Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 15:14, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған.[

Содержание

Кіріспе

І. Жалпы бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................

1.1 №7 ҚЕХС бойынша қаржылық есеп беру түрлері....................................

1.2Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы...................................
1.3Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................................

1.4Консолидацияланған қаржылық есеп беру................................................

ІІ. Негізгі бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................

2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері..........................................................................................................
2.2Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................
2.3Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары................

III. Ақша қаражаттар қозғалысының тәртібі........................................

3.1 АО «Запчасть» қаржылық есеп беру тәртібі........................................

3.2 Ақша қаражаттар есебін АО «Запчасть» бойынша талдау....................

Қорытынды.......................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Работа содержит 1 файл

Курстық жұм..doc

— 256.00 Кб (Скачать)

    1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», онда банктік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 (441) – шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210,2110 (301), 1420 – 2810 (331-334), 1010 (451), 3010-3020 (601-603) және т.б шоттардың кредитімен, ал кредиті бойынша 1040 (141-143), 1610 (351-352), 1150 (401-403), 1010 (451), 3010,3020 (601-603), 3310 (671) тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.

    1040 – шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2 – журнал – ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.

    1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты», мұнда ағымдағы банктік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі. 

    1060 «Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаты», бұл жерде депозиттік банктің шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есептеледі.

    1070 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты», бұл жерде арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады.

      Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі  ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы  ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы  шоттардағы ақшалар және басқадай  құжаттардағы (вексельден басқа)  ақшалай қаржылар есептелінеді. Шаруашылық субъектілері 1070 (421) – «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді.

    Аккредитив  – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

    Ашылған аккредитив сомасы 1070 – «Аккредитивтегі  ақшалай қаржылар» шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына  қарай, егер есеп айырысу шотынан  аударылса, 1040 – шотынан, валюталық шоттардан 1020-1050 аударылса, банктерден алынған несиелердің есебінен аударылса, 3010 (601) – шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса: 3020 (602) – шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 3310 (671) «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» шотының дебетіне 1070 (421) «Акредитивтегі ақшалай қаржы» - деп аталатын шоттың кредитіне жазылады. 

    Ақша  қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі  банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.

    Ақша  қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін  бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы - тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюымен байланысты болады.

    Ақша  қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:

  • амортизациялық аударымдар;
  • провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;
  • есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі жұмсалған шығындар;
  • сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кеткен шығындар сомасы

    Ақша  қаражаттар қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып кезеңдегі  ағымын көрсету қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1.4. Консолидацияланған қаржылық есеп беру 

    Ақша  қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме  жазбада мына сұрақтар баяндалуы  керек:

  • операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады (тікелей ме, жоқ әлде жанама ма);
  • түсетін ақша қаражаттары мен клиент атынан төленетін ақша қаражаттары нетто-негізінде ашыла ма, әсіресе, кәсіпорынның өз ақша қаражатынан клиенттердің ақша қаражаты асып кеткен жағдайда;
  • ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.

    Бұл арада ескеретін бір жайт, түсініктеме  жазбада кейбір мәселелер бойынша  қайталанып берілетін түсініктемелерге жол бермеуді қадағалау керек.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі:

    а) активтердің түгелдігін бақылау үшін;

    ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін  қамтамасыз ету үшін;

    б) бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің  сенімділігін қамтамасыз ету үшін және тағы да басқа жағдайларға байланысты.

    Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ішкі бақылау жасаудың қатал жүйесі қаржылық есепті ұйымдастырушылар үшін ақшалармен олардың баламаларына жүргізілген бақылаулар дәл және сенімді ақпарат болып табылатындығына сенімділіктерін арттырады. Ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни оны қорғау көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың ең маңызды мәселесі болып табылады. Ақшаларды жасыру немесе оны ұрлау өте оңай, өйткені олардың белгілі бір белгілері жоқ және тез айырбасталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынадай функцияларды жүзеге асыруы, яғни атқаруы қажет:

  • ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау;
  • қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін бақылау;
  • кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау;
  • касса қалдығын белгіленген мерзімде уақтылы тексеру;
  • табыс әкелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;
  • ақшалардың сақталуына жеке тұлғаның жауап беруі.

    Ақшалардың  келіп түсуін бақылау кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда түрлі  операцияларды орындауға және пайдалануға байланысты жүргізіледі. Есеп айырысуды қолма-қол жүргізу, орындалған операцияларды тіркеп жазып отыру және оны ақша қалдығымен салыстыру, сондай-ақ ақшамен есеп айырысуды белгілі бір адамға міндеттеу ақшалардың ұрлануын, орындалған операциялар үшін толтырылатын құжаттардың толтырылуында қателіктердің жіберілуін болдырмайды. Ұрлықтар мен қателіктердің болғанның өзінде олардың саны азаяды. Ақшалардың үздіксіз және тұрақты банк шоттарына келіп түсуін басынан бастап бақылау мақсатымен есептеу және тіркеп жазу жұмысы үшін жауапты адам тағайындау мвналарды қажет етеді:

  • кешіктірмей уақытында есептеу;
  • кешіктірмей уақытында жазу;
  • алынған ақшаларды дер кезінде депоненттеу.

    Ақшаларды басқару функциялары мен оны  тиісті құжаттарға тіркеп жазу функцияларының жүзеге асырылуына үздіксіз бақылау жасау ұйымның кассалық операцияларына күнделікті қабылданатын және касса арқылы төлемдер жүргізілетіндігі туралы есепті құрайды.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдар өздерінің ақшаларының  жұмсалынуын бақылау мақсатымен басқа заңды және жеке тұлғаларға ақша төлеу барысында арнайы үлгідегі құжаттар белгілі тәртіп бойынша толтырылған жағдайда ғана төлем жүргізуге болатындығын белгілейді.

    Есептік кезең біткен соң шаруашылық жүргізуші  субъект қаржылық есеп беруді жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъекттің құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.

    Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша  серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) заңды тұлғаның өзінің жарлық қорына салған салымдарының басым  көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.

    Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша  серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артықшылығы бар) заңды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.  

    Қаржылық  есеп беруді пайдаланушылар олардың  топтасқан бөлігін емес, тұтас  бөлігін білуге міндетті болып келеді. Бұндай қажеттілік консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.

    Консолидацияланған  есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.

    № 13 БЕС сәйкес «Консолидацияланған  есеп беру және еншілес серіктестіктегі  инвестицияның есебі» негізгі заңды  тұлға жергілікті және шетелдегі  еншілес заң тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егерде еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктестіктердің мәліметі консолидалынған қаржылық есеп беруге қосылмайды.

    Негізгі заңды тұлғалар және оның еншілес  заңды тұлғалары, яғни консолидацияға кіретіндері қаржылық есеп беруді бірлесіп, белгілі бір күні жасайды, ол үшін бір тұтас есептік саясатын пайдаланып, аналитикалық операцияларын және қаржылық-шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.

    Егер  де олардың есеп беруі әр кезде  жасалатын болса, ал оның айырмасы үш айды құрса, онда олардың мәліметін консолидациялауға болмайды. Егер де топ мүшелерінің пайдаланатын есеп саясаты әрқилы болса, онда қаржылық есеп беруді консолидациялауға қабылдаған есеп саясаты негізге алынады, соған сәйкес түзетулер жасалынады. Еншілес заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесі консолидацияланған есеп беруге олардың сатып алынған күнінен бастап енгізіледі. Егер де сатып алу процесі жыл бойы жүретін болса, онда сатып алынған заңды тұлғаның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі есептік кезеңде сатып алынғанға дейін және сатып алынғаннан кейін болып екіге жарып көрсетілуі мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ  Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі 

    Бұл тарауда ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есептілігі, дисконтталған  ақша ағымдарының есебі толық, әрі  жан-жақты қамтылған. 

    2.1. 7 ҚЕХС бойынша  «Ақша қаражаттар  қозғалысы» туралы  есептілік және  оның түрлері. 

    7 ҚЕХС «Ақша қаражаттар қозғалысы»  туралы есептілік дүниежүзілік  банкпен дайындалған.

    ҚЕХС-ң 7 бөлімшесінің негізгі  мақсаты – операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттар қозғалысының өзгерісі туралы мәліметтерді беруді талап ету.

    Ақша  қаражаттар қозғалысы  туралы есептілік – қаржылық есептіліктің төртіншісі болып табылады. Есептіліктің мақсаты – компанияның белгілі бір мерзімдегі ақшаның түсімі мен төлемдері туралы ақпараттарды ұсыну болып табылады.

    Ақша  қаражаттар қозғалысының негізгі көрсеткіштері  болып – ‘ақша қаражаттары  және олардың эквиваленттері’ қолданылады.   

    Ақша  қаражаттар қозғалысы  туралы ақпарат – компанияның ақша қаражаттарын алу қабілетін және олардың эквивалентін және ақша ағымын болжауға көмектеседі.

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп