Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:49, курсовая работа

Описание работы

Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….....……......................3 бет
І тарау
1.1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..............6 бет
1.2.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері....................................................................……….....................11 бет
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі....…...............16 бет
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі................21 бет
2.0.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі..........................................25бет
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі............................................20 бет
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі............................................22бет
2.3.Ауыл шаруашылықта өндірілген өнімдердің есебі................................23бет
2.4.Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі..............14бет
2.5. Ауыл шаруашылық шығындарының синтетикалық және аналитикалық есебі...................................................................................................................26бет
2.6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары ......7бет
ІІІ тарау
3.0.Қорытынды…................…………………………………………….....24 бет
ІV тарау
4.0.Пайдаланылған әдебиеттер.........

Работа содержит 1 файл

Жоспар Айдана.doc

— 336.50 Кб (Скачать)

    Мамандандырылған бухгалтерлік құжаттарды компьютерлік өңдеуді қажет ететін егін шаруашылығында есепке алу бойынша жүйелеу төрт бағыт бойынша жүргізіледі:

    1. Еңбек шығындарын есепке алу  бойынша құжаттар;

    2. Негізгі құралдарды есепке алу  бойынша құжаттар;

    3. Өнім шығымын есепке алу бойынша  құжаттар.

    4. Материалдық шығындарды есепке  алу бойынша құжаттар.

    Ол, барлық саладағы өсімдік шаруашылығының өндіріс және есеп обьектісі бойынша жүргізілген шаруашылық операцияларын бастапқы құжаттардың мамандандырылған формаларымен ресімдейді, ол, бірінші кезекте өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы алалықты (алшақтықты) жоюға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында мамандандырылған біріңғай бастапқы құжаттамалардың болуы бухгалтерлік есептің және одан кейін қаржылық есептеменің негізгі ұйымдастырушылық көрінісі бола алады.

    Кейбір  фермерлердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  және жүргізуге, қаржылық есеп беруді жасауға қарсы келуі немесе оларды ескермеуі болып тұрады.   
 

2.6 . Ауыл  шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

      Ауыл  шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың  бухгалтерлік есебі мен бақылауын  жетілдіру. Бухгалтерлік есеп жүйесін  реформалаудың басты мақсаты - нақты  экономикалық ортада бухгалтерлік есеп жүйесінің өзіне тиісті қызметтерін кезекпен, пайдалы, тиімді және ұтымды орындау үшін қолайлы жағдай жасаудан тұрады. Ол үшін қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесінің әлемде жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп жүргізу көзқарастарына қарама қайшы болмауын қамтамасыз ету қажет.

    Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реформалау мақсаттары келесіден тұрады :

- пайдаланушыларды  пайдалы ақпаратпен қамтамасыз  ететін есеп пен есептіліктің  стандарттар жүйесін құру;

- Қазақсатандағы  бухгалтерлік есепті халықаралық  деңгейдегі стандарттар үйлесімінің негізгі тенденцияларымен байланысын қамтамасыз ету;

- Бухгалтерлік  есептің реформаланған моделін  енгізуде ұйымдарға әдістемелік  көмек көрсету.

      Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп жүйесінің  ХҚЕС және ҚЕҰС қолдануы жағдайында, ауыл шаруашылығы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорындар ретінде есептіліктерін ҚЕҰС №1 –не сәйкес ұйымдастыруға құқылы. ҚЕҰС №1  сәйкес  қорлар келесідей жіктеледі:

  • қайта сату үшін сатып алынған және сақталудағы тауарлар;
  • қайта сатуға арналған мүліктер (жер, ғимарат, көлік құралдары);
  • өндірілген және сатуға арналған дайын өнім;
  • өнім өндіруге және өндірісті қамтамасыз ету үшін арналған шикізат пен материалдар;
  • аяқталмаған өндіріс;
  • өзге де көмекші қорлар.

     Біздің  ойымызша бұл анықтама – ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін  ескермеген. Бұл нормативті құжатқа сәйкес, ұйым ішінде өндірілетін қорлардың көп бөлігі (жем-шөп және өз өндірісіндегі тұқымдық материалдар, табиғи тыңайтқыштар) материалдық өндірістік қорлар қорлар құрамына кірмей қалады, себебі бұл нормативті құжатта дайын өнімді пайдаланудың бір ғана бағыты көрсетілген – ол өнімді сату.

     Сонымен қатар материалдық өндірістік қорлар құрамында қорлардың элементтері  – дайын өнім мен тауарлар жеке аталып, оларға анықтама берілген. Ал ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі элемент – меншікті қорлар ескерусіз қалған. Біздің ойымызша, экономикалық ақпаратты пайдаланушыларда материалдық өндірістік қорлардың осы бөлігіне бірегей көзқарасты қалыптастыру үшін өндірістік қорларға келесідей анықтама беруге болады: өндірістік қорлар (материалдар) дегеніміз – ұйым балансының активінде көрініс табатын, экономикалық субъектінің меншігі болып табылатын, сатып алынған, өндірілген, басқа да көздерден алынған, ұйымның басқару және басқа да қажеттіліктері үшін бір өндірістік кезең барысында пайдаланылатын (жарғы құжаттарымен бекітілген қызметті жүзеге асыру үшін); өзінің табиғи және сапалық көрсеткіштерін өзгертетін немесе өзгертпейтін материалдық құралдар мен еңбек заттары. Бұл анықтамада, біз қорлардың экономикалық және бухгалтерлік мағынасын біріктіруге тырыстық. Қорлардың экономикалық мағынасы – құрамына еңбек заттарымен қатар еңбек құралдары да кіретіндігінде (нормативті құжаттармен пайдалану мерзімі анықталып көрсетілген 12 ай немесе бір өндірістік кезең). Еңбек құралдары бұл жерде өз құнын дайын өнімге бірте-бірте аудару қасиетін жоғалтады. Ал қорлардың бухгалтерлік мағынасы мүліктік иелікке басымдылық берумен кеңітілген сияқты.

     Қорлардың орташа өзіндік құнын анықтау  үшін нақты есепті кезең бір ай деп белгілеу қорлар есебінің басқару қызметін шектейді. Мысалы ірі өндірістік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалатын және басқа да қажеттіліктерге пайдаланылатын қорлардың орташа өзіндік құнын анықтау қажеттілігі бір айдан қысқа мерзімде (декада- онкүндік) туындауы мүмкін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері ай сайын баланс құруға міндетті емес, яғни оларға материалдардың орташа өзіндік құнын тоқсанына бір рет есептеуге болады. Осыдан, орташа өзіндік құнды нақты айына бір рет есептеу кезеңділігінің орнына қажетті есепті кезеңді пайдаланған дұрыс.

       Есепті  жетілдіру бағыттарының бірі болып  оны компьютерлік жүйелерді пайдаланудың көмегімен тиімді жүргізу. Басқару  тиімділігін көтеру үшін материалдық  ресурстарды басқаруды жетілдіру  қажет. Тәжірибе көрсеткендей шамадан тыс қорларды ең төменгі қысқартудың өзі біршама қаржылық ресурстарды босатуға және тұрақты пайда алуға мүмкіндік береді.                Бірақ өнім шығарудың үлкен номенклатурасымен, көп мөлшерде әртүрлі шикізаттарды пайдалану қажет болған жағдайда, қорлар деңгейін тиімді мөлшерде жасауға қатысты мақсаттарды шешу қиындайды. Бұл жерде материалдық ресурстар қозғалысының нақты және жедел есебін жолға қоюға мүмкінідік беретін компьютерлік жүйелер көп көмек береді.Қазіргі кезде материалдық қорлар бойынша есеп, басқару және бақылау жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік беретін көптеген компьютерлік бағдарламалар жасалған. Мысалы өндірістегі материалдар есебін ұйымдастыру бойынша олар лимитті-жинақтама карталарын, қорлар қозғалысы бойынша құжаттарды, есептен шығару актілерін, өндірістік есептерді құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйелерде өндіріске қорларды жіберуде сандық және құндық мөлшерлерді бақылау жүзеге асырылған. Мөлшерлеме өндіріске материалдарды жіберуге негіз болып табылатын құжат лимитті-жинақтама картаны рәсімдеу кезінде енгізіледі. Мөлшерден тыс жіберетін жағдайда өндіріске жіберу жүкқұжатында тиісті рұқсаттың деркетемелері келтіріледі. Мөлшерлерді бақылау белгілі көрсеткіштермен реттеледі. Пайдаланушы өндіріске мөлшерден тыс қорларды жіберу бойынша ведомостарды және мөлшерлеменің қалдықтары (артық жұмсалуы) бойынша есептерді қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар бір материалдардың жетіспеушілігі жағдайында, оларды басқа бір түрімен алмастыру мүмкіндіктері ұсынылады.             Дайын өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттардың нормативті және нақты шығындары туралы есептілікте материалдарды есептен шығарудың әртүрлі нұсқалары есепке алынады. Материалдық шығындар есебі дайын өнім түрлері бойынша жүргізіледі. Бұндай жүйе түрлері саладағы кәсіпорындарда пайдалануы және олардың ерекшеліктеріне қарай жасақталуы мүмкін.

      Қазіргі таңда «1С» фирмасымен «Бухгалтерлік  есеп. Ауыл шаруашылық кәсіпорын» бағдарламасы жасалған. Бұл жерде жем, отын, тыңайтқыштар есебі үшін арнайы анықтама пайдаланылады. Натуралды көрсеткіштерді есепке алу үшін үш өлшем бірлігі қарастырылған. Сонымен қатар бағдарламада арнайы ауыл шаруашылық есептіліктері бар - «Жемдер шығысы», «Малдар қозғалысы» және басқалар. Қазіргі уақытта материалдық қорлар есебін жеңілдетудің бір мысалы, жемдер сапасының есебі сияқты арнайы мақсаттарды орындайтын қажетті кез келген бағдарламалық өнімді алуға болады. Шаруашылықтардың көпшілігінде техникалық база (компьтерлер) бар, олар толық пайдаланылмайды. Бұл жердегі жалғыз проблема - есепті компьютерлендірудің маңызын түсіну және персоналдарды оқыту.

     Қорлар  есебін ұйымдастыруда шаруашылықтың  еңбек құралдары болып табылатын  шаруашылық құралдарының есебі ерекше маңызға ие. Активтердің бұл түрі пайдалану мерзіміне байланысты екіге бөлінген - бір бөлігі негізгі  құралдар құрамына кіруі тиіс, ал екіншісі өндірістік қорлар құрамына кіреді. Қандай құралдарды қай шоттарда есепке алу керек екендігі туралы шешімді, ұйым қызметінің сипаты мен шарттарына байланысты, ұйым басшысы қабылдайды. Бұл шешім ұйымның есеп саясатында бекітіледі. 
 

      Қорытынды

       Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеулер бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

        Есеп пен бақылаудың теориялық  негіздерін кешенді зерттеп, біз  олардың басқарудың дербес қызметі ретіндегі маңызын анықтадық. Бухгалтерлік есеп басқарудың барлық кезеңіне тән, ол басқарудың әрбір кезеңін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету қызметін орындайды; шаруашылық қызмет пен басқару шешімдерін қабылдайтын адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бірақ, бухгалтерлік есеп сияқты осындай күрделі жүйе өзінің ақпараттық қызметін орындау үшін, есепті ұйымдастыруға өзгерістер енгізіп отыру қажет. Есептің ұйымдастыру аспектісі көпшілігінде дұрыс бағаланбайды, соның нәтижесінде ақпарат жүйесі мен басқару жүйесі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Кәсіпорынды басқарудағы бақылаудың дербес мағынасын айқындап, біз оның негізігі үш қырын анықтадық: пәні мен әдісінің ерекшелігі және объектіге алдын-ала әсер ету мүмкіндігі. Бірақ оған қарамастан, есеп пен бақылау бір бірінсіз мүмкін болмайтындай тығыз байланыста.

            Бухгалтерлік  есеп бойынша нормативті құжаттарда  өндірістік қорлар түсінігінің  болмауы, оларды анықтау қажеттілігіне  алып келді. Өндірістік қорлар (материалдар) – белгілі бір кезең барысында ұйымның жарғылық құжаттарымен бекітілген қызметін жүзеге асыру үшін өндіріс процесінде, басқару мақсатында және басқа да қажеттіліктер үшін пайдаланылатын сатып алынған, өндірілген, басқа да көздерден алынған, экономикалық субъектінің меншігі болып табылатын, ұйымның бухгалтерлік балансының активінде көрініс табатын материалдық құралдар мен еңбек заттары. Бұл анықтамада, біз қорлардың экономикалық және бухгалтерлік мазмұнын біріктіруге тырыстық. Қорлардың экономикалық мазмұны олардың еңбек заттарымен қатар еңбек құралдарынан да тұратынында (еңбек құралдары бұл жағдайда өздерінің құнын дайын өнімге бірте-бірте аудару ерекшелігін жоғалтады). Бухгалтерлік мазмұны мүліктік иелік қағидасына басымдылық берумен сипатталады.

       Есептің әдістемесін зерттеу барысында материалдық-өндірістік қорлар есебінің алдына көздеген мақсаттарына байланысты әртүрлі міндеттер қойылатыны анықталды. Яғни, мақсаттар, әдетте, тек қана бір ғана бағытқа ие болады, мысалы есепті автоматтандыруға, қорлардың пайдаланылуын бақылауға және т.б. Ал басқа мақсаттар екінші кезекті болып, сұраусыз қалады. Осыны болдырмау үшін және барлық мақсаттардың бірдей маңыздылығын анықтау үшін, бірдей маңызды және өзара байланысты мақсаттар жүйесі жасалды.

       Материалдық-өндірістік қорлар есебінің негізігі қағидалары анықталып (уақыттылық, оқшауландыру, топтастыру, әділ бағалау, шынайылықты қамтамасыз ету, құжаттаудың тиімділігі, материалдарды пайдаланудың тиімділігі, толықтық) және олардың қорлар есебінің мақсатымен өзара байланысы белгіленді.

     Материалдық-қорлар есебінің қиындығы ауыл шаруашылығы  ұйымдарындағы пайдаланылатын қорлар түрінің көптігімен анықталады. Экономикалық әдебиеттерді зерттеу, материалдық-өндірістік қорлар есебінде, оларды жіктеудің  нақты екі түрі ғана – құрамы бойынша (жинақтамалық есепті ұйымдастыруда) және техникалық сипаттары бойынша (талдамалық есепті ұйымдастыруда) қолданылатынын көрсетті. Бірақ, қазіргі таңда басқару мақсаттарын орындау үшін, бұндай жіктеу жеткіліксіз. Пайдаланудың ыңғайлылығы үшін және жеке элементтердің ұқсастығын, айырмашылығын, өзара байланыстылығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштері бойынша топтастырылған қорларды жаңаша жіктеу ұсынылады: материалдық-өндірістік қорлар есебінің мақсаттары бойынша және материалдық қорлар қатысатын айналым процестері бойынша. Ұсынылған жіктеуді пайдалану қорларды белгілі бір түріне дұрыс жатқызбаудың нәтижесінде есепте пайда болатын қателіктерді қысқартуға;  бухгалтерлік есеп алдына қойылған мақсаттарды сапалы орындауға мүмкіндік береді. Бұл жалпы өндірісті басқару процесін жақсартып, соның нәтижесі ретінде, шаруашылықтардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жақсартады.

       Бухгалтерлік есепті реформалау  бағдарламасына сәйкес жаңа нормативті  құжаттарға сәйкес бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру ұлттық және  халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Бірақ, ауыл шаруашылық ұйымдарының тәжірибесінде халықаралық есеп қағидаларын қолдану үшін, көпшілігінде есеп процесін техникалық жабдықтандыру жетіспейді. Шаруашылықтар үшін инфляция жағдайында қорларды бағалаудың орташа құн әдісін пайдалану тиімді деп анықталды. Бірақ, әлемдік тәжірибеде кең таралған қорларды бағалау әдістерін қолдану үшін қорларды партиямен есепке алуды ұйымдастыру қажет, ал ауыл шаруашылық ұйымдарында бұл қаржылық және субъективті себептерге байланысты үнемі мүмкін болмайды.

Информация о работе Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі