Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 15:14, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған.[

Содержание

Кіріспе

І. Жалпы бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................

1.1 №7 ҚЕХС бойынша қаржылық есеп беру түрлері....................................

1.2Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы...................................
1.3Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................................

1.4Консолидацияланған қаржылық есеп беру................................................

ІІ. Негізгі бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................

2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері..........................................................................................................
2.2Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................
2.3Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары................

III. Ақша қаражаттар қозғалысының тәртібі........................................

3.1 АО «Запчасть» қаржылық есеп беру тәртібі........................................

3.2 Ақша қаражаттар есебін АО «Запчасть» бойынша талдау....................

Қорытынды.......................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Работа содержит 1 файл

Курстық жұм..doc

— 256.00 Кб (Скачать)

      2.  Күрделі пайыздар – реинвестицияланған  пайызға алынған пайыздар,                      

яғни  ссудаға немесе қаржылық салымға төленетін пайыздарды негізгі сомаға қосады. Осының нәтижесінде, пайыздарды негізгі сомаға және алынған пайыздарға төлейді.

       Күрделі пайыздарды есептеу- бұл дисконттауға кері үрдіс. Өйткені, күрделі пайыздар арқылы қазіргі уақыттағы қолма – қол ақшаның болашақ құны анықталады.

       Мысалы: Егер, қазір біз, банкке – 1000 теңге салсақ 10 -%- қ жылдық қойылымы бойынша және пайызды жылына бір рет төленсе (жылдың соңында), онда табыстылықтың келесі көрсеткіштеріне сенер едік:

  • Бір жылдан соң инвестициялар келесі көлемге дейін өседі. 1000+10%*1000=1100. Яғни %- р бойынша төлем 100 болады.
  • Егер осы банктік шотта, біз өзіміздің ақшамызды ұстасақ, онда инвестицияның құны 2 жылдан соң 1210 теңге болады. (1100*1,1) пайыздар бойынша төлем  2 жылы 110 теңге болады. (1210-1100) Осыны басқаша түрде жазуға болады. Алғашқы инвестицияның мөлшеріне 2 жылдың пайыздарын есептеу арқылы, яғни (1000*(1,1*1,1)=1210)
  • Егер біз, осы ақшаны 3 жыл бойы сақтасақ, онда 3 жылдың соңында инвестицияның құны келесі мөлшерлерге дейін өсер еді. 1000* (1,1*1,1*1,1)=1331. 3 жылдың пайыздары 121 теңге болады. (1331-1210)

    Осы мысал инвестициялар құнын анықтау  әдістемесін күрделі пайыздарды қолданып көрсетеді. Осындай принциптерді болашақ және ағымдағы анықтамаларда  пайдаланады.

      Ағымдағы құн – бұл болашақ ақшалай ағымның дисконтталған құны.

      Дисконттау – бұл күрделі пайыздардың керісінше есептелуі. Дисконттау әдісін қолданып, біз болашақ ақшалай ағымдардың ағымдағы құнын анықтағанбыз. Яғни, белгіленген пайыздардың қойылымы бойынша қанша соманы салуымыз керек, анықталған мерзімнен кейін инвестицияның пайдалы құнын алу үшін.

    Мысалы: 6 пйыздық қойылымымен 4 жыл уақыттан соң, 5000 теңге көлемінде инвестицияны алу үшін қанша ақша салу керек.

    Ағымдағы  құн келесі формуламен анықталады:

    PV =   FV / (1+r)n немесе FV * 1 / (1+r)n. Осы формула дисконттың базалық есептеуін көрсетеді. Ағымдағы құн әртүрлі мерзімдер үшін және қойылымдар үшін С1 кестесінде келтірілген.

    Мысалдың  шешімі.

    С1 кестесінде келешектегі 4 жылдан кейін инвестиция 5000 теңгеге тең болу үшін, 6 пайыздық қойылым бойынша формулаға сәйкес, келесідей соманы қою керек.

    PV = 5000 x (1 / (1+0,06)4) = 5000 x 0,792 = 3,960

    Көптеген  компаниялық операцияларда біржолғы төлемдерді емес, ақшалай түсімдердің  кезектілігі қарастырылған. Яғни, табыстар мен шығындардың сериясы болуы мүмкін.

    Тұрақты және тұрақсыз салымдар ретінде осындай кезектілік төлемдердің ағымы деп аталады.

    Ануитед және қаржылық рента  – бұл бірдей интервалмен белгіленген жылдарда бір бағыттағы төлемнің кезектілігімен белгіленген ағымы.

    Ануитедтердің теориясы – қаржылық матеметиканың маңызды бөлігі. Ол бағалы қағаздардың табысын анықтауда инвестициялық талдауда қолданылады.

    Ануитедтің  ең жиі қолданылатын сәттері болып, зейнет-ақы қорына тұрақты салымдар, ұзақ мерзімді несиелі өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, регрестік исктер бойынша төлеу.

    Ануитедтер  өзара келесі негізгі сипаттамалар бойынша бөлінеді:

  1. Әр бөлек төлемнің мөлшері бойынша;
  2. Төлемдердің уақыттағы интервалы бойынша;
  3. Соңғы мерзімнің бітуіне дейін, ануитедтердің басынан бастап (бірақ мәңгі ануитедтер болуы мүмкін)
  4. Пайыздық қойылымдар өсіру және төлемнің дисконттау кезінде қолданылады.

      Ануитедтің  түрлері:

  1. Пренумеранды – бұл сәйкестендірілген интервалдардың басында төлем жасалынатын ануитед.
  2. Постнумеранды немесе кәдімгі ануитед – бұл интервалдың соңында төлем жасайтын ануитед, ол ең жиі қолданылатын ануитед
  3. Тұрақты ануитед – бұл бірдей төлемдерді кіргізетін немесе белгілі бір заңдылықпен өзгерілетін ануитедтер. Олар тәжірибеде аз қызықты болып табылады.

      Ануитедтердің болашақ  құны – бұл ануитедке кіргізілген әрбөлек төлемнің немесе түсімнің болашақ құнының сомасы.

    Мысалы: біз 3 жыл аралығында 250 теңгені 10 пайыздық жылдық қойылыммен әр жыл сайын пайыздарды есептеумен инвестициямыз 250 теңгелік ануитедтің болашақ құны қандай болады.

    Шешім: Есептеу үшін болашақ  құндардың формуласын қолданыңыз.

    FV = PV*(1+r)n Әр мерзім үшін бөлек. Онда 250 теңгенің болашақ құны    3 жыл ағымында әр жылдың соңында инвестицияланса келесідей болады:

    1 жыл – 250*(0,1*0,1) = 250*1,21 = 302,50     

    2 жыл – 250*(0,1) = 275

    3 жыл – 250*1 = 250

                 302,50+275+250=827,5

    Осындай есептеуді жеңілдету үшін 1$ - ғы ануитедтердің  болашақ құны арнайы кестесі (жылдың соңында толтырылатын ануитед) қолданылады. Ол С-4 кестесі. Оны қолданып, біздің мысал бойынша, келесіні табамыз:

                         250*3,31=827,5

    Ануитедтердің ағымдағы құны – бұл ануитедке кіргізілетін әр бөлек төлемдердің немесе түсімнің ағымдағы құнының сомасы. Оны анықтау үшін арнайы кесте қолданылады.

    Мысалы: 250 теңгелік 3 жылға 10 % -қ жылдық қойылымы бар, әр жылдың соңында төленетін ануитедтердің ағымдағы құнын анықтау керек.

         Шешімі: Ол үшін келесі формула қолданылады:

    PV=FV*1/(1+r)n әр мерзім үшін  бөлек есептеледі.

    1 жыл: 250*1/(1+0,1)= 250*0,91= 227,2

    2 жыл: 250*1/1,21= 250*0,8264= 206,6

    3 жыл: 250*1/1,331= 250*0,7513= 187,95

                 227+206,6+187,95= 621,72

    Осындай нәтижелерге С-2 арнайы кестесін қолданып жетуге болады. 250*2,4869=621,72 
 
 

                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары. 

    Былтырғы  жылғы нысанмен салыстырғанда, кейбір терминдердің өзгергені болмаса, айта қаларлықтай өзгерістер болған жоқ, сондықтан да салыстырмалы жаңа нысандар қарастырылды. ҚБЕС және ҚЕХС бойынша  ақша қозғалысы туралы есеп жасаудың арасында айырмашылықтар бар, бірақ аса көп емес.

    Баланстағы  өзгерістер негізінде есеп құру қисыны аса қарапайым: егер сіз бір нәрсе  сатып алсаңыз – активтер көбейеді, ақша азаяды; сатсаңыз – жағдай керісінше  болады. Жеткізушіден активтер алынды (немесе сатып алушыға тиеп жөнелтілді), бірақ төлем әлі жасалған жоқ – тиісінше кредиторлық немесе дебиторлық берешектің соған сәйкес келетін жолын қараңыз. Активтер өтеусіз алынды немесе тиеп жөнелтілді – осыларды үмітсіз операция ретінде түзетеміз. Негізгі құралдардың құны амортизация немесе қайта бағалау есебінен азайды – үмітсіз активтер бойынша тағы да түзету (ақшаңыз өзіңізде қалды, шығыс барынша «мүмкіндікті»). 

    Баланстың дебеттік баптарын ұлғайту  – (-) белгісі, өйткені ТМҚ – ның әкелінуі ақшаның әкетілуіне алып келеді; 

    Баланстың кредиттік баптарын ұлғайту – (+) белгісі, өйткені жеткізушілермен және өзге де кредиторлармен есеп айырысқандықтан, сіз ақшаның әкетілуіне уақытша жол бермедіңіз; 

    Егер  түзетілетін бап  біздің кірісімізді  азайтса – (+) белгісі, белгілерді шатастырып алмау – осы есептіліктің негізгі проблемасы. 

    Есеп  жасаған кезде  жұмыс кестелерін пайдаланбауға бола ма?

    Болады. Егер есептілік тікелей әдіспен  жасалатын болса, сіздің кәсіпорын  шағын болса, есеп айырысулар күнбе  – күн жасалып отырса, аса көп емес операциялар – бір типті ескі негізде, 100.41 – нысан бойынша жасалса – сіз қатесіз жасай аласыз. Дегенмен, егер кенеттен сәйкес келмеушілік пайда болса, оларды «өзгелер» деген жолға сәйкестендіруге тырыспай, оны өзіңіз тексеруіңіз қажет. Жұмыс кестесі бізге ыңғайлы болу үшін қажет онда тұрған күрделі еш нәрсе де жоқ: шын мәнінде, сіз баланстың артық данасын басын шығара аласыз (және кірістер мен шығыстар туралы есептен қажетті деректер үшін бірнеше жол көздеуге болады), оған тағы да 2 бағанды қоса сызуыңызға болады (біріншісіне басындағы сальдо мен аяғындағы сальдоны жазамыз, екіншісіне есептің түрлі бөлімдеріндегі бірдей операцияның қайталануына жол бермес үшін белгі қоямыз).

    Мысалы, жеткізушіден бір уақытта тіркелген активтер мен шығыс материалдары не оларға арналған қосалқы бөлшектер сатып алынды. Төлем кезіндегі жазба біреу:

    Дт 671 (3310) «Жеткізушілер мен мердігерлермен қысқа мерзімді  

                              кредиторлық берешек»

    Кт 441 (1040) «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты»,

яғни  талдау бойынша 1040-шоты төлемнің қай  бөлігін – инвестициялық қызметке, қайсыбірін операциондық қызметке жатқызуды  бірден айқындау күрделі. Егер баланстық  баптар бойынша жұмыс кестесін жасамаса - әрбір осындай жағдай бойынша  «бастапқы» жұмыс кестесін қайта көтеруге тура келеді. 

    Іс  жүзінде 100,41/1 – 100.42/2 (ҚЕХС бойынша) және 100.41 және 100.42 – (ҚБЕС бойынша) нысандарын толтырудың ұқсастығын растау үшін, «ББ-нің» 2006 жылғы 4-5 – нөмірлеріндегі 100.41/1 – 100.42/1-нысандарын есептеген кезде пайдаланылған жағдайды мысал ретінде қайта келтірейік. 

    Мысалы, «ХХХ» ЖШС ландшафтық дизайн бойынша қызмет көрсетеді және сирек кездесетін өсімдіктерді сатады. 2005 жылы шамамен алғанда осы бағыттардан бірдей кіріс алды: сатылған өсімдіктер үшін сатып алушылар толығымен есеп айырысты (4100 мың теңге), көрсетілген қызмет үшін (4400 мың теңге) ақшаның бір бөлігі 2006 жылғы қаңтарда алынды. 2005 жылы еңбекақы бойынша төлемге жұмсалған сома 3989 мың теңге болды. ЖШС-нің балансында оранжерея үйі бар, құрылыс тұрғызылуы себепті (мердігер шарты бойынша) құны 100 мың теңге тұратын жалғастыра салынған құрылыс пайдаланылған жоқ, соған байланысты амортизациялық аударымдар есептемеуге шешім қабылданды. Үйді қайта бағалау нәтижесінде 200 мың теңге сомасына резерв қалыптастырылды. ЖШС банктің ұзақ мерзімді кредиті есебінен құны 400 мың теңгеге арнайы жабдықты қосымша сатып алды. Жабдық бойынша 2005 жылғы амортизациялық аударымдар 250 мың теңгені құрады. Сондай-ақ  бағдарлама әзірлеушіден арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету (40 мың теңгеге) сатып алынды, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша амортизациялық аударымдар 20 мың теңгені құрады. Бастапқы құны 150 мың теңге болған толық амортизацияланған жабдық 50 мың теңгеге сатылды, жабдықты сатудан түскен пайда өзге кіріс ретінде көрсетілді. 2004 жылы 2 қызметкерге барлық соманы 5 жылдан кейін қайтару шартымен 300 мың теңгеден процентсіз несие берілді. 2005 жылы осы несиеге қосымша, негізгі несиемен бірге қайтару шартымен 40 мың теңге төленді. Жұмсауға берілген шығыстардың бөлігі салықтық есепке алуда шегерімге жатпайтын болып танылды, соның есебінен 516,7 мың теңге тұрақты айырмашылық пайда болды. Жыл бойы КТС бойынша 140 мың теңге аванстық төлемдер төленді (корпорациялық салықтан өзге салықтардың ықпалын мысалда әдейі көрсетпейміз). Құрылтайшыларға 2004 жыл үшін 250 мың теңге сомасында дивиденд төленді. ЖШС-нің құрамынан шыққан құрылтайшы өзінің 200 мың теңге жарғылық капиталын алып кетті.

    Ақша  қозғалысы туралы есептіліктің әр жолын  формуламен көрсетуге болады (біздің мысалымызда ЖБ деген – «жыл басында», ЖА «жыл аяғында» дегенді білдіреді, шоттардың нөмірлері 2005 жылы қолданылған ШҮЖ-на сәйкес келтірілген).

    100.41 – нысаны 

    100.41.001-жолы  = сату (100.39 – нысаннан деректер) – дебиторлық берешектің ұлғаюы (немесе + кемуі) (100.38 – нысаннан деректер) – алынған аванстардың кемуі (немесе + ұлғаюы) (100.38 – нысаннан деректер). Нәтижесінде біз 100.39 – нысаннан алынған сату сомасын сатып алушылардың уақытша төлемеген сомасынан «тазартамыз» және әзірше жүзеге асырылмаған сату үшін нақты алынған ақша авансының сомасын «қалпына келтіреміз», яғни шын мәнінде кассалық әдіске есептелген әдістен түскен сатуды келтіреміз.

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп