Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:49, курсовая работа
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар.
Кіріспе………………………………………………….....……......................3 бет
І тарау
1.1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..............6 бет
1.2.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері....................................................................……….....................11 бет
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі....…...............16 бет
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі................21 бет
2.0.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі..........................................25бет
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі............................................20 бет
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі............................................22бет
2.3.Ауыл шаруашылықта өндірілген өнімдердің есебі................................23бет
2.4.Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі..............14бет
2.5. Ауыл шаруашылық шығындарының синтетикалық және аналитикалық есебі...................................................................................................................26бет
2.6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары ......7бет
ІІІ тарау
3.0.Қорытынды…................…………………………………………….....24 бет
ІV тарау
4.0.Пайдаланылған әдебиеттер.........
Бұдан
бұрын айтылғандай, дискретті түгендеуді
жүргізу түгендеу комиссиясының
құрамына кіретін ұйым қызметкерлерінің
бір тобын өз жұмыстарынан қалдырумен
сипатталады. Еңбек шығындарының кейбір
бөлігін перманентті түгендеуді жүргізумен
қысқартуға болады. Бұл бақылау процедурасы
әрдайым материалдық қорлардың жеке түрлері
бойынша олардың минималды қалдықтары
сәтінде жүргізілетін болғандықтан, оны
өткізу мерзімі қысқарып, жұмыс уақытының
бір күнін немесе бірнеше сағатын құрауы
мүмкін. Бұл тәсіл қорлардың нақты барын
растаудың шарты болып табылатын санау,
өлшеу және басқа да процедураларға кететін
уақытты азайтумен еңбек шығындарын қысқартып
қана қоймайды, сонымен қатар, ауыл шаруашылық
ұйымдарына түгендеу созылған жағдайда
тексерілетін қорлармен орындалатын операцияларды
тоқтату қажеттілігінің нәтижесінде болатын
қызметтің қалыпты барысының бұзылмауына
мүмкіндік береді.
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі
Экономиканың өзегі мен өркені, негізінен, шикізатты өңдеуге байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында нақты атап көрсетілді. Шынымен де ел ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы өрлеу жолына түсе алмай отыр. Сенімге сай серпіліс, мақсаты айқын бетбұрыс болмаған жерде нәтиже болмайтыны белгілі. Сондықтан болар, өңделген сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен халықты жеткілікті қамтамасыз ету деңгейі өңірлерде әлі төмен.
Егіншілік пен мал шаруашылығында өндірілетін бұдан басқа да көптеген шикізаттарды өңдеу кәсіпорындары облыста бірлі-жарым ғана. Олардың ішінде ет, сүт, жеміс, көкөніс, жүн, тері секілді өнімдерді қайта өңдеу көрсеткіші тым төмен. Негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарының саны тым аздығымен қоса, ет, сүт өнімдерін қайта өңдейтін бірде-бір өндіріс орындары жоқ. Жеміс, көкөніс өнімдерін өсіру, өткеру жақсы жолға қойылғанымен, оларды қайта өңдеу арқылы сапалы азық-түліктер шығару жалпы республикалық көрсеткіштен төмен болып отыр.
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.
а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазакстан) аумақтары;
ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;
г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;
ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.
Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсетті.
XX ғасырдың 80-жылдары басым түрде дамыған елдер аясында екінші "жасыл революция" немесе биотехнологиялық революция (нанотехнология) жүрді. Гендік инженерия нәтижесінде үсік пен түрлі ауруларға төзімді томат, картоп, мақта, қытайбұршақ (соя) сияқты өсімдіктердің жаңа сорттары будандастырылса, сүтті сиырлардың етті шошқа мен ірі қараның жаңа түрлері шығарылды. Мұндай жетістіктерді өндіріске енгізу өте қымбатқа түсетіндіктен, қазірше батыстың жоғары дамыған елдерінде ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарына қарай интенсивті және экстенсивті болып бөлінетіні сендерге таныс.
Қазіргі ауыл шаруашылығына тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.[1]
Қазір
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына
арналған жеке меншік иелері мен жер
иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн.
га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік,
3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым
(1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын
жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін
қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге
байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі
өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды,
басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы
Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы
құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық
серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар,
3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан
астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік
кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын
жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске
ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды
жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға,
тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер
тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша
жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті
(1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне
тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының
егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде
дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай
11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың
га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6
мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3
мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары
5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының
жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде
бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері
ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта
198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың
т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы
дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі:
дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц,
қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц,
күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен
100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара
малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр
2181,8 мың), мал мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5
мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды.
Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4
мың т мөлшерінде өндірілді
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі
ХБЕС ауылшаруашылық қызметі туралы ақпаратты басқа Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында қаралмайтын бөлігінде есеп тәртібін, қаржы есептілігін ұсынуды және ашып көрсетуді белгілейді. Ауылшаруашылық қызметі – бұл ауылшаруашылық өнімдерін өткізу, алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында жануарлар мен өсімдіктерді (биологиялық активтерді) биотүрлендіруді басқару.
Басқалармен қатар ХБЕС биологиялық активтерді олардың даму, азғындау, өнім өндіру және ұдайы өсіру кезеңінде есепке алу тәртібін, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімін жинау кезінде оны бастапқы өлшеу тәртібін белгілейді. Биологиялық активтерді бастапқы тану кезінен бастап ауылшаруашылық өнімін жинауды бастағанға дейінгі кезеңде өлшеу, есептік өткізу шығыстары шегеріліп, әділ құн бойынша жүргізіледі, бұған бастапқы тану кезінде әділ құнды жеткілікті сенімділік деңгейде өлшеуге болмайтын жағдайлар кірмейді. Алайда 41-ХБЕС-да ауылшаруашылық өнімін жинағаннан кейінгі кезеңде оны өңдеу процесі, мысалы, жүзімнен шарап өндіру немесе жүннен жіп өндіру процесі қарастырылмайды.
Биологиялық активтің әділ
Информация о работе Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі