Қаржылық есеп беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 16:30, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс «Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру» тақырыбына жазылған. Курстық жұмыста кәсіпорынның Қаржылық есеп беру ХҚЕС №1 стандартына негізделе отырып, бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы, ақша қозғалысы және оған түсініктеме жазбаға , меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептеріне сипаттама беріледі.

Содержание

Кіріспе
1 бөлім
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты
2бөлім
Қаржылық есеп беруді жасау
2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
2.2 Бухгалтерлік баланс
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызметі
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

қаржылык есеп беру.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

  Деркезділік. Ақпараттардың пайдаланушыларға қажетті уақытта жеткізілуін айтады. Деркезінде жасалған ақпараттар өткен кездегі мәліметтер мен операциялады бекіту мен түзету үшін қолданылады. Егер  есеп ақпараттары пайдаланушыларға дер кезінде жеткізілмеген жағдайда, онда ақпарат өзінің орнықтылық пен сенімділік принципін жоғалтуы мүмкін. Деркезділік принципі жариаланатын немесе жариаланған қаржылық есептің құрамдық бөлінбейтін қасиетін сипаттауға арналған.

  Ұтымдылық пен  жұмсалған шығындар арасындағы теңдік принципі. Сапалы ақпараттар даяарланудан түскен пайданың ұтымдылық дәрежесі ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар көлемінен артық болуы керек. Яғни, ұтымдылық пен жұмалған шығындар арасында жағымды  баланс сақталғаны жөн. Егер ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар пайда келтірмейтіндей орынсыз жұмсалса , онда ақпараттар қажетсіз болып танылады. Ақпараттар ұтымды дәрежеде жасалып жақсы қалыптасқан   жағайда сырты және ішк іақпарат пайдаланушы жақтар сенімді  болады.    

  Сапалы сипаттар арасының өзара теңдігін сақтау принципі.Қаржылық есептің негізгі қызметі мен орындайтын мақсатын іске асыру үшін қаржылық есептің  жекеленген сапалық сипаттары арасында қолайлы дәрежеде жағымды баланстық тиімділік сақталу керек. Әртүрлі  жағдайда орын алған сапалық  сипатқа тән принциптердің қажеттілігі мен іске асырылғандығы атқарушы бухгалтердің іскерлігі мен кәсіби білімділігіне байланысты  іске асырылады.

  Объективтік принцип. Қаржылық есеп мүмкіндігіне қарай мейлінше жан-жақты объективті мәліметтерге негізделуі керек . Нарықтық немесе бизнестік қатынастар мен әрекеттер жөніндегі ресми құжаттар жасаушы бухгалтерлер объективтік принциптен ауытқумауы керек. Қаржылық есеп мәліметтері ресми және тексерілген құжаттрға негізделген. Бұл принцип жекеленген қөзқарастары қолдану  немесе шектеу және шамалау, сондай-ақ өз бетімен зерделеу сияқты ұғымдарды барынша болдырмауға арналған.

  Қазіргі нарықтық қатнастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   1.1 Халықаралық қаржы  есеп стандарты бойынша есеп саясаты

                                                                                                  

   Есеп саясаты, ХҚЕС бойынша қаржылық есепберудің негізгі тәсілдері мен жеткізу әдістері. ХҚЕС бойынша есеп саясаты қайта қаралды.

  8- «  Есеп саясаты , есептік бағалаулардың  өзгерістері және қателіктері»  IAS есеп саясатындағы таңдау және өзгерту критерийлерін , сондай-ақ есептік бағалаулар мен қателіктердің есептік деректерге ықпалы туралы ақпараттарды ашып көрсету жөгіндегі талаптарды белгілейді.

  Есеп  саяаты туралы ақпаратты ашып  көрсету жөніндегі талапттр 1-«Қаржы  есептілігін ұсыну» IAS-да белгіленген. 8- IAS қолдану аясы мынадай мәселелерді қамтиды:

-есеп  саясатын таңдау немесе оны  өзгерту;

-есептік  бағалауларды өзгерту;

-алдағы  есептік кееңдерде жіберілген  қателіктерді түзету.

 Есеп  саясаты өз құрылымы мен мазмұндық  нысаны бойынша 3 дәстүрлі блоктан  тұрады:

1) жалпы бөлім;

2) ұйымдастыру бөлімі;

3) әдістемелік бөлім.

Жалпы бөлімінде мыналар қарастырылған :

  • ұйым туралы жалпы мәліметтер;
  • қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер тураы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
  • таңдап алынған есеп саясаты арқылы қаржы есептілігінің халықаралық  қаржы есептілігінің барлық талаптары  мен түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің түсіндірмелеріне жекелей, сондай-ақ жиынтық түрінде сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсету.

«Ұйымдастыру  бөлімі» бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін  бөлуге, бухгалтерлік есепті жүргіздің қолданылатын нысандарын , шоттадың жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауа жауапты тұлғаларды анықтайтын елеулі  мәселелерді қамтиды . Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге және  жүйелендіруге мүмкіндік беріп,  есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады.

 «  Әдістемелік бөлім » ақпаратты  қаржы есептілігінде көрсетудің  ХҚЕС ұсынатын таңдаулы баламаларға  орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс.

   Салық салу және есеп мәселелерін  қозғайтын заңдарды қолданып, бухгалтерлік есеп стандарттарын қамтамасыз ете отырып, кәсіпкер мен ұйымдар өзінің есеп саясатын қалыптастырады. Есеп саясаты №8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік есептің есептемелері мен қателіктері», №1 «Қаржылық есеп беру» стандарттарға негізделеді

  Есеп саясаты – бұл алдағы жылға әрекет жасауды ұстанатын жалпы басшылық екенін және ол түсіндірме жазбаларда  ашылуға тиісті әдістемелік сипаттағы мәліметтерді алмастыра алмайтынын ескеру керек. Есепті кезең аяқталғаннан кейін қажетті қортындыларды шығарып, есеп саясатын таңдаумен байланысты барлық елеулі аспектілерді ашып көрсету және ұсыну мүмкін болады. Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына көшуді жүзеге асыру үшін  «дәстүрлі» тәсілді қолдану болып табылады , ол құжаттың жана талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы мәртебесін және есеп саясатының құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.

ЖШС «КазЖиһаздың»  есеп саясаты

Жалпы бөлім

ЖШС «КазЖиһаздың»есеп  саясаты:

-ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы

-ХҚЕС  арқылы құрылған.

1.Организациялық-техникалық бөлім

1.1 ЖШС  организациялық-құқықтық стаусы

   1.1.1. ЖШС «КазЖиһаз» Қарағанды қаласында №15679879987 регистрациялық нөмерімен Әділет министрлігінде 23.11.2004 жылы тіркелеген. Иелік формасы – меншік.

Салық тіркеу нөмірі №302020288072

Есеп  шот нөмірі №0013467185«Тұран Әлем» банк Қарағанды қ.

Директор  – Ахметов Мади

Бухгалтер – Мадиева Асел

 ЖШС мекен жайы: Қазақстан Республикасы , 010000 Қарағанды қаласы, Бейбітшілік даңғылы 9

  1.1.3. Басты қызметі:

- құрылыс  – монтаж жұмыстыры;

- жиһаз шығару (өндіру)

ЖШС мақсаты- пайда табу, болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша,  қандай көлемде  пайда табуға болатындығын  есептеп шығару.

ЖШС өзінің меншікте балансы, есеп айырысу және валюталық шоты, мөрі бар.

ЖШС орта есеппен штаттық кесте бойынша 50 адам бар.

  1.1.4. Басқарушылық функциясындағы қызметкерлер:

- директор;

- өндіріс  саласы бойынша директор орынбасары;

Бухгалтерлік  есепті  және бухгалтерияны басқаруда  – бухгалтер. 

1.2. Бухгалтерлік  организация қызметі

  1.2.1. ЖШС жалпы бөліміне:

- қаржылық  есеп  ХҚЕС шоттарымен көрсетілген  ЖШС кірісі мен шығысы;

- қаржылық  есепке базалық көрсеткіштермен  қамтамасыз ететін  статистикалық  есеп;

- басқарушылық  есеп;

  1.2.2. Бухгалтерлік есеп тенге мен  тиында және компьютерлік 1С бағдарламасында  жүргізіледі.

1.3  Бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру тәртібі

  • Бухгалтерлік есеп шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес кәсіпорынның өз бухгалтерлік есеп шоттарын құрастыруы.
  • Бухгалтерлік есеп регистрлары – журнал-ордерлер әдісі жүргізіледі.
  • Бухгалтерлік есептің бақылау жұйесі – есептік жыл ішінде  тоқсан сайын материалды жауапты тұлғаларға түгендеу жүргізіледі, материалды жауап есебі 15 күнде бір рет бухгалтерияға тапсырылады.
  • Кәсіпорынның мүліктеріне түгендеу жүргізу мерзімдері мен тәртібі- жыл соңында 15 қарашадан бастап жылдық есеп беру барысында міндетті түрде түгендеу жасалады, аралық түгендеу тоқсан сайын.

Кәсіпорынның  бухгалтерлік есеп жүйесі ХҚЕС –ның талаптарымен нұсқауларға сәйкес жасалады. 

2.Әдістемелік  бөлім

2.1.Қаржылық  есеп

  ЖШС қаржылық  есебін құрғанда:

а) МСБУ  (IAS) 1 «Қаржылық есеп ұғымы»

б) МСФО (IFRS) 1 «МСФО алғаш қолдануы»

в) МСФО (IAS) 7 «Ақша  қаражат қозғалысы»

Қаржылық есеп ҚР ұлтттық валютасында жүргізіледі. 

2.1.1. Қаржылық  еептің құрылу мерзімі

Есеп  формасының атауы Уақыты
Бухгалтерлік  баланс Ай сайын
Кіріс және шығыыс есебі Ай сайын
Ақша  қаражатының есебі Тоқсан сайын
Капитал өзгерісі Тоқсан сайын
Есеп  саясаты, түсіндірме жазба, қосымша  кесте Жылдық есепке
 

                  2 бөлім     Қаржылық есеп беруді жасау 

Қаржылық  есеп беру құрамына кіреді:

  1. Бухгалтерлік баланс (Қосымша №1)
  2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп (Қосымша №2)
  3. Ақша қозғалысы туралы есеп (Қосымша №3)
  4. Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп (Қосымша№4)

    Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметіні нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамамасыз ету болып табылады .

  Бірақ  қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар  ксіпорынның қызметі туралы әрқилы  мәліметтерді қажет етеді, мысалға  :

- инвесторлар – жасаған ивестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясының сатудың немесе оған сәйкес активтердің сатып алудың , немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорнның келешектегі күтілетін дивидендтерін төлеу қабылеттігін анықтау үшін қажетті ақпараттарды талап етеді :

- жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабылетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- сатып алушы -  кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындағы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

- қызметкерлер – кәсіпрынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер-тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;

- Мемлекеттік органдар - кәсіпрынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясаты жүзеге асырады, сондай-ақ  статистикалық мәліметтерді жинайды;

- Жұртшылық – жұмыс орын табу мақсатнда қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттард жинауға мүдделі болып келеді.

      Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвенстициялық саясатын жасауға, несиелеу  аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі  мен ресурстарын  бағлуға  және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпраттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді .

Информация о работе Қаржылық есеп беру