Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:49, курсовая работа
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар.
Кіріспе………………………………………………….....……......................3 бет
І тарау
1.1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..............6 бет
1.2.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері....................................................................……….....................11 бет
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі....…...............16 бет
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі................21 бет
2.0.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі..........................................25бет
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі............................................20 бет
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі............................................22бет
2.3.Ауыл шаруашылықта өндірілген өнімдердің есебі................................23бет
2.4.Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі..............14бет
2.5. Ауыл шаруашылық шығындарының синтетикалық және аналитикалық есебі...................................................................................................................26бет
2.6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары ......7бет
ІІІ тарау
3.0.Қорытынды…................…………………………………………….....24 бет
ІV тарау
4.0.Пайдаланылған әдебиеттер.........
Жоспар:
Кіріспе…………………………………………………....
І тарау
1.1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..............6 бет
1.2.Ауыл шаруашылық
ұйымдарында бухгалтерлік
1.3. Ауыл шаруашылық
ұйымдардың шикізаттардың
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі................21 бет
2.0.Ауыл шаруашылығының
бухгалтерлік есебі.........................
2.1.Өсімдік шаруашылығы
бухгалтерлік есебі............
2.2.Мал шаруашылығының
бухгалтерлік есебі............
2.3.Ауыл шаруашылықта
өндірілген өнімдердің есебі.........................
2.4.Өсімдік және
мал шаруашылық өнімдердің
2.5. Ауыл шаруашылық
шығындарының синтетикалық және аналитикалық
есебі.........................
2.6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары ......7бет
ІІІ тарау
3.0.Қорытынды…...............
ІV тарау
4.0.Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы
бидай мен ұнның ірі
Республикадағы
ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы
222,6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн.га
егістік (10,8%), 5 млн. га шабындық жер (2,2%),
жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін
халықтың саны 7,3 млн адам немесе елдегі
жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында
соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен
бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен
ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік
және салалық бағдарламалар қабылданған.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды.Бухгалтерлік есеп әр ұйым мен әр кәсіпорында жүргізіледі. Бұл жұмыспен барлық жұмысшы бухгалтерлер айналысады. Бухгалтерлік есептің барлық мәліметтерін кәсіпорынның жоспарын құру үшін басшылар, инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар да қолданады. Олардың барлығына дұрыс қызмет атқарып және көп пайда табу үшін бухгалтерлік есеп керек. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жалпы экономикалық принциптер, бухгалтерлік стандарттар және халықаралық қаржылық жоспарлау стандарттары бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара алады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің әр кәсіпорында жүргізілуінің өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін. Көптеген ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың бухгалтерлері өздері шешім қабылдап жатады, ол қабылдаған шешімдерін бухгалтерлік шотта көрсетіп отырады. Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және оның мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор. Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы.
Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк
І тарау
1.1.
Ауыл шаруашылығындағы
Бухгалтерлік есеп жүйесі — бухгалтерлік есеп элементтерінің (талаптарының, ережелерінің, объектілерінің, т.б.) және олардың арасындағы ақпараттық байланыстардың жиынтығы. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жасалады. Бухгалтерлік есеп жүйесі есептің мақсаттары тұрғысынан үш түрге бөлінеді, олар:
Пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қaржылық есеп (сыртқы пайдаланушылар үшін) және басқарушылық есеп (ішкі пайдаланушылар үшін) жүйелеріне бөлінеді. Халық шаруашылығы салалары түрғысынан осындай салалардың түрлері қанша болса, сонша есеп жүйесіне бөлінеді (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, туристік есеп, сауда, көлік есебі, т. б.). Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тұрғысынан орталықтандырылған жүйе (бүкіл ұйымға бір дербес теңгерім) және орталықтандырылмаған жүйе (бүкіл ұйымға бір теңгерім және оның белімшелеріне бөлек теңгерімдер) болып ажыратылады.
Бухгалтерлік есепте қолданылатын негізгі ауылшаруашылық түсініктердің анықтамалары. Ауылшаруашылық қызметі ауылшаруашылық өнімін сату, алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында биологиялық активтерді био түрлендіруді басқару.Ауылшаруашылық өнімі кәсіпорынның биологиялық активтерінен жиналған өнім. Ауыл шаруашылығында негізгі құрал болып - жер саналады. Жер тауарға айналды, себебі бағасы берілді. 1996 жылы жер реформасы болды, онда жерді негізгі құралға жатқызды. Жер шабындық, жайылымдық, т.б. болып бөлінеді. Жерге арнайы құжаттар толтырылады: қабылдау актісі, бағасы, т.б. Ауыл шаруашылығы тірі организмдермен тікелей байланысты: өсімдіктер мен жануарлар. Олар еңбек құралы, әрі өндіріс б.т. Малға да, өсімдіктерге де кезінде күрделі қаржы жұмсап, керекті деңгейге жеткізу керек. Қолданылатын шығындар дақыл түріне, қолданылатын құралдарына қарай дұрыс бөлінуі тиіс. Алынатын өнім маусымдық сипатта болуы керек.
Ауыл шаруашылығында шығындарды жіктеуге тура келді: келесі жылға жарайтын, жарамайтын, т.б. Оларды аяқталмаған өндіріске жатқызамыз.
Әрбір ұйым, өздеріне тән ішкі және сыртқы байланыстары
бар көптеген құрамдас бөліктерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оларды зерттеу, басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық байланыстардың барлық жиынтығын қамтитын жүйелі көзқарасты талап етеді.
Басқарудың өзі шаруашылық есептің берілгендері негіз болатын бастапқы және ағымдағы ақпаратсыз мүмкін емес. Ол өндірісті басқару қажеттілігінен туындаған: шаруашылық процестерін басшылыққа алу барысында шаруашылық өмірдің нақты фактілерін біліп, оларды есепке алу қажет. Шаруашылық есеп басқару мақсатындағы қоғамдық қайта өндіріс процестерінің сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттамасы болып табылады.
Ауыл
шаруашылығы ұйымдарында
Материалдық
қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында
(негізгі және көмекші материалдар,
отын, ыдыс - өнімнің құрамдас бөлігі
болғанда) және бірте-бірте тұтыну сипатында
болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен
еңбек заттары кіреді, бір бөлігін ғана
еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға
болады
1.2.Ауыл
шаруашылық ұйымдарында
принциптері
Ауылшаруашылығы экономиканың бір саласы ретінде ерекше факторлардың әрекет етуін айқындайтын көптеген қасиеттермен сипатталады.
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің негізгі ерекшелігі - ең алдымен, оның өндіріс үрдісі тірі табиғатпен, жермен және тірі ағзалардың - еңбек заты ретінде әрекет ететін жануарлар мен өсімдіктердің қатысуында.
Нарық
экономикасы жағдайында экономикалық
субъектінің қызмет ету мақсаты
пайда табу болып табылады. Сондықтан,
басшылардың басқару қызметі, бір
жағынан ұйымның тұрақты
Көптеген
шаруашылықтарда
Ауыл
шаруашылығының әрбір өндірістік саласында
өндірілген өнімнің құнында материалдық
шығындар, үлкен үлестік салмаққа ие.
Ауыл шаруашылығы ұйымдары қаржыларының негізгі қызметтерінің бірі болып, ақшалай нысаннан тауарлы нысанға, тауарлыдан - өндірістікке, одан қайтадан тауарлы және ақшалай нысанға ауысып үздіксіз айналым жасайтын, айналым құралдарының қозғалысын реттеу табылады.
Бухгалтерлік есеп әдісі және оның бақылау қызметі ретінде түгендеуге деген бұндай көзқарас оның жеделдігін арттырады. Перманентті түгендеу барысында анықталған қателіктерді ағымдағы есепте түзетуге болады, ал әдеттегідей жыл соңында өткізілетін кәдімгі түгендеуден бақылаудың жеделдігі жоғалады. Есепті кезеңнің басында жіберілген қателік байқалмайды, түзетілмейді, кейбір жағдайларда әр түрлі себептермен бірнеше рет қайталануы мүмкін, нәтижесінде жыл соңында дискретті түгендеумен анықталғанмен де көптеген салдарға әкелуі мүмкін.
Информация о работе Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі