Қаржылық есеп беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 16:30, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс «Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру» тақырыбына жазылған. Курстық жұмыста кәсіпорынның Қаржылық есеп беру ХҚЕС №1 стандартына негізделе отырып, бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы, ақша қозғалысы және оған түсініктеме жазбаға , меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептеріне сипаттама беріледі.

Содержание

Кіріспе
1 бөлім
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты
2бөлім
Қаржылық есеп беруді жасау
2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
2.2 Бухгалтерлік баланс
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызметі
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

қаржылык есеп беру.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

5. Материалдар  – 86105

6. Тауарлар –  300480

7. Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі – 17000

8. Сатыпалушының  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі - 367300

9. Басқа да дебиторлық берешек – 4100

10. Банктік шоттағы ақша қаражаты – 333440

11. Кассадағы ақша қаражаты – 27160

12. Банктік шоттағы шетел валютасындағы ақша қаражаты -900015

13. Есепті жылдың пайдасы – 883200

14. Төленбеген  капитал – 634000

15.Қысқа мерзімді кредиторлық берешек – 634200

16. Қосылған құн  салығы -187000

17. Әлеуметтк  салық – 46200

18. Мүлік салығы  – 12440

19. Корпаративтік  табыс салығы – 54300

20. Басқа да  салықтар – 24380

21. Зейнетақы  аударымы – 40200

22. Еңбек ақы - 162680

23. Төлеуге тиісті қысқа мерзімді сыйақы -17260

24. Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық қарыз - 28740 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.3.  Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі 

   Ақша қаражатының  туралы есеп  беру қаржылық есеп-қисаптың міндетті құрамдас бөлігі  болып табылады және ақша қаражаттары мен олардың экиваленттерінің келіп құйылуы мен шығуы. Ақша экиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, вексель және т.б. жатады. Ақша түсімді туралы ақпарат,  біріншіден кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың экиваленттерін табу қабылеті , сондай – ақ ақша түсімдерін пайдалануға кісіпорынның мұқтаждығын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіорынның таза активтеердегі өзгерісті, оныың қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабылетін бағалауға көмектеседі . Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындағы операциялық қызмет туралы есеп берулрді  салыстыруға  мүмкіндік береді.

  Ақша  қаражаты - субъектінің кассада және банктерде  шоттарында жатқан барлық ақшасы.

  Ақша  қаражатының қозғалысы – олардың  келіп түсуі мен шығуы . Ақша қаражатының  туралы есеп Субъектінің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құраында беріледі.

  Ақша  қаражатының қозғалысы туралы  есеп берудің негізгі мақсаты:

  • заңды тұлғаның есеп беру кезеңі ішінде ақша қаражатының келіп түскені және шыққаны туралы;
  • заңды тұлғаның есеп беру кезеңіндегі операциялық, инвестициялық жән қаржылық қызметтері туралы ақпарат беру болып табылады.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттры мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не  жанама әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымды активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерісіне , сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

  Операциялық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей жанама әдістер пайдаланылады.

  Тікелей  әдісте ақша қозғалыстарының  негізгі түрлері ашыады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, ҚДШ (көлік – дайындау шығысарының ) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджеттке тиесі төлемдерін шегереді.

   Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттының түсуі мен шығууының нәтижесі: өнімді, жұмысты қызметті  сатқан түсімнен алынған авантан, пайыздан, дивидедтен және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен  және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілгеен аванстан төленген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен т.б. шығыстарынан тұрады.

  Жанама  әдістер – бұл әдісте таза  табыс немесе зиян өзгерген  ағымдағы активтер мен міндеттемелерінен,  ақшасыз операцияларына, сондай-ақ  өткен жылдарен салыстыра отырып  қаржылық және инвестициялық  қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзетулер жасалынады . Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық шаруашылық нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді тек қана  таза табыс сомасын   өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

  Операциялық  қызметтен түскен ақша қаражаттарының  қозғалыс тікелей әдіс бойынша  анықтаған кезде оладың қозғалысы әсер ететін фкторлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцилары ашылады.

                                              

                                               Таза табысты түзету

 

Таза  табысты түзететін операциялар Түзетуді жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы  Есептелген  амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені  ол ақша қаражаттар шығысын әкелмейді 
Ағымдағы  активтер сомасының өзгерістері : дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқада ағымдағы активтер т.б. Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егер де керсінше болса онда ақша қаражаттары  өседі, онда олардан түскен табысы да көрсететіледі
Ағымдағы  міндеттемелердің сомасының өзгерістері (қысқа мерзімді банк несиелерін  қоспағанда), кредиторлық қарыздар салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер  Ағымдағы міндеттемелердің сомса өссе, ақша ағымның сомасыда өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысыда көрсетіледі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     

                    2 .4 Инвестициялық және қаржылық қызмет

  Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзіді активтердің құрамы мен мөлшерінде өзгеріс туғызған операциялар. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына мысал болады:

1.Ақша қаражаттарының түсуі: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және басқа ұзақ мерзімді активтерді өткізуден; қаржылық инвестицияларды өткізуден; басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу; басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу; басқа да түсулер.

2. Ақша  қаражаттарының шығуы: материалдық  емес активтер, негізгі құралдар және басқа ұзақ мерзімді активтерді алу; қаржылық инвестицияларды алу; басқа заңды тұлғаларға несие беру; басқа төлеулер.

   Инвестициялық қызмет бухгалтерлік  баланстың ұзақ мерзімді активтерінің  құрамына кіреді. Оған қаржылық  инвестицияға әсер ететін операциялар  кіреді. Инвестицялық қызмет қаржылық – шаруашық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдары және басқа да сатыдың нәтижесі көрініс табады.

    Қаржылық қызмет – меншікті капитал мен сыртан алынған қаражаттарының құрамы мен мөлшерінде өзгеріс туғызған операциялар. Қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының  қозғалысына келесілер мысал болады:

1.Ақша  қаражаттарының түсуі: акция және  басқ бағалы қағаздар шығарудан; банк несиесін алу; басқа да түзетулер.

2. Ақша қаражаттарының шығуы: банк несиесн қайтару; меншікті акцияларды сатып алу; девидендлер төлеу; басқа төлеулер.

  Қаржылық  ызмет меншік капиталы мен  қарыз каптиалының құрамы мен  мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылды.

    Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық  және ақшасыз операцияларды жүзеге  асыруы мүмкін . Оларға : материалдық  емес активтерді және  негізгі  құралдары ұзақ мерзімді несиенің  есебінен алу; кредиторлыөқ қарызды  кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады. 

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 2.5   Қаржылқ есеп беруге жасалған түсініктеме жазба

  Түсініктеме  жазба – қаржылық есеп берудің  бір бөлігі ретінде келесі  негізгі мәселерді ашу керек. 

1. Есеп бөлігіне  қатысты субъектінің есеп саясатында қаралған негізгі ережелері:

- материалдық  емес активтер мен негізгі құралдар – бағалаудың тәсілдері мен амортизацияны есептеу;

- субъектінің  инвестициялық саясаты – қаржылық  инвестицияны баланстық құнын  анықтау және қайта бағаланған  ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның  есептен шыққанын, қата бағалаудан  алынған табысын шығару; инвестицияны сатқаннан алынатын тбысқа шектеулер қою; қайта бағалаудың кезеңділігін сактау т.б.с.с.

- тауарлық  материалдық қорларлар – қорды  есепке алуды әдісі және оларды  бағалау, сатып алынған алынған  тауарларды және дайын өнімді  бағалаудың әдісі; -  тапсырыс берушілермен және сатыпалушылармен, әртүрлі дебиторлармен, еншілес, тәуелді және бірлесіп  бақыланатын серіктестермен есеп айырысудың нысаны; күмәнді қарыздар бойынша резервтерді жасау;

- міндеттеме  – несиелік саясатын, демелысқа  шыққан еңбеккерлердің еңбек ақысы төлеудің  резервін жасау және т.б.

- меншік  капиталы – жарғылық және резервтік  капиталын қалыптастыру, қосымша  төленбеген капиталды табысқа  жеткізу, есептік жылдағы табысты  тарату, девидендтері  төлеу т.б. 

- табыс  және шығыс, өндірістік есеп – табыс пен шығыс есебін ұйымдастыру, негізгі және көмекші өндірістегі шығын есебін ұймдастырудың әдістері; аяқталмаған өндірісті бағалау әдітері, өндірістің өзі шығарған шала фабрикаттардың қозғалысының есебі , үстеме шығыстарының таратудың әдістері және т.б.

   Егер де есепті  жылда қабылданған  есептік саясатта өзгерістер  орын алса, онда оларды ашып  және олардың негізділігін дәлелдеу  керек; ал егер де  олардың сонынан мәнді материалдық және қаржылық өзгерістер туындайтын болса, онда мұндай өзгерістерді есептеу керек.                  

  2. Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді:

- Ұзақ  мерзімді активтер бөліміне қатысты:

   негізгі құрал – ұзақ мерзімді жалға алынған, меншігіндегілер, уақытша әкелінгендер меен Қазақстанда шығарылғандар; активтерді иелік етудің  шектеулері; міндеттеме бойынша кепілдікке қойылған активтер; амортизацияны есептеу әдісі; сондай-ақ өндірісте қолданылмай тұрған негізгі құралдар және т.б.

  материалдық  емес активтер түрі, олардың амортизациясын  есептеу әдәстері;

  инвестиция  - инвестор қожалық ететін шаруашылық  серіктестіктер тізімі және олардың  қатыстық үлесі, табы үлесі;  инвестордың табысына пайыздардың,  роялтилердің, деведентердің және қысқа мерзімдік инвестициялардың біршама сомасы енеді; инвестицияны сатқаннан  алынатын табысқа шектеулер қою және т.б.

   ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар бойынша және топшыланған өтеу мерзімі бойынша топтастырылады; болашақ кезеннің шығыстары , оларды есептен шығару мерзімі бойынша есепке алынады және т.б.

Информация о работе Қаржылық есеп беру