Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:21, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі
қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................4-5
1.Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі..........................................................6-25
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты.......................................6-8
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі..............................................................8-11
1.3 Акционерлік қоғам бағалы қағаздарының пайда болуының негізі...............................................................................................................11-18
1.4 Бағалы қағаздардың түрлері.................................................................18-25
2. Кәсіпорындағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру........................26-33
2.1 Қаржылық салымдардың түрлері...............................................26-27
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операциялардың есебі......................................................27-29
2.3 Кәсіпорын акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер есебі........................................................................................................29-30
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі...........................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................36
ҚОСЫМША А...................................................................................................37
ҚОСЫМША Б....................................................................................................38
ҚОСЫМША C...................................................................................................39
ҚОСЫМША Д....................................................................................................40

Работа содержит 1 файл

бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі.doc

— 334.50 Кб (Скачать)

       в)Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

       г)Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.

       3. Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.

       Ақша  нарығында қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады. Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі топтарға жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады.

       Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.

       Айта  кететін жайт, бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге, яғни 1 жылға дейін айналымда болса да (мысалы, еркін айналыстағы опциондар) капитал нарығында жүреді.

       Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығында көптеген сегменттер, атап айтқанда, кәсіпорындар мен жеке компаниялардың акциялары; мемлекеттің және жеке фирмалардың облигациялары айналыста жүреді. Нарықта табыс түсіру және тәуекел бойынша олардың арасында үнемі үздіксіз бәсекелестік өрбиді. Өндірістің экономикалық өрлеуі кезінде көптеген жағдайда жеке және корпоративтік акциялар мен облигациялар бойынша дивидендтер мен проценттер мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша проценттерден жоғары болуы мүмкін.

       Бұл суретте автор [21;6.] АҚШ-та жеке фирмалардың облигаияларының бағалы қағаздар нарығында жоғары үлес салмағы бар екенін көрсетеді. Себебі олар қор биржасынан тыс сатып алу және сатудың әртүрлі әдістерін қолданады.

       Айта  кететін жайт, АҚШ - пен салыстырғанда Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Францияда, сондай-ақ Жапонияда мемлекеттік сектордың бағалы қағаздарға қосқан үлесі жоғары, сондықтан оларда әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың облигациялары көптеп шығарылуда. Ал Батыс Еуропа елдерінде шығарылатын кепілдікке мүлік салу облигацияларын және коммуналдық облигацияларын тек ипотекалық банктер эмиссиялайды, сондай-ақ олар қор биржасынан тыс сатылады.

       Әлемдік бағалы қағаздар нарығының дамуы  бағалы қағаздардың әртүрлі белгілеріне, атап айтқанда, экономикалық, кұқықтық, эмитентіне және т.б. негізгі сипатына қарай жіктелуіне де мүмкіндік туғызады (1.3 .Сурет).

      Суретте автор бағалы қағаздардың экономикалык жаратылысына байланысты алғашқы және туынды деп жіктейді. Мысалы, акциялар мен облигациялар алғашкы жалған капиталға жатады. Себебі олар эмитенттің мүлкінің, ақша қаражатының белгілі бір үлесін құжат формасында білдіреді, ал опциондар мен фьючерстер туынды, екінші ретте шығарылған қаржылық кұралдарға жатады. Алайда бағалы қағаздарды бұлай жіктеу бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын білдірмейді.1 

       1.3. Акционерлік қоғам - бағалы қағаздардың пайда болуының негізі

       Акционерлік қоғам ( бұдан әрі - қоғам ) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын занды тұлғаны айтады. Ал акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның калган мүліктерінің бір бөлігін иемдену кұқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акционерлік қоғамдар, сондай-ақ облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.

       Экономикасы дамыған елдерде олар корпорация деп те аталады. Қоғамның фирмалық атауы сөзбен жазылып, одан кейін «АҚ» аббревиатурасы көрсетілуі тиіс. Қоғам осындай фирмалык атауымен мемлекеттІк тіркеуден өтеді.

       Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы жаңа заңына сәйкес өз капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционердің саны бес жуз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады.

       Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп, сондай-ақ халыктық акционерлік қоғам мәртебесінен айырылды деп тану тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қоғам:

  • таратылған   немесе   қайта   ұйымдастырылған   (қоғамға басқа қоғам қосылған және одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған жағдайларды қоспағанда);
  • өз капиталының мөлшері оны екі айдан астам мерзімде тиісті  қаржы жылына арналған республикалық бюджет заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін азайған;
  • акционерлер   саны   алты  ай   ішінде  бес  жүзден  төмен азайып кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айырылады.

       Қоғамды құру туралы шешімді қабылдаған жеке немесе занды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған шығыстарды төлеу бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке дара қабылдайды.

       Құрылтай шарты мен жарғы қоғамының құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып есептеледі.

       Құрылтай  жиналысында құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды, оның жарғысын бекітеді, қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға, заңдарда белгіленген тәртіппен мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге, құрылтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті адамдарды сайлайды. Құрылтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері туралы шешім қабылдауға тиіс.

       Қоғамның  жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды олардың нақтылы құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторларға белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс. 

       Ал  қоғамның жарғылық капиталының ен төменгі  мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшеріне тең болады.

       Қоғамның  құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. Шетелдік инвестордың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

       Қоғамның  жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол кұрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әртүрінің саны, категориялары, атаулы кұны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.

       Осымен  қатар жарғыда қоғам акционерлерінің  құқықтары, яғни қоғамды басқаруға қатысуға, дивиденд алуға, қоғамның каржылық есебімен танысуға, ол таратылған жағдайда қалған мүліктін бір бөлігін алуға құқылы екендігі айқындалады. Жарғыда акционерлердің міндеттері де көрсетІледі. Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға хабарлауға, тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігін он күн ішінде хабарлауға және қоғамның құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

       Акционерлік қоғам - заңды тұлға. Оның органдары: акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру комиссиясы (ақылы немесе жеке-дара тексеруші) болып табылады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы оның ең жоғары басқару органы. Ол қаржы жылы аякталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады.

       Акционерлердің  жалпы жиналысының айырықша күзіретіне жататын кейбір мәселелерді айтсақ, олар: коғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату; қоғамның басқару органдарын сайлау; қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту; оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту; қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларың және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сиякты көптеген бақа мәселелер.

       Акционерлердің  саны жүзден асатын қоғамда акционерлердің жалпы жиналысында құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы сайланады. Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру қорытындыларын шығарады. Дауыс беру «қоғамның бір акциясы бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.

       Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялар саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құкық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.

       Қоғамның басқару органы- директорлар кеңесі. Оның міндетіне қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау, акционерлердің жылдык және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау, олардың күн тәртібін бейту, қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге да бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау, таза табысты, резервтік капитал мен қоғамның өзге қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.

       Ағымдағы  қызметке басшылық жасауды, яғни акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін қоғамның атқарушы органы жүзеге асырады. Ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін, Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Атқарушы орган қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, штатты шығарып және қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.

       Қоғамның  атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган - тексеру комиссиясы. Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез-келгең уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 процентінен астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органынын қызметіне тексеріс жүргізеді.

       Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының  шешіміне сәйкес акционерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен немесе акционердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді. Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қорытындысы бойынша жариялайды.

       Қорыта  айтқанда, акционерлік қоғамдар жыл сайын баспасөз басылымында қоғамның жылдык балансын және кірістері мен шығындары туралы есебін жариялауға міндеггі. Халықтың қоғам тоқсан аякталғаннан кейін жиырма күн ішінде балансы және табысы мен зияны туралы есептерді баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге тиіс. Қоғам облигациялар шығарған және орналастырған жағдайда да баспасөз басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.

       Акционерлік қоғамдардың көптеген кұрылу жолдары бар. Олар - жұмыс істеп түрған заңды тұлғаны акционерлік қоғам түрінде қайта қуру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, одан бөлініп шығу. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының іске асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.

       Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатыскан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.

Информация о работе Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі