Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:22, реферат

Описание работы

1. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
2. Есеп айырысу шоты бойынша опеациялар есебі.
3. Валюталық шот бойынша операциялар есебі.
4. Бағам айырмасының есебі.
5. Ақша эквивалентері.

Работа содержит 1 файл

акша.doc

— 140.50 Кб (Скачать)

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылады. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

ҚР аймағында ақша төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды, инкассалық жарлығын ұсынуды, республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Ақша баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептелмейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген саналары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Овердрафт дегеніміз – кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы саладан артық салада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сала қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық саладан артық болған уақытта ғана пайда болады.

      

Бақылау сұрақтары.

1. Кассалық операциялар.

2. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері.

3. Бағалы қағаздар.

4. Есеп айырысу шоты бойынша құжаттар.

5. Банктік операциялар.

6. валюталық операциялар.

7. Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы.

8. Банктік аударым.

9. Құжаттамалық инкассо.

10. Құжаттамалық аккредитив.

11. Оң бағам.

12. Теріс бағам.

13. Биржалық бағам.

 

 

 

                                                        ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

 

1. Барлық есептік ақпараттар қандай ақпараттарға бөлінеді?

А) оперативтік және статистикалық есептік

Б) оперативтік, бухгалтерлік және статистикалық есептік

В) оперативтік есептік, оперативтік талдаулық және статистикалық есептік

Г) нормативтік, есептік, жоспарлық

2. Шаруашылық мүлік қалыптасу көздеріне байланысты қалай бөлінеді?

А) заемды және тартылған

Б) бекітілген және заемды

В) бекітілген және арнаулы мақсаттағы

Г) меншікті және заемды

3. Екі жақты жазудың негізін қалаушы:

А) Гюгли мен Шерр

Б) Лука Пачоли

В) Бенедикт Контрульи

Г) советтік экономистер

4. Қарапайым жазу есепте:

А) қолданылмайды

Б) ауыл шаруашылығында қолданылады

В) кейбір жағдайларда қолданылады

Г) баланстан тыс шоттарда қолданылады

5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға кім жауапты болады?

А) мекеме басшылығы

Б) аудиторлық фирма

В) бас бухгалтер

Г) бухгалтерия қызметкерлері

6. Меншікті капитал – бұл:

А) активтер мен міндеттемелердің сомасы

Б) кәсіпорын міндеттемелері

В) міндеттемелері алып тасталған активтер

Г) жарғылық капитал

7. Ағымдағы бухгалтерлік есепте дайын өнім қандай құны бойынша бағаланады?

А) нормативтік құны бойынша

Б) нақты өзіндік құны бойынша

В) келісім бағасы бойынша

Г) бастапқы құны бойынша

8. Эксплуатацияға негізгі құралдарды енгізген кезде қандай құжат рәсімделеді?

А) инвентарлық карточка

Б) шот – фактура

В) негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісі

Г) негізгі құралдарды есептен шығару актісі

9. Материалдық емес активтер баланс валютасында қандай құны бойынша көрсетіледі?

А) бастапқы құны бойынша

Б) қалдық құны бойынша

В) сату құны бойынша

Г) қайта қалпына келтіру құны бойынша

10. Аналитикалық есепті қажет ететін синтетикалық шоттар – бұл:

А) касса шығындары

Б) негізгі құралдар

В) еңбек ақы бойынша есептемелер

Г) аванстық есептемелер

11. Ұйымның есеп саясатында не көрсетіледі?

А) есеп жұмыстарының бөлінуі

Б) бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдері

В) атқарушыларға жеке тапсырмалар

Г) бөлімшелер бойынша есеп жұмыстарының бөлінуі

12. Типтік шоттар жоспары – бұл қандай шоттар тізімі?

А) синтетикалық

Б) аналитикалық

В) екінші қатардағы

Г) бастапқы

13. Кәсіпорынның меншікті капиталының ауқымды бөлігін не алады?

А) банк несиелері

Б) тез қайтарылған заемдар

В) жарғылық қор

Г) кредиторлық бережақ

14. Типтік шоттар жоспарының 9 – бөлім шоттарын кімдер қолданады?

А) өндірістік кәсіпорындар

Б) сауда кәсіпорындары

В) делдалдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Г) қызмет көрсететін мекемелер

15. Бухгалтерлік есептегі калькуляция – бұл ....    ақшалай мағынада  есептелуі?

А) өнімнің өзіндік құнының

Б) негізгі капиталдың

В) фирма міндеттемелерінің

Г) кредиторлық бережақтардың

16. Қарапайым жазба – бұл:

А) шоттардың бірі кредиттеліп, басқасы талап етілген жазба

Б) шоттардың бірі кредиттеліп,бірнешеуі дебеттелетін жазба

В) шоттардың бірі дебеттеліп, басқасы кредиттелетін жазба

Г) шоттардың екеуі дебеттеліп, екеуі кредиттеледі

 

17. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерге түзету енгізуге:

А) болады

Б) болмайды

В) тек корректорлық тәсілмен

Г) тек кейбір жағдайларда

18. Дт 451 Кт 441 бухгалтерлік жазбасы нені білдіреді?

А) келіп түскен материалдар үшін жабдықтаушылардың шоты төленді

Б) банк пайызы төленді

В) есеп айырысу шотынан кассаға қолма – қол ақша алынды

Г) кредиторлық бережақ жабылды

19. Касса кітабында жазбалар неше данада жүргізіледі?

А) бір

Б) үш

В) кассирдің қалауы бойынша

Г) екі

 

20. Кәсіпорынға келіп түскен және берілген барлық ақшалар қандай құжатта есепке алынады?

А) Бас кітапта

Б) кіріс кассалық ордерлерде

В) касса кітабында

Г) кіріс және шығыс кассалық ордерлеріе тіркеу журналында

21. Кассаға кіріс кассалық ордер бойынша ақша қабылдаған кезде төлеушіге не беріледі?

А) түбіршек (квитанция)

Б) ордер

В) қолхат

Г) чек

22. Кассирмен    .....    шарт құрылу керек?

А) тапсырмалық

Б) сақтау

В) мердігерлік

Г) материалдық жауапкершілік туралы

23. Еңбек ақының негізгі формалары.

А) жанама

Б) мерзімді

В) сыйақы

Г) басты

 

24. Еңбек ақыдан міндетті ұсталымдарға жатады:

А) алименттер

Б) әлеуметтік салық

В) табыс салығы, зейнетақы қорына аударымдар, атқарушы қағаздар бойынша ұсталымдар

Г) ұсталымдар жүргізілмейді

25. Өтімділігі жоғары активтер – бұл:

А) тауарлық – материалдық қорлар

Б) негізгі құралдар

В) ақша қаражаттар

Г) материалдық емес активтер

26. Ағымдағы активтер – бұл:

А) материалдық емес активтер

Б) инвестициялар

В) валюталық шоттағы ақша қаражаттар

Г) ғимараттар

27. Ұзақ мерзімді активтер – бұл:

А) негізгі құралдар

Б) қаржылық инвестициялар

В) алынуға тиісті шоттар

Г) тауарлар

28. Бухгалтерлік есептегі активті шоттар:

А) меншікті капитал

Б) дебиторлық бережақ

В) көрсетілген қызметтен түскен табыс

Г) міндеттемелер

29. Бухгалтерлік есептегі пассивті шоттар:

А) міндеттемелер

Б) сатып алынған тауарлар

В) алынуға тиісті вексельдер

Г) гудвилл

 

30. «Табыстар» бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарында қандай бөлімінде көрсетіледі?

А) бірінші

Б) төртінші

В) жетінші

Г) тоғызыншы

31. Міндеттемелерге не жатады?

А) еңбек ақы бойынша бережақтар

Б) тауарлық – материалдық қорлар

В) алынуға тиісті вексельдер

Г) бөлінбеген табыс

32. Кәсіпорынның негізгі құралдарына не жатады?

А) қосалқы бөлшектер

Б) кеңсе бұйымдары

В) жер

Г) дайын өнім

33. Тауарлық – материалдық қорларға не кіреді?

А) шикізат пен материалдар

Б) ғимараттар мен құрылыстар

В) лицензиялық келісімдер

Г) инвестициялар

34. Қаржылық есептеме элементтеріне ...  кірмейді?

А) активтер

Б) міндеттемелер

В) пайда

Г) меншікті капитал

35. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:

А) пайдаланушыларға ақпарат беру

Б) қаржылық есептеме құру

В) қаржылық – шаруашылық қызметті талдау

Г) операцияларды құжаттарда көрсету

36. Кәсіпорынның есеп саясаты – бұл:

А) өкілетті нормативтік құжат

Б) бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған әдістер мен тәсілдер жиынтығы

В) есеп беру формалары

Г) бухгалтерлік есеп регистрлері

37. Бухгалтерлік баланста не көрсетіледі?

А) табыстар мен шығыстар

Б) активтер, міндеттемелер, меншікті капитал

В) таза табыс немесе шығын

Г) ақша қозғалысы

38. Материалдық емес активтерге  ...  жатады?

А) акциялар

Б) облигациялар

В) гудвилл

Г) жер

39. Субъектінің ақша қаражаттарының қозғалысы қайда көрсетіледі?

А) касса айналымында

Б) ақша қаражатының қозғалысы туралы есептемеде

В) бухгалтерлік баланста

Г) түсініктеме хатта

40. Кассадан ақша қаражатының шығуы қалай көрсетіледі?

А) 1031 шоттың дебеті бойынша

Б) 1011 шоттың кредиті бойынша

В) 423 шоттың кредиті бойынша

Г) 431 шоттың дебеті бойынша

 



Информация о работе Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі