Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:03, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диссертациялық зерттеу қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының дамуындағы ең өзекті тақырыптардың біріне арналған. Өйткені, экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.
ӘОЖ 336.441.5:336.417(574)
Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесiн алу үшін дайындалған
диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы,
2010
Жұмыс
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: | экономика ғылымдарының
докторы,
профессор Н.Қ. Мамыров |
Ресми оппоненттер: | экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Интыкбаева |
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Т. Жоламанова | |
Жетекші ұйым: | «Тұран» университеті |
Қорғау
2010 жылдың «26» қараша күні сағат 16:00-де
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университетіндегі экономика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі
Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде
өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы,
Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.
Диссертациямен
Автореферат
«26» қазан 2010 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы,
экономика
ғылымдарының докторы,
А.А. Адамбекова
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диссертациялық зерттеу қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының дамуындағы ең өзекті тақырыптардың біріне арналған. Өйткені, экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.
Төлем карточкаларының М0 агрегатын реттеуде айналыс шығындарын азайта түсу үшін атқаратын ролін ғылыми тұрғыда дәлелдеу қажет және олардың атқаратын қызметтері макро- және микроэкономикалық деңгейде қарастыруды қажет етеді.
Сондықтан,
төлем жүйесінің
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 8,2 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 7,7 млн. адам болды. (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 14,5% және 14,1%-ға артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97,9%, ал, жергілікті жүйе карточкаларының үлесі – 2,1%. 2009 жылы 1-ші қыркүйекте бұл арақатынас 97,9% және 2,1% құраған болатын.
Экономиканың
қарқынды дамуы, коммерциялық банктерде
көрсетілетін қызметтердің көбеюі, алдыңғы
қатарлы банктік
Осыған байланысты, бұл кедергі болып отырған мәселелерді шешу, төлем жүйесінің өтімділігіне электрондық технологияның әсерін анықтау, олардың жалпы ұлттық экономиканың макропараметрлерінің тиімділігіне ықпалын ғылыми тұрғыда дәлелдеу, төлем айналымын ұтымды ұйымдастырудың жолдарын іздеу еліміздің ақша айналымын ұйымдастыруға өз үлесін қосатын төлем карточкалары сияқты банктік өнімнің түрін дамытудағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Ақша айналымын ұйымдастыруда төлем карточкаларын қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын зерттеу экономика, қаржы ғылымдарының маңызды міндеті екендігі мәлім. Төлем карточкаларын қолдануды жетілдіру, оларды теориялық, әдістемелік тұрғыда негіздеу, ғылыми талдау ғалымдардың, қаржыгерлер мен ізденушілердің зерттеу объектісіне айналды.
Экономикалық әдебиеттерде аталған мәселенің пайда болу кезеңі туралы және шетелдік аспектілері бойынша теориялық, әдістемелік және қолданбалы ұсыныстар ғана бар. Зерттеу объектісінің экономикалық негізін Дж.М.Кейнс, А.Маршал, П.Самуэльсон сияқты ірі экономисттер қалаған, бұл сала осы авторлардың еңбектерінен бастау алды.
Төлем карталары А.И.Гинзбург, О.И.Лаврушин, М.Борисов, И.И.Ильин, В.С.Геращенко, О.Л.Рогова, О.Ю.Свиридов, Е.Ф.Жуков, Н.Е. Егоровтар бар бір топ ТМД елдерінің ғалым–экономисттер еңбектерінде өз жалғасын тапқан.
Қарастырылып
отырған тақырып бойынша
Бұл еңбектерде төлем карточкалары проблемалары жалпылама зерттелінеді де, олардың ақша айналысында қолданудың әлеуметтік-экономикалық астарлары, заңдылықтары, жүйелі даму бағыттарына қатысты мәселелер көбіне көп ғылыми көзқарастан тыс қалып келеді. Ал, төлем жүйесінің басты құралы ретінде оның көп қырлығы мен оның аталған позициялар бойынша маңыздылығын ескерсек, онда оны жетілдіру бағыттары мен тәжірибелік қолданыс табатын негіздерін күшейту қажеттілігі сөзсіз.
Сондықтан, осы заңдылықтардың астарына үңіліп, аталған мәселелердің ғылыми негізделген шешімдерін қабылдау жолдарын айқындай түсу, оның оңтайлы тетіктерін ұсыну бүгінгі күні өте өзекті проблема екендігін дәл көрсетіп отыр.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты төлем карточкалар нарығының қалыптасуы және қызмет ету үрдісін кешенді талдау арқылы оның ақша айналымын ұйымдастырудағы тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеудің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін міндеттерді орындау алға қойылды:
- ақша айналымының бұрыннан қалыптасқан теориялық-әдістемелік зерттеулердегі оның экономикалық мәні, рөлі және төлем карточкаларын осы жүйеде қолданудың өзара байланысын ғылыми негіздеу;
-
ақша айналымында төлем
- тақырыптың жан-жақты зерттелуін тәжірибелік жағынан қамтамасыз ететін фактологиялық және статистикалық материалдарды жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы, келелі түйіндер жасау;
-
төлем карточкаларын
- коммерциялық банктерде төлем карточкаларын пайдалану барысына талдау жүргізіп, оның даму тенденциялары мен төлем жүйесіне әсерін анықтау;
-
ақша айналымын жеделдетуде
- еліміздің ақша айналымында төлем карточкаларын қолданудың негізгі бағыттарын кешенді айқындап және олардың тиімділігін көтерудің жолдарын ұсыну.
Ақша айналымы мен төлем жүйесінде төлем карточкаларын қолдануды ұйымдастыру барысында қалыптасатын қаржылық қатынастар жиынтығы зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі төлем карточкаларының айналысы алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған ақша айналымына, төлем карточкаларына қатысты теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге және монографиялық жұмыстарға сүйенеді. Зерттеу жұмысына тақырыпқа байланысты Қазақтан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, Президент Жарлықтары, Ұлттық Банктің есептік материалдары, Қаулылары мен шешімдері, екінші деңгейлі банктердің мәліметтері мен есептік материалдары және басқа мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер тартылды.
Зерттеу тақырыбын барынша толық ашу мақсатында жинақталған мәліметтерді өңдеу барысында бақылау, салыстармалы талдау, ақпараттарды топтастыру, кешенді бағалау сияқты экономикалық зерттеудің әдістері қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары. Диссертациялық зерттеу жүргізу барысында ғылыми жаңалық сипаты бар келесі нәтижелер алынды:
- ақша және төлем айналымдарының мәнін теориялық тұрғыда анықтау және жан-жақты қарастыру барысында «төлем карточкалары» ұғымы ғылыми негізде тереңдетілді;
-
төлем карточкалары нарығын
- төлем карточкаларын қолданудың тиімділігін анықтау және арттыру әдістері мен олардың қызмет етуіндегі тәуекелдер бағаланды;
- төлем карточкаларын қолданудағы тәуекелдер дәрежесі және оларды басқару әдістемесі анықталды;
- төлем карточкалар қызметінің нормативтік-құқықтық базасы мен тиімділігін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар берілді.
Ақша
айналымын ұйымдастыруда төлем
карточкаларын пайдалануды
Зерттеу жұмысында төлем карточкаларының әртүрлі болуына себепші банк жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты, фактологиялық деректерге сүйене отырып, объективті талдау жұмыстары жүргізілді.
Статистикалық мәліметтерді талдау негізінде төлем карточкаларының даму деңгейіне ықпал ететін факторлар сипатталып, оның жекелеген құраушылары мен аспектілері қарастырылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер. Ақша айналымын ұйымдастырудағы төлем карточкаларының мәні және мазмұны жөнінде теориялық аспектілерді және оны жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстарды қамтитын төмендегідей ғылыми жаңалығы бар нәтижелер мен тұжырымдар қорғауға ұсынылып отыр: