Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:03, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диссертациялық зерттеу қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының дамуындағы ең өзекті тақырыптардың біріне арналған. Өйткені, экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.
Зерттеу нәтижесінің тәжірибелік маңыздылығы елімізде ақша айналымы бағытындағы нарықтық қатынастардың одан әрі даму жағдайларында төлем карточкаларын қолдануды көтеру жөніндегі мәселелер аясын кеңейте беру және республиканың даму бағдарламаларын жүзеге асыру барысында проблемаларды уақтылы шешіп отыру үшін жүргізілген зерттеу нәтижелері едәуір пайда келтіретіндігімен түсіндіріледі.
Жұмыстың теориялық және практикалық ережелері «Ақша, несие, банктер», «Ақша-несиелік реттеу», «Банк ісі» оқу курстарын өңдеу кезінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында пайдалануға болады. Жұмыстың ғылыми-практикалық мәнділігі ретіндегі автордың ұсыныстарын бірыңғай төлем жүйесін өңдеу барысында Республиканың Ұлттық Банкі қолдануы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі теориялық қағидалары, қорытындылары, ұсыныстары, тұжырымдары мен нәтижелері бірқатар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 6,24 баспа бет құрайтын 12 ғылыми мақала жарияланған.
Диссертациялық
жұмыстың құрылымы мен
көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеудің
мақсатымен, міндеттерімен анықталып,
тақырыпты ашуға негізделген. Диссертациялық
жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.
Негізгі
бөлім
Төлем жүйесі – құрамында қаржылық, операциялық қарым-қатынастар жұмыс жасайтын күрделі механизм. Ел экономикасында болып жатқан өзгерістерден туындайтын сұраныстарды орындауға қажетті құрылымдар бар. Дегенмен, банктер төлемдер мен есеп айырысулар, банкаралық аударымдар мен депозиттерді аударуды қамтамасыз етеді. Осы тұста ақша айналысы мен айналымының рөлі ерекше.
Ақша айналысы банкноталар мен монеталардың орнын алмастыруын, халықтың ақшалай табыстарының бөлiнуін, ақшаның айналыс және төлем құралы ретiндегi қызметтерiн жылдам орындаушылық қабiлетiн сипаттайтын ақша айналымының бiр бөлiгi екендігі мәлім.
Ақша айналымы жоғарыда айтылған ақша айналысын қамтитын, қаржылық және қаржылық емес қатысушылар арасында қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша алмастыру (еңбекақы төлеу, тауарларды өткiзу, қызмет көрсету), есеп айырысулар мен төлемдер жүргiзу мақсатында жүзеге асырылатын үздiксiз процесстi білдіреді. Осы екі қағидалы түсініктердің зерттеу тақырыбына ықпалы мен әсерін ескерсек, төлем карточкаларына қатысты келелі ой-тұжырымдар жасау негізді болатыны сөзсіз.
Елдің өз мақсаттарына қызмет ететін ерекшеліктеріне байланысты экономика сұраныстарына жауап беретін төлем механизмі болады. Олай болса, төлем карталарының ақша айналымына ықпалын барынша тереңірек білу үшін шетел тәжірибесіне ерекше көңіл бөлген жөн.
Экономикалық жағдайдың тұрақтануы шаруашылық жүргізуші субъектілерге, жеке тұлғаларға, банктердің қаржы нарығындағы позициясын нығайтуға, банктердің қызмет көрсету аясына әсерін тигізетіні белгілі.
Біздің
елімізде банктердің төлем карталарына
қатысты іс-әрекеттері толық еркіндікте.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, клиенттердің
банк өнімдеріне сұраныстарын қамтамасыз
ету, олардың қаржы нарығындағы бәсеке
қабілеттілігін жоғарылату, жеке тұлғаларға
қызмет көрсету жүйесін жаңарту қажеттігі
жөнінде мәселелер ғылыми ортаның көптен
бері көңіл бөліп келе жатқан тақырыптарының
бірі. Соның ішінде, жеке тұлғаларға төлем
карталарымен банктік қызмет көрсетудің
тиімді жүйесін құру күн тәртібінде тұрған
маңызды зерттеу бағыты. Осы карточкалар
нарығында қалыптасқан жағдай жөнінде
мәліметтер төменде берілген.
Сурет 1 – Пластикалық карталар нарығының құрылымы
Ескерту
– Автор диаграмманы Ұлттық Банк
мәліметтері негізінде
ТМД елдері пластикалық карталарды пайдаланып қолма-қолсыз төлемдер жүйесін дамытуда түрлі ерекшеліктерді басшылыққа алады. Осы мемлекеттерде меншікті карталық бағдарламаларды дамытуға себепші болған фактор – 1992 жылы қолма-қол ақша тапшылығы еді. Соның салдарынан Ресейде аймақтық және локальдық карточкалар бағдарламалары әзірленді. Мұндағы мақсат – біріншіден, қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру, екіншіден, тауарды қолма-қол ақшаға айырбастап басқа елдерге шығаруға шектеу жасау. Бұл үрдістерде банктер карталық бағдарламаларды оның имиджі ретінде қызмет ету аясын кеңейтуге және болашақта пайда әкелетін жаңа бағыт деп қарастырды.
Республикамыздағы төлем жүйесінің қызметі уақыт талабына сай банктер мен қаржы нарығына қатысушылардың сұранысын қамтамасыз етуге, ақша-несие саясатын тиімді іске асыруға, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйелері қаржы ұйымдары дамыған елдер қоятын барлық талаптарға сай келеді. Осы ретте төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отыратынын айта кету керек.
Елімізде төлем карточкалары жүйесiн дамыту қолма-қолсыз ақша айналысын кеңейтуге, ақша эмиссиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға, тиiмдiлігі аз төлем құралдарынан (мәселен, чек) оның тиiмдiрек жаңа түрлерiне көшуге мүмкiндiк бередi.
Төлем
жүйесіндегі операциялар оның құралдарын
қолдану көмегімен жүзеге асырылатыны
белгілі, соның ішінде, төлем, талап тапсырмалары,
инкассалық өкімдер, карточкалар. Оны
1-ші кестедегі, ресми мәліметтермен келтірілген,
соңғы үш жылдағы төлем құралдарын пайдалану
динамикасынан көруге болады. (Төлем карточкалары
рөлінің маңызды екендігін дәлелдейтін
деректер көп, айталық, 2009 жылы екінші
деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ
төлем құралдарын пайдалана отырып, 88050,0
млрд. теңге (718,5 млрд долл.) 132,1 млн. транзакция
жүргізген).
Кесте
1 – Төлем құралдары мен
Төлем құралдары | жылдар: | өзгерісі | ||
2007 | 2008 | 2009 | 2009 жыл 2007
жылға %-бен | |
Төлем тапсырмалары | 30,5 | 30,9 | 35,2 | 115 |
Төлем талап-тапсырмалары | 0,1 | 0,1 | 0,2 | 2,0 |
Инкассалық өкімдер | 0,3 | 0,3 | 0,5 | 166 |
Төлем карточкалары | 49,8 | 66,8 | 86,7 | 174 |
Басқа да құралдар | 4,3 | 7,9 | 9,5 | 221 |
Барлығы | 85,0 | 106,0 | 132,1 | 155 |
Ескерту – Автор кестені Ұлттық банк мәліметтері негізінде құрастырған |
Кесте мәліметтеріне сәйкес төлем құралдарының ішінде төлем карточкаларымен жасалатын операциялардың қолданылуы және олардың саны жылдан жылға жоғарылап келе жатқанын байқауға болады. Төлем карточкаларымен жасалатын транзакциялардың санының өсу қарқыны 2009 жылы 29,7%-ды, ал жалпы төлем құралдарының өсу қарқыны 24,6% құрады.
Төлем жүйесі құралдарының басым қолданылатын түріне сипаттама беру үшін оның құрылымына талдау 2-суретте келтірілген.
Аз
мөлшерде қолданылатын төлем құралдарының
бірі төлем талап-тапсырмалары болып
табылады. Оның сирек пайдаланылуының
себебі, төлем процедурасының ұзақтығымен
түсіндіріледі. Төлем жүйесінде
құралдарды пайдалану негізінде 88,1 трлн.
теңгеге операциялар жасалған. Төлем құралдарының
ішінде карточкалар бойынша 2007 жылы 1241,8
млрд. теңгеге аударымдар жасалса, 2008 жылы
ол 703,5 млрд. теңгеге жоғарылап, 1945,3 млрд.
теңгені құраған, керісінше, осы жылы инкассалық
өкімдермен операциялар жүргізу көлемі
30,7 млрд. теңгеге төмендеген.
Сурет 2 – Төлем құралдарымен жасалған транзакциялар құрылымы
Ескерту
– Автор диаграмманы Ұлттық Банк
мәліметтері негізінде
Төлем талап-тапсырмалары (саны бойынша және төлемдер көлемі бойынша 0,2%), инкассалық өкімдер (саны бойынша 0,4% және төлемдер көлемі бойынша 0,2%) және басқа да құралдардың (саны бойынша 7,1% және төлемдер көлемі бойынша 2,1%) пайдалану үлесі шамалы болды.
Төлем карточкалар нарығы қаржы секторының болашақ даму бағыттарының бірі. Оған қызмет көрсету ассортименті мен түрлі карточкалық бағдарламалар барынша кең түрде ұсынылып келетіні айғақ. Айталық, дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсету үшін есеп айырысу, коммуналдық, байланыс қызметтерін, салық пен кеден төлемдерін төлеу, несиелерді өтеу, карточкадан карточкаға ақша аудару төлем карточкаларының көмегімен жүзеге асады. Осыған байланысты халық тауар сатып алу мен қызмет көрсету кезінде есеп айырысуды төлем карточкалары арқылы жүргізуді дұрыс көреді. Оны статистика мәліметтері дәлелдей алады, егер 2008 жылы 4 адам 1 төлем карточкасын иеленсе, 2009 жылы 3 адам 1 төлем карточкасын қолданған.
Төлем карточкаларын республикамыздың 19 екінші деңгейдегі банктері мен «Қазпошта» АҚ шығарады. Оған қоса елімізде халықаралық және жергілікті төлем жүйелерінің карточкаларын да кездестіруге болады. Жергілікті карточкаларға Altyn Card, SmartAlemCard, KazCard, TemirCard, Каспи, «Цесна Банк» АҚ, «Қазақстан Ситибанкі» АҚ жүйелері мен жергілікті карточкалары жатады. Халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары Қазақстан нарығында Visa және Europay International, American Express International, Diners Club International және China Union Pay карточкаларымен кеңінен танымал.
2009
жылы айналыста жүрген төлем карточкаларының
барлық саны 5,6 млн. бірлік болды, бұл 2008
жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 36,5%-ға
артық. Айналыстағы төлем карточкалары
санының динамикасы суретте келтірілген.
Сурет
3 – Айналыстағы төлем
Ескерту
– Автор диаграмманы Ұлттық Банк
мәліметтері негізінде
Берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2000 жылмен салыстырғанда төлем карточкаларының саны 2009 жылы 15,8 есеге артқан. Ал, карточкаларды ұстаушылар саны 35,7%-ға өсіп, 2009 жылы 1 қаңтарда 5,3 млн адам болған. Төлем жүйесiнiң негізгі құралдарының бiрi төлем карталары мен олардың қолданылуы туралы деректерге сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде төлем карточкалары саны 12,5 есе көбейді, дәлірек айтсақ, 2000 жылы айналыстағы карточкалар саны 355-тен 5600 мыңға дейін жеткен.
Елдегі ең танымал Visa және Europay International халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары болып табылады, олар айналыстағы карточкалар санының 96,4%-ын құрайды. Қазіргі уақытта Visa International карточкаларын Қазақстан халқының 25,3%-ы қолданады. Айналыстағы төлем карточкалары жергілікті және халықаралық карталардан тұрады, олардың құрылымы 4 суретте келтірілген.
Сурет
4 – Айналыстағы төлем
Ескерту
– Автор диаграмманы Ұлттық Банк
мәліметтері негізінде
Суреттен көріп отырғанымыздай, халықаралық төлем карточкалары қолданыс аясына еніп, үлес салмағының артуы, жергілікті төлем карточкаларының төмендеуіне себеп болып отыр. 2000 жылы 100% жергілікті карточкалар айналыста болса, берілген мерзім ішінде оның үлесі 5%-ға дейін күрт азайған, бұл 20 есеге төмендікті білдіреді. Жергілікті карточкалардың арасында Altyn Card жүйесінің карточкалары кеңінен қолданылады (оның үлесі 2,1%). 2009 жылы елімізде 7391 сауда кәсіпорыны оның төлем карточкаларын қолданған, бұл 2008 жылдан 38,5%-ға артық.
Енді төлем карточкаларын пайдаланудың аймақтық аспектісін қарастырсақ, бірінші орында үлесі бойынша Алматы қаласы, одан кейін 11,8%-бен Қарағанды облысы және 8,3%-бен Шығыс Қазақстан облысы.
Республикамызда
қондырылған банкоматтар саны – 4607 бірлік
(1 банкомат 1 550 адамға қызмет көрсете алады,
сәйкесінше, 100 банкомат 155 000 карта иелеріне).
Карта иелерлерінің саны жылдам өскенімен
банкоматтар саны көбеюі оған сәйкес келмейді
(Мәселен, ай сайын қолданушылар саны 74
мыңға артса, банкоматтар саны 75-ке ғана
артып отырды). Осы айтылғандар бойынша
республика аумағында төлем карточкалары
нарығының инфрақұрылымын беруді жөн
көрдік.