келесі күні төленеді.
Мерзімдік жинақтаушы
«Мерзімдік жинақтаушы» депозиті 12 айға теңгемен де шетел валютасымен де қабылданады. Салымшыға депозит кітапшасы беріледі. «Мерзімдік жинақтаушы» депозиті бойынша ашылған депозит шотына қосымша жарна салу қарастырылған. Депозиттің бұл түрінің ерекшелігі сыйақы мөлшері өзгермелі. Сыйақы ай сайын есептеледі. Есептелінген сыйақы негізгі депозит сомасына қосыла береді.
* Банк клиенті емес қаржылық мекемелер үшін сыйақы мөлшері Қазынашылық Департаментімен келісіледі. Нақты ақпарат алу үшін 596-099, 598-576 телефондарына хабарласуға болады.
8. Банкішілік операциялар
Банкішілік тенгемен және шетел валютасымен аударымдар бизнес-клиенттерге тегін. «Жылдам түсім» деп аталатын экслюзивті қызмет түрі Қазақстанның басқа аймақтарында орналасқан жеке тұлғалардан түсімдерді тез әрі оңай жинап алуға жол ашады.
Банктің корреспенденттік жүйесі барлық аймақтардағы әріптестермен іскерлік байланыс орнатуға қолайлы 40-тан аса шетел банктерін біріктіреді.
Жеке тұлғаға қызмет көрсету және түсімді жинау сенбі күні де атқарылады.
Банктің өз қызметінде жоғарғы технологияны пайдалануы нәтижесінде банк клиенттері әлемнің кез-келген нүктесінен өз шоттарындағы қаржыға, нақты уақыт режимімен билік жасай алады. Интернет банкинг жүйесі- өз кеңсесінен шықпай-ақ немесе кез-келген интернетке шығу мүмкіндігі бар жерден банк опреацияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде шоттағы қаржы туралы ақпаратты алу жылдамдығы жоғарылады, қаржы түсімдерін басқарудың сапалы және тұрақты оңашаланған жолдары ашылды, бұның барлығы банкке баруға уақыт пен ақша жоймайтын, өз бизнесін өрлету жолындағы тиімді қадамдар екені ақиқат. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір артықышылығы бар, ол – аймақтық шектеулерді жояды. Клиент банкті кеңсесіне жақын орналасқандығы үшін таңдаудан құтылады, қайта банкті қызмет көрсету сапасына, тарифтеріне, клиентке деген жалпы көңіл бөлуіне қарай таңдай алады.
9. Кассалық операциялар
Коммерциялық банктердің ең бір ірі белсенді операцияларының бірі – кассалық операциялар.
Кассалық операциялар- ақшаны қабылдау,беру, айырбастау, ұсақтау, қайта санау, саралау, орау және сақтау. Бағалы құндылықтар-валюталық бағалы заттар, Қазақстан Республикасының банкноттары мен монеталары, құнды қағаздар мен қатаң есептегі бланкілер және құнды заттар.
Коммерциялық банктердің кассалық операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Ереже негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық Банк кассалық операциялардың жалпы тәртібін реттейді, тасымалдау тәртібі, ақшаны сақтау, олардың төлем қабілетін анықтау, пайдалануға жарамсыз банкноттарды ауыстыру мен жою, жинақтаумен орау тәртіптерін белгілейді. Банктің клиенттің қолма-қол ақшасына қатысты операциясы шоттағы қаржыны қолма-қолақшаға айналдыру (шоттағы қаржының қажетті мөлшерін шығысқа шығарып, чек кітапшасымен қолма-қол ақша түрінде беру) және қолма-қол ақшаны шоттағы қаржыға айналдырумен (қолма-қол ақшаны банк кассасына қабылдап, клиент шотына кірістеу) шектеледі.
Коммерциялық банктің негізгі қызметтерінің бірі клиенттерін қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету, және олардан қабылдап алған ақшаны сақтау. Кассалық қызмет көрсетуде Клиентті қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуде ешқендай шектеу болмайтындай технологиялық жүйе қалыптасу қажет. Клиентті қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіп отыру –коммерциялық банктің міндеті болып табылады. Клиенттің талабын қанағаттандыру мақсатында Банк өз қоймасында әр түрлі құндылықтағы жеткілікті мөлшердегі қолма-қол ақша мөлшерін ұстауы тиіс. Кассалық опреацияларды жүргізудің құжаттары бойынша бір жүйеге келтірілген әдістемелік база болу үшін, Қазақстан Республиксы Ұлттық Банктің нұсқаулықтары мен нормативтік құжаттарын дер мезгілінде түсіндіру мен іс жүзінде қолдану мақсатында төмендегідей өнім жасақталынған. Өнім менеджерінің жұмысы қолма-қол ақшамен жұмыс жасау белгілі бір қызметтерді көрсетудің, операцияларды жүргізудің( несие беру немесе төлеу, салымға ақша салу/беру, ағымдағы шоттан ақша алу/салу, карт-шоттан ақша алу/салу) нәтижесінде болатындықтан «кассалық операциялар» өнімін сатуға емес, кассалық операцияларды жүргізуде осы жұмыстың сапасын арттыратын технологиялық жолдарын талдап, жасақтау, жетілдіруге бағытталады.
Артықшылықтары:
- кассалық операциялар қолма-қол ақшаны қабылдау, беру, қайта санау, ұсақтау, ауыстыру, іріктеу, орау және сақтауды қамтамасыз етеді;
- қажетті құндылықта, керекті мөлшерде қолма-қол ақша алу;
- ағымдағы және салым шоттарындағы қаржының жоғарғы дәрежеде қорғалуы
Кемшіліктері:
- қолма-қол ақшаны тек қана белгілі бір валюта түрінде алуға болатындығы (тенге, АҚШ доллары, Ресей рублі, марка, фунт стерлинг т.б)
- ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны алғанда немесе салғанда тасымалдауда қолайсыздықтар туындайды;
- ұсақ ақша алу мүмкіндігіндегі шектеулер пайда болуы;
- Қолма-қол ақшаны тасымалдау мен сақтаудағы банктің шығындары
Мүмкіндіктері:
Клиентке қандайма болмасын құндылықтағы, жақсы күйдегі қолма-қол ақша беруде ешқендай шектеу, кедергілер болдырмау мақсатында банк кассасындағы қалдық ақшаның сапалық және сандық құрамын анықтап, талдама жасауға мүмкіндік бар.
АБИС дамытқан жағдайда:
- Кассалық операция жүргізуді бақылаудың озық технологияларын енгізу;
- Клиенттерге кассалық операциялар қызметін көрсетудің сапа деңгейін көтеру;
- Жалпы банк бойынша әр құндылық бойынша қозғалыс есебін жүргізу;
- Қағаз жүзіндегі құжат айналымын азайту;
- Касса кітабын жүргізу мен қалыптастыруды автоматтандыру
Өз клиенттеріне кассалық қызметтер көрсету үшін банктер арнайы касса жүйесін қалыптастырады.
Касса жүйесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің құқықтық-нормативтік актерінде көрсетілген талаптарға сай жобаланып, жасақталған болуы тиіс.
10. Халықаралық есепайырысулар мен шетел валютасымен операциялар
Валюталық заңдылықтарға елеулі өзгерістер болды.
Мақсаты: валюталық операциялар жүргізуде мүмкіндігінше толық болмаса белгілі бір мөлшерде болсада шектеулерді жою, сыртқы сауда келісімдері мен инвестицияларды жүзеге асыру жағдайларын жақсарту, валюталық нарықтың қатысушыларына артықшылықтар қалыптастыру, олардың қажеттіліктерін ескеру.
Валюта тәртібінің либеризациялануы - валюта ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырды, инвестиция тартудың аясын кеңейтті, ұлттық валютаның толық конвертация жасалуына жолашты.
1 этап (2003-2004)
1. Валютаны қайтару мерзімі ұзартылды /120 күннен 180күнге дейін/
2. Лицензияланатын және паспортталатын келісімдер мөлшері көбейтілді.
3. ОЭСР және ФАТФ елдерінде жеке тұлғаларға шот ашуды лицензиялау тәртібі жойылды.
2 этап (2005-2007гг.)Күтілетін нәтижелер:
1. Валюталық опреацияларды лицензиялауды толық алып тастау керек.
2. Экспорттық және импорттық операциялар бойынша нақты мерзімде валютаны репатриациялаудың талаптарын сақтау;
3. Ақпараттық базаны жетілдіру, үшінші жақтың қатысушылары мен сомасы, келісім шарттарын, көлемі мен жүзеге асыру әдістері жөнінде жүйелі мәлімет алып отыру.
Экспорттық-импорттық валюталық операцияларды бақылау жөніндегі қолданыстағы заңдылық акттер:
- «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 маусымдағы Заңы;
- 2006 жылғы 18 тамыздағы «Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі» Ереже
- 2006 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру»туралы Ереже
Сыртқа шығару және әкелу /Экспортер және импортер/
- Келісім шартқа қосымша жасауға негіз болатын тараптардың міндеттерін орындау мерзімі мен шарттарын орындауда және де басқа келісім шартқа өзгеріс немесе толықтырулар енгізілгендігін растайтын құжаттар мен ақпараттардың құқық берілген банкке тапсырылуы, болатын өзгерістерден 10 күн бұрын, бірақ белгіленген мерзімде сол айдың соңғы күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс;
- Репатриация талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында келісім төлқұжатын дайындауды талап ететін келісім шартта экспортер/импортер КТ-да немесе қосымша бетшеде шамамен болса да шетел валютасының түсетін мерзімін көрсетеді.
- КТ-ын дайындауды талап етпейтін келісім шарттарда бағамды мерзім (ориентирвочный срок) клиент өтінішінде көрсетіледі.
- Төлемдерді немесе аударымдарды өткізгенге дейін немесе тауарларды кедендік құжаттарын дайындағанға дейін экспортер/импортер құқық берілген банкте КТ құжаттарын дайындауы тиіс.
Өкілдік берілген банктің негізгі міндеттері:
- Төлемдер мен аударымдарды өткізгенге дейін валюталық бақылау құжаттарын экспортер немесе импортердің тапсырған құжаттары мен мәліметтерін келісім шарттағы реквизиттері мен келісім төлқұжатын салыстырып, сәйкестігін тексереді;
- Реквизиттері мен келісім төлқұжатында импортер немесе экспортер тапсырған құжаттармен сәйкес келмейтін жағдайлар кездессе, өткізуден бас тартады;
- Кірістелетін құжаттар бойынша банкаралық қатынаста реквизиттері мен келісім төлқұжатында сәйкессіздік байқалса, экспортер/импортер жазбаша растағанда ғана ақшаны шотқа кірістейді;
- Шамамен көрсетілген валютаның түсу мерзімінің сақталмауы,банкүшін төлем өткізуден бастартуға негіз болаалмайды;
- Бейрезиденттің экспортер/импортер алдындағы өз міндетін шамамен белгіленген мерзімде сол айдың соңғы күніне 10 мың АҚШ доллары мөлшерінен асатын көлемде орындамаған жағдайда және міндетінорындау жөнінде болмаса жағдайдың өзгерісі жөнінде растайтын құжат бермеген жағдайда өкіл банк әр айдың 5-і күні, экспортер/импортератына жазбаша сұрау салады.
- ПС құжаттары тіркеу куәлігі немесе алғандығы жөнінде куәлік қажетті болған жағдайдада дайындалады, бірақ бұл қаражат аудару тәртібіне қолданылмайды;
- Ережеде көрсетілген талаптар мен нұсқаулықтар бойынша келіміс төлқұжатын жабады;
- Ереже шеңберінде мониторинг жүргізіп, ақпар береді.
Өкіл банктер төменде көрсетілген жағдайлардан басқасында, 10 мың АҚШ доллары мөлшерінен асатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді шығару немесе әкелу қаралған келісім шарттардың репатриациясын бақылауға алады.
- ҚР кеден шекарасынан өкіл банк арқылы ақша өткізу;
- Ұлттық Банк немесе өкіл банк асыл металды әкелгенде немесе шығарғанда;
- ҚР-сының кеплдігімен сыртқы мемлекеттік займдар есебінен төлем жүргізілетін келісім шарттар бойынша;
Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі