Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 09:33, реферат
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
1. Аудит, оның түрлері мен мазмұны
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық катынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитты жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есептілік берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит — тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудитгің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімімен жүргізіледі.
Қаржылық есептілік беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете алады. "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есептілік беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметгерді көрсете алады:
Бухгалтерлік есептілікті жүргізу және қалпына келтіру. «Бухгалтерлік есептілік пен қаржылық есептілікті беру туралы» заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.
Кеңес беру. Қызмет көрсетудің бұл түрі салық салу мәселелері бойынша ауызша немесе жазбаша түсініктерді, бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындығын қосымша кәсіби білім беру ретінде оқыту болып табылады, аудиторлық фирмалар мамандарының лекциялар, семинарлар курсын, "дөңгелек үстелдер" жүргізуді көздейді. Осы мақсаттар үшін аудиторлық фирмалар өз қызметкерлерінен басқа жоғары оқу орындары оқытушыларын, мемлекеттік органдардың бас мамандарын тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде болған заңдағы өзгерістер мен қосьшшаларға көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер, стандарттарға түсініктеме беріп, сұрақ-жауапты ұйымдастырады.
Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту. Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса өзекті болып табылады. Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, Бухгалтерлік есептілікті жолға қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды таңдау сияқгы қызметтермен тығыз байланысты.
Заңмен талап етілетін сыртқы аудитті жүргізетін аудитор үшін кәсіпорында ішкі аудиттің атқаратын ролін зерттеу маңызды, себебі бұл жұмыстың қайталануын азайтады. Бұл ішкі аудит қаржылық жүйені қамтитынына немесе тауар-материалдық құндылықтар, не болмаса қаржылық менеджмент қозғалысын басқару сияқты сфераларды қамтитынына қарамастан мүмкін болады.
Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы — белгіленген стандарттар шеңберінде қызмет етеді, тексеру нәтижелері бойынша есептерді құрастырады және т.б. сонымен қатар ерекшеліктері де бар:
Аудит анықтамасы көбінесе аудитті тексеру (проверка) деп анықталған. Ал аудиттің бақылау жасауға құқы жоқ. Тек ішкі аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі мүмкін.
Аудиттің мазмұнына қарастыру қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет. Олар мыналар:
1. шаруашылықтағы субъеккт;
2. мәлімет;
3. аудитордың мамандығы;
4. фактілерді жинау және бақылау;
5. аудит стандарты;
6. аудитор қпараты, есебі;
Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет.
1. Шаруашылықтығы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсатты қарастырылуы қажет. Мысалы, заң субъектілері немесе экономикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі.
2. Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін:
1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен;
2) ақпарат дұрыс жасалғанбағандықтан.
3. Аудитордың мамандығы. Аудит жүргшізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қортынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.
4. Фактілерді жинау және бақлау. Аудитордың негізгі мақсаты ол – фактіні жинау. Себебі сол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды .
5. Аудит стандарты. Жиналған фактілер, мәліметтер өз кезегінде бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз аудит стандарты. Стандарт дегеніміз мәліметті бір жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.
6. Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру барысында анықталған кемшіліктердің мазмұнын, өзінің аудиторлық қортындысын ақпаратында көрсетеді.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті мен мақсаты толық орындау үшін оның принціптерін білу қажет.
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері
Сыртқы аудит – бұл бірге жүретін аудиторлық қызметтерді көрсету мақсатымен және қаржылық есептіліктің дұрыстығын бағалау мақсатымен ҚР-ң заңнама талаптарының сәйкестігі мен келісім шарт негізінде жүргізілетін жеке аудитордың (аудиторлардың) немесе аудиторлық фирманың кәсіптік (кәсіп иелік) қызмет.
Тексеріліп жатқан кәсіпорында ешқандай қызығушылығы жоқ тәуелсіз аудитор сыртқы аудит жүргізеді. Ал ішкі аудиттің талаптары есептіліктің есебі, ішкі бақылаудың (аудиттің) саясатқа сәйкес келуін бағалау, кәсіпорын қызметінің мақсаттары және т.б. болып табылады.
Сыртқы аудит ерікті түрде (кәсіпорынның, клиенттердің тілектері бойынша) және міндетті түрде (заң шығарушы актілеріне сәйкес болуы) бола алады. Міндетті аудит, сонымен қатар соттың немесе тергеу мүшелерінің шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыртқы аудит қаржылық есептіліктің дұрыстығын тексері үшін, оны бағалау үшін, Бухгалтерлік есептілікті жүргізудің дұрыстығы ҚР-ң заңнамасына қаншалықты сай келуін тексеру үшін, сонымен қатар тексерістің нәтижесі жайлы қорытынды жасау үшін аудиторлық компаниялардың өкілімен немесе жеке аудиторлармен жүргізіледі. Аудиторлық қорытынды – ол тексеріс нәтижелерін құрайтын және бекітілген нысанда берілетін ресми құжат. Өз кезегінде аудиторлық ұйым штаттағы бес аттестатталған мамандардан кем емес болып келетін сәйкес лицензиясы болуы тиіс. Қарсы болған жағдайда ҚР-ң Қаржы министрлігі аудиторлық қызметті жүргізу бойынша лицензия әрекетін тоқтатуға құқығы бар.
Аудиторлық тексерістерді көбінесе консультациялық қызметті (сауда, қаржылық қызмет, Бухгалтерлік есептілікті енгізу, ішкі бақылау ұйымдар бойынша сұрақтар, салық салу бойынша және басқа да сұрақтар негізінде) орындайтын арнайы аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.
Аудиторлық тексеріс міндетті, ұйымдасқан және ынталы тәртіпте болуы мүмкін. Осының негізінде міндетті тексерістер заң шығару актілерімен бекіткен жағдайда жүргізіледі, ал ынталы тексерістер банктің өзінің шешімі бойынша жүргізіледі. Міндетті аудитке барлық банктер жатқызылады.
Банк аудиті жалпы аудит сияқты тексеріс жүргізетін субъектіден тәуелді сыртқы және ішкі болып жіктеледі. Сыртқы аудит жан жақтан шақырылатын тәуелсіз аудиторлармен (аудиторлық фирмалармен) жүзеге асырылады. Ішкі аудит банктің өзінің күшімен жүргізіледі және сол үшін банк ішілік аудит бөлімі құрастырылады.
Сыртқы аудиттің
негізгі мақсаты болып
Сыртқы аудит белгілердің толық тізімі бойынша ревизиядан айтарлықтай айрықша болып келеді.
Ревизия – бұл экномикалық субъект қызметінің заңдылығын және дұрыстығын тексеру мақсатымен жоғары тұрған немесе бақылаушы ұйыммен заңды тұлғаның қызметін зерттеу болып табылады.
Егер сыртқы аудиттің мақсаты қаржылық есептіліктің дұрыстығы, қызметтер көрсету, көмек көрсету, клиенттермен қарым-қатынас жасау жайлы пікір айту болса, ал ревизия мақсаты – ол жетіспеушіліктерді анықтау, оларды жою бойынша ұсыныстар және кінәлі адамдарды жазалау.
Қызметтік сипаты бойынша: сыртқы аудит – ол кәсіптік (кәсіп иелік) қызмет, ал ревизия – ол жоғары тұрған ұйымның (ведомстволық бақылау негізінде) немесе мемлекеттің (мемлекеттік қаржылық бақылау негізінде) өкімін орындайтын атқару қызметі.
Басқару байланыстары
бойынша: сыртқы аудит – ол жазықтық
(горизонтальды) байланыстар, еркіндік,
клиентпен қарым қатынас
Тәжірибелік талаптар бойынша: сыртқы аудит – ол клиенттің қаржылық жағдайын жақсарту, инвесторлар, кредиторларды тарту, клиентті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша көмектер көрсету, ал ревизия – ол активтердің сақтығы, теріс пайталануды бұлтартпау және алдын алу (сақтандыру).
Нәтиже бойынша: сыртқы аудит – ол клиенттер үшін аудиторлық қорытындылар және ұсыныстар, ақпараттың құпиялылығы, ал ревизия – ол ревизия актісі, ұйымдастырылған шешімдер, төлетулер, нұсқаулар, жоғары тұрған органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпаратты жария ету міндеттілігі, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария ету.
Мәртебе бойынша: сыртқы аудитор – ол тәуелсіз эксперт, ал ревизор – ол бақылау-ревизиондық фирмасының немесе басқару органының жұмыскері.
Сонымен қатар, қаржылық бақылауды екі түрін ұмытпауымыз тиіс, мемлекеттік қаржылық бақылау және аудит – көбінесе бір айрықша белгінің екі жағын көрсетеді. Олардың арасында концептуалдық айырмашылықтар тізімі болса да, олардың арасында практикалық ортақ талап қойылған: экономиканың әр түрлі скторлардағы өзінің табысты қызметімен мемлекеттік әл-ауқатын күшейту (бекіту).
Сыртқы аудит (тәуелсіз) пен ішкі аудиттің (ішкі шаруашылық) арасында айырмашыдықтар бар.
Егер ішкі аудиттің бағдары осы шаруашылық жүйедегі функционалды және сызықтық басқару бойынша қатынасқа бағытталған болса, онда сыртқы аудит бір типті операциялар мен ресурстар түрлері бойынша қажетті топтастыруларды қолданумен байланысты кіріс көздері мен есептіліктің сыртқы көз-қарасына бағытталған.
Ішкі аудит тексерісінің объектілері болып: шаруашылық операциялар, ресурстарды қолдану, бекітілген есеп саясаты және жалпы методикалық жағдайлар негізінде тексерілетін есептің, есептіліктің және шаруашылық бақылау жағдайы. Сыртқы аудитпен тексеріледі: есеп және есептілік жағдайы, ресурстарды қолдану тиімділігі және клиент есептілігі мен есеп мәліметтеріне бастапқы сенім білдіру деңгейі және сыртқы аудиттің масштабын анықтау мақсатымен ішкі шаруашылық бақылау деңгейі.