Ақша айналысын ұйымдастырудағы төлем карточкаларын қолданудың тиімділігі және оның даму келешегі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:03, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диссертациялық зерттеу қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының дамуындағы ең өзекті тақырыптардың біріне арналған. Өйткені, экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.

Работа содержит 1 файл

ӘОЖ 336.docx

— 213.02 Кб (Скачать)

    Кесте 2 – Төлем карточкалар нарығының  инфрақұрылымы

                                                                    (2009 жылғы мәліметтер негізінде)

Облыстар POS – терминалдар Импринтерлер  
Банкоматтар
Сауда

кәсіпорындары

Саны, дана Үлесі, % саны, дана Үлесі, % саны, дана Үлесі, % саны, бірлік Үлесі, %
Ақмола 421 2,5 6 0,6 158 3,4 223 3,0
Ақтөбе  981 5,9 23 2,2 285 6,2 413 5,5
Алматы  281 1,7 5 0,5 194 4,2 88 1,2
Атырау  832 5,0 50 4,8 276 6,0 364 4,9
Шығыс-Қазақстан  1302 7,8 48 4,6 401 8,7 605 8,1
Жамбыл  438 2,6 7 0,7 172 3,7 205 2,7
Батыс Қазақстан  605 3,6 23 2,2 174 3,8 234 3,1
Қарағанды 1303 7,8 28 2,7 433 9,4 564 7,5
Қостанай  579 3,5 20 1,9 183 4,0 231 3,1
Қызылорда 328 2,0 6 0,6 133 2,9 187 2,5
Маңғыстау 626 3,7 24 2,3 216 4,7 322 4,3
Павлодар  927 5,6 16 1,5 289 6,3 417 5,6
Солтүстік Қазақстан  459 2,7 7 0,7 141 3,1 238 3,2
Оңтүстік  Қазақстан  828 5,0 19 1,8 231 5,0 348 4,6
Алматы  қаласы 4847 29,0 660 63,0 952 20,7 2034 27,2
Астана  қаласы 1945 11,6 105 10,0 369 8,0 1011 13,5
Барлығы 16702 100 1047 100 4607 100 7484 100
    Ескерту – Автор кестені Ұлттық Банк мәліметтері  негізінде құрастырған
 

    Кестеде берілген төрт түрлі POS – терминалдар,  импринтерлер, банкоматтар, сауда кәсіпорындары төлем карточкалармен есеп айырысу орындарының ең көбі әрине, терминалдар (олар 55,9%), келесі 25,2%-ды құрайтын сауда кәсіпорындары. Осы республика деңгейінде қалыптасқан жағдай аймақтарға да тән. Тек бір ғана Алматы облысында жағдай сәл өзгеше: 568 төлем карточкалары есеп айырысатын орындардың ішінде терминалдар – 49,4%-ды, банкоматтар - 34,1%, сауда кәсіпорындары 15,5%-ды құраған. Төлем карточкаларына қызмет көрсететін қондырғылар санының динамикасы 5 суретте келтірілген.

Сурет 5 - Төлем карточкаларына қызмет көрсететін қондырғылар санының динамикасы

Ескерту – Автор диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері негізінде құрастырған 

    Сурет мәліметтеріне сәйкес POS-терминалдар мен банкоматтар саны өсіп, импринтерлер азайып келеді. Бұған магнитті жолақты карталардың микропроцессорлық карталарға ауыстырылуы себеп.

    Қазiргi таңда қолма-қолсыз төлемдер қағаз түрiндегi құжаттар айналымы мен қол еңбегiнсіз, электронды технологияда бiрнеше сағаттарда жүргiзiледi. Бұл жетістіктің ерекшелігі сол, мұнда төлем жүйелерi кәсiпорындар арасында төлемдер өте жылдам жүргiзіле бастайды, төленбеген төлемдер, бартер, квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымында кездесетін кемшіліктерді ығыстыруға мүмкіндік пайда болады. Халық үшiн төлем қызметi нарығының бастапқы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу кезеңі аяқталып, жетiстiктерiн де көрсете бастады. Осы орайда айта кету керек, электронды технологияларды қолданудың басты жетістігі – эквайринг болып табылады. POS-терминалдар іс жүзінде барлық импринтерлер мен дауыстық авторизацияны алмастырды. Дегенмен, жаңа технологиялар ескілердің алмастырып келе жатқанымен, әлі де сауда орындарының 10%-ы ғана пластикалық карталарды төлем жүргізуге қабылдайды. Дәл осы жағдай чиптік карталардың артықшылығын айқын дәлелдесе де, олардың саны ескі магниттік карталар санынан асқан жоқ.

    Жаңа  электронды технологияларды ендіруде отандық та, еліміздегі шетелдік бәсекелестері де ынтасыз болып отыр. Батыстың жетекші төлем жүйелері жаңа Windows-қосымшаларына 2000 жылдың басында ғана көшкен. Шетелдік банктердің көпшілігі осы күнге дейін ескі компьютерлерін алмастыруға қажет көп қаражатты жұмсауға ынталанып отырған жоқ. Оған қоса, елімізде жұмыс жасап келетін шетелдік банктер Интернет-банкинг пен теле-банкингті дамытпайды және клиенттерге жаппай қызмет көрсетуге ешқандай бағдарланбайды.

    Төлем жүйесінің қалыпты қызмет етуі өтімділікті басқару механизмінің көмегінсіз мүмкін емес. Нақты уақытта есеп айырысу жүйесін енгізу басталғаннан бері осы мәселенің өзектілігі артып келеді. Мұндай жаңа жүйе өтімділік тәуекелін басқару үшін төлем жүйесінің жоғары сенімділігін және жеткілікті үлкен көлемді бір күн ішіндегі өтімділікті талап етеді.

    Төлем жүйесіндегі өтімділікті басқару  мәселелері әдетте мыналармен байланысты:

  • корреспонденттік шот қалдықтарына сәйкес келетін, құрамында клиенттердің ізденді ақша құралдары болғандықтан, төлем жүйесінің ресурстық базасының өзгермелілігі;
  • кіріс және шығыс төлемдер ағынының теңсіздігі;
  • Ұлттық Банк ұсынушы өтімділік құралдарының жеткізілу шарттары.

    Өтімділік тәуекеліне әсер ететін факторлар мыналар:

  1. Корреспонденттік шоттағы қалдықтар құрылымының жиі өзгермелі болуына байланысты болашақ төлемдердің белгісіздігі мен теңсіздігі;
  2. Жетіспейтін құралдарды тарту, Ұлттық Банк ұсынумен несиелік ресурстарға мүмкіндіктердің болуы;
  3. Жеке активді оның қаржылық және валюталық нарық өтімділігімен байланысты сату мүмкіндігі;
  4. Операциондық тәуекел.

    Төлем жүйесінің қызметі, өтімділік пен тәуекелді тиімді басқару арасында өзара байланыс бар. Өтімділікті толтыру үшін бір күн ішінде қатысушыларға есеп айырысу тәуекелін минимумға дейін төмендетеді. Бірақ, бұл тәуекелдің жүзеге асырылуын шектеп, қауіп туғызады. Соған байланысты, төлем жүйесі бір күндік өтімді құралдарға тиімді қызмет жасай алмайды.

    Төлем карталарын қолдану арқылы операцияларды жетілдіру оларды барынша қауіпсіздендіру механизмін жүзеге асырумен байланысты. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, карточкаларды пайдалану барысында пайда болатын тәуекелдерді төмендетудің оңтайлы әдісі – сақтандыру.

    Төлем карточкаларын сақтандыру оларды иелену мен қолдану мүліктік мүддесін қорғауда сақтандырушы және сақтандырылушы арасындағы қатынасты білдіреді. Төлем карточкаларын сақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар, ол тұлғалардың мүлкі мен қаржылық тәуекелдерді сақтандыруға жатады. Төлем карточкаларын азаматтардың мүлкін сақтандыру деп қарау дұрыс емес, себебі, олар банктің меншігі болып табылады.

    Сақтандырудың бұл түрінің кешенді тәуекел екі топтың болумен байланысты. Оларды ажыратып қарастырар болсақ, бірінші топ мынадай себептерге байланысты карточка жоғалған кезде мүліктік тәуекелдерді қамтиды:

  • иесінің жоғалтуы;
  • үшінші тұлғаның заңға қарсы әрекетінің салдарынан ұрлатып алу;
  • кездейсоқ механикалық, термикалық бүліну, магнитсіздену және т.б.;
  • банкомат жұмысының бұзылуы.

    Екінші  топты карточка жоғалғаннан кейін заңсыз қолданумен байланысты, болжанбаған шығындарды анықтайтын қаржылық тәуекелдерден тұрады:

  • карточка иесі үшінші тұлғаға өзінің карточкасы мен оның идентификациялық номерін айтуға мәжбүр болған жағдайда, үшінші тұлғаның банкоматтан қолма-қол ақшаны алуы;
  • үшінші тұлғаның қолма-қол ақшаны банктен слипке (сауда чегіне) карточка ұстаушысының қолын көшіріп қою жолымен алуы;
  • үшінші тұлғаның сауда-қызмет көрсету желілерінде тауарлар мен қызметтерін төлеуі.

    Төлем карточкаларын сақтандыруды банктік сақтандыру құрамында қарауға болады. Себебі, ол банктік қызметтің субъектілерін сақтандыруды ұсынуға арналған.

    Шетел тәжірибесіне сүйенсек, пластикалық карталарды сақтандыру ережелері олардың эмитенттерін сақтандыру ережелеріне сәйкес келеді. Бұл Ережелер «Bankers Blanket Bond» банктік сақтандырудың халықаралық стандарттарына негізделеді және карточка тәуекелдерін сақтандыруға мүмкіндік береді.

    Төлем карточка иелерін сақтандыру арқылы банк-эмитент, ал, қаржылық тәуекелді сақтандыру арқылы пайда көретін – картаны уақытша ұстаушы болып табылады. Бұл жағдайда ұстаушының қаржылық тәуекелдеріне мыналар жатады: бөтен тұлғаның картаны заңсыз пайдалануы, оған байланысты пайда болатын күтпеген шығындар, жоғалған, ұрланған кезде картаны қайта шығарумен байланысты шығындар.

    Төлем карточкаларының эмитенттерін сақтандыру шарттары бойынша тәуекелдерінен пайда табушы банк мекемесі, себебі, ол картаның бүлінуі мен жоғалуына қатысты, үшінші тұлғаның заңсыз әрекетіне байланысты шығындар тәуекеліне жауап береді.

    Тәжірибе  жүзінде сақтандыру компаниялары мүліктік және қаржылық бағдарламаларды әзірлейді. Мүліктік базалық, ал, қаржылық кеңейтілген бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Сақтандырушы жауапкершілігінің осылай қалыптасуы олардың портфелдерін баланстауға ұмтылысын білдіреді. Қаржылық тәуекелдерде сақтандырылушы тарапынан талап көп, себебі, оларды жүзеге асыру ықтималдығы жоғары.

    Тәуекелдер  аталып өткендермен шектелмейтіндігі белгілі. Төлем карточкаларын сақтандыруға қолма-қол ақшаны алу, карточканы заңсыз жасап алу, сақтандырылушы шотына заңсыз кіру шығындарының тәуекелі енгізіледі.

    Төлем карталарының түрлері (жеке, корпоративті), бағыттары (дебеттік/есептік және кредиттік), төлем жүйелері («VISA», «Master Card») және категориялары бойынша («Electron», «Standard», «Classic», «Gold», «Platinum») сақтандыруға жатады. Дебеттік немесе кредиттік карточкаларды алу кезінде сақтандырушылар сатып алатын дисконттық карточкалар сақтандыруға жатпайды. Бұл дисконттық карталар телефон сөйлесімдерін, авиа және теміржол, немесе көліктің басқа түрлерін пайдалану шығындарын, қонақ үй, жүкті жеткізу, мейрамхана, автокөлік құралдарын жалға алу, жанармай шығындарын төлеуге, жеңілдіктер ұсынуға қажет.

    Төлем карточкаларын ұстаушылар үшін сақтандыру шарты картаның типіне байланысты, ол бір немесе екі жыл банк картасының қызмет ету мерзіміне жасалады. Төлем карточкаларының эмитенттерін сақтандыру бойынша шарт бір жылға жасалады және оны әрі қарай ұзарту құқығы болады. Төлем карточкаларын ұстаушыларды сақтандыру келісім шартында картаның реквизиттері бейнеленуі қажет: оның аты, нөмері немесе қызмет ету мерзімі.

    Төлем карточкаларын ұстаушыларды сақтандыру сомасының мөлшері таңдалып алынған сақтандыру тәуекелінен және карта түрінен тәуелді. Мүліктік тәуекелден сақтандыру бағдарламасына сәйкес оның сомасы банк-эмитенттің тарифтерімен байланысты картаны қайта шығару мөлшерінде тағайындалады. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасы бойынша бастапқы кезде болжанатын шығындар сақтандырылушымен келісілген негізде анықталады.

    Шетел тәжірибесінде төлем карточкаларын сақтандырудың оқиғалары жиі болғанымен, олардың шығыны көп емес. Бір картаны сақтандыру төлемі 20 мың АҚШ долларынан аспайтын болғандықтан, қаржылық тәуекел бөлігінде сақтандыру шартын жасау кезінде оның мөлшерін де анықтаған жөн.

    Сақтандыру  сыйақысы бағдарламаға, картаның түріне, мөлшеріне тәуелді, оған қоса, эмитенттерді сақтандыру кезінде айналыстағы карточкалар саны, олармен жасалатын банк операцияларының көлемі, зияндылығы есептеледі.

    Ақша  айналымын ұйымдастыруда ерекше рөл атқаратын төлем карточкаларын сақтандыру жолдарын республикамызда ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттігі сөзсіз. Оның даму келешегі бүгінгі проблемаларды шешу, сақтандыру мәдениетін арттыру, бизнестің қаржылық анықтығы мен банк және сақтандырушылар арасында сенімнің жоғары болуы сияқты факторларға тәуелді болатынын зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. 

Информация о работе Ақша айналысын ұйымдастырудағы төлем карточкаларын қолданудың тиімділігі және оның даму келешегі