Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:21, курсовая работа
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі
қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы.
КІРІСПЕ..............................................................................................................4-5
1.Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі..........................................................6-25
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты.......................................6-8
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі..............................................................8-11
1.3 Акционерлік қоғам бағалы қағаздарының пайда болуының негізі...............................................................................................................11-18
1.4 Бағалы қағаздардың түрлері.................................................................18-25
2. Кәсіпорындағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру........................26-33
2.1 Қаржылық салымдардың түрлері...............................................26-27
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операциялардың есебі......................................................27-29
2.3 Кәсіпорын акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер есебі........................................................................................................29-30
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі...........................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................36
ҚОСЫМША А...................................................................................................37
ҚОСЫМША Б....................................................................................................38
ҚОСЫМША C...................................................................................................39
ҚОСЫМША Д....................................................................................................40
Бір жылдан астам мерзімге алынған облигациялар бойынша бастапқы құнның түзетілуі олардың №1150, 2040 шоттар бойынша бастапқы (баланыстық) құны облигацияларды жабу (өтеп алу) мезгіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.
Бастапкы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманы шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.
Тиесілі табысты есептеу кезінде әрбір шығыс етілетін немесе қосып есептелетін бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бөлігі айырмашылықтың жалпы сомасы мен облигациялар бойынынша табысты белгіленген мерзімде төлеуге негізделіп анықталады. Айырманың бұл бөлігі төмендегі формула бойынша есептелуі мүмкін:
Б = (Бқ - Н) : (М х С)
бұл жерде: Б-облигацияның бастапқы құны мен номиналды бағасының
арасындағы айырманың бөлігі;
Бқ - облигацияның бастапкы құны, яғни бағалы қағазды сатып алу бойынша нақты шығындардың сомасы;
Н -облигацияның номиналды бағасы, яғни бағалы қағаздың бланкісінде белгіленген кұн;
М -эмиссия күнінен бастап облигацияның иесі салынған ақша қаражаттарын талап етуге құқық алатын күнге дейінгі облигацияның айналым мерзімі;
С -жыл ішінде облигация бойынша табыс төлемінің саны.
Сол немесе басқа борыштық міндеттемелерді жауапкершілігіне алу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жазылады:
а)борыштық міндеттемелері үшін қаражаттар аудару кезінде:
Дт - № 3540б, 4430б "Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу" субшоты.
Кт - № 1040, 1050 "Ағымдағы банктік және валюталық шоттарындағы ақшалар" төлем түріне байланысты.
б)сатып алу нақтылығы расталған кезде:
Дт - №1150, 2040 "Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар"
Кт - №3540б, 4430б "Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу" субшоты.
Егер облигациялар өсу пайыздарына сәйкес сатылса, онда пайыздарды төлеу күндерімен сәйкес келмейтін күндері оларды сатып алу кезінде сатушы мен сатыпалушы өздерінің арасында тиісті соманы бөліп алуы тиіс. Сатушы сатып алушыға облигацияның нарықтық құнынан басқа олардың соңғы төлемі кезінен өткен мерзімге тиесілі пайыздар төлейді. Пайыздарды төлеудің кезекті мерзімі келгенде алушы оларды толық пайыздық кезең үшін алады.
Алушының бухгалтерлік есебінде бул операциялар төмендегіше бейнеленеді:
а)олардың
соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі
пайыздардың
сомасы мен құнына қоса, облигацияның
сатып алу құнына алынатын облигация үшін
қаражаттардың аударылу кезінде:
Дт - № 3540с, 4430с "Сатып алу құнымен операциялар жүргізу" субшоты.
Кт - № 1040, 5010 "Ағымдағы банктік және валюталық шоттарындағы ақшалар" төлем түріне байланысты.
б)облигация
сатып алушының билігіне көшу кезінде:
Дт -№ 1150, 2040 "Қысқа және ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялары"
№ 1630, 2940 "Өзге қысқа және ұзақ мерзімді активтер" шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздар үшін жазылады.
Кт - № 3540с, 4430с "Сатып алу құнымен операциялар" субшоты,
в)пайыздармен болатьш кейінгі операциялар:
Дт - № 3540с, 4430с "Сатып алу құнымен операциялар жүргізу" субшоты толық кезекті пайыздық кезеңге тиесілі пайыздар.
Кт
- № 1630, 2940 "Өзге қысқа және ұзақ мерзімді
активтер" шоты бойынша оларды соңғы
төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі
пайыздар үшін жазылады.4
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қорыта келе, бағалы қағаздар дегеніміз — әлеуметтік –экономикалық қатынастар процесінде (өндіруші мен тұтынушы арасындағы) және қаржы нарығында айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен көрінетін, сонымен бірге, шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырады. Кез – келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы — оның субъектісі және олардың арасындағы қатынастардың бірлігі. Бұл нарықтың объектісі — бағалы қағаздар, ал субъектісі — нарыққа қатысушылар.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарығы және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдары егемендік алғаннан кейін құрыла бастады.
Бағалы қағаздар — акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерінде көрінетін капитал.
Акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен категорияларына қарай акционерлердің дивидент алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Облигация
деп — эмитенттің оны ұсынушыға
белгілі бір уақытта
Вексель — шаруашылықта қолданылған бағалы қағаздардың ең алғашқы формасы. Ертеден вексель есеп айырысуда ең қолайлы құрал ретінде, төлем құралы және тауарды қарызға қарызға сатып алғанда несие алу құралы ретінде қолданылған.
Қорыта
айтқанда, бағалы қағаздарды жоғарыда
келтірілген суреттердегідей жіктеу қазіргі
нарықта олардың сан алуан түрлерінің
бар екенін білуге мүмкіндік береді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
ҚОСЫМША
А
ҚОСЫМША Б 1.2.Сурет. Өркениетті елдердегі бағалы қағаздардың түрлері
АҚШ | Батыс Еуропа елдері | Жапония |
Жеке фирмалардың облигациялары | Жеке фирмалардың облигациялары | Жеке фирмалардың облигациялары |
Корпоративтік жеке акциялар | Кепілдікке мүлік салу және комуналдық облигациялары | Жеке фирмалардың акциялары |
Бюджеттің кемшілігін жоюға арналған мемлекеттік облигациялар | Аралас меншік
формасындағы кәсіпорындардың акциялары;
Бюджеттің кемшілігін жою арналған мемлекеттік облигациялар |
Аралас меншік
формасындағы кәсіпорындардың акциялары;
Бюджеттің кемшілігін жою арналған мемлекеттік облигациялар |
ҚОСЫМША С1.3. Сурет. Халықаралық бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздардын жіктелуі
Алғашқы БҚ-дар | Туынды БҚ-дар | |||
Құжат формасында | Шотқа жазу түрінде | |||
Үлесті | Меншік титулы | |||
Қысқа мерзімді | Орта мерзімді | Ұзақ мерзімді | Мерзімсіз | |
Мемлекеттік | Мемлекеттік емес | |||
Үкіметтік, министрліктердің, ведмстволардың | Муниципальдық | Корпоративтердің | Шетел имитенттерінің | Жеке |
Банктік | Банктік емес | |||
Айналыстағы | Айналыстағы емес | Айналысы шектеулі | ||
Атаулы | Ұсынушы | Ордерлі | ||
Мерзімді | Мерзімі ұсыну бойынша | |||
Белгіленген табыспен | Өзгермелі табыспен | |||
Қайтарылып алынатын | Қайтарылып алынбайтын | |||
Инвестициялық | Нарықтық (Саудалық) | |||
Көрсетілген құны отандық валютамен | Көрсетілген құны шетел валютасымен | Көрсетілген құны отандық және шетел валютасымен |
ҚОСЫМША
Д
Жіктелу нышандары | Бағалы қағаздардың түрлері |
Қолдану мерзімі | Мерзімді, мерзімсіз |
Пайда болуы | Алғашқы, екінші нарық |
Қолдану формасы | Қағазды-құжатты; қағазсыз, құжатсыз |
Ұлттық тиістілігі | Отандық, шетелдік |
Пайдалану типі | Инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес |
Иемдену тәртібі | Ұсынушы атаулы |
Шығару формасы | Эмиссиялық, эмиссиялық емес |
Меншік формасы | Мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
Айналыс сипаты | Нарықтық, еркін айналыстағы, нарықтық емес |
Тәуекел деңгейі | Қауіпсіз, аз қауіпті, қауіпті |
Табыстылығы | Табысты, табыссыз |
Қаражат салу формасы | Қарызды, иеленушінікі, үлесті |
Экономикалық мәні (құқық түрі) | Акция, облигация, вексель және т.б. |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
С.З.ТАЙБАҒАРОВ
АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бағалы қағаздар есебі
Қорғауға жіберілді:
« » 2008ж
/ Ерғали Д.Е.
Қорғалды: