Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:22, реферат
1. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
2. Есеп айырысу шоты бойынша опеациялар есебі.
3. Валюталық шот бойынша операциялар есебі.
4. Бағам айырмасының есебі.
5. Ақша эквивалентері.
Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі.
1. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
2. Есеп айырысу шоты бойынша опеациялар есебі.
3. Валюталық шот бойынша операциялар есебі.
4. Бағам айырмасының есебі.
5. Ақша эквивалентері.
1. Кассадағы ақша қаражаты есебі.
Кәсіпорын банк мекемесі арқылы жүргізетін қолма-қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар касса арқылы қолма-қол ақшамен операциялар да жүргізеді (еңбекақы беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға аванстар беру және т.б.) Кәсіпорындардың қолма-қол ақшамен жүргізетін операциялары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкес нормативті актілермен реттеледі. Қолма-қол ақшалар кассаға есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (Ф.№КО-1) бойынша қабылданады. Кассаға ақша салған адамға немесе ұйымға бас бухгалтер және кассир қол қойған квитанция (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі.
Кассадан ақша кассалық шығыс ордерлері (Ф.№КО-2) немесе бастық пен бас бухгалтер қол қойған тиісінше ресімделген төлем ведомостері, ақша беруге өтініш шоттар және басқа құжаттар бойынша беріледі, оларға арнаулы белгі басылуы тиіс. Жазылған ордерлер немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналына (Ф.№КО-3) тіркеледі. Ол кіріс және шығыс ордерлерінің жазылған күні мен нөмірі және келіп түскен немесе жұмсалған ақшаның мақсатты бағыты (еңбекақы төлеуге сыйақылар, стипендиялар іс сапарға жұмсалатын
Кассалық ордер бойынша ақшаны қабылдау және беру тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі. Операцияларды орындағаннан кейін кассир қолын қояды, ал оған қоса тіркелген құжаттарға штамппен «Алынды» немесе «Төленді» деп күнін, айын көрсетіп белгі соғылады. Кассалық операцияларды есептеуді кассир кассалық кітапта (Ф.№ КО-4) жүргізеді. Оған жазу жүргізу үшін кіріс және шығыс ордерлері негіз болады және ол нөмірленуі, тігілуі және сургучтік мөрмен мөрленуі тиіс. Кітаптағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен куәландырылады. Кітапқа жазу көшірме қағаз арқылы екі данада жүргізіледі.
1. Кәсіпорындар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуларға негізделген қарым-қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма-қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер кәсіпорындармен төлемдік және келісім-шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Кәсіпорындар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды акцептік нысан бойынша, аккредитивтермен, төлемдік тапсырыстармен, пошталық және телеграфтық аударулармен, вексельдермен чектермен жүргізеді. Кәсіпорынның барлық уақытта бос ақша қаражаттары банк бөлімдерінде ашылатын есеп айырысу шотында сақталынады. Есеп айырысу шоты бекітілген нысандағы өтініш пен оған мына қосымшалар – жарғысы мен құрылтай шартының көшірмелері; тіркеу куәлігі; басқарушы мен бас бухгалтер қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалды кеңсемен расталған кәсіпорын мөрінің бейнесі, сонымен қатар Зейнетақы қорына міндетті медициналық сақтандыру қорына төлеуші ретінде тіркелгені туралы құжаттар көшірмесі, кәсіпорынның салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы салық инспекциясынан анықтама, бас бухгалтер лауазымына тағайындалуы туралы бұйрық көшірмесі мен кәсіпорын басқарушысының өкілеттілігін куәландыратын құжат көшірмесі негізінде ашылады. Кәсіпорынның есеп айырысу шоттарын бірнеше банктерде ашуға құқығы бар, мұндай жағдайда кәсіпорын барлық ашылған шоттар туралы салық инспекциясына хабарлауға міндетті. Қолма-қол ақшаны банк шотқа қолма-қол ақша салуға хабарландыру негізінде алады. Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшалар кәсіпорынға чектер енгізінде беріледі. Ақша чегі кәсіпорынның банкке, ондағы көрсетілген соманы есеп айырысу шотынан беруі туралы үкімін білдіреді. Чек кітапшаларын кәсіпорын банктен алады. Чектер атаулы және ұсынушыға болуы мүмкін. Чектерге қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Чектерге кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорын мөрімен мөрленеді. Төлем тапсырыстары негізінде банк төлеуші кәсіпорынның есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады.
2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шаруашылық субъектісі өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шот ашуға арналған өтініш;
2) қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) жарғы мен құрылтай шартының ( егер құрылтайшылар саны 1- ден көп болса) көшірмесі.
Есеп аезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.
2. Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда- чек ресімделеді.
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда төлем талап-тапсырмасы жасалады.
5. Шаруашылық істері жөніндегіт алқаның (комиссияның) бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл-мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан көшірме беру жолымен құлақтандыру жасайды. Көшірмеде банк кодтайтын, қатаң түрде белгіленген көрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған көшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардын кодын ( кореспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банктің көшірмесі есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептің тіркелімін өздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Субъектілердің банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берешекті көрсететін пассивтік шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты актывтік болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару) кредит бойынша көрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 1040- шотта жүргізіледі. 1040- шот бойынша шаруашылық операциялары:
1. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер шотын сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің төлеу соммасына Д-т 1040 К-т 1210.
2. Төлеу мерзімі басталғанда вексель берушінің вексельді өтеуі Д-т 1040 К-т 1130.
3. Еншілес заңды тұлғалар берешекті өтеді Д-т 1040 К-т 1220, 1230.
4. Жал, зайым, қарыздар бойынша алынған % сомасына Д-т 1040 К-т 1270.
5. Дебиторлық берешек өтелді Д-т 1040 К-т 1250, 1280.
6. Аккредитивтердің, лемиттелген чек кітапшаларының пайдаланылмаған соммалары есеп айырысу шотына есептелді Д-т 1040 К-т 1070.
7. Ақша қаражттары кассадан есеп айырысу шотына өткізілді Д-т 1040 К-т 1010.
8. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшылардан қолма-қол ақшасыз қаражаттары келіп түсті Д-т 1040 К-т 5020.
9. Алынған несиелер мен зайымдардың сомасы есеп айырысу шотына есептелді Д-т 1040 К-т 3010-3020.
10. Аванс алынды Д-т 1040 К-т 3510.
11. Алдағы кезеңдер есебіне алынған ақы Д-т 1040 К-т 3520.
12. Акцияларға, облигацияларға салымдар жасалды Д-т 1150 – 2310 К-т 1040.
13. Болашақ кезеңдер үшін жалдық ақыны төлеу Д-т 1630 К-т 1040.
14. Аванс берілді (алдын ала төлем) Д-т 1610 К-т 1040.
15. Аккредитивке қаражаттар есептелді, чек кітапшасы ашылды Д-т 1070 К-т 1040.
16. Чек бойынша есеп айырысу шотынан қолма қол ақшалар алынды Д-т 1010 К-т 1040.
17. Зайымдар мен несиелерді қайтару (өтеу) Д-т 3010 – 4010 К-т 1040.
18. Акциялар бойынша дивидендтер төлеу Д-т 3050 К-т 1040.
19. Бюджетке салықтар аударылды Д-т 3010, 3130, 3190 К-т 1040.
20. Бюджеттен тыс қорларға аударылғаны Д-т 3420 К-т 1040.
21. Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын тұлғаларға, жеткізушілер мен басқа кредиторларға берешек өтелді Д-т 3320- 3330, 3310, К-т 1040.
22. Несиелер, қарыздар жалдау шарттары бойынша % төленді Д-т 3380 К-т 1040.
23. Айыппұлдары, өсімақыларды, тұрақсыздық айыптарын төлеу Д-т 7210 К-т 1040.
1040- шотта көрсетілген операцияларда есепке алу үшін №2 журнал-ордер мен №2 ведомосы көзделген. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк көшірмесінің және соларға қоса берілетін құжаттардың негізінде жүргізіледі. Құжаттар алдымен әрбір күн үшін жиынтықтарды сомалау арқылы біртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кірістік және шығыстық құжаттар бөлек-бөлек), содан кейін №2 ордерге (1040-шоттың кредиті бойынша) және 1040-шоттың дебеті бойынша №2 ведомосқа жиынтық бір сомамен жазылады.
№ 2 ведімісте біртектес жинақтамалы шоттар бойынша сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо көрсетіледі де, ай ішінде есептелген дебеттік және кредиттік айналымдар ескеріліп, ай соңындағы қалдық анықталады. № 2 журнал-ордер мен № 2 ведімісі бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында бас кітаптағы 1040-шотқа көшіріледі.
Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойынша:
а) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана бөлігінің болмауына әкеп соқтырған субьект қызметі сипатының өзгерісі кезінде;
ә) субъектіні құрған органның шешімі бойынша ;
б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.
Шот жабылған жағдайда, сондай ақ субъектінің атауы өзгерген кезде шоттың иесі чек кітапшасы пайдаланбаған чектерімен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға міндетті.
3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі.
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және мынадай әр түрлі валюталарда:
а) ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және шектеусіз айырбасталатын);
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы елдердің ұлттық валюталары);
г) клиринг валютасында (қарсылыма талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы № 206 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне» сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады.
Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны:
1) Валюталық шотты ашу туралы өтініш;
2) Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмесі;
3) Өкілетті тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері;
4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
5) Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы;
Резидент заңды тұлғалардың валюталық шотты ашуы; жүргізуі жабуы «Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк және шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 Нұсқаулықта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
«Шетелдік валютадағы операциялардың есебі» 9 БЕС-ына сәйкес валютада жасалатын мәмілелер шетелдік валютадағы операциялар болып табылады. Мұндай кезде субъект:
1. Мүлікті (тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құралдарды және т.б. айналым активтерін) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.
2. Төленуге немесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.
3. Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттеме алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.
Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР- ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар , сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуге тиісті.
Шетелдік валютамен есеп айырысу, әдетте, мынадай нысандарда жүргізіледі:
1) Банктік аударым - бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін есеп айырысу операциясы.
2) Құжаттамалық инкассо - бұл импортшыдан (төлеушіден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндіктен растауды алуға экспортшының өз банкіне берген тапсырмасы.
3) Құжаттамалық аккредитив - бұл импорттаушы-клиентінің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктік ақшалай міндеттеме.
Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен рәсімделеді:
а) қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар және басқалар) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен рәсімделеді;
ә) қолма-қол валютаның берілуі (шығысы) – валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен);
б) шетелде жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударымын өтінішімен рәсімделеді.
Валюталық шоттар бойынша операциялардың есебі активтік 1050-«Ағымдағы корреспонденттік шоттағы шетел валютасы» шотында жүргізіледі. Мұндай шотты ашу және сол бойынша операциялар жасау ҚР Ұлттық банкі берген алдын ала рұқсаттың болуын талап етеді. Бұл орайда шаруашылық субъектісі аталған шоттардағы қаражаттардың қалдығы бойынша есептемені ҚР ұлттық бенкі белгілеген нысанда және мерзімде тапсыруға міндетті. 1050-шоттың дебеті бойынша бастапқы қалдық, ақша қаражаттарының түсуі және соңғы қалдық көрсетіледі. 1050-шоттың кредиті бойынша субъектінің валюталық шотынан қаражаттардың есептен шығарлуы көрініс табады. 1050-шоттың кредиті бойынша операциялар банк көшірмесінің негізінде № 2 журнал-ордерге, 1050-шоттың дебеті бойынша №2 ведіміске жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай соңында бас кітапқа көшіріледі.
Информация о работе Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі