Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:21, курсовая работа
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі
қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы.
КІРІСПЕ..............................................................................................................4-5
1.Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі..........................................................6-25
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты.......................................6-8
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі..............................................................8-11
1.3 Акционерлік қоғам бағалы қағаздарының пайда болуының негізі...............................................................................................................11-18
1.4 Бағалы қағаздардың түрлері.................................................................18-25
2. Кәсіпорындағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру........................26-33
2.1 Қаржылық салымдардың түрлері...............................................26-27
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операциялардың есебі......................................................27-29
2.3 Кәсіпорын акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер есебі........................................................................................................29-30
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі...........................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................36
ҚОСЫМША А...................................................................................................37
ҚОСЫМША Б....................................................................................................38
ҚОСЫМША C...................................................................................................39
ҚОСЫМША Д....................................................................................................40
4.Облигация
бойынша табыс төлеу қоғамның шығынын
құрайды. Ол салық төлегеннен қалған пайдадан
төленеді. Ал дивиденд те қоғамның таза
пайдасынан өтеледі.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайына, екінші жағынан, нарықтагы әр уакытта әртурлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады.
Сонымен, егер қоғам бағалы қағаздардың екі түрін де қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін дивиденд, облигация ұстаушыға телейтін проценттен жоғары болады деген болжам басымырақ.
Негізгі бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу құқығын пайдаланудың алғашқыларының бірі - опцион.
д) Опцион - шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол белгіленген уақытта немесе одан бұрын келісілген бағамен қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық береді.Опцион биржада саудаға түседі. Әдетте, опцион қоғамның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы бағалы қағаз. Опцион - заңды түрде бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі, Оның өлшемі лот деп аталады, 1 лотта 100 дана біратаулы бағалы қағаз болады. Опционный мазмұнында опциондық шартта бекітілген құқықтың орындалуы, яғни бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу күні, айналыс мерзімі, аяқталу күні, жөнелту-қабылдап алу жағдайлары және бағасы көрсетіледі.
Опционный негізі болған активтің екі бағасы болады: ағымдағы нарықтық баға, немесе спот бағасы және опционда көрсетілген оны орындау бағасы. Ал опционный өз бағасы сыйақы деп аталады. Ол опционный негізі болған активтің бағасы емес.
Құқықты бағалы қағаздардың келесі түрі - варрант.
е) Варрант - ол өз иемденушісіне белгілі-бір қоғамның анықталған акция (немесе облигация) мөлшерін алдын-ала бекітілген бағамен алдағы мерзімде сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы бағалы қағаз. Ол - қоғамның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқығын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген артықшылықты акциялар және облигациялар санына айьгрбастауға кұкығы бар. Варрантты акцияға айырбастамай-ақ, қоғам оны өзіне сатып алып, жою мүмкіндігі де бар.
Варрант —ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Ол 3 жылдан 30 жылға дейін, ал кейбіреуі мерзімі шектеусіз айналыста жүреді. Әдетте, оны қоғам облигациялармен және артықшылықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан, бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды (өтімді) етсе, екінші жағынан, қоғамның эмиссиялық шығындарын азайтады.
Варрант
қоғамның басқа бағалы қағаздарымен қоса
шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп,
өз алдына айналымға түседі. Ол туралы
қоғамның жарғысында көрсетілген болуы
керек. Варрант бөлінгеннен кейін негізгі
бағалы қағаздың сатылу бағасы варрант
бағасына кемиді. Екінші нарыққа түскесін
варрант өзінің нарықтық курсына ие болады.
Варрант бойьшша сатып алынатын бағалы
қағаздың бағасы варранттын орындалу
бағасы деп аталады. Кейде варрантты негізгі
бағалы қағазбен бірге ұсынады, ондай
жағдайда олардың бағасын біріктіріп
айтады.2
2.Кәсіпорындардағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру
2.1. Қаржылық салымдардың түрлері
Қаржылық салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.
Есепте қаржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзак мерзімді болып бөлінеді.
Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен катар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.
Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы кағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәсіпорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артык мерзімге карызға берілген каржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.
Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы кағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, век-сельдер және т.б. елеулі орын алады.
Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оньң иесіне қаржы сал-ғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданьң бір бөлігін алуға кұқық береді.
Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.
Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйақыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетішеушілік жағдайында облигациялар бойынща сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат ұшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.
Жинақ сертификаттары бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша қаражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ шоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатынын ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы уақытта бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы қағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты беріледі.
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцнялардың есебі
Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.
Бұл операциялардың есебі үшін № 1110-2010 "Ұсынылған қарыздар" шоттары пайдаланылады. Олардың кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден өтеп алынған кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті акциялары № 5210 "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар" шотында бейнеленеді.
Кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам өтеп алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай жазу жазылады:
Дт - 5210 "Алынып тасталған капитал" шоты.
Кт – 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоты.
Өтеп алынған акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы мен номиналды құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және кассадағы ақша қаражаттарының есебі үшін қолданатым тәртіпте сақталады.
Меншікті акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:
Дт – 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоты.
Кт - 5210 "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар" шоты.
Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды құнынан артық баға бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды құнының арасындағы өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:
Дт – 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты.
Кт - 5430 "Өткен жылдардағы пайда(залал)" шоты.
Меншікті акцияларды жою кезінде оларды акционерлерден өтеп алу мен барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін мынадай проводка жасалады:
Дт – 5010 "Жарияланған капитал" шоты.
Кт – 5210 "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар" шоты.
Акциялардың
аналитикалық есебі олардың келіп түсу
көздерінен тәуелсіз есеп ведомостарында
түрлері, өтеп алу мерзімдері, құны бойынша
жүргізіледі.3
2.3 Кәсіпорын акционерлерініңмакциялары бойынша дивидендтер есебі
Кәсіпорын акционерлері меншігіндегі акциялар бойынша дивидендтер алуға құқылы. Акционерлерге дивидендтер есептеу мынадай жазумен бейнеленеді:
Дт -№ 5410, 5430 "Есепті жыл мен өткен жылдардың пайдасы (залалы)" шоттары.
Кт – 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек" шоттары.
№ 5430 "Өткен жылдағы пайда (залалы)" шоты кепілдігі бар дивидендтерді (мысалы, артықшылығы бар акциялар бойынша) төлеу үшін таза табыстың мөлшері жетіспейтін жағдайда қолданылады.
Егер
акционерлер ретінде бұл
Дт - № 5410 "Есептік жылдың пайдасы (залал)" шоты.
Кг - № 3350 "Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек" шоты.
Төлем көзінен дивидендтерге салық салынатын тәртіп болғандықтан, дивидендтердің есептелген сомасынан салықтың көлемін шегеруден кейінгі сомасы төлеуге жатады. Бұл жөнінде төмендегі жазулар жазылады:
а)есептелген салықтың сомасына:
Дт - № 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек " шоттары.
Кт - № 3190 "Өзге салықтар" субшоты.
б)төленетін ақшалардың сомасына:
Дт - № 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек " шоттары.
Кт - № 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоттары.
Жай акциялар бойынша дивидендтерді телеу, тиісті жыл үшін купондарды кесіп алу жолымен акция табысын алушынын оны нақты көрсетуінен соң жасалады. Бұл дивидендтер төлемінің уақытын ұзартады. Акционерлік қоғам өзінің ақша салушыларына дивидендтер төлеуді банкіге тапсыруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендтердің ақша салушыларға тиесілі қаражаты банкіде жеке шотка аударылып, бұл № 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар" шотында есепке алынады;
Дт - № 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар'1 шоты.
Кт - № 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоттары.
Төленген дивидендтердің көлемі туралы банктің растауын алған соң, бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
Дт - № 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек " шоттары.
Кт - № 1070 " Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар " шоты.
Дивидендтер төлеу бойынша банктің қызметтері үшін төмендегі жазу жазылады:
Дт - № 7210 "Әкімшілік шығыстар" шоты.
Кт
- № 1040 "Ағымдағы банктің шоттардағы
теңгемен ақша қаражаттары" шоты.
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі
Борыштық бағалы қағаздардың (облигациялардың, депозиттік сертификаттардың, вексельдердің және т.б.) бухгалтерлік есебі үшін № 1150 "Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар" синтетикалық шоттары қолданылады.
Борыштық міндеттемелер оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығьндар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Егер бастапқы (баланстық) құн номиналды бағадан жоғары болса, онда олардың арасындағы айырма шығыс етіледі, төмен болған жағдайда - қосып есептеледі. Жабу мерзімі бір жылға дейінгі бағалы қағаздар бойынша бұл операция оларды кәсіпорынның балансынан шығыс етумен бір мезгілде жасалады.